Ешкі сүтінен жасалған өнімдерді өнеркәсіпте өндіру үшін табиғи ешкі-шикізаты ГОСТ 32940-2014 «Шикі ешкі сүті. Техникалық шарттар» сәйкес әзірленеді. Онда шикі ешкі сүтінің физико-химиялық, микробиологиялық және органолептикалық көрсеткіштері регламенттелген.
Ешкі шаруашылығы (козоводство) - мал шаруашылығының бір саласы. Ешкіні ет, сүт, түбіт, жүн, тері өндіру үшін өсіреді. Е., әсіресе лақ, серке еті дәмді, сіңімді келеді. Түбіті мен жүнінен жеңіл, әрі берік орамал, қолғап, басқа да киімдер тоқылады. Терісінен жоғары сапалы шевро, замш, лайка былғарысы жасалады. Сүйегі, мүйізі, тұяғынан желім жасайды, ішегінен музыкалық аспаптарға ішек иіреді. Ешкі сүті емшектегі балаға жұғымды, одан қаймақ, май, ірімшік, құрт, айран, т.б. тағамдар дайындалады. Ешкі өсімтал келеді, екісінің бірі егізден, үштен лақтайды. Ешкі тұқымын асылдандыру, күтімі мен азықтандыруын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның өнімділігін арттырады. Ешкі жылына бір рет кырқылып, бес айға дейін сауылады.
Әлемдегі көптеген елдер сүт және ет ешкілерін өсіру және күту кезінде заманауи техникалық инновацияларды енгізудің тиімділігін жоғары бағалады.
Қазіргі уақытта Атырау, Қостанай, Түркістан облыстарында асыл тұқымды ешкі шаруашылықтары ашылғаны мәлім. Сонымен қатар 2016 жылы аталып отырған Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында орналасқан «Зеренда» асыл тұқымды шаруашылығы ЖШС-нің ашылғаны белгілі. Қазіргі уақытта «Зеренда» асыл тұқымды шаруашылығы ЖШС сүттің максималды мөлшерін алу үшін ең жақсы генетикасы бар ешкілерді өсіру орталығы болып табылады. Шаруашылық ешкі сүті және сүт өнімдерін өндіруге бағытталған. Мұнда жылына 4000 тонна сиымдылығы бар сүт залы мен зауыты бар.
Болашақта шаруашылықта ешкі санын 5 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Сүт фермасы 2021 жылға қарай толық өндірістік қуаттылыққа жетуі керек. Зауыт жаңғырту талап етпейді, итальяндық жабдық өнімділігі бойынша қажетті қормен орнатылған. Олар жыл сайын ішкі табының айналымы мен шетелден сатып алу есебінен мал басын көбейтуді жоспарлап отыр. Ешкі шаруашылығын дамыту тек экономикалық қана емес, сонымен қатар барлық қызмет салалары үшін әлеуметтік маңызы бар. Атап айтқанда, өнімді өндіру мен қайта өңдеу қосымша жұмыс орындарын құруға және халықты жоғары сапалы ет, жүн және сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорында заанендік, нубиялық және альпілік тұқымды ешкілер өсірілуде.
Заанен ешкілері дәстүрлі түрде бүкіл әлемде, Қазақстанды қоса алғанда, тұқымды жақсарту үшін қолданылады. Мамандар бұл ешкі тұқымдарын барлық жаңа бастаған фермаларға арналған ең үздік құрал ретінде кеңес береді. Ешкі тұқымдарының арасында заанендік ешкілер ең танымал тұқым болып саналады. Күшті, сүйекті, ірі түрлері 90 кг дейін салмақ тартады. Асыл тұқымды ешкінің салмағы центнерге жетеді. Лактациялық кезең жылына 11 айға дейін созылады. Сауын орташа есеппен жылына 800-1200л құрайды. Жақсы күтім кезінде рекордшылар өнімділігі бойынша сиырлармен салыстыруға болады – жылына 3 т дейін сүт беруге қабілетті. Сүтте майдың 4-тен 4,6% - ға дейін пайызы бар. Жүз аналық ешкі 250 бас төлге жетуі мүмкін.
Нубиялық асыл тұқымды ешкі мөлшері бойынша зааненнен кем емес. Тез салмақ алуға қабілетті. Аналық ешкі салмағы 50 кг, еркегі – екі есе көп. Алғашқы лактацияда күніне 3,5 л дейін сауылады. Бұдан әрі бұл көр сеткіш 5 кг-ға дейін артады. Лактация кезеңінде 10 ай бойы 800-1000 л жуық сүт береді. Майлы сүт-4,5-8% дейін. Жүктілік 5 айға созылады, аналықтар екі-үш ешкі туады. Кейде жылына екі рет төлдеуі мүмкін. Лақтары тез салмақ алады, сондықтан нубиялық тұқымы етті-сүтті болып келеді.
Альпілік асыл тұқымды аналық ешкісінің салмағы 60 кг, ал еркектері 20 кг ауыр. Альпілік өнімділігі жағынан керемет көрсеткіш көрсетеді: жыл бойы саууға болады. Бұл жағдайда сүттің жылдық көлемі центнерден асады. Мұндай көрсеткіштер Ресейдің оңтүстігінде өсірілетін жануарларға қатысты. Мұнда жылдың көп бөлігі шұрайлыды жайылымдарда жайылады. Сүттің майлылығы жоғары емес- 3,5% - дан бастап. Бірінші төлдегенде отарды бір басқа толтырады. Алдағы уақытта бес ешкіге дейін төлдеуі мүмкін.
Органолептикалық көрсеткіштері бойынша үш ешкі тобының сүт сапасы жоғары баллға ие. Иісі және дәмі-таза, бөтен иіссіз, дәмсіз, ешкі сүтіне тән иісі бар. Түсі – ақ, ақшыл-крем тәрізді.
Достарыңызбен бөлісу: |