Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының дамуы
Жасқа байланысты анатомия мен физиология және балалар гигиенасы жалпы алғанда медициналық қажеттіліктерге байланысты дамыған. П.Ф. Лесгафт балалардың дене құрылысының дене шынықтыру тәрбиесіне байланысты анықтап, баланың психологиясын, ақыл- ойын ішкі сезімдерін дамытумен байланыстырады.
XIX ғасырда еңбек еткен ғалымдар балалар анатомиясы мен физиологиясының педагогика мен тәрбие жұмыстарын дамытудағы маңызын алғаш рет дәріптей бастады. К.Д. Ушинский балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім- тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді бағытталған дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан.
Атақты ғалым физиолог И.П. Павлов «Балаларды тәрбиелеу мен аларды дамыту физиологияға негізделуі керек»,- дейді. Оның бұл ойын П.Ф. Лесгафт тіпті де тереңдете түскен: «... педагогика биология ғылымының бір бөлімі болу керек». Бұл ғалмдардың ойымен П.П. Блонскийдің пікірі үндескендей: «... атақты тәрбиелеу жүйесінің реформаты аталған педагогтардың өзі педагогиканы тек қана психологиямен ұштастырып, баланың денесі мен антропологиялық көзқарастарды ұмытады »,- деген.
Мектеп гигиенасының нағыз қалптасуы мен дәуірлеуі XIX ғасрдаң ортасында кіші және орта мектептерде жүргізілген бақылаулар мен эксперименттік зерттеулердің материалдарын жинап жүйелеумен байланысты. Осы кезден бастап мектеп гигиенасы тәуелсіз ғылымдар саласының бірі ретінде медициналық гигиенадан бөлінді. XIX ғасырдың орта шамасында алғаш рет табиғат тану ғылымдарының жетістіктерін мол пайдаланып қойған тәжірибелердің арқасында гигиенаның бұл жаңа саласы жақсы дами бастады.
Балаларды тәрбиелеу жағдайларына байланысты олардың денесінің дамуы анықталады.Жақыннан көру қабілеті баланың сыныптан сыныпқа көшкен сайын үдеп көбейе түсетіні көрсетіліп, оны болдырмау шаралары жазылды.бұл көздің өткірлігін төмендетпеу үшін сынып бөлмесіндегі жарықтың, мектеп жихаздарының әсерін көрсетіп, партаның алғашқы құрлысын жобалау, сабақ жүргізуге арналған талаптарды ұсынуға мүмкіндік берді.
Балалар мен жастардың өсіп дамуына денсаулына мүшелер жүйелерінің қызметіне оқыту барысындағы сабақ кестесі еңбек мөлшері күн кестесі тәрбие жұмыстары зор ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |