Рене Декарт "Мен ойланамың, яғни мен тіршілік етемің"



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі39,02 Kb.
#91291
  1   2
Байланысты:
Дәріс 10. Ойлау мен интеллекттің психологиялық ерекшеліктері. (1)


Дәріс 10. Ойлау мен интеллекттің психологиялық ерекшеліктері.

Рене Декарт "Мен ойланамың, яғни мен тіршілік етемің"


I. Ойлау психологиясы–жалпы психологияның негізгі бөлімдерінің бірі. Онымең қатаар психология ғылымдарының негізгі салаларының (дифференциалды психология, еңбек психологиясы, басқару, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогикалық, медициналық психология) құрылымында ойлау психологиясы мәселелерін өңдеу арнайы талдауды қажет етеді.


Психология ойлауды танымдық іс-әрекет ретінде зерттейді:
- оны қолданатын құралдардың деңгейіне тәуелді оны түрлерге жіктеуді,
- олардың субъект үшін жаңашылдығын,
- оның белсенділігінің деңгейін,
-ойлаудың шынайылығының бара–барлығын.
Ойлау жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады. Процесс ретінде пайда болып, өмірлік іс-әрекетке байланысты дами отырып, салыстырмалы түрде өзінің мотивіне, мақсатына, тәсіліне ие іс-әрекетке айналады.
Ойлау–қарым–қатынаспен бірге, басқа адамға әсер етудің қажетті құрылымын, коммуникация актілерін құрайды және тұлғааралық таным процестеріне қосылған. Ойлау бірлескен іс- әрекеттің формаларын пайдалануы мүмкін. Адамның ойлауы оның индивидтік ерекшеліктеріне шартталғаны сияқты, жеке түрде шартталады.
Ойлау–тұлға рефлексиясының қажетті құрылымы және өзі осы рефлексияның объектісі болып табылады.
Ойлау психологиясы арнайы түрде XX-шы ғасырда ғана жасала бастады.
1. А.Н.Леонтьев - ойлауды зерттеуде, фундаментальды мәселелерді зерттеуді, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып қарастыруды.
2. С.Л.Рубинштейн еңбегінде ойлау процесі бойынша зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдылықтарын бөліп және ойлау операцияларының негізгі бірлігін көрсетті.
3. П.Я.Гальперин нақты экспериментальды зерттеу жағдайы, жолдары мен бағыттарының қалыптасуына тоқталды. П.Я.Гальпериннің анықтауынша оқу субъекті әрекетінің негізінде білімді ұғыну.
4. Дж.Брунер еңбегінде ойлаудың даму кезеңдері оның түрлерін (көрнекі қимылды, көрнекі бейнелі ойлау) жағдайын танымдық іс-әрекетте қалыптастырып талдау жасады.
5. Б.М.Теплов - ойлаудың интеллектуальдық ерекшелігін практикалық міндеттерді шешуде іс-әрекетте көрінетіне тоқталды.
6. Л.С.Выготский «Ойлау және сөйлеу» еңбегінде сөйлеудегі ойлаудың генетикалық түбірін, ойлау және сөйлеу ерекшелігін, онтогенездегі сөз және ой қатысын, іштей сөйлеу сипатын ашты.
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейннің еңбектерінде оқу-білім, іскерлік, дағдыны иемдену түрлере (ал даму – қабілеттерді, жаңа қасиеттерді икемдеу) қарстырылды.
7. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтарша, оқу – оқу әрекетінің арнаулы түрі, ал А.Н.Леонтьев теориясы бойынша, оқу (ойын және еңбекпен бірге) – жетекші әрекеттің типі. Оқу полимотивті және полимағыналандырылған іс-әрекет деп қарастырылады.
8. Г.В.Габайдың көрсетуінше, оқу әрекеті екі құрамдас жүйеден немесе іс-әрекеттен құралатын әрекет. Біріншісі – жүйеше немесе іс-әрекет түріндегі оның негізгі фунционалды компоненті, оқу. Оқу әрекетінің дайындаушылық функционалды компонеттері оқу іс-әрекетінің басқа жүйешесіне топталды.
Ойлау психологиясының дамуы мен қалыптасуына көп үлес қосқан:
1. Вюрцбург мектебі – сана психологиясын зерттеген бағыттардың бірі. Бұл мектептің негізін салушылар – (Освальд Кюльпе, Отто Зельц, Карл Марбе, Нарцисс Каспар Ах, Карл Бюлер).

  • Вюрцбург мектебімен зерттелінген негізгі мәселелер:

  • а) ойлаушы субъекттің белсенділігін анықтайтын ұғымдарды шағару;

  • ә) ерекше психологиялық ақиқат ретіндегі ойлаудың қасиеттерін сипаттау және мазмұнын анықтау;

  • б) ойлау процесінің психологиялық механизмдерін түсіндіру.

  • 1.1 Освальд Кюльпе «Ойлау психологиясы» еңбегінде ойлау мен ерікті зерттеуде интроспекциялық әдісті қолданды. О.Кюльпе ойлауға теориялық және экспериментальды зерттеу жүргізу арқылы кезеңдері мен принциптерін, арнайы талдады. Зерттеген мәселелері: «эмпирикалық ойлау» деп аталатын және формалдық логика заңдарына сүйенетін «таза ойлаудың» нақтылы жүзеге асуын көрсететін психикалық актілер мен күйлер. Ойлау өзінен-өзі пайда болып қалыптаспайды. Ол тікелей сыртқы орта әсерінен пайда болады. Сезімдік елестер мен ойлаудың арақатынасын түсіндіруде бұлар мынадай пікірде болды. Өз-өздігінен сезімдік елестер мен ойлардың кез келген үйлесімі тіпті оңай логикалық есепті шешу үшін берілген міндеттің сезімдік көрінісінен тыс, одан еркін болатын, есептің (міндеттің) шарттары мен талаптары арасындағы қатынастарды ашу мен саналау маңызды болып табылады.

  • 1.2 Отто Зельц «кешенді теориясы» кейінен Вюрцбург мектебінің идеясын жалғастырды. Ойлау актісінің продуктивті, репродуктивті психологиялық бірлік механизімін түсіндірді. О.Зельцтің еңбектерінде жалғасын тапты. Ол ойлауды интеллектуалдық операциялардың қызмет етуі ретінде анықтады. О.Зельц өз алдына ойлау іс-әрекетінің қандай да бір нәтижесінің жүзеге асуындағы интеллектуалдық іс-әрекеттің әрбір сатысының қызметін анықтау мақсатын қойды. Қатынастарды саналау әрекеті ретіндегі ойлауды түсіндіру үшін оның міндетті шешуде жүзеге асырылатын әрекет немесе операция ретінде қарастыру керек. О.Зельц міндетті шешу барысы мен тәсілдерін сипаттауда үш ұғымды енгізді: арнайы реакция, яғни берілген жайтта қойылған мақсатқа сәйкес келетін объективті қажетті жауап.

  • 1.3 Нарцисс Каспар Ах ұғымдарды қалыптастырудың тәсілдерін таңдау процесі мен қолдану сипаты субъектімен шешілетін нақты міндеттерге байланыстылығын және «детерминациялық тенденциялар» тұжырымдамасын шығарып, негіздеуі. Басқаша айтқанда, бұл – себептендіру теориясы. Адамның бойындағы осындай детерминациялық тенденциялары адамды түртіп отыратын, санадан тыс процестерге жатады.

  • Вюрцбург мектебі өкілдері ойлаудың басқа психикалық процестерден өзіндік ерекшеліктерін көрсетті: тұтастылығы, бесенділігі, бағыттылығы, бейнесіздігі және т.б. В.м.-тің негізгі идеялары О.Зельцтің еңбектерінде жалғасын тапты. Ол ойлауды интеллектуалдық операциялардың қызмет етуі ретінде анықтады.

2. Гештальтпсихология (Вольфганг Келер, Макс Вертгеймер, Курт Коффка, Курт Левин, Карл Дункер).
2.1 Карл Дункер ойлаудың творчествалық міндеті мен дамуын Ж.Пиаже мектебінде зерттеді. Дункер творчестволық ойлау мәселесін зерттеуге, нақты анализ жасап негізгі механизмдеріне тоқталады.
2.2 Ж.Пиаже еңбегінде генетикалық деңгейде зерттеу таным процесін, оның орталығы интеллектің операциялық теориясы болды.
Ойлауды формальды–логикалық операциялардан ажыралатын, мәселе тудыратын жәйтті ескеру арқылы соған қарай танымдық құрылымдарды қайта құру, жаңадан “орталықтандыру” нәтижесінде жүзеге асатын продуктивті психикалық процесс ретінді түсіндірді.
3. Психоанализ (З. Фрейд): Ойлау мотивтелген процесс ретінде. Адам мінез– құлқының мотивтері ең алғаш психоанализмен қойылып, зерттелді. З. Фрейд бойынша, негізгі мотивтер санасыз сипатта болады және әр түрлі көрініс табады: түс көру, сөзден жаңылу, ұмыту, аурулар симптомдары. - Түстер–бұл ырықсыз жүзеге асатын, бейнелік ойлаудың түрі.
- Еркін ассоциациялар әдісі. Ырықсыз бейнелік ойлау, еркін ассоцициялар-санасыз мотивтердің көрініс табатын маңызды аумақтарының бірі.
- Сублимация–санасыз энергияны әлеуметтік құпталған тәсілдерге ауыстыруда іске асатын шығармашылық ойлау процесі.
- Мотивті саналау адамның өзіндік саналуын, ішкі ойлау типін қажет етеді.
4. Ойлаудың когнитивтік психологиясы (У. Найсер).
- танымдық процестерді жасанды модельдеу негізінде белгілі бір міндеттерді шешу тәсілдерін табу мақсатымен қарастырған.
- Адам ақпаратты тасымалдау және өңдеу каналы, компьютерлік жүйелердің аналогы ретінде ұғынылады.
- Есептерді шешу механизмдері және оған қажетті жағдайлар (саналы елестер, әлеуметтік тәжірибе, тұлғаның мағыналық аумағы және т.б.) ерекше когнитивтік құрылымдар болып есептеледі.
-Танымдық ретіндегі адамның кез келген іс-әрекетін талдау тек жаңа, айрықша ғылыми нәтижелерге әкелумен қатар бұрыс тұжырымдарды да өмірге келтіреді.
Осылайша, когнитивтік психология тұрғысынан ойлау адам білімдерін жүйелейтін, өңдейтін, құрылмдайтын, реттейтін танымдық процесс болып табылады.
5. Ойлаудың ассоциативтік теориялары (Г. Мюллер, Д. Гартли, Дж. Пристли, Дж. С. Милль, А. Бэн). Отандық психологияда ассоцианистік тұрғы Ю.А. Самарин, П.А. Шеваревпен зерттелінді.
- ойлаудың белгілі логикалық формаларын ассоциация заңына сәйкес түсіндіру. - - Ұғымдардың қалыптасуы елестерді ассоциациялау барысында жүзеге асады деп есептелінді.
- Пікір ұғымдарды ассоциациялау, ал ой қорытындысы пікірлердің ассоциациялау нәтижесі ретінде түсіндірілді.
Осылайша, ассоциативтік психологияда ойлау сезімдік елестердің ассоциациясы ретінде түсініледі.
6. Қазіргі психологиядағы ойлау сапасы оның түрлері туралы кең көлемде зерттей – отырып психологиялық әдебиеттер, терминдік ерекшеліктерін ұсынғандар: Р.Арнхейм, А.Р.Лурия, Е.Блейлер, Г.Майер. Л.Леви-Брюля, К.Гольдштейн т.б. болды.
II. Түйсік, қабылдау, елестер процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады, бырақта ол жеткіліксіз болады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жӛнді ашып бере алмайды. Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойлауға кӛшу қажет. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде ӛте жақсы кӛрінеді. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді ӛңдейді Адамның ойы әрқашанда сӛз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде ӛзін естісін деп дауыстап сӛйлейді. Ой толық сӛз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.
Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Адамның ойы ерекше белсенді процесс. Ойдың белсенділігі мына төмендегі жағдайлармен байланысты:
1) Ой адамның айналасындағы дүниемен байланыспайынша ӛздігінен пайда болмайды, ойдағы негізгі мақсат - сұраққа жауап беру, мәселені шешу;
2) Алға қойған мақсатты шешуге қажетті әдіс жолдар қарастыру.
3) Мәселені шешу үшін ой әрекетінің жоспарын сызу, оның болжамын (гипотезасын) белгілеу;
4) Ойдың дұрыс-бұрыстығын тәжірибеде сынап көру.
Ойлау түрлері:

  1. Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. Мысалы кіші жастағы балалармен жүргізілген тәжірибеде иінтіректің оң жағына бала үшін тартымды, оны алу тілегін туғызған ойыншық бекітілген. Бұл көрнекі-әрекеттік ойлау, ол жоғары жануарларда да болады және оны И.П. Павлов, В. Келер, Н.Н. Ладыгина–Котс сияқты ғалымдар жүйелі түрде зерттеген. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың негізгі сипаттамасы атауында бейнеленген: тапсырмаларды шешу, бақыланатын қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды шынайы өзгертудің көмегімен іске асырылады.

  2. Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. Психологияда сонымен қатар дербес түр ретінде бейнелік (немесе көрнекі-бейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады. Н.Н. Поддъяков пен оның қызметкерлерінің зерттеулерінде мектепке дейінгі жастағы балаға белгілі бір формалы жайпақ фигураны ұсынған, мысалы фанерден кесіліп жасалған қазды. Одан кейін фигура фанерлік дискімен жабылады, сөйтіп оның тек басы мен мойыны ғана көрініп тұрады. Содан кейін фигураны бастапқы жағдайынан басқа бір бұрышқа бұрады да, балаға қаздың басы мен мойынының орналасуы бойынша оның құйрығы қай жерде екендігін анықтауды тапсырады. Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы жағдайлардың нақтылануымен жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды және ондағы өзгерістерді түсінуімен байланысты. Бейнелік ойлаудың көмегімен заттың іс жүзіндегі әр түрлі сипатталарының әр алуандығы біршама толық түрде қайта жасалады. Бейнеде затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген. Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі – заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі емес, “керемет” сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі — әрекеттік ойлауға қарағанда көрнекі–бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.

3. Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау–тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі.  Сөздік–логикалық ойлау онтогенез бен филогенездегі ойлаудың даму кезеңдерін қалыптастырады. Қазіргі таңда психологияда ойлаудың бұл үш түрі үлкен адамда да болатындығы және әр түрлі тапсырмаларды шешуде қызмет ететіндегі сенімді көрсетілген. Бейнеліп көрсетілген топтастыру (үштік) жалғыз емес. Психологиялық әдебиеттерде бірнеше “жұптық” топтастырулар пайдаланылады.
Сонымен қатар психологияда ойлаудың қос классификациясы да танымал. Мәселенің түріне байланысты:
4. Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдарды пайдалану негізінде заңдар мен ережелерді танып–білуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрі.
5. Практикалық ойлау–ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйін (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) білдіретін ойлау түрі. Бұл ойлау түрі кеңес ғылым–психологы Б.М. Тепловпен едәуір көп зерттелінген. Практикалық ойлауды кеңестік психолог Б.М. Теплов терең талдап берген. Теориялық ойлау біршама біртіндеп ғылыми шығармашылық психологиясының контексінде зерттелуде. Практикалық ойлаудың маңызды ерекшеліктерінің бірі, оның уақытының қатал тапшылығы жағдайларында айқындалатындығы. Сонымен, мысалы, іргелі ғылымдар үшін бір жылдың ақпан немесе наурыз айларында заңның ашылуының принципті мәні жоқ. Күрес біткен соң жоспар жасаудың мағынасыз екендігі мәлім. Практикалық ойлауда болжамдарды тексеруге арналған мүмкіндіктер өте шектеулі. Осының барлығы практикалық ойлауды, теориялық ойлауға қарағанда, біршама күрделендіре түседі. Теориялық ойлауды кейде эмпириялық ойлаумен салыстырады. Бұл жерде мынадай критерий қолданылады: ойлау жұмыс жасайтын жалпылаудың сипаты, бір жағдайда бұл түсінік, ал келесісінде–тұрмыстық, оқиғалық жалпылаулар.
Таным түрі бойынша:
6. Эмпириялық ойлау–теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсін, жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрі.
 7. Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдар негізінде заттар мен құбылыстардың мәнін танып–білу.
Рефлексия немесе саналу деңгейі бойынша:
8. Интуитивтік ойлау–тез өтетін, анық кезеңдері жоқ, көбінесе саналанбайтын ойлаудың түрі. Бұл ойлау түрі кеңестік психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен және т.б зерттелінген.
9. Рациональдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық ойлау) – уақыт бойынша кең таралған, айқын кезеңдері бар, ойлаушы субъектінің санасында едәуір көрініс табатын ойлау түрі.
Интуитивті және рациональдық ойлаудың айырмашылығын білу үшін әдетте үш белгі қолданылады: уақыттық (процестің өту уақыты), құрылымдық (кезеңдерге бөлу), ағым деңгейі (ұғынған немесе ұғынбаған). Рациональдық ойлау уақытқа таралып, айқын көрінетін кезеңдері бар, елеулі деңгейде ойланушы адамның өзінің санасында бейнеленген. Интуитивті ойлау тездігімен, айқын көрінетін кезеңдерінің болмауымен сипатталады, ол минималды ұғынған болып табылады. Отандық психологияда бұл ойлауды Я.А. Пономарев, Л.Л. Гурова және т.б. зерттейді.
Әрекеттің тәсілдері негізінде:
10. Вербалдық (сөздік) ойлау–тілдік құралды пайдалану арқылы адамның өз пікірін тұжырымдамауы, білдіруі.
11. Көрнекі ойлау–мәселені шешу нақты бейнелі түрде көрінуінде жүзеге асатын ойлау түрі.
Ойлау бағыттылығымен байланысты:
12. Шынайы (немесе реалистік) ойлау–ақиқат шындыққа басым түрде бағытталған, логикалық заңдармен реттелетін ойлаудың бір түрі.
13. Аутистік ойлау–адамның ниеттерін жүзеге асыруымен байланысты болатын ойлау түрі. Осыған ұқсас келетін эгоцентрлік ойлаудың ерекшелігі–адамның басқа біреудің позициясында тұра алмауы.
Шынайы ойлаудың аутистік ойлаудан айырмашылығы мынада: шынайы ойлау негізінен сыртқы әлемге бағытталған, логикалық заңдармен реттелінеді, ал аутистік ойлау адамның тілектерін іске асырумен байланысты (біз тілегіміздегі нәрсені шын мәнінде бар нәрсе тәрізді етіп көрсетеміз). Кейде аутистік ойлаудың орнына “эгоцентрлік ойлау” деген ұғым қолданылады, ол ең алдымен басқа адамның көзқарасын қабылдаудың мүмкін еместігімен сипатталады.
Ойлау іс — әрекетінің өніміне байланысты:
14. Продуктивтік ойлау–адамның ойлау іс-әрекетінің жаңа өнімін шығару.
15. Репродуктивтік ойлау–ойлау іс-әрекеті барысында өмірде бар білімдерді пайдалану.
Продуктивті және репродуктивті ойлауды ажырату маңызды болып табылады. З.И. Калмыкова бұл айырмашылықты “субъектінің білімдеріне қатысты ойлау іс-әрекеті процесіндегі алынған өнімнің жаңашылдық деңгейіне” негіздейді.
Ойлаудың функцияларына байланысты:
16. Творчестволық ойлау–ақиқат дүниге жаңалықты тудырумен, жаңа білімдерді тауып, негіздеумен байланысты болатын ойлаудың түрі.
17. Критикалық ойлау–заттар мен құбылыстарды терең зерттеу негізінде, солар жөніндегі көзқарастар мен пікірлердегі қайшылықтар мен кемшіліктерді таба білуімен байланысты болатын ғылыми дәйектелген сындық пікірден тұратын ойлаудың бір түрі.
Еріктік күштің жұмсалуына байланысты:
18. Ырықсыз ойлау–түс көру бейнелерін ырықсыз трансформациялау.
19. Ырықты ойлау–проблемалық жағдаяттарды, ой есептерін мақсатты түрде шешу.
Еріксіз ойлау процестерін ерікті ойлаудан ажырату қажет: мысалы, түс көрудегі бейнелердің тура трасформациялары және ойлауға бірілген тапсырмаларды мақсатқа бағытталған тұрғыда шешу. Ойлаудың түрлерінің келтірілген тізімі толық емес. Олардың арасында күрделі қатынастар бар. Сонымен, мысалы, З.И. Калмыкова продуктивті ойлаудың сөздік–логикалық және интутивті–практикалық көмпоненттерін бөледі.
Ойлаудың әр түрлі түрлерінің арасындағы сәйкестік тұтасымен әлі анықталмаған. Ең соңында ойлаудың әр түрлі түрлерінің айрықша ерекшеліктерінің әр түрлі адамдарда олар шешуге тиіс міндеттер шаттастырылған; олар іс-әрекеттің сипатына тәуелді құрылатын индивидуалды ерекшеліктерімен байланысты болады.
Бірақ бастысы айқын: “ойлау” ұғымымен психологияда сапалық әртекті процестер белгіленеді.
Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақыл қызметтерін орындайды. Бұл нақты қасиеттер (операция) өзара байланысқан, бірі-біріне ауысып отыратын ойлардың әрқилы әдістерінен құралады.


ОЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Ой операциялары (тәсілдері)



синтез

абстракциялау

нақтылау

анализ



жалпылау

топтастыру

салыстыру

жүйелеу

Анализ деп – бүтінді бӛлшектеп, майдалау, мүшелеу, белгілерге бөліп қарау. Адам өзінің күнделікті әрекетінде заттар мен нәрселерді алдымен бӛлшектеп, талдап отырады.


Синтез деп ой арқылы бүтіннің белшектерін біріктіріп, оны бүтінге айналдыруды айтады. Анализсіз синтез, синтезсіз анализ болмайды, Бұл екеуі - бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл - анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе) әр қилы көрініп отырады.
Салыстыру. Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау. Әдетте бір тектес ұқсастықтары бар заттар салыстырылады. Салыстыра отырып біз олардың айырмашылықтарын көреміз. Әйтпесе олар теңбе-тең болып қабылданар еді. Топтау салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және қосалқы ұқсас белгілері негізінде заттар топтастырылады.
Абстракция-шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Нақтылау- жеке нәрселер мен заттар туралы ой. Мысалы: қандайда бір затты елестету керек болса, біз оны алуан түрлі белгілерімен елестетеміз.Мысалы, «үстел» десе, жазбаша үстел, жұмыс үстелі
Нақтылау- жеке нәрселер мен заттар туралы ой. Мысалы: қандайда бір затты елестету керек болса, біз оны алуан түрлі белгілерімен елестетеміз. Мысалы, «үстел» десе, жазбаша үстел, жұмыс үстелі т.б.
Талдау - бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу. Қарапайым формадағы талдау әрқаңдай затты практикалық қажеттіке орай құрама бөлшектерге ажырату. Мысалы, балаларды қандайда өсімдікпен таныстыруда оның құрамын көрсетуден байқаймыз (тамыры, сабағы, жапырағы). Талдау практикалық (ойлау - сөйлеу процесінде жүріп жатады) және ақылдық (теориялық) болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда аталған ой операцияларына ұштаспаса онда ол қате, механистік сипат алады. Мұндай талдау элементтері жас балаларда көптеп кездеседі: бала ойыншығын тез бүзуға ғана шебер, оны құрастыру, бөлшектерін салыстырып, қандайда қорытынды шығару сәбидің ойына да келмейді.
Біріктіру - бұл әрқилы болшектер, қасиеттер мен әрекетқимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Біріктіру операциясы талдау әдістеріне қарама-қарсы. Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыс тар күрделі, бүтін құбылыс қа қатысы бар бөлшек, элементгер тобы ретінде қарастырылады. Әрдайым біріктіру бөліктердің қарадүрсін жиынтығын не қосындысын андатпайды. Мысалы, авто-көліктен жүздеген белшектерін құрастырғандағы мақсат металл үйіндісін шығару емес, пайдалы әрекетке келетін машина тұрғызу. Оттегі мен сутегін синтездей отырып жаңа сападағы зат - су алатынымыз баршаға мәлім. Ой процесіндегі талдау мен біріктіру әрекеттері оқу жұмысында аса үлкен маңызға ие. Бала жекелеп талдаумен әріптерді тануға қол жеткізеді, ал кейін сол игерген әріптердің басын біріктіріп буын құрайды, буыннан - сөз, сезден - сөйлем, сөйлемдерді біріктіріп -мазмұнын шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет