2.1 Сөз мағынасының дамуы және тарылуы
Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру заңдылықтары туады. Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық, синекдохалық тәсілдер арқылы іске асады. Осы күні жиі айтылатын, қарау, табыс,табыс, жарыс, мүше, құру, құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т.б. бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған сөздер.
Сөз мағынасының тараюы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік, т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы; көне түркі тілінде тон, тары- тек «дәнді дақылдардың бір түрін емес», егін, астық, атаулыны білдірген. Тон-тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес, жалпы киім атаулыны білдірген. Қол-адамның дене мүшесі ұғымымен бірге, тарихи «әскер, жасақ» ұғымында да қолданылған. Қарындас – көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде , қазіргі кейбір түркі тілдерінде : «туысқан, бір тектес адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде «бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасың болмаса», «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтылатын сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздердің қолданылу өрісі, мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен –саран фразеологиялық тіркестерде ғана сақталып қалған; міз бақпау, түлен түрту, қаншырдай қату, мұрны қолақпандай т.б.
Сөздің сыртқы заңдылықтар арқылы дамуына тілден тыс қоғамдық, әлеуметтік, тарихи жағдайлар мұрындық болады. (қатын – хатун - әйел)
1.Сөз мағынасының кеңеюі – сөз тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынаның үстіне жаңа мағынаның жамалуы: құн, талқы
2.,Сөз мағынасының тараюы – тарихи, әлеуметтік, қоғамдық жағдайларға қара сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуы: (қарындас, жесір).
Жалғау— сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік (к.). Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.
Н.Оралбай «Қазіргі қазақ тілі»Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мғына үстейтін морфологиялық формалар. Жалғауларда мағыналқ дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені жалғаулар, Іден:жеке дара қолданылмайды,ІІден. Жеке дара тұрғанда ешқандай мағынасы да болмайды. Жалғаулар тұлға жағынан байыпсыз болады. Бірақ олар жалғанатын сөздердегі дауысты дбыстардың әуеніне қарай не жуан, не жіңішке болып сәйкесетні сияқты, дауыссыз дыбыстардың да орайна қарай қатаңдап, ұяңдап, сонарланып, екі үштвариантты болп түрленгені ғана болмаса шексіз өзгере бермейді.Жалғаулар сөйлемдегі сөздердің аралықтарындағы әр қилы аса жалпы өатынастарды білдіреді де, сол қатынастардың түр түрінің көрсеткіші есебінде қызмет етеді.
Көптік жалғау. Тілімізде көптік категориясы, көптік жалғау категориясы да бар. Осы екеуі бірдей, бірдей де емес. Көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық,морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы. Сөзатаулының қай қайсысы да болса да жалпыланған, жинақталған ұғмды біілдіреді. Мы:ағаш,шөп,жылқы, ет т.б. деген әрбір сөз саралауға болатын біртектес көптеген заттарды жинақтай атап, жалпылама ұғымның білдіретін сөздердің өздері де біркелкі емес. Олардың ішінде формаларсыз-ақ тұрып, тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар. Мұндай сөздерге жеке даралап санауға келмейтін заттардың (су,сүт,сорпа,ұн,жүн және т.б.), қоғамдық әлеуметтегі ұғымдардың аттары (социализм, капитализм, мәдениет, ботаника, дін), адамның ішкі құб.ның, дүниедегі сын сипаттардың, іс әрекеттің, күй жайлардың аты (алданыш, ақыл,достық, түс,жүріс т.б.). Сөздердің осылайша тікелей өз лексикалық мағынасы арқлы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.
Сан есімдер (реттік пен болжалдқ сандардан басқа), сондай ақ көп,аз,әлденеше,бірнеше, бірталай, қыруар трізді сөздер зат есімдерден бұрын анықтаыш тұрып, ещқандай да қосымша формасыз-ақ көптік ұғымды білдіре береді. Мыс: бес кісі, отыз қой, ондаған студен, қыруар мал, .Міне, көптік есімдердің осылайша сөз тіркестері арқылы берлу жолы синтаксистік тәсіл деп.а. Сөздердің қосарлануы арқылы да жинақтау, топтау, жалпылау, ұғымдарды айтылатны мәлім. Мыс:бала-шаға, кәрі-жас, ас-ауқат, туған-туыстық, қазан-ошақ т.б. Қос сөздерсинтаксистік тәсіл арқылы туған күрделі сөздер болғандықтан, олардың көптік ұғымды білдіруін лексика-синтаксистік тәсіл деп атауға да болады. Көптік ұғымдардың сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолын морфологиялық тәсіл деп.а.\
Қазақ тілінде көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын үш түрлі морфологиялық форма бар. Олардың бірі ыз,із,з ормасы, екінші қ (к) формасы, үшінші лар,лер, дар, дер, тар, тер формасы. 1)Ыз,із,з формас әуелде көптік жалғау емес, жұп,егіз, екеу болып келетін заттардың аттарына жалғанатын қосымша болған. 2)етістітің ашық райының жедел өткен шағының (мыс.біз бардық,біз келдік), бұйрық райының (біз барайық, біз келсек), шартты райының көпше түрінің (біз барсақ, біз келсек) бірнші жағына қосылатын жіктеу жалғау әрқашан қ (к)болып келеді. Бұл форма да –к,-қерте кездегі көптк мағ білдіретін морфологиялық формалардң бірі болғанына ұқсайды. 3) лар,лер,дар,дер,тар,тер формасы сөздің соңғы буыны мен соңғы дыбсының әуеніне қарай өзгеріп жұмсалады. Лар,лер қосымшасы зат есімдерге, есімдіктерге, субстантивтенетін өзге де өз тптарына және етістіктің жіктелетін формаларының екінші жақтарына қосылып, көптік мағынаны білді,ді. Көптік жалғау лар бір сөйлемде біріне бірі қатысты бірнеше сөзге жалғана береді. Ондайда көптік жалғау. Бір жағынан, сөздерді бір бірімен қиыстыру үшін қолданылса, екінші жағнан, олард сараландырып,айқын,ашық етәп айту үшін қолданылады. Мыс: бастары жалаңбас,ауыздарын қалың мұрт, беттерін ұзын,тығыз сары саөал басқан үлкендер балаларға әлі де аса сауық түсті көрінеді. Мұндағы үлкендерді бастауышқа тікелей қатсы жоқ, бірақ баяндауышқа қатысы бар, балаларға деген толықтауышты балаға деп, жекеше формаға қойып өзгертпек. Көптік жалғауларқажетіне қарайсөздің маынасын анықтап, айқындап қолданған жағдайда түбір мен жұрнақтың немесе түбір мен көнеленген форманың араларында да жұмсалады. Мыс: Абай ұрыларша шапаан,бөркін айналдырып киіпті.
Тәуелдік жалғау:Әдетте, иеленуші үш жақтың біріне белгілі біір заттың меншікті екенін біілдіретн граммматикалық категория тәуелдену категориясы деп аталды. Қазақ тілінде тәуелдену категориясы үш түрлі тәсіл арқылы жасалады:Морфологиялық, синтаксистік, аралас.
Синтаксистік пен аралас тәсілдің ерекщеліктері қысқашаа мынадай. Синтаксистік тәсіл біз,сіз есімдіктеріне ілік.с қосымшасые жалғап (біздің,сіздің) оған анықталатын заттың атын білдіретін сөзді еш қосымшасыз тіркестіру арқылы жасалады. Мыс: біздің үй, біздің шелек...тб.Сөйтіп, тәуелдік ұғымды коипоненттерінің бірі анықтауышы, бірі анышталушы мүшелеер ретінде құрылу арқылы ғана білдретіндіктен бұл тіркестер синтаксистік тәсілге жатқызылады. Аралас тәсіл бұрынғы компонентінің есімдіктер ғана емес, басқа есімдерден де бола беретіндігі жағынан және соңғы компонентінің үнемі тәуелдік жалғаулы сөз болатндығыы жағфнан (Мыс:біздің үйіміз, оладың балаларығ колхоздың есепшісі).
Морфологиялық тәсіл арқылы туатын тәуелдену категориясы мынадай екі түрлі қосымша арқылы жасалады: 1) нікі, дікі,тікі 2) тәуелдік жалғаулары арқылы
Тәуелдену ұғымын тудыратын нікі, дікі,тікіжұрнақтары тарихи жағынан алғанда, ілік.септіктің ның, нің, дың,дің, тың,тің жалғауына және кі,қыы,ғы,гі жұрнағынан бірігіп пайда болғаны мәлім. Бұл форма рақылы туатын меншіктілік меншіктелуш заттан жеке де айтыла береді:Мыс: менікі, сенікі, сіздікі....т.б.
Тәуелдік жалғау бір заттың басқа бір заатқа тәуелді екенін білдіретіндіктен, негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да зат есім қызметін атқаратын демек, субстантивтенетін сөздердің барлығына да жалғана береді. Мыс: әкем , дәптерім, Тәуелдеулі сөзден бұрын айтылатын ілік септік формасындағы І,ІІ жақ жіктеу есімдіктері түсіріліп те, түсірілмей де айтылатын сияқты. Тәуелдік жалғау септік жалғауынан да, жіктік жалғауына да бұрын жалғанады. Мыс: әкемнің, әкемнен. Студентіңмін, студентіңізбін т.б. Бірақ тәуелдік жалғау түбір мен кейбір жұрнақтың және түбір мен кейбір көнеленген формалардың арасна да тұсе береді. Мыс:өзімше, өзіңше, әкемше, әкесінше .т.б.Тәуелдік жалғаулар қосымша эмоциялық экспрессивтік райды я мәнді білдірерліктей де міндет атқарады. Мыс.кһкем, айым, күінм, жаным, қалқам, сәулешім т. б.
Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де өзді өздері де жалғасып әр алуан қарым қатынасқа түседі.олар сөздердің лексикалық мағынасын өзгертпейғ ол сөздер мағына жағынан қызметтерін ғана өзгертетіндіктен, ол сөздер мағына жағынан бір бірінен алыстап та кетпей, біреулері етістік арқылы айтылған қисылдың тікелей обектісін (еңбекті), біреуілері қимлдығ шығуын (еңбектен) , біреулері қисылдың болған орнын (еңбекте), біреулері қимылдың бағытын (еңбекпен) білдірі тұрады. Бұл қосымшалар сөйлемдегі сөздерді бір біірімен жалғастырып, септестріп тұрады. Жай септеу септк қосымшаларының тікелей зат есімдердің және басқа есім қызметін атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғануы. Тәуелді септелу септік жалғауларының зат есім немесе зат есім қызметін атқаратн басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануын айтамыз.
Атау септік. Ол тек белгілі бір заттыы атау үшін ғана емес, онан әлдеқайда кең грамматикалық қызмет атқаратындықтан, арнайы талдайтын негізгі форма ретінде ұаралады. Осыған орай ол негізгі септік деп аталады. Атау формадағы сөз кім?кімдер?не?нелер? деген сұрауларға жауап береді де, жекеше,көпше және тәуелід түрлрде де қолданла береді.
Ілік септік.бұл септік меңгеру я меңгерілу жаңынан тікелей етістікке қатыспайды, әрқвшвн соңғы тәуелдеулі есңм сөзбен субстантивтенген сөзбен байланысты болады. Ескерту: лексикаланған кейбр тірестерде ілік септік жалғаудың соңғы ңдыбысы түсіп қалып біріккен сөзге айналуға бейімделу бағыты да бар. Мыс: қысты күні (қыстың күні), жызды күні. Т.б.
Барыс септік. Бұл септіктегі сөз әрқашан етістік мүшемен тікелей де,жанай да байланысып негізінде қисылдың бағытын,мақсатын білдіреді.Мыс.москваға жүреді, кітапханаға барады ...т.б.Табыс септік: Бұл септіктегі сөз етістікпен байланысып, сөйлемде тура толықтауыш болып өызмет атқрады. Мыс:түзетпек едім заманды, темірді мысқа, т.б.
Жатыс септік. Бұл септіктегі сөздер негізінде көлемдік, мекндік, мезгілдік мағына береді.осыған сәйкес, сөйлемде беретін мағынасына қарай жанама толықтауыш та, кейде орнына қарай баяндауыш та болады. Шығыс септік. Іс амал, қимыл әрекеттердің шыққан орнын, себебін, мезглін,мөлшерін және басқа әр қилы мағыналарды білдіреді. Осы мағыналарына қарай шығыс септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та,кейде баяндауыш та болады. Көмектес септік.іс қимылдың,амалдың құралы мен тәсілін, мекенін,мезгілін,ортақтасу,бірлесуғастауғ ұштасу, сияқты жай күй қатынастарын және басқа сәйкес әр алуан мағыналарды білдіреді. Осы мағ.на сәйкес көмектес септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыг та бола береді.
Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқрады. Өйткені жіктік жалғаулы сөз сөйлемде әрдайым баяндауыш қана болады. Жіктік жалғау баяндауышқа ғана тән жалғау.
Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт түрлі үлгі бойынша жіктеледі.
І топқа отыр,тұр,жатыр.жүр етістіктері, есімщелер, зат есімдер, сан есімдр,есімдіктер, үстеулер жтады.
ІІ топқа а,е,й формалы және ып,іп,п формалы көсемшелер жатады.
ІІІ топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы мен шартты рай формасы жатады.
Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы жатады .
Тіл мәдениеті оқушылардың тілін ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін көрсетеді. Тіл мәдениетіне тән нормалар оқушылардың таза, нақты, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге, диалект сөздер мен дөрекі сөздерді қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен қатар, олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын логикалық тұрғыдан байланыстыра, жүйелі жазу дағдыларын қальштастыруға тиіс.
Осы мәселені зерттеу тақырыбы ретінде ала отырып, алдымен тіл мәдениеті дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік. М.Балақаевтың жоғарыдағы мәдениет туралы айтқан анықтамасын ары қарай тіл мәдениетімен жалғастырсақ ол өз ойын былайша көрсетеді: «Тіл мәдениеті дегеніміз - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» [2, 17 б.].
«Тіл мәдениеті дегеніміз - сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», - деп анықтама береді Н.Уәлиев өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде.
Ал тілші-ғалым Р. Сыздықова: «Тіл мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру», - дейді [3,24-25].
«Тіл мәдениеті» негізінен «Сөз мәдениеті», «Сөзді орынды қолдану» деген ұғымды білдіреді. Өйткені, тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін объектісі - сөз, сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың, күңгірттіктің болмауы. Соған орай тіл мәдениеті ғылымын үлкен екі салаға: ауызша сөйлеу мәдениеті, сөз қолдану мәдениеті деп бөлуге болады
Тіл мәдениеті ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында мынадай анықтама берілген: «Тіл мәдениеті -кісінің бойындағы мәдени қасиеттердің бірі, қоғамдық мәдениеттің бір компоненті. Тіл мәдениеті ауызекі тілдің орфоэпиялық нормасын, сөз қолдану, сөздерді тіркестіру заңдылықтарын, сөйлем құрау ерекшеліктерін дұрыс пайдалану және жазба тілде емлеге, тыныс белгілерін қолдануға байланысты ерекшкліктерді толық сақтап, сауатты жазу мәселелерін де қарастырады.»[6, 261б.].
Жалпы анықтамаларды қарастыра келе, тіл мәдениеті дегеніміз сыпайы, ізетті, сауатты сөйлей білу мен жаза білу және сөзді дәл айта білу, оны орнымен, әсерлі етіп қолдана алу шеберлігі, - деген пікірге тоқталдық. Халықтың ұшан-теңіз сөз байлығының ішінен ең қажетті, ең ұтымды тілдік құралдарды таңдап алып, оларды айтылмақ ой мен мәтіннің мазмұнына, мақсатына сай етіп тіркестіре алу білгірлік пен шеберлікті қажет етеді.
Сонымен, зерттеуші-ғалымдардың берген түрлі анықтамаларын саралай отырып, біз өз зерттеуімізде тіл мәдениеті дегеніміз – оқыту үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасын сақтай, тіл тазалығын сақтай жеткізе білу шеберлігін айтамыз. Әр полимәдениетті дамыған жеке тұлғаның ерекше маңызды қасиетінің бірі - тіл мәдениетін игеру. Сондықтан бүгінде жас ұрпактың тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесі ерекше орын алып отыр..
Тіл мәдениетіне қойылатын талаптарды төмендегідей сараладық:
- сөйлегенде тілдегі дыбыстарды дұрыс, анық айту;
- сөйлеу әуені, қарқыны, дауыс күші мен кідірісті сақтау;
- екпіннің түсуін, үндестік заңын сақтау;
- сауатты, қатесіз жазу;
- жазба мәтіндерде тыныс белгілерін сақтау;
- әріп таңбаларын дұрыс, түсінікті жазу;
- дұрыс айтып, сөздердің тізбегін табиғи заңдылықтарымен дыбыстау;
- сөйлегенде сөз тұлғаларын, түрленуін сақтау, қосымша, көмекші сөздерді дұрыс, өз орнында қолдану;
- сөздерді өз мағынасына қарай қолдану, мағыналарын анық біліп отыру;
- сөйлемдерді, әсіресе, күрделі ойды білдіретін кұрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастыру;
- керекті сөзді сөздік құүрамның ішінен іріктеп, әдеби вариантын қолдану, ретсіз енген, баламасы бар кірме сөздерді, жергілікті тілге тән диалектілерді, жаргон сөздерді тұс-тұстан қолданудан қашық болып, реттеп отыру;
- тілдегі ауызекі, ресми іс-қағаздарды, публицистикалық, көркем поэзиялық, ғылыми стильдердің әрқайсысының ерекшелігін сақтап отыру;
- сөйлеу әдебінің сақталуы;
- тілдегі көркемдік құралдар, тіл байлығын, оның мүмкіндіктерін пайдалану;
- сөйлеуде тілдің өз заңдылықтарына қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін сақтау;
- сөйлегенде ойдың көлемі, мазмұндық құрылымы, хабардың жеткізу жүйесін реттеу[10,305 б.].
Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап мәнерлеп сөйлеумен тығыз байланысты, яғни, сөздер қалай дыбысталса сөйлеген кезде де әрбір сөздің дұрыс айтылуына мән беруіміз керек.
Өйткені, қазақ тілі - өз табиғатында үнді, әуезді тіл.
Әрбір сөзбен сөйлеу, не мәтінді мәнерлеп, сөздің нақышына келтіріп айту - ауыз әдебиеті асыл қазыналарынан, айтыс өнерінен келе жатқан табиғи заңдылық.
Сондықтан ауызша сөйлеу кезінде тілдің өзіндік заңдылықтарын сақтаумен қатар, сөйлеудің техникасын жетік біліп, қорымыздың да мол болғаны қажет.
Белгілі бір мәтінге грамматикалық талдау жасау, тәрбиелік мәні жоғары үзінділердің әдеби сырын ашып, басқа біреулерге үлгі-өнеге ету үшін де тілдік заңдылықты қатаң сақтаудың үлкен пайдасы бар.
Ойды жеткізер тілдің мәнері, нақышы жеткіліксіз болса, ойшыл ақынымыз Абай айтқандай: «көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда сәні кететінінің» бірі болмақ.
Ауызекі тілде бір сөзді қайталай бермей, оған мағыналас, мәндес синоним сөздерді қолдану да, ойды әсерлі, түсінікті жеткізудің айғағы.
Қашан да сөзді қарапайым қолдана отырып, тартымды да көркем айта білген ғұламалардың шешендігін, сөйлеу мәнеріндегі қатаң сақталған әуезділікті өзімізге өнеге тұтуымыз керек.
Академик, жазушы М. Әуезов сөзінде және жазылған мақалаларында халық даналығы болып есептелетін мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестерді, қанатты сөздерді қолданудың шебер үлгілерін ұсынғаны баршамызға белгілі.
Ол қажет жерінде мифтік шығармалардан бастап, өз дәуірінің озық жазушыларынан, халықтың сөйлеу тілінен, керек десе, дүние жүзінің әдебиетіндегі озық үлгілерді алып, ойын дәл, әрі әсерлі жеткізуге дағды-ланғандықтан көркем сөздің атасы болып есептелінеді. Сол сияқты бұл бағыттағы Ғ. Мүсіреповтің, Ғ. Мұстафиннің, С. Мұқановтың шығармаларын атауға болады.
Сөйлеу мәдениетін арттыруда, әрбір сөздің мағынасын дұрыс түсініп, орынды жеткізе білуде сөздіктерді, нормативтік сипаттағы анықтағыштарды, орфоэпиялық сөз тудыру, синонимдер, омонимдер, фразеологиялық сөздіктерді, тілді грамматикалық жағынан дұрыс көрсететін сөздіктерді пайдаланудың маңызы зор.
Ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігі - бірін-бірі бетпе-бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысу, түсінісу құралы.
Бірін-бірі түсіну үшін сөйлеуші адамдардың дауыс ырғақтары, сөз құралындағы әрбір дыбыстың орфоэпиялық нормаға сай естілуі қажет.
Мысалы: қонбады - қомбады, басшы - башшы, көкөніс - көгеніс, көзсіз - көссүз, өзенге - өзөңгө, айдын көл - айдың гөл, ай қабақ - ай ғабақ, тас бауыр - тас пауүр, жас бала - жас пала т. б.
Сөздерді жазылуынша айту, әсіресе, жастардың тілінде үйреншікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мұны тіліміздің табиғи дамуының нәтижесі деп қарауға болмайды. Бұл - күнделікті өмір сүріп жүрген ортаның тілге мән бермеуінен және мектептегі оқытуда жіберіліп жатқан кемшіліктер.
Соның салдарынан, адам баласының бір-біріне деген қарым-қатынасы, түсініспеушілігі басталады, бір-бірінің ойын, ішкі жан-дүниесін түсінбейді немесе әр сөзін селқос, енжарлықпен тыңдап, босаңдық танытады.
Сөйлеу тілінде адам баласының бір-бірімен түсінісуі сөз арқылы ғана емес, сонымен қатар, бұған кісінің бет-аузы, қас-қабағы, қол-қимылы қатысып отырады. Яғни, өз сезімін, ез ойын бірнеше нұсқада, бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жеткізуге тиісті.
Оның үстіне сөйлеуші дауыс ырғағын құбылта сөйлеп, әр сөзіне жан бітіреді, көріктендіре сөйлейді, әсерін, мақамын келтіреді. Бұл жерде әрбір сөйлеуші радио, теледидар, лекторлар мен шешендердің, айтыс ақындарының сөз мәнеріне, сөз саптауына мән беріп, сол негізде сөйлей білуге тырысқаны абзал. Абай атамыз «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» дегендей, әр нәрсені, жағымды нәрсені үлгі тұта білу керек.
Кейде ауызекі сөйлеу стилінде сөйлем мүшелерін қысқартып айту, сөйлемді аяқтамай бітіру, сөйлем мүшелерінің орын тәртібін өзгертіп айту, сөзді талғамай қолдану жиі кездеседі. Бұл кезде сөз немесе сөйлем ажарсыз, әсерсіз болмас үшін әр сөзді дұрыс қолданып, өз орнымен келтіріп отырса, сөйлем түсініксіз болмайды.
Ол үшін синоним, омоним сөздерді талғампаздықпен қолдана білуіміз керек.
Оның үстіне, көбінесе, дәстүрге айналып кеткен кейбір сөздер жиі кездеседі, көбірек айтылады.
Мысалы: «Жұрт, халайық, халық» деген синоним сөздердің ішінен «халайық» сөзі, «барлық, күллі, баршасы, барлығы» дегендерден «барлығы», «бет, жүз, рең, әлпет» дегендерден «бет әлпеті» өте көбірек қолданылады.
Ауызекі стилін жандандыру үшін жазба әдебиеттегі сияқты әрбір синонимдерді басқа да көркемдік тәсілдерді талғампаздықпен қолданса, ой дәл, анық, әсерлі жеткізіледі.
Мысалы: Қайғы, уайым, қасірет, шер т.б. синонимдердің орнын былайша алмастырып қолданса: «Солардың жетуін келтіріп, жазғытұрғы аласапыранға ұрындырсақ, қолда барды тауысып, құралақан отырсақ, Қарағанды қара қайғының астында қалады, мейрамдау түгілі кейде жақын адамның да көңіліне қаяу салады. Оңашада үйде аналы-балалы екі адам іштегі қайғы-шерін жаспен жібітті». (Ғ. Мүсірепов)
Әрине, ауызекі тіл жазба тілдегідей құрылымды, стилистикалық заңдылықты қатаң сақтай бермейді.
Десек те, тіл байлығын, халқымыздың сөз асылдарын тиімді, өз орнымен пайдалана білсек, ана тіліміз де жұтаңдамай, көркейе түседі.
Айтайын деген ойыңды бейнелі де әсерлі жеткізудің бір жолы - эпитет пен теңеуді пайдалану, сөзді бейнелі қолдану, сөйлеу тілінің стиліне мән беру, айрықша эмоциялық рең беру.
Тақырыптың мазмұнына қарай шешен сөзінің ішкі тебіренісі мен толқынысын, көзқарасын көбіне дауыстың ырғағы, күші, ым-ишара, қимыл-қозғалыс арқылы да жеткізіп отырады.
Оның үстіне ауызекі тілдегі жеке сөздің айтылу интонациясы да оның қандай мәнде, қандай мақсатпен айтылып тұрғанын дәл көрсетіп тұрады.
Мысалы: Берілген сұраққа қалай жауап берді?
Дыбыс әуені қандай? Сол адамның ішкі ойын да, сезімін де бірден көрсетіп береді.
Қорыта келгенде: сөйлеген сөздерді дұрыс айта білу, әсіресе, сөз ішінде, сөз аралықтарында, сөз тіркестерінде орфоэпиялық негізгі заңдылықтарын сақтап әуезді де мәнерлі сойлей білу. Мысалы: протеза - сөз алдынан дауысты дыбысты қосып айту: лашын - ылашын, рақат - ырақат, радио - ырадио, рақым - ырақым; элизия - қатар келген қос дауыстының бірін түсіріп айту: ала алмады - алалмады, жақсы өнер – жақсөнер т.б. Оған қоса дауыс ырғағын, интонацияны дұрыс белгілеп, сонымен бірге, әр түрлі бет қимылы мен дене қозғалысы, ым-ишара сәйкес келіп бірін-бірі толықтыру арқылы тыңдаушыны қызықтыра түсу - шешен адамдардан бастап, жеке адамдардың өзіне қойылатын талап-тілектердің бірі.
Ауызекі сөйлеу тіліінің өзіне тән стильдік ерекшеліктері бар:
1) сөйлеу тілі қарапайым қарым-қатынас жасау кезінде айтылады (бірі бірін жақсы тинитын, жақын адамдардың арасында);
2) көбіне – көп алдын-ала дайындықсыз өтеді (көлма-қол сұрақ - жауап беру, спондандық – ішкі себептермен пайда болу, сыртқы әсерден болмаған);
3) сөздердің, сөйлемдердің қалыптасқан қалпы өзгеріске түседі;
4) қаратпа, одағай, қыстырма сөздер жиі қолданылады;
5) дауыс ырғағы, интонация, бет-әлпет, қол қимылдары қосымша қызмет атқарады. Ауызша сөйлеу дәстүрін жандандырып, шешендікке үйрету - тіл мәдениетінің ең басты міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: |