Реферат тақырыбы: «Тыныс алу жүйелерінің ауруларының алдын алу нұсқаулықтары»



бет6/16
Дата07.02.2022
өлшемі69,63 Kb.
#96566
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
БОЖ-1 .
Тәуліктік рационды құрастыру бір күнгі тамақ рационы
Су процедуралары
Су – ағзаға өте күшті және жанжақты әсер етеді. Сумен емдеудің негізі оның ұзақтығы емес, судың температурасы болып табылады. Ол үшін келесі ережені орындау керек: неғұрлым су суық, соғұрлым уақыт аз болу керек. Неғұрлым судың температурасы суық, соғұрлым шынықтыру әсері көп болады. Су процедураларының түрлері: ыстық - 400 жоғары, жылы –34-400, орташа – 34-350, салқын –20-330, суық –200 төмен. Барлық сулық жаттығуларды тітіркену туғызбау үшін бөлмелік температурадан бастайды. Су процедураларын жазда немесе күздің басында бастаған дұрыс, көктемде ағза жүдеу болады.
Сүртіну – ең оңай су жаттығуы. Оны тіпті кәрі адамдар мен жағдайы нашар адамдар таңертеңгілік жаттығу ретінде өткізуге болады. Орамалдың шетін сулап, дененің жоғарғы жағын сүртіп, қан және лимфа ағысымен шеттен ортаға қарай сүртеді. Бетті, мойынды, қолды саусақтан иыққа дейін, кеудені, арқаны кепкенше сүртіп және жақсылап ысқылайды. Содан кейін дененің төменгі бөліктерін кепкенше суртіп ысқылайды. Сүртуді 3-5 минут 32-340 сумен бастайды. Әр бір 4-7 күн сайын судың температурасы төмендетіп 16-18дейін жеткізу керек. Жаттығу денені ысқылап, терісі қызарғанша өтеді.
Су құю– шынықтырудың күрделі түрі. Суды 30бастап, ақырындап 150 дейін жеткізеді. Су құю 20 секундтан және одан да аз уақытқа қысқартылады. Барлық жаттығу денені уқалау мен бірге 3-4 минут созылады. Суық суды кеудеге, табанға, содан кейін барлық денеге құйяды. Жазда су құюды ашық далада, ал күзде денесі толық шыныққан адамдарға ғана болады.
Табанға су құю – бұл жергілікті шынығу, яғни артық уақыт қажет етпейді. Күнделікті түнге жатар алдындағы аяқ жуудан кейін табанға салқын су құю. Судың алғашқы температурасы 27-28, шеткелі 10төмен болмау керек, әр бір 10 күн сайын 1-20 төмендету керек. Табанды құрғағанша сүрту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет