«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Перцептивті процестер өздерінің түр ерекшеліктерімен (көру, есіту және сезіну)
бір қатар
ортақ, жалпы заңдылықтарға тәуелді. Олар - қабылдаудың заттық тегі; таңдамалы бағыты;
біртұтастығы; құрылымдығы;
апперцепциялылығы, яғни өткен тәжірибеге байланыстылығы;
константтығы, яғни заттық шынайы сана бейнесінің затты қабылдау шарттарына тәуелсіздігі.
3. Ақыл-ес (интеллектуал) процестері- бұл заттар мен құбылыстардың мәнді өзара
байланыстары және ерекшеліктерін бейнелеу әрекеттері;
интеллектуал процестер (ойлау) болмысты салыстыру, бей
нақтылау, сәйкестендіру, ауыстыру,
сырттай заттастыра тану (экстраполяция), іштей ойда бейнелеу (интерполяция) жолдарымен бейнелеу
қызметін
атқарады; проблемді мәселелерді шешу барысындағы танымдық іс-әрекеттер мен ойлау
әрекеттері және амалдар келесідей кезеңдерді өтуімен ажырылады: салыстыру, қорытындылау,
дерексіздендіру, нақтылау, топтастыру және жүйелестіру; формальды нәтижелерге жету
ерекшеліктеріне тәуелді ойлау формалары: пікір,
ұғым, түсінік-болып ажырылады.
Сонымен бірге ойлау: практикалық және теориялық, эмпирикалық және ғылыми, көрнекі-
әрекеттік, көрнекі-бейнелі және бейнақты, стандартты және шығармашыл - түрлеріне де бөлінеді;
ашық сана мен астар сананың өзара ықпалдасты қатынасынан сезімдік (көрегендік,
аян) ойлау қабілеті қалыптасады. Тек өкілінің ақыл-ес қабілеттерінің тұрақты құрылымы –
интеллект деп аталады. Ол тұлғаның ақыл әрекеттері түрінде көрініп, проблемді мәселелерді
шешудің стратегиясын, ой қызметінің өнімді нәтижесін қамтамасыз етеді.
4. Қиял – іс-әрекеттің алда күтілген нәтижелері, әрекет-қылық бағдарламалары ретінде,
сонымен бірге баяндап, суреттеу негізінде пайда болатын жаңа, бұрын соңды көрілмеген бейнелердің
туындауы; қиял бейнелері ақпараттық олқылықтардың орнын толтырады; қиял оқиғалардың алдағы
дамуы мен нәтижесін көрегендікпен сезуді қамтамасыз етеді.
5. Ес (мнемикалық) процестері - өткенде қабылданған материалды санаға түсіру, оның
сақталуы, қайта жаңғыруы және ұмытылуымен бірге жұретін психикалық әрекеттер; естің келесідей
жіктелуін аңғару қажет: ес түрлері (бейнелі, қисынды, дыбысты, көңіл-күй есі), ес жүйелері (сезімдік,
қысқа мерзімді, нақты іс-әрекеттік, ұзақ мерзімді) және ес типтері (естің
бағдарлануына, оның кейбір түрлерінің беріктігімен, есте сақталу жылдамдығымен, көлемі мен
жетекшілік рөліне байланысты жекеленген – типологиялық ес формалары - ырықты және ырықсыз ес
– ажыралады.
Реттеуші психикалық процестер қатарына еріктік және көңіл-күй
процестері еніп, саналы
әрекет-қылық пен кенеттен болатын бейберекет (спонтанно-импульсивные) мінез-құлық қимыл-
әрекеттерін қамтамасыз етеді.
6. Ерік – жоспарланған нәтиженің мәнін түсінуден адам белсенділігінің өзінен өзі іске
қосылуына себепші психикалық процес. Ол белсенділік қарапайым және күрделі ерік әрекеттерімен
көрініс беріп, орындалып жатады.
Қарапайым әрекет – бұл мақсат – әрекет – нәтиже бағасы араларындағы байланыстан белгілі
болады, ал күрделі ерік әрекетінің құрылымы өзгеше:
қажеттік – ықтимал мақсат – сеп-түрткілер күресі – шешім қабылдау – орындау әрекеттері
жүйесі – оларды бағалау және түзету – қорытынды әрекеттер –
ақырғы нәтижелердің жинақты
бағасы.
Ерік мәні қажетті нәтижеге жету жолындағы табандылықтан көрінеді. Көңіл шарпулары
(эмоции) –сыртқы ықпалдардың қажеттілік мәнін, олардың тек өкілі тіршілігіне пайдасы мен зиянын
сезу арқылы бейнелеуге негізделіп, адам қылығына бейберекет (импульсив) реттеу беруші
психикалық процестер.
Достарыңызбен бөлісу: