Құжаттардың орындалуын бақылау
«Құжат» - латын тілінде «куәлік», «дәлелдеу тәсілі» деген мағына береді.
Бүгінгі қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар.
1) қандайда бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (мысалы, жол жүруге деген) растайтын іс қағазы; 2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төл құжат); 3) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (мысалы ескі грамоталар).
Кәсіпорындардағы құжаттарды басқару – мәліметтерді қабылдап алу және өңдеу, шешім қабылдап оны орындау сияқты белгілі бір дәрежедегі ақпараттық процесс болып табылады. Дұрыс шешім қабылдау үшін толық түрдегі жедел және ақиқат мәліметтер керек болады. Құжат ақпараттық осы талабына жауап беруі тиіс. Дегенмен хабардың толықтығы оның көлемімен ғана емес, сонымен бірге оның мәнді де басты мәселелерін көрсетумен бағаланады. Яғни, ақпараттың көптігі оны өңдеуді талап етеді.
Осы жұмыстың бәрін құжатты толтырушы атқаруы тиіс. Құжаттың сапасы оның толықтығы,оралымдылығы анықтылығымен ғана емес,сондай- ақ оның ықшамдылығымен,көрнекілігімен және қолайлылығымен айқындалады.
Сондықтан құжаттар тікелей қатынас жасаумен тиімді ұшта -стырыла жүргізілсе, техникалық жағынан жақсы жабдықталып, нақты мақсаттарға жұмсалса, онда олар іс - әрекеттің табысты болуына жағдай жасайды. Іс жүргізу құжаттары сонымен қатар хабар – мәліметтің қайнар көзі және таратушысы, заң арқылы қорғалатын істі белгілеудің тәсілі де болып табылады. Басқарудың құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, қаржыландыруда, несие беруде, бухгалтерлік есептеу мен есеп беруде, оперативті басқаруда, ұйымның қызметін кадырлық жағынан қамтамассыз етуде т.б. қолданылады.
Құжаттарда мемлекеттік құрылым белгіленеді, олар мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және азаматтар арасындағы, заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастар үшін қызмет етеді.
Материалданған ( құжат түріндегі ) заңды күші бар мәліметтер төрелік сотта бизнес бойынша әріптестерімен шаруашылық дауларын немесе халықтық сотта еңбек тартыстарын шешуде қандай бір фактінің негізгі дәлелі ретінде қызмет етеді.
Кәсіпорынның не ұйымның құжаттары белгілі бір мәдени - тарихи құндылыққа ие, мемлекеттің архив қорының бөлігі болып табылады, сондықтан олар мемлекеттік архивтерге тапсырылуы тиіс.
Құжат толтырудың біртұтас ережесін Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірілігінің архивтер
мен құжаттарды басқару комитеті белгілейді. Мұндай соңғы ереже 1992 жылы 30 маусымда Қазақыстан Республикасының Министрлер Кабинеті бекіткен « Қазақстан Республикасында барлық ұйымдық – құқықтық нысандардағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда құжат толтыруды басқару және құжат жүргізудің негізгі ережелері » деп аталатын № 562 қаулысы болы табылады. « Ережелерде » құжаттарда толтырудың және құжат айналымын басқарудың нормалары айқындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |