Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол



Pdf көрінісі
бет127/157
Дата03.06.2022
өлшемі2,76 Mb.
#145794
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   157
Байланысты:
1114 караша

Сабақтың тақырыбы:
Достық қымбат өмірде.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды достарымен жағымды қарым – қатынас жасауға үйрету.
Дамытушылық:
Өзара сыйластық, өзара түсінік, өзара көмек қарым – қатынастарын, ойлау, есте сақтау 
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі:
Татулыққа, достыққа, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:
сұрақ – жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі
: тақырпқа сай суреттер.
Сабақтың барысы:
І. 
Ұйымдастыру.
1. Балалармен сәлемдесіп, назарларын сабаққа аудару.
2.
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, қымбатты менің достарым! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бір-бірімізді 
көргенімізге, осы күнге қуанайық.
Армысың, Алтын Күн!
Армысың, Көк Аспан!
Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем қуанам.
- Жарайсындар, достарым! Бәріміздің бірге екенімізді сезіну қандай тамаша! Ал, олай болса бәріміз жайғасып 
отырайық.
- Балалар біз күнде аспанға қарағанда нені көреміз?
Балалар:
- Күнді көреміз.
Тәрбиеші:
- Күн жылуы не істейді ?
Балалар:
- Күн жылуы жүзімізді жылытады.
- Күн жылуы көзімізді жылытады.
Тәрбиеші:
- Күн жылуы тағы нені жылытуы мүмкін ?
Балалар 
:
- Жүрегімізді.
Тәрбиеші:
- Олай болса, жүректерімізді ұстап жылуын сезінейікші. (Балалар қолдарымен жүректерін ұстайды.) 
Тыңдаңдаршы, біздің барлығымыздың жүректеріміз бірдей. Олар барлық адамдарда бірдей соғады. Кәнекей 
жүрек дүрсілін тыңдап көрейікші. (Осы кезде үнтаспадан жүректің баяу соққан дүрсілі естіліп, біртіндеп қатты 
–қатты соғады.)
Тәрбиеші:
- Енді осы жүректердің жылуын бір-бірімізге алақандарымыз арқылы сыйлайықшы. Біз бәріміз доспыз
тілегіміз бір.
Тәрбиеші:
- Балалар, достық дегеніміз не ? Оны қалай түсінесіңдер?
Балалар:
- Балалар бір-бірімен ойнайды.
- Балалар бір-біріне ойыншық береді.
- Балалар бір-біріне көмектеседі.
Тәрбиеші:
- Ал қай кезде сендер достарыңның көмегін сезіндіңдер?
Балалар:
- Мен сурет салғанда Мирас маған түрлі-түсті қарындашын берді.

Мен кезекші болғанда Арман маған үстел жинауға көмектесті.

121


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
Тәрбиеші:
- Балалар өмірде адамдар бір-бірімен, кел дос болайық деп дос бола салмайды. Достық бір-бірімізге адал 
көңілімізбен жақсы әдепті қылықтарымызбен өзара сыйластық пен татулықтан, көмекпен бірте-бірте қалыпта-
сады. Бұл достықтың белгілері екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет