Реферат тақырыбы: Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы Орындаған: Жұмабек Аделия Асылбекқызы


Жасқа сай физиология мен мектептің зерттеу әдістері



бет4/8
Дата15.11.2022
өлшемі99 Kb.
#158221
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сөж 1

Жасқа сай физиология мен мектептің зерттеу әдістері
Басқа ғылымдар іспетті жасқа байланысты физиологи мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зрттеу әдістерін пайдаланад: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, Функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т.б.
Бақылау әдісі- сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым салаларында кеінен пайдаланады. Бірақ оны лабораториялық жәнетабиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса, ол бала организіміндегі физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И.П. Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі «тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды». Дегенмен, балалардың миының қызметін зерттеген кезде бұл әдіс басқа әдістермен бірге орнанизімнің жас ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.
Табиғи тәжірибе- байқау мен лабораториялық эксперименттің аралық түрі. Мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты жағдайда қолданады. Жасқа байланысты физиологияның әдістемесінің бірі телеметрия- радио- техникалық беріліс аспаптары арқылы бала организімін оның денесінен қашық жерде тұрып анықтау мүмкіндігі. Бұл әдісті қолдану балалар мен жас жеткіншіктердің организіміндегі мүшелердің қызметін табиғи жағдайда зерттеу мүмкіндік береді. Балалар мен жастардың өсуін антропометрия арқылы анықтайды.


Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары.
Балалардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар; бойы, салмағы, кеуде шеңбері.
Өсумен қатар организімде даму жүріп жатыр. Даму- сапалық көрсеткіш. Организімнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады.
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет