Реферат Тақырып: Қой ешкі, шошқа және жылқы стандарттау



бет3/8
Дата21.04.2023
өлшемі49,02 Kb.
#175099
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
қайта өңдеу рк1

2 Шошқа шаруашылығы


Шошқа шаруашылығы -дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.
Шошқа шаруашылығы-үй хайуанаттарының негізгі саласы.Шошқаның еті , майы тағам ретінде кеңінен пайдалынылады.Сонымен бірге терісі , басқа да өнімдері , халық қажетіне жаратылады.Шошқаның арғы тегі-доңыз.Қазақстанда жабайы қабан мен ақ шошқа мегежіндерін ұрықтандыру арқылы шошқаның етті-майлы жетісу шошқа қолтұқымы шығарылды.Ол еліміздің оңтүстік-шығыс аймақтарының табиғи жағдайларына бейімделген.Өсімтал және тіршілік етуге өте бейім қолтұқым.
Шошқа еті жас шошқаның еті қызғылт, кәрі шошқаның еті қызыл түсті. Еті жұмсақ. Талшығы ұзын және жіңішке. Тері астында май ( қондылығына байланысты өте көп жиналуы мүмкін) ақ кейде қызығыш, жұмсақ, іш майыда жұмсақ ақ түсті келеді.
Еркек шошқаның (қабанның) майыда етіде қатты, жағымсыз иісті болп келеді. көріп отырғаныздай еттің түсі бір малдың жасына өзіне, қондылығына қарай әр түрлі болып келеді. сондай – ақ екі рет мұздатылған немесе жұмысқа пайдаланған мал еттері де қою түсті келеді. еттің иісі құрамындағы ұшпалы май қышқылдарына байланысты әр түрлі болып келеді. қой етінен, қора иісі, сиыр етінен шикі қамыр иісі, жылқы етінен тер иісі бөліп тұрады. Әсіресе жағымсыз иіс теке мен қабаннан қатты сезіледі.
Шошқа еті.
Шошқа етінің құрамында дәнекер ұлпаның үлесі аз болады, осы себептен толық құнсыз және нашар қорытылатын ақуыздар да (коллаген, эластин) аздау. Оған мына сандар дәлел, шошқа етінің ұшасында толық құнды ақуыздар үлесі 90 %-дай болса, ірі және ұсақ қара мал ұшасында 75-85 % арасында. Малдың қоңы жоғарылаған сайын, еттің құрамында толық құнды ақуыздардың да үлесі көтеріледі. Ірі және ұсақ қара мал етінің қорытылуы тәжірибе жүзінде бірдей, ал шошқа еті асқазанда көбіректеу уақыт болатын себептен, қорытылу коэффициенті жоғары, яғни 12-15 %-ға.
Ет құрамында әртүрлі дәрумендер болады: тиамин, рибофлавин, пиридоксин, никотин және пантотен қышқылы, холин. Бауырда барлық дәрумендер кездеседі. Сондықтан сойылған жануар еті тағамдық және биологиялық құнды тағамға жатады.
Еттің биологиялық құндылығы көптеген факторларға байланысты. Айталық ақуыздардың пайдалану коэффициенті (БПК) семіз емес шошқа және бұзау етінікі 90 %-дай болса, ірі қара мал етінікі –75, қой еті-70, үй қоян еті-65 %.
Биологиялық қасиеті бойынша шошқа майы ең жақсы деп есептеледі. Онда поли қанықпаған май қышқылы көп, соның ішінде арахид қышқылы. Бұл қышқыл сиыр етіне қарағанда шошқа етінде 5 есе көп кездеседі. Оған қарамастан шошқа етінің майының еру температурасы төмен. Бірақ басқа еттің майлары өзіне тән биологиялық қасиеттері болады.
Еттің негізгі маңызды бөлігі экстракті заттан тұрады. Ол екіге бөлінеді: азотты және азотсыз.
1кг етте шамамен 3,5 гр азотты экстракті зат болады. Шошқа етінде -6,5 гр. Экстракта заттарының ең азы қой етінде-1 кг бұлшық етте 2,5 гр. Бұған байланысты экстракты заттың өлшенген көлемі керек болса майлы емес қой етін ұсынады.
Шошқа майының сіңірілу коэффициенті 96-98 %, ірі қара малдыкі 80-84 % және қойдікі 80-85% шамасында. Мал түріне қарай, ет құрамындағы ақуыздың, амин қышқылдарының мөлшері, экстрактивтік заттарының саны және сапасы, биологиялық және энергетикалық құндылығы да әртүрлі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет