Жасалу сатысына қарай – түпнұсқа ( бірінші данасы ) және көшірме құжаттар болып бөлінеді. Көшірменің өзі іштей орпуск –шығыс құжаттының толық көшірмесі, выписка – құжаттың бір бөлігінің көшірмесі және дубликат – құжатың жоғалғанда берілетін екінші нұсқасы болып бөлінеді.
Сақталу мерзіміне қарай – құжаттардың мынадай түрлері болады: 10 жылдан жоғары тұрақты мерзімге сақталатын және 10 жылға дейін уақытша сақталатын. ГОСТ 6.10.1-88 бойынша
Қазақстан Республикасының қызмет ерекшелігіне қарай «Құжат толтырудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелері».(А.1992) белгіленген.
Осы мемлекеттік стандартқа сәйкес құжат толтырудың 16 бірыңғай жүйесі бар: жоспарлы, есептік – сынақтық , алғашқы есептеу, қаржылық және бухгалтерлік – есептік, ақшалай есеп айыру, ұйымдық - өкімдік, баға белгілеу бойынша, материалдық – техникалық жабдықтау мен өткізу бойынша, сауда бойынша, сыртқы сауда бойыншы, құрылыс жобасы, өнертапқыштық және жаңалықтар ашу бойынша, әлеуметтік қамзыздандыру бойынша, еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша, транспорт жүйесін жедел жоспарлау және басқару жұмысы бойынша, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету бойынша.
Ұйым өзінің қалыпты қызмет етуіне қажет салалық құжаттар табелін әзірлейді. Ондай табельге дәстүрлі әдіспен жасалған құжат түрлері де, сондай – ақ есептеу техникалық құралдары арқылы жасалған түрлері де енеді. Құжаттарды басқару қызметі салалық бөлімдердің барлығына бірдей іс номенклатурасын жасап шығарады.
Қағаз санының шектен тыс көптігінен оларды жасауға көп күш, уақыт кетеді. Мұның өзі тікелей іске, ауызша түрдегі жеке қарым - қатынасқа
кедергі келтіреді.
Құжаттардың қажетті және жеткілікті мөлшерде болуы, оларды толтырудың біркелкілігі нақты жұсысқа көп уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл – құжаттарға мүлде көңіл бөлмеу керек деген сөз емес. Фирманы басқарудың жазба құжаттардың үйлесімді жүйесі бірте – бірте қалыптасады және ол тұрақты түрдегі заңдылықты жолға қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |