Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет23/55
Дата26.12.2019
өлшемі8,24 Mb.
#55072
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
Sbornik Zholamanov
Sbornik Zholamanov, Біз туралы

Литература:  

 

1.  Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. 1987г 



2.  Тейяр де Шарден. Феномен человека. Москва, 1965 

3.  Брехман И.И. Валеология – наука о здоровье. Алматы, 2001 

4.  Сатпаева Х.К. и др. Физиология человека. Алматы, 1995 

5.  Абай. Книга слов. Алматы, 1993 

6.  Мырзаханов 

Н.,  Мырзаханова  М.Н.  Основы  педагогической 

валеологии. Алматы, 2006. 

 

 

ОҚУШЫЛАРҒА ЭТНОМӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Нәби Лиза., Қажатова Г.Н., Ғабдуллина Ҧ.С. 

Ш.Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті 

Кӛкшетау қ., Қазақстан 

liza281073@mail.ru 

 

Мақалада кӛп ұлтты Қазақстан Республикасында мектеп оқушыларына 

этномәдени  білім  беру  арқылы    кӛпмәдениетті  ортаға  бейімделген, 


191 

 

шығармашылық  қабілеті  жоғары,  ӛзіндік  ұлттық  бет-бейнесі  анықталған 



этнос субъектісін қалыптастыру мәселесі қарастырылған.  

 

Қазақстан  Республикасында  120-дан  астам  ұлт  пен  ұлыстардың  ӛкілдері 



тұрады.  Бұл  ӛз  кезегінде,  әр  ұлт  ӛкілінің  тӛл  мәдениетін,  ана  тілін  сақтап, 

ұлттық  салт-дәстүріне  қызығушылығын  арттыру,  оларды  игеруге  ұмтылысын 

күшейту қажеттілігін туындатады. Сонымен қатар, ӛз мәдениетімен қоса ортақ 

Отанға,  мемлекеттік  тілге  құрметті  арттыру,  халықтың  этностық-мәдени 

мүдделерін іске асыру – білім беру саласындағы аса маңызды міндеттердің бірі 

екендігі сӛзсіз.  

Биылғы  2015  жыл  президенттің  жарлығымен  Қазақстанда  халық 

ассамблеясы жылы болып жарияланды.  

Ассамблея  жылы  дегеніміз  -  бұл  ең  алдымен  бірлік  пен  татулықтың 

жылы,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  салған 

қоғамдық  келісім  моделінің  жылы.  Бұл  орайда  Ассамблеяның  халықтың 

этностық-мәдени мүдделерін іске асыруда қосатын  үлесі зор болмақ.  

Бүгінгі  таңда  этномәдени  тұрғыда  толыққанды  дамыған,  кӛпмәдениетті 

ортаға  бейімделген,  шығармашылық  қабілеті  жоғары,  нарықтық  бәсекелестік 

жағдайында  ӛмір  сүруге  дайындалған,  ӛзіндік  ұлттық  бет-бейнесі  анықталған 

этнос  субъектісін  қалыптастыру  күн  тәртібінде  тұр.  Мұның  барлығы  қазіргі 

таңда этномәдени білім берудің зәру тақырып екендігін айқындай түспек.  

«Қазақстанның  ел  бірлігі  доктринасында»  ұлт  бірлігінің  үшінші  негізгі 

қағидаты  –  «біріктіруші  және  бекітуші  ретінде  Ұлт  Рухын  нығайту  және 

дамыту»  кӛрсетілген,  оның  халықтың  ӛзіндік  санасының  бір  бӛлігі  болып 

табылатын  мыңдаған  жылдық  дәстүрге,  құндылықтар  мен  мәдениетке,  тілге 

сүйенетіндігі  айтылған.  Сондықтан  да  доктринада  мемлекет  алдына  оларды 

жаңғырту  мен  дамыту,  ұлттық  қадір-қасиетті  нығайту  міндеті  қойылады, 

мемлекеттің, әр азаматтың, қоғамның жауапкершілігі айқындалады.  

Қазақстан  Республикасында  этномәдени  білім  беру  жүйесін  реттеу  мен 

дамытудың  басты  принциптері  еліміздің  негізгі  заңнамалық  құжаттарында 

кӛрініс  тапқан.  Олар:  Қазақстан  Республикасының  «Тілдер  туралы»  заңы 

(1997),  Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  заңы  (2007),  Қазақстан 

Республикасы  Президенті  жанындағы  Ұлттық  Кеңес  бекіткен  бірнеше 

Тұжырымдамалар:  Қазақстан  Республикасында  гуманитарлық  білім  беру 

тұжырымдамасы  (1994),  Қазақстан  Республикасында  білім  беру  саласындағы 

мемлекеттік  саясат  тұжырымдамасы  (1995),  Қазақстан  Республикасындағы 

этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы (1996) және т.б.  

ХХ  ғасырдың  аяғында  әлемдік  білім  беру  жүйесінде  ұлттық  білім  беру 

жүйелерінің  интеграциясы  негізінде  тарихи-педагогикалық  мұраларды 

жаһандандыру 

үрдістері 

қарастырыла 

бастады. 

Жалпы 


адамзаттық 

құндылықтар  ұлттық  дәстүр,  мәдениет,  тәрбиелік-білімдік  жүйелердің  ӛзара 

әрекеті мен сан түрлілігінде дамиды және толығады. 

Бүгінгі  таңда  этномәдени  білім  беруді  нәтижелі  жүзеге  асыру  үшін  ел 

тарихында қалыптасқан игілікті тәжірибелерді саралап, қорыту және оның даму 


192 

 

үрдістерін  айқындау  –  кезек  күттірмейтін  мәселе.  Сонымен,  Қазақстандағы 



этномәдени білім беру идеяларының, теориясы мен практикасының қалыптасуы 

мен даму тарихын зерделеу кӛкейкестілігі арта түсуде [2].  

«Этномәдени  білім  беру»  ұғымын  біз  қалыптасқан  ғылыми  кӛзқарастан 

кеңірек  қарап,  бұл  мәселеленің  ауқымы  халық  педагогикасы  құндылықтарын, 

этнопедагогика,  этнопсихология,  этномәдениеттану  ғылымдарының  мазмұнын 

қамтитынын  ескердік.  Зерттеу  жұмысында  «этномәдениет»,  «этномәдени 

білім»,  «этномәдени  білім  беру»  терминдерін  қолдану,  біздіңше,  Қазақстанда 

ұлттық-мәдени  білім  беру  ісінің  қалыптасуы  мен  даму  кезеңдерін  анықтауға 

мүмкіндік  береді  әрі  қазіргі  күнгі  толерантты  жаңа  ғылыми  және  этносаяси 

бағыттарға сәйкес келеді. 

Біз этностық мәдениетті ел тарихында ғасырлар бойы халқымыздың еркін 

және  ерікті  шығармашылығы  процесінде  жасалған  ұлттық  рухани  және 

материалдық  құндылықтар  ретінде  қарастырамыз.  Этностық-мәдени  білім  – 

осы  ұлттық  құндылықтарымызды,  түркі  әлемінің  ортақ  мәдени  мұраларын, 

қазақстандық этностар мен этностық топтардың рухани-адамгершілік әлеуетін, 

жалпыадамзаттық  құндылықтарды  бойына  сіңірген  ұлттық  қазына.  Этностық-

мәдени  білім  беруді  осы  баға  жетпес  байлықты  сақтаушы,  дамытушы  және 

келесі  ұрпаққа  жеткізуші  бірден  бір  құрал  деп  есептейміз.  Осы  тұрғыдан 

келгенде,  тақырыбымызға  қатысты  мәселелер  бірқатар  зерттелгенін  атап  ӛту 

керек.  


ХІХғ.-ХХғ.  басында  ұлттық  білім  беру  проблемалары  Ы.Алтынсарин, 

А.Байтұрсынов,  С.И.Гессен,  М.Жұмабаев,    Н.И.Ильминский,  П.Ф.Каптерев, 

В.В.Розанов, 

К.Д.Ушинский, 

Ш.Уәлиханов 

және 


т.б. 

еңбектерінде 

қарастырылды. 

ХХ-ХХІ  ғ.ғ.  педагогикалық  теория  мен  практикада  этнопедагогика 

ғылымы қанат жайып, этномәдени білім беру қайта жаңғыртылып, дамытылды. 

Бұл М.В.Богуславский, Л.Н.Беленчук, Қ.Бӛлеев, Г.Н.Волков, Р.Қ.Дюсембинова, 

Ш.И.Джанзакова, 

Б.А.Жетпісбаева, 

С.Т.Иманбаева, 

С.Қалиев, 

К.Ж.Қожахметова, 

Ш.М.Мұхтарова, 

Ж.Ж.Наурызбай, 

Ә.Қ.Нұрғалиева, 

Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, В.К.Шаповалов және т.б. зерттеулерінде  кеңінен 

кӛрініс тапты. 

Қазақстанда  оқушыларға  этномәдени  білім  берудің  қалыптасуы  мен 

дамуын  сӛз  етпес  бұрын,  «этнос»,  «мәдениет»,  «этномәдениет»,  «білім  беру 

мазмұны»,  «ұлт»,  «ұлттық  құндылықтар»,  «салт-дәстүрлер»,  «этникалық 

сәйкестілік»  және  т.б.  терминдердің  ұғымдық  деңгейлерін,  қолданылу  аясын 

анықтап алу қажет. 

«Этнос» термині байырғы грек тілінде сӛз орайына қарай «үйір», «топ», 

«тайпа»,  «халық»  мағынасында  қолданылған,  ғылыми  әдебиетте  XVIII 

ғасырдан  бергі  кезеңде  кӛріне  бастады.  Алғашқы  кезде  ғалым-зерттеушілер 

«этнос»  сӛзін  «тайпа»,  «ұлт»,  тіптен,  «нәсіл»  мағынасында  қолданды. 

Әсіресе,«этникалық»  деп  келетін  туынды  сӛздің  мән-мағынасы  XIX  ғасырдың 

соңына  дейінгі  ғылыми  еңбектерде  бір  ізге  түсе  қойған  жоқ.  ХХ  ғасырдың 

екінші жартысында әр салалы этнологиялық зерттеулер «этнос» сӛзінің аясын 



193 

 

едәуір  кеңейтті.  Атап  айтқанда,  этностардың  тарихи  типологиясы 



(С.А.Токарев),  этникалық  сана-сезім  (М.Г.Левин),  этностың  биологиялық 

даралығы  (Л.Н.Гумилев),  этностың  ерекшелігі  (Н.Н.Чебоксаров),  этнос 

мүшелерінің эндогамиялық тектестігі (Ю.В.Бромлей), этностың аумақтық және 

экономикалық  байланысы  (В.И.Козлов),  этносаралық,  синхронды  және 

диахронды  байланыстардың  маңызы  (С.А.Арутюнов),  этносаралық  кірігу 

немесе ассимиляция (В.К.Гарданов, И.С.Гурвич) т.б. тақырып ӛрістері «этнос» 

сӛзінің мән-мағынасын анағұрлым тереңдетті[2].  

«Этнос»  сӛзінің  қазіргі  ғылыми  айналымдағы  мән-мағынасын  былайша 

тұжырымдауға  болады:  бір  мекенде  тарихи  ӛсіп-ӛнген,  ортақ  және  орныққан 

тілі,  мәдениеті,  психикасы  бар,  сондай-ақ  ӛздерінің  әрі  біртұтастығын,  әрі 

ӛзгелерден  ерекшелігін  сезінетін,  сана-сезімі  қалыптасқан,  ӛзіндік  атауға 

(этноним) ие адамдар қауымын «этнос» дейді. 



«Мәдениет»  терминінің  де  ғылыми  еңбектерде  анықтамасы  алуан  түрлі. 

Әсіресе,  мәдениеттің  жергілікті,  аймақтық,  ұлттық  және  халықаралық  аядағы 

мәні  мен  болмысы  туралы  пікірлер  сан  сала.  Тек  қана  ағылшын  тіліндегі 

әдебиеттерде  50-ші  жылдардың  бас  кезінде  «мәдениетке»  160-тан  астам 

анықтама беріліпті. Ал жалпы, батысеуропалық әдебиеттерде мәдениеттің 250-

ден  астам  анықтамасы  бар  екені  айтылады.  Мәдениет  терминінің  кӛп  мәнді, 

алуан  мағыналы  екені  сонша,  жарық  жалған,  кең  дүние  деңгейіндегі 

ұғымдардан  бастап,  тұлғаның  тал  бойындағы  қасиетіне  дейін  қамтитын  алуан 

түрлі  тұжырымдарды  білдіреді.  Мәдениет  адамзат  әрекетінің  құралы,  адам 

қолынан  шыққан  нәрсе  сияқты  қарапайым  пікірлерден  бастап,  қоғамдағы 

адамның қоршаған ортаға бейімделуі тудырған биологиядан тыс құралдар мен 

механизмдер  жиынтығы  деп  анықтайтын  таза  абстракциялық  тұжырымдар 

мәнінде де кеңінен қолданылып жүр. 

Мәдениет  ұғымына  берілген  анықтамалар  мен  пікірлердің  кӛптігіне 

қарамастан, барлығына тән ұқсастықтары оның мазмұнының сабақтастығынан, 

оның  құндылықтары  ұрпақтан  ұрпаққа  ауысып,  жалғасып  жатқандығынан, 

тұрақтылығынан кӛрінеді.  

Сӛйтіп,  мәдениетке  адамдардың  бірлесе  ғылыми,  моральдық-әлеуметтік, 

кӛркем  және  техникалық  құндылықтар  жасаудағы  қарым-қатынастар 

жиынтығы  деген  тұжырымды  құптауға  болады.  Мәдениеттің  мәні  адамның 

дербес еңбегіне байланысты туындайтын дүние деп санаймыз.  

Этникалық  мәдениет  –  мәдениеттің  базасы  және  құрамдас  бӛлігі,  ол 

белгілі бір қызмет атқарады және ӛзіне тән мазмұндық компоненттері бар.  

Этникалық  мәдениет  тарихи  қалыптасқан  іс-әрекет  тәсілі,  соның 

нәтижесінде түрлі халықтардың ӛздерін қоршаған табиғат пен әлеуметтік орта 

жағдайына бейімделуін қамтамасыз етеді. 

Этномәдени білім берудің құрылымдық бӛліктеріне мыналарды жатады: 

• 

ӛзінің тӛл мәдениетін саналы, сыни тұрғыдан игеру; 



• 

этномэдени дәстүрлерді танып-білу; 

        •  тұлғаның  этномәдени  сабақтастығының  траекториясы  мен  оны 

мәдениетаралык диалогка дайындау жағдайы. 



194 

 

Этномәдени білім берудің сипаттамасы және оның негізгі категориялары: 



•  этномәдени даму, 

•  этномәдени тәрбие, 

•  этномәдени оқыту. 

 

Әдебиеттер:  



 

1. Жақсыбай  Самрат 

http://egemen.kz/2014/12/25/45835

 

2. Әбілдина С.Қ., Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру тарихы.    



Қарағанды: Гласир баспаханасы, 2008. - 79 б. 

3. Наурызбай Ж.Ж. Этнокультурное образование.-Алматы: Гылым, 1998.-

69 с. 

 

 



 

БІЛІМБЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ 

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Нурмуканова Ж.Ж. 

№18 орта мектебі, Кӛкшетау қ., Қазақстан 

Zumagul_879@mail.ru

 

 

Қазіргі  танда  біздің  Республикада  білім  берудің  жаңа  жүйесі 

дайындалып,  әлемдік  білім  беру  кеңістігінде  енуге  батыл  қадамдар 

жасалынуда.  Білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  оларды  технологиялық-

педагогикалық  тұрғыдан  жетілдіру  қажеттігі  туындауда.  Білім  беру 

деңгейіндегі  озық  технологияларды  пайдаланудың  мақсаты  –  үйрете  жүріп, 

үйрену.  Білім  беру  саласында  озық  технологиялардың  енуі  мұғалімнің  ойлану 

стилін,  оқтыу  әдістемесін  ӛзгертеді.  Аталмыш  мақалада  жаңа 

технологияларды қолданудың маңыздылығы қарастырылған. 

 

 

«Еліміздің  ертеңі  -бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас  ұрпақтың 



тағдыры- 

ұстаздың 

қолында»-деп 

,білім 


қызметкерлерінің 

бірінші 


құрылтайында  сӛйлеген  сӛзінде  Елбасы  айтқандай,  ұстаздарды  ӛз  Отанын 

шексіз  сүйетін,  еліміздің  болашығына,  оның  гүлденуіне  аянбай  үлес  қосатын 

білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.    Бүгінгі басты мәселеміз 

–  білім  сапасы  десек,  осы  білім  сапасын  арттырудың  тиімді  жолы-  білім  беру 

жүйесінде 

түрлі 


ақпараттық 

технологияларды 

қолдану. 

Келешек 


қоғамымыздың 

мүшелері-жастардың 

бойында 

ақпараттық 

мәдениетті 

қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. 

Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану — заман талабы. Қазіргі 

жаңа  талаптар  оқушыға  емес,  қазіргі  заман  мұғаліміне  қойылады,  мұғалімдер 

тек  «сабақберуші»  ғана  емес,  баланың  оқу  ортасын  құра  алатын  адам  болуы 

керек.  Білім  беру  деңгейіндегі  озық  технологияларды  пайдаланудың  мақсаты 

үйрете  жүріп,  үйрену.  Білім  беру  саласында  озық  технологиялардың  енуі 


195 

 

мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін ӛзгертеді. 



Шәкірттің  жеке  тұлға  ретінде  дамуына  ұстаздың  ӛткізген  әрбір  сабағы 

шешуші  рӛл  атқарады.Оқушы  білімінің  сапалы  болуы  ұстазының  дәріс  беру 

шеберлігі  мен  жаңа  технологияны  тиімді  пайдалана  білуіне,  яғни  кәсіби 

құзіреттілігіне  тікелей  байланысты.Оқушы  үшін  мектепте  оқытылатын  әрбір 

пәннің  орны  ерекше.Ал  оқушының  пәнге  қызығушылығын  арттыру  үшін  әр 

сабақты  дұрыс  ұйымдастыру,  педагогикалық  шеберлікті  үнемі  ізденістермен 

жаңартып  отыру  әр  ұстаздың  міндеті  болу  керек.  Ол:күнделікті  сабақты 

таңқаларлықтай  ӛткізу  (Әсіресе  сабақтың  кіріспе  бӛлімінің  ерекше 

ұйымдастырылуы,  бұрын  соңды  болмаған  ойын  түрлерін  қолдану,сӛзжұмбақ, 

ребустар  пайдалану,  проблемалықпен  оқыту,  ӛмірмен  ұштастыру,  әрбір 

оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау) 

Мектепте  тіл-әдебиетті  оқытуда  ұстаздар  алдында  оқушыларды 

адамгершілікке  тәрбиелеу,  ұлттың  рухани  санасын  қалыптастыру,  олардың 

әдебиетке деген құштарлығын ояту,әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін 

арттыру,ғылыми  ізденістерге  жетелеу,  ақыл-ойын,  сӛздік  қорын,  тілін  дамыту 

міндеті қойылған. 

Жаңа  ақпараттық  технологияларды    сабақта  қолдануда  келесі 

нәтижелерге  қол жеткізуге болады: 

1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді; 

2. Тіл байлығын дамытады; 

3. Ӛз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді; 

4.  Шығармашылық  белсенділігін  арттырып,  ұжымда  бірігіп  жұмыс 

істеуге тәрбиелейді. 

5.  Ӛз  бетімен  білім  алатын,  ақпараттық  технологияларды  жақсы 

меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады. 

«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» 

деген ғұлама Баласағұнның айтқандай әр бір мұғалім күнделікті сабағына ӛмір 

талабына  сай  дайындалып  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды 

кеңінен пайдалануы тиіс.  

Тіл-әдебиет  сабақтарында  оқушылардың  танымдық-белсенділіктерін 

арттыруда-деңгейлеп-саралап  оқыту,  проблемалық  сұрақтар  арқылы  дамыта 

оқыту,  оқытуды  ӛмірмен  ұштастыру,әр  оқушының  шығармашылықпен  жұмыс 

істеуіне жағдай  жасау  басты әдістердің  бірі.  Сондықтан да  әр  сабақтың  басты 

міндеті-білім  алушының  танымдық  құзырлылығын  дамыту.  Ол  үшін 

мыналарды ескеру қажет: 

-Оқушының материалды қабылдау ерекшелігін ескеру. 

-Оқыту үрдісіндегі ашықтық, еркіндік. 

-Оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыру 

-Жеке дара оқыту үрдісін ұйымдастыру. 

Танымдық қабілетті арттырудың жолдары: 

-Ақпаратты ӛмірмен ұштастыру, байланыстыру 

-Мәселелік жағдаятты туғызу. 

-Салыстыру, талдау, жинақтауды үйрету 



196 

 

Жоғары сыныптарда әр пәннің оқушыларға берер танымдық тәрбиесі мол 



десек, соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың ақыл-ой, 

танымдық қабілетін дамыту мүмкіндігі зор. 

Оқушылардың  тақырып  бойынша  жұмыс  жасауына  кӛмектесетін  оқыту 

стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен 

танысу барысында V – ―білемін‖, ― - ―мен үшін түсініксіз‖, + - ―мен үшін жаңа 

ақпарат‖, ? – ―мені таң қалдырады‖ белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. 

INSERT  –  оқығанын  түсінуге,  ӛз  ойына  басшылық  етуге,  ойын  білдіруге 

үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, 

мәнін  жете  түсіну  –  күрделі  жұмыс.  Сондықтан  да,  оқушылар  арасында  оқуға 

жеңіл-желпі  қарау  салдарынан  түсіне  алмау,  ӛмірмен  ұштастыра  алмау  жиі 

кездеседі.  Мағынаны  түсінуді  жоғарыдағыдай  ұйымдастыру  –  аталған 

кемшіліктерді  болдырмаудың  бірден-бір  кепілі.Үйретушілер  білетіндерін 

анықтап,  білмейтіндерін  белгілеп  сұрауға  әзірленеді.  Бұл  әрекет  арқылы 

жаңаны  түсіну  үшін  бұрынғы  білім  арасында  кӛпірлер  құрастыруға,  яғни 

байланыстар құруға дағдыландырады. 

Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, ӛзіне, 

басқаға сын кӛзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар ӛз ойларын, ӛздері 

байқаған  ақпараттарды  ӛз  сӛздерімен  айта  алады.  Бұл  сатыда  оқушылар  бір-

бірімен  әсерлі  түрде  ой  алмастыру,  ой  түйістіру,  ӛз  үйрену  жолын,  кестесін 

жасау  мақсатында  басқалардың  әр  түрлі  кестесін  біліп  үйренеді.  Бұл  үйрену 

сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа ӛзгерістер жасайтын кезең болып табылады. 

Әр  түрлі  шығармашылықпен  ой  түйістіру  болашақта  қолданылатын  мақсатты 

құрылымға жетелейді. 

 Осы  кезеңді  тиімді  етуге  лайықталған  ―Бес  жолды  ӛлең‖,  ―Венн 

диаграммасы‖,  ―Еркін  жазу‖,  ―Семантикалық  карта‖,  ―Т  кестесі‖  сияқты 

стратегиялар  әр  сабақтың  ерекшелігіне,  ауыр-жеңілдігіне  қарай  лайықтала 

қолданылады. 

Қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  осындай  инновациялық 

технологияларды  пайдалану  оқыту  тиімділігін  арттырады.  Ғылым  мен 

техниканың  жедел  дамыған,  ақпараттар  ағыны  күшейген  заманда  ақыл-ой 

мүмкіндігін  қалыптастырып,  адамның  қабілетін,  талантын  дамыту  мектептің 

басты  міндеті  болып  тұр.  Ол  бүгінгі  білім  кеңістігіндегі  ауадай  қажет  жаңару 

мұғалімнің  қажымас  ізденімпаздығы  мен  шығармашылығының  жемісімен 

келмек.  Сондықтан  әрбір  оқушының  қабілетіне  қарай  білім  беруді,  оны 

дербестікке,  ізденімпаздыққа,  шығармашылыққа  тәрбиелеуді  жүзеге  асыратын 

жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы 

қажет.  Ӛйткені  мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқу  үрдісін 

ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. 

Сондықтан  ӛтілгелі  отырған  тақырыппен  сабақтас  келетін  қызықты 

оқиғалар,  ақын-жазушылар  ӛмірінен  қосымша  мәліметтер,  естеліктер,тарихи-

деректі  әңгімелерді  қызықты  етіп  әңгімелеу  немесе  оқушылардың  ӛздерінің 

олармен  танысуына  кеңес  беріп  отыру  үнемі  қажет.  Мұндай  жұмыс  олардың 

пәнге  деген  қызығуын  арттырады,  әдеби  шығармаларды  оқу,  ӛмірбаяндары 


197 

 

туралы естеліктерді іздене жүріп оқу баланың ӛмір талабына айналады, сӛйтіп 



оның азаматтық қалыптасуына әсер етеді. Әдеби шығармаларды ӛту барысында 

оқушыны  шығармашылық  іскерлікке  баулу,  әртүрлі  құбылыстарды, 

оқиғаларды,  адамдардың  пиғыл-әрекеттеріндегі  ерекшеліктерді  байқай  білуге 

және олар жӛнінде қорытынды жасай білуге үйрету танымдық тәрбиенің басты 

құралы  деуге  болады.  Жоғары  сыныптарда  оқушылардың  кӛркем  туындыны 

қабылдаулары да жас ерекшелігіне байланысты болады.Бұл жастағылар ӛздерін 

еркін  сезінеді.Әр  баланың  ӛзінің  сүйетін  жанры,  тақырыбы  айқындалады. 

Оқығандарына сынмен қарайды, оны ӛмірді түсінудің бір құралы деп қарайды, 

сондықтан одан ӛз сауалына жауап іздейді., кейде тауып та жатады. 

Оқытудың  осындай  жаңа  әдіс-тәсілдерін  пайдалануда  мұғалімде, 

оқушыда  табысқа  жетіп,  білімін  шыңдай  түседі."Мысалы,  9-сыныптың 

әдебиеті-тұнып  тұрған  қазақтың  ӛмірін,  салт-дәстүрін,  адамгершілік, 

елжандылық, эстетикалық қадір-қасиеттерді танымдық тұрғысынан тани білуге 

бағыттайды.  Бір  жыл  бойына  ауыз  әдебиетінің  небір  шұрайлы  түрлерімен 

сусындаған оқушы «Айтыс» бӛліміне келгенде, ӛзі де ақынжанды адамға қалай 

айналғанын  сезбей  қалады.  «Біржан  мен  Сара»  айтысын  ӛткен  кезде  дебат 

сабақтардың  ерекшелігі  немесе  оқушылар  ізденісіндегі  «Жанбота»  әнінің, 

«Ұрланған  шідер»  ,  «Ләйлім  шырақ»  әндерінің  шығу  тарихын  зерттеулері  де 

сабақтың  тағлымдық  мәнін  аша  түседі.  Айтыс"  тақырыбына  оқушылар 

ӛздігінен  жаңа  ақындар  айтысынан  бейне  материалдар  алып  келді.  Сол 

материалдарды  тыңдай  отырып,оның  тақырыбын,  ақындардың  сӛз  саптауын 

,қарсыластың  сауалына  берген  жауабының  қандай  екенін  бақылап  талқыға 

салып отырды.Кейбір оқушылар шығарманы ғана түйіндеп қоймай, соған ұқсас 

басқа бір оқығанын да қоса әңгімелеп, таным кӛкжиегінкеңейте түседі. . Мақал-

мәтелдер тақырыбын ӛткенде оқушылар ӛздігінен ізденіп ,жаңа үлгідегі мақал-

мәтелдерді суретті түрде жасап келді. 

Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі 

маңызды.  Ӛйткені  бізді  дамудың  жаңа  кезеңі  күтіп  тұр.  Сол  кезеңге  лайық 

ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық 

кедергілерді жеңу табысқа талпыну ӛз қолымызда деп білемін.  

Осы тұрғыдан келгенде Қанипа Бітібаеваның «Ой салу-ұстаз тарапынан, 

ойлану-шәкірт  тарапынан,  ойланту-ұстаз  тарапынан,  шешімге  келу-оқушы 

тарапынан  болу  керек»  деген  пікірінің  психологиялық  жағынан  дұрыс 

тұжырым  екендігін  атай  кеткен  жӛн.Ӛйткені  таным  үдерісі  ұстаз  бен 

оқушының бірлескен іс-әректі арқылы жүзеге асады. 

Бүгінгі  күннің  мұғалімнен  маман  ретінде  талап  ететіні  —  белсенділік, 

ӛзіндік  сыни  кӛзқарасы  бар,  педагогикалық  ситуациялардың  шешімін  таба 

білетін,  мәдениетті,  рухани  жаны  таза,  дүниетанымы  кең,  адами  асыл 

қасиеттердің  қазынасы,  әрі  кәсіби  білікті  маман  болу.  ‖Мектептің  тірегі  де, 

тілеуі де оқыта білетін мұғалім‖ деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, білім беру 

саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман 

талабына сәйкес білім беру мүмкін емес. 

Әр  мұғалім  оқушыға  кӛпқырлы  сабақ  беретін  болған  соң,  қазіргі 


198 

 

жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны ӛз ыңғайына, пәніне лайықтап 



пайдалануы  тиіс.Мұғалім  шеберлігі  –  ізденіс  нәтижесі.  Сондықтан,  орыстың  

ұлы  педагог-ғалымы  К.Д.Ушинскийдің  ―Мұғалім  –  ӛзінің  білімін  үздіксіз  

кӛтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім,  оқуды,  ізденуді  тоқтатысымен  оның 

мұғалімдігі  де  жойылады‖  – деген.  Бұл   ―Ұстаз‖  атты  ұлы  сүрлеуге  соқпағын  

салып  жол  тартқан  кӛкірегі  ояу,  кӛзі  ашық  әрбір  адамға  берілген  елеулі 

ескерту. Ӛз  шәкірттеріміздің қазіргі заман талаптарына сай болуын қаласақ, біз 

ӛзіміз  де  білімімізді  жетілдіріп  отыруымыз  керек.  Сабақты  тартымды  ӛткізіп, 

оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  үшін  әр  сабағымызды  түрлендіріп 

отырып табысқа жете берейік. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет