Реферат Тақырыбы: Жоба әдістемесінің ерекшеліктері Топ: 42 «Б» Орындаған: Жұмашқызы М



бет5/7
Дата11.12.2021
өлшемі32,93 Kb.
#79049
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жоба реферат

Нәтижелер және қорытындылар:

- алынған көрсеткіштерді талдау;

- қорытындыны тұжырымдау.

Нәтижелер мен үрдісті бағалау:

- соңғы нәтижелерді рәсімдеу;

- қорытынды жасау, түзету енгізу, соңғы қорытындылар.

3.Жобалар әдісін қолдану қиыншылықтары мен шекаралары:

Жобалар әдісі оқу үрдісінде шешімі үшін әр түрлі салалардан білімнің шоғырлануын, және де зерттеу әдістерін қолдануды қажет ететін қандай да бір зерттеушілік, шығармашылық тапсырмалар пайда болған жағдайда қолданылады (мысалы, әлемнің әр түрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу; белгілі бір тақырыпты: қоршаған ортаға қышқылдық жаңбырлардың әсері мәселесі, әртүрлі аймақтарда өндірістің әртүрлі салаларының орналасу мәселесі, т.б. ашатын бір мәселеге мемлекеттің әртүрлі аймақтарынан, жер шарының басқа мемлекеттерінен репортаждар сериясын құру). Жобалар әдісінің кең таралуын тежейтін басты мәселе – жобалық тапсырмаларды білім стандарттарының талаптарымен үйлестіру қиындығы болып табылады. Жобалық тапсырмаларды студенттер орындағанда стандартты білімін, икемін, дағдысын (нақтырақ айтқанда – олардың қажеттілігі туындайтындай) қолданатындай етіп құру тәжірибе жүзінде мүмкін емес.



Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке-даралық ерекшеліктеріне мейілінше мән бере отырып, бейіндік оқыту жүйесі іске асырылуда. Мұндағы алға қойған басты мәселенің бірі- «Білім беру мазмұнын негізгі білімнен сөйлеу дағдысына өзгерту».

Бейіндік оқытудың негізгі мақсаты — жеке білім беру траекторияларын оқушыларда жүзеге асыру, оқушылардың отбасында, аймақтық ортада әлеуметтенуі, орта және жоғарғы білім алуға дайындау үшін оқушылардың жалпы білім беру бағдарламасындағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Қазақ тілі пәні қазіргі таңда айрықша роль атқарады. Қазақ тілінде жаңа технологияны қолдану – баланы жан-жақты терең ашуға, оған бағыт-бағдар беріп, жағымды әсер етуге, зейінін көтеруге, белсенділікті арттыруға көп септігін тигізеді. Оқушының білім алу арқылы тұлға ретінде дамуына, ол үшін оқушы тұлғасының дамуын жүзеге асыратын білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі амалдары анықталып жүзеге асырылуда. Қазіргі мақсат оқушының табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау. Сондықтан бейіндік оқытуда гуманитарлық бағытындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін жобалап оқыту әдісінде төмендегі мақсаттарды басшылыққа аламын: барлық оқушыларды қазақ тіл біліміне негіз болатын білімдер жүйесімен қаруландыру және алған білімін практикада қолдана білудің іскерліктері мен дағдысын қалыптастыру, оқушылардың өз бетімен зерттеу жұмыстарын жүргізуін дамыту, әр оқушының білімдік қабілетін ояту, есте сақтауын, ой-өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру,танымдық белсенділігін арттыру; көпшіл, ұйымшыл болуға баулу, ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу, кәсіптік бағдар беру. Қазақ тілін оқыту әрбір жеке сыныптарда мемлекеттік стандартқа сай оқу бағдарламасын басшылыққа алу болып табылады. Сонымен қатар қазіргі таңда қолданбалы, таңдау курстарын оқыту болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Жобалау әдісі оқытудың жаңа әдісі болып табылады. Жобалау әдісі – оқу үрдісін жекешелеуге, оқушыға жоспарлау барысында өзінің тәуелсіздігін көрсетуге, тапсырмалар орындағанда шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беретін кешенді оқыту әдісі. Жобалар әдісін технология деп есептеуге болмайды – ол басқа әдіс-тәсілдермен бірге нақты бір мақсаттарға жету үшін қолданылады. Бұл әдісті қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс- әрекеттерін жоспарлауды ғана қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс тәсілдерді ойлап табады, бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданады, табылған нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды. Жауапкершілікке тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды. Аталған әдіс бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты бала әрекетіндегі жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Жоба тапсырмаларын орындау үстінде көбінесе оқушылар жұптасып, немесе үш-үштен бірігіп, немесе шағын топпен жұмыс істейді. Табысқа жету ұжымдағы әрбір мүшенің тілдік қатынасқа құрылған жоба тапсырмаларын дұрыс орындауына және ұжымның жаппай ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне байланысты. Жобада оқытушы сарапшы, үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді беруші рөлін атқарады. Өз күшімен жоба-тапсырманы орындауда тіл үйренушілер өз жұмыстарын жоспарлау, оның нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс істеу сияқты өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.Бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті түбегейлі өзгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет