«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ал, біздің қарастырып жоғары сынып оқушыларының мультимедиялық технология негізінде
білімін қалыптастырудың педагогикалық жеткілікті шарттарында орындалуды қажет ететін:
1) жоғары сынып оқушысының тұлғалық субъективтік көзқарасын іс-әрекеттерде оның
мультимедиялық технологияларды пайдалануға даярлығын қалыптастыру үдерісінде
өзектендіру
(оқушының білім алуда мультимедиялық технологияларды пайдаланудағы тұлғалық жетістіктерін
ынталандыру, проблемалық оқыту жағдайын жасау, бейімдеу, өздігінен мультимедиялық
технологияларды пайдалануға бағдарлау);
2) жоғары сынып оқушысының кәсіби іс-әрекеттерде мультимедиялық технологияларды
пайдалануға даярлығын қалыптастыру үдерісіндегі басқаруды және өзін-өзі басқаруды жылдамдату
(мұғалім мен оқушының АКТ-ны оқыту үдерісінде пайдалану даярлығын қалыптастыруды
мақсаттандыру, педагогикалық үдеріс субьектілерінің өзара әрекеттік жүйесін қолдану);
3) оқыту үдерісінде технология пәні бойынша мультимедиялық технологияларды пайдалану
теориясы мен практикасындағы оқу материалын құрылымдауды модульдік технологиялау (оқытуда
модульдік технологияны қолдану, модуль түрінде берілген оқу бағдарламасымен оқушының өздігінен
жұмыс істеу қабілетін дамыту, оқу материалының мазмұнын модульді меңгеруге бейімдеу, оқушының
өздігінен жұмыс жасауын қадағалау, оқу әрекетінің тиімділігін артыру) мәселелер қарастырылады.
Ақпараттық технологиялардың әлеуеті жоғары сынып оқушыларының
білімін жетілдірудің
шынайы мүмкіндіктерін ашып көрсетеді. Атап айтсақ, оқу үдерісінде мультимедиялық
технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтайды; оқушылардың
практикалық іс-әрекетінде мультимедиялық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасайды;
мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби
біліктерін жетілдіреді; оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастыру арқылы мультимедиялық
технологияларды тиімді пайдалануға үйретеді; оқу орындарының материалдық-техникалық базасын
нығайтады.
Жоғары сынып оқушылары мультимедиялық технологиялардың ықпалымен өздерінің біліміне
қажетті (компьютердің көмегімен оқу және жазу, санау және сурет салу,
ақпаратты іздеу,
бағдарламалармен жұмыс істеу, ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдалану және т.б.)
білім, біліктерін және дағдыларын қалыптастырады.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасаған талдау да формалар мен әдістердің ұйымдасқан
жүйесін оқу-танымдық, зерттеушілік әрекеттерге және педагогикалық практикаға негіздеп жүргізу
қажеттігін көрсетті.
Компьютерлік аудиторияларда өткізілетін сабақтарда, практикалық семинарларда,
лабораториялық сабақтарда, жеке әдісемелік тақырып тармен жұмыс істеу
Түсіндірмелі–көрнекілік, проблемалық баяндау, іскерлік ойындар, іздеу, шығармашылық
баяндамалар, проблемалық жағдайларды талдау.
Ғылыми-зерттеу іс-әрекеті
Проблемалық сабақтар, проблемалық
практикумдар мен семинарлар, ғылыми-зерттеу
тақырыптарымен жұмыс, оқу коммуникациялық жобалары, оқушының өздігінен бетінше жұмысы,
конференциялар
Ішінара-ізденіс, зерттеу, шығармашылық баяндамалар, оқу-зерттеу ойындары, жобалау
әдістері, кішігірім зерттеу.
Жоғары сынып оқушыларының ақпараттық технологияны білімді қалыптастыру әдістемесін
жетілдіру мақсатында біз сонымен бірге оларға «Киімді конструкциялау мен модельдеуге» оқытуда
қолданылатын виртуалдық жұмысты қолданамыз.
Сабақтың міндеттері: жоғары сынып оқушыларын мультимеиялық технологияның негізгі
құрылымдарын қолдана білуге үйрету; сол арқылы оқушыларды ақпараттық технология
құрылғыларын
таныстыру, әдіс қолданысын жетік білу арқылы технология пәнін қажетті
машықтарды практикалық тұрғыда шешу іс-әрекеттерін қалыптастыру және білімді автоматты түрде
дербес компьютер көмегімен шығаруға дағдыландыру. Оқушыларды қарапайым математикалық
модельдердің, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен мультимедиялық технологияның тиімді
әдістерін пайдалана білуге, тиімді нәтиже алуға, оларға талдау бере білуге үйрету.
6