Сабақ жоспары 8 «А» сынып Геометрия пәні Тақырыбы: Квадрат



Дата25.08.2017
өлшемі68,4 Kb.
#27621
түріСабақ
Байғанат Ризагүл

Астрахан ауданы, Жалтыр №2 орта мектебінің

Математика пәнінің мұғалімі

Санаты: жоғары


Сабақ жоспары

8 «А» сынып

Геометрия пәні

Тақырыбы:

Квадрат


Жалпы мақсаты:

Кез келген проблемалық мәселелерді шешу, дәлелдеу кезінде логикалық зерттеу мен ой қозғау арқылы тәжірибелік дағдыларды пайдаланады.

Әр оқушы өз тәжірибесін дамытады.




Оқушылар білуі тиіс:

Үшбұрыштар, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, параллелограмм, ромбылардың анықтамалары мен қасиеттерін;

Периметрді есептеуді;

Теоремаларды дәлелдеуді.


Үйренеді:

Шаршының қасиеттері мен элементтерін;

Шаршыға арналған есептерді шешуді;

Зерттеу жасауды.


Оқу нәтижелері:

  1. Теоремаларды дәлелдей отырып есеп шығаруға қолданады

  2. Сызбаны дұрыс салып үйренеді.

  3. Формуланы дұрыс пайдалануға дағдыланады.

Түйінді идеялар:

Оқушылардың өзара пікірлесуіне, өз ойын анық айтуына, бір мақсатқа жұмылу арқылы жетістікке жетуіне жол ашады.


Жаттығулар:

І. Ой шақыру

Топпен жұмыс (пікір жазу)

(Квадрат деген не? Оның элементтері қандай?

Қандай қасиеттері болуы мүмкін? т.б. Сұрақтарды басшылыққа ала отырып, пікір жазу керек.



ІІ. Мағынаны тану

а) “INSERT” түртіп алу жүйесі бойынша кесте толтыра отырып түсіну

ә) Кубизм


  1. Дәлелдеңіз

  2. Қолданыңыз

  3. Анықтама беріңіз

  4. Формуласын жазыңыз

  5. Қасиеттерін атаңыз

  6. Байланыстырыңыз

ІІІ. Ой толғау

а) Бекіту сұрақтары

ә) Венн диаграммасы

б) Семантикалық карта



Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

Топтық жұмыс, пікірлесу, сұраққа жауап беру

Самантикалық карта толықтыру



Дереккөздер:

Оқулық, слайдтар, таратпа қағаз, интербелсенді тақта, маркерлі тақта

Мұғалім жазбалары:

Топқа бөлу

(4 мин)


Оқушыларды геометриялық фигуралардың көмегімен топқа бөлемін. Оқушылар өздерінің топ атауына байланысты фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін атап береді



І. Ой қозғау

(5 мин)


  1. Слайдта көрген геометриялық фигураны (шаршыны) суреттеңіз

    1. Сызбада не бейнеленген?

    2. Оны қайда қолданады?

    3. Элементтері, қасиеттері қандай? т.б. сұрақтарға жауап іздейді.

  2. Жазған мәліметтерін қорғайды


ІІ. Мағынаны тану

(6+6+8 мин)



  1. а) “INSERT” түртіп алу жүйесі бойынша кесте толтыра отырып түсіну

ә) Кестеге қарап сіз нені білетініңізді, нені білмейтініңізді жұппен және топпен талқылаңыз

б) Жалпы бір түсіну кестесін толтырыңыз



V

біліміме сәйкес

-

менің ойыма кері

+

мен үшін жаңа мәлімет

?

бұл мәселені тереңірек білгім келеді
















  1. Кубизм

  1. Дәлелдеңіз

  2. Қолданыңыз

  3. Анықтама беріңіз

  4. Формуласын жазыңыз

  5. Қасиеттерін атаңыз

  6. Байланыстырыңыз

  1. Оқулықпен жұмыс (есеп шығару)

№59 Р=4*7.5=30 жауабы: 30 см

№60 а=р/4; а= 3,2/4=0,8

№67 жауабы: 8 дм.

№68, №69





ІІІ. Ой толғау

(2+6+4мин)





а) Бекіту сұрақтары

  • Кез келген төртбұрыш параллелограмм бола ала ма?

  • Кез келген параллелограмм төртбұрыш бола ала ма?

  • Кез келген квадрат тік төртбұрыш бола ала ма?

  • Кез келген тік төртбұрыш квадрат бола ала ма ?

  • Кез келген ромб параллелограмм бола ала ма ?

  • Кез келген параллелограмм ромб бола ала ма ?

  • Диагональдары тең және өзара перпендикуляр төртбұрыш квадрат бола ала ма?

ә) Венн диаграммасы



б) Семантикалық карта

Түрі


Қарама-қарсы қабырғалары параллель және тең

Диагональ

дары тең



Диагональ-дары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді

Диагоналы екі тең

үшбұрышқа бөледі



Диагоналы перпедикуляр

және бұрыштарын қақ бөледі



Барлық бұрыштары тік

Тіктөртбұрыш



















Квадрат



















Параллело-

грамм




















Ромб






















Үйге тапсырма

(0,5 мин)



№70, №71

Шаршының қасиеттерін білу





Бағалау

(3+0,5 мин)




Бағалау дескрипторы:

1 – мүлдем ештеңе жасамады

2 – жұмыс жасалды, бірақ жеткіліксіз

3 – жұмыс сәтті шықты



Бағалау критерийлері:


Кезеңдер

Өз тобын бағалау

Өзге топтарды бағалау







Тақырыптың ашылуы










Ойын жеткізуі










Кубизм










Есеп шығару










Венн диаграммасы










Семантикалық карта









Әр оқушының жұмысы компьютерде Excel кестелік бағдарламасы бойынша бағаланып, сабақ соңында экранға шығады. (0,5 мин)




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет