Реферат тақырыбы: Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы Орындаған: Жұмабек Аделия Асылбекқызы



бет5/8
Дата15.11.2022
өлшемі99 Kb.
#158221
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сөж 1

Физикалық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы,жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, организімнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.
Кәмелетке келу немесе дамып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы. Бұған қоса әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек ету қабілеттері жатады.
Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерге 16-18 және жігіттерге 18-20 жаста толық жетілуі, яғни кәмелетке келуі анықталып, кемелденуі басталады.


Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өсуі мендамуы, олардың көрсеткіштері.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:

  1. өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды;

  2. мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;

  3. өсу мен даму баланың жынысына байланысты;

  4. функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;

  5. өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі;

  6. өсу мен дамудың акселерециясы.

Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста нашар немесе түнде бой көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохрондылығы дейді.\гетерос- әртүрлі, хронос-уақыт\


Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді:

  1. Туғаннан үш жасқа дейін

  2. 3-7 жас арасында

  3. жыныстық жетілу кезеңінде.

Сонымен қатар бала организіміндегі жеке мүшелермен
мүшелер жүйесінің өсіп дамуы да гетерохронды түрде өтеді. Бала организімінің түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның жағдайларына қарсы тұру қабілеті дамып жатқан функцияларға байланысты. Айталвқ бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады. Сондықтан бұл мезгілден ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян келтіреді, олардың дамуын төмендетеді.
Қорытып айтсақ, бала организімінің еңбектің түрлеріне бейімділігі үнемі бірдей болмайды. Сондықтан оқу, еңбек, спорт жұмыстарын сыртқы ортаның жағдайына сәйкес етіп, өсіп-даму мезгіліне байланыста мөлшерлеген жөн.
Бала организімінің жыныстық айырмашылықтары қыздар мен ер балалардың денесінің өсіп дамуында, олардың қарқынында, жеке мүшелер жүйесінің жетілуінде көзге түседі. Айталық, жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері , әсіресе денесінің ұзындығы қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше, қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетиіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары келеді. Ересек адамдарда осындай жыныстық айырмашылық сақталады.
Қандай да болмасын мүшелер жүйесінің қызметі өмірдегі қажеттіліктен анағұрлым артық мөлшерде болады. Бұған қоса Бұған қоса, көпшілік қызметтердің бірнеше мүшелерде қосарланып орындалуы байқалады. Балалардың оқуын, дене еңбегін, спортпен шұғылдануын шектеп отырған жөн. Өйтпесе бала организімі жан-жақты дамымайды.
Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне оның дене пропорциясының өзгеруі жатады. Дене пропорциясы деп адамның басының, тұла бойы мен аяқтарының ұзындығына қатысын айтады. Ересек адаммен салыстырғанда жаңа туған баланың аяқтары қысқа, тұла бойы мен бастары үлкен болады да, олардың дене пропорциясы: басының ұзындығы1:4, тұла бойының ұзындығы 2:4, аяқтарының ұзындығы 1:4 болады. Мұндай пропорция 1 жасқа дейін сақталады, ал 1 жастан кейін омыртқа сүйектерінің өсуқарқыны жіліктерінің өсу қарқынынан жылдамырақ болып, дене пропорциясы өзгере бастайды. 2 жастағы баланың дене пропорциясы мынадай болады: 1:5, 2:5,2:5. 2 жастан әрі қарай жілік сүйектері жылдамырақ өседі де дене пропорциясы 1:6, 2:6, 3:6, баланың аяқтарының ұзындығы тұла бойынан артық бола бастайды. 5-6 жастағы баланың қол-аяқтары ұзарып жалпы ұсқыны өзгереді. 6- жастан әрі қарай тағы да омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны күшейеді, сондықтан 7- жастағы баланың басының ұзындығы 1:7, тұла бойы 3:7, аяқтары 3:7 қатынасында болады, яғни 7-8 жасар баланың аяқтары мен тұла бойының ұзындығы теңеседі. Одан әрі жілік сүйектерінің өсу қарқыны үдеп, 12 жаста баланың дене пропорциясы 1:8,3:8,4:8 қатынасындай болады.
Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар:

    • жаңа туған нәрестелердің ірі болуы;

    • белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы;

    • ерте жыныстық жетілу;

    • баланың сүйегі ерте қатаяды,

    • жастардың бойының өсуі ерте тоқталады.

Өсу мен дамудың акселерациясының себептері туралы бірнеше болжамдар бар, бірақ олардың әрқайсысын жеке алғанда өсу мен дамудың акселерациясын толық дәлелдей алмайды. Сондықтан 80-90-шы жылдары ұсынылған өсу мен дамудың акселерациясы комплексті себептерге байланысты пайда болады деген тұжырымдар шындыққа көбірек үйлеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет