Деректемелер мен формуляр үлгілері.
Құжаттың жеке құрамды бөлігі деректеме (реквизит) деп аталады.
Құжаттардың міндетті деректемелеріне мыналар жатады:
- Ұйымның атауы – құжат авторы;
- Ұйымның коды – құжат авторы;
- Құжаттың (хаттардан басқа) атауы;
- Тақырыбы;
- Құжат түрінің коды;
- Құжатты толтыру мерзімі;
- Индексі;
- Мәтіні;
- Бұрыштамасы;
- Қойылған қолы;
- Құжаттың орындалған және іске тіркелгендігі туралы белгі.
Жеке құрам бойынша ереже
Бұл құжат дәстүрлі түрде «Ішкі еңбек тәртібінің Ережесі» деп аталады. Онда жұмысшыларды жұмысқа алу, босату тәртібі, кәсіпорын мен қызметкерлердің негізгі құқықтары, міндеттері, кәсіпорындағы еңбек шарттары мен ұйымдастырылуы анықталады. Құжат еңбек туралы заңға негізделеді, жұмыс беруші мен жұмысшының өзара қатынасын реттейді.
Құжаттың үлгісі мынадай деректерден тұрады: кәсіпорынның атауы, құжаттың аты, күні, нөмірі, шығарылған орны, мәтіннің тақырыбы ( жеке құрам туралы ), бекіту белгісі ( гриф ), құрастыру – шылардың бұрыштамасы ( виза ), құжаттың еңбек ұжымымен келісілгені туралы белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |