Реферат Тақырып: Қой ешкі, шошқа және жылқы стандарттау


Қой, ешкі, шошқа және жылқы қоңдылығын анықтау



бет6/8
Дата21.04.2023
өлшемі49,02 Kb.
#175099
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
қайта өңдеу рк1

5 Қой, ешкі, шошқа және жылқы қоңдылығын анықтау


Қой, ешкі қоңдылығы (МЕМСТ 5111-55, 1975 жылы тексерілген) жоғары, орта және ортадан төмен болып үш дәрежеге бөлінеді.


Жоғары дәрежелі қоңдылықта — арқа және бел бұлшық eттepi жақсы жетілген, арқа, бел омыртқаларының (шоқтықтан басқа) жоталық өсінділері білінбейді.
Tepi астындағы май арқада, белде және қабырға үстінде жақсы білінеді. Құйрықты қойдың құйрығы майға толы .
Орта дәрежелі қоңдылықта арқа, бел eттepi қанағаттанарлық жетілген, бел омыртқалардың жоталық өсінділері, жамбас сүйектерінің басы аздап шығыңқы, ал арқа омыртқаларының жоталық өсінділері шығыңқы; беліндегі, тepi астындағы май қанағаттанарлық, ал арқасындағы және қабырғаларында аздаған май байқалады. Құйрықты қойлардың құйрығы майға толмаған.
Ортадан төмен қоңдылықта eтi төмен, омыртқарардың жоталық өсінділері, қабырғалары шығыңқы, шоқтығы және жамбас сүйектің басы жақсы байқалады, тepi астында май байқалмайды. Құйрықты қойлардың құйрығында аздаған май жиналған. Жалпы қойдың жүні қалың әpi тығыз болғандықтан, оның қоңдылығын ажырату едәуір қиындық туғызады. Тапсырушы мен ет комбинаттарының қызметкерлерінің арасында мал коңдылығын ажыратуда келіспеушілік болса, мал қоңдылығын ажырату үшін тексеру сойысы жүргізіледі де, еттің сапасы бойынша қоңдылығы ажыратылады.
Жылқы қоңдылығы МС(20079-74, 1986 Ж.). Жасына байланысты жылқы үш топқа бөлінеді. Сақа жылқы – жасы үштен асқан, жас мал — жасы үш жылға дейін және құлын, жасы бірге толмаған – салмағы 120 кг-нан артық жабағы, тай. Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылығы – еті жақсы дамыған, кеудесі жұмыр, арқасы белі, саны, сауыры, жауырыны жақсы толған, омыртқалардың жоталық өсінділері, қабырғалары байқалмайды, жалын, құйрық түбін май басқан.
Екінші дәрежелі қоңдылық – еті қанағаттанарлық дамыған, кеуде пішіні қушықтау, омыртқалардың жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектердің басы аздап шығыңқы, қабырғасы байқалғанмен саусаққа білінбейді. Жалында аздаған май байқалады. Құлынның тек қана бірінші дәрежелі қоңдылығын ажыратады – еті жақсы немесе қанағаттанарлық дамыған, кеуде пішіні жұмыр немесе қушықтау, омыртқалардың жоталық өсінділері, жауырын қыры, иық белдеуі, құйымшақ, жамбас сүйектерінің басы аздап шығыңқы, ал қабырғасының байқалуы мүмкін. Жалында аздаған май болады. Сонымен қатар мемлекеттік стандарт бойынша жылқының барлық қоңдылық дәрежесінде шоқтығының шығыңқылығы есепке алынбайды, майы аздау болғанымен, еті өте жақсы дамыған болса, бірінші дәрежелі қоңдылыққа жатқызуға болатыны көрсетілген.
Шошқа ұшасының қоңдылығы. Бес категориялы қоңдылыққа бөледі.
Бірінші категория. Жас шошқаның ұшасы, жақсы дамыған бұлшық етті, шел майы тығыз, ақ түсті, аздап қызғылттау келеді және ол ұшаның бойында бірқалыпты жайғасқан, 6-7-і төс омыртқалар сабақтарының арасындағы шел майының қалыңдығы (ең қалың жері), белдемесіндегі майдың (ең жұқа жері) қалыңдығының айырмашылығы 1,5 см-ден аспауы керек. Төс бөлігінің 6 және 7-і қабырғаларының арасындағы етті көлденең кескенде, ең кем дегенде екі қабат бұлшық еті болуы керек. Жарты ұшаның ұзындығы (бірінші қабырғаның төс сүйегімен біріккен жерінен, шат сүйектің алғы жағына дейін) 75 см-дей, ұшаның терісімен салмағы 53 кг-нан кем болмауы керек. Терісі пигментсіз, ісіксіз, қанталаусыз және жарақаттанусыз болуы керек.
Екінші категория. Жас шошқаның және торайдың ұшасынан алынады.Терісіз жас шошқаның ұшасының салмағы 39 кг, крупондық еті (денесінде жартылай терісін қалдыру)-37кг, шел майының қалыңдығы 1,5-4,0 см. Торайдың (2-4 айлық) терісімен ұшаның салмағы 12 кг, терісіз 10 кг кем болмауы керек. Шел майының қалыңдығы 1 см кем емес.
Үшінші категория. Тірілей салмағына байланысты емес, шел майының қалыңдығы 4,1 см және одан да жоғары ұша кіреді.
Төртінші категория. Мегежін жәнекестірілген еркек, азбан шошқаның (боровы) ұшасы, шел майының қалыңдығы 1,5-4 см.
Бесінші категория. Тірідей салмағы 3-6 кг арасындағы сүт емген торайлар, терісі ақшыл, бөртпесіз және омыртқаның сабақтары және қабырғалары шықпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет