Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"


Анарбаева Маржангуль Мирамбаевна



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата05.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#165000
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
10-1008 журн Бота (2)
АНГЛ НУРУМБЕКОВА
Анарбаева Маржангуль Мирамбаевна 
Павлодар қаласы.
№ 120 сәбилер бақшасы-этномәдени тәрбие беру орталығы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
 
Дидактикалық ойын барысында инновациялық технологияларды қолдану 
Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп 
күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс 
тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке 
тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру 
орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге 
асыруға бағытталған. 
Инновацияны қолдану дегеніміз - 
инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану 
емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы 
мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- 
педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс тәжірибе толық 
көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп 
оларға шығармашылық көзқараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара 
алады. 
Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі 
кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Педагогикалық 
технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың 
қарым-қатынасы болып табылады. 
Тәрбиеші күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар 
қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс - әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, 
баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық 
ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады. Яғни 
балалардың өй өрісін дамытуға маңызды рөл атқарады 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
30 
• Мектепке дейінгі жастағы балаларға әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің 
тақырыбына сәйкес ойын әдіс - тәсіліне үлкен мән беріледі,сонда ғана оқу іс - әрекет 
балаларға пайдалы, қызықты болады. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру 
геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, 
шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін 
жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі 
бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады. 
• Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты дамуы үшін логикалық ойындардың 
орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп 
жүретін ерекше қызмет түрі. Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін 
арттырудағы басты құрал, баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала 
зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. 
Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады 
• “Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға” арналған дидактикалық 
ойындар жиынтығы тәрбиешілермен ата – аналарға көмек беру ретінде құрастырылған. 
Дидақтикалық ойындарарнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді атқарады. 
• Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған математикалық білім, білік және 
дағдылары жайында түсінік беру, олардықалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау 
және пысықтау, немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеттерібаланың 
қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындайіріктеліп алынған нақты мазмұнымен 
анықталады. 
• Жинақта балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарапайымматематикалық 
түсініктерді қалыптастыру бағдарламасы бойыншадидактикалық ойындар сипатталған. 
• Балалардың танымдылық қабілетін дамытып, пәнгеқызығушылығын арттырудың 
негізгі бір жолы – дидактикалықойындар. Ойынды тәрбиеші баланың ойлау іс әрекетін 
жандандыруғаарналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданады. Жаңа тақырыптытүсіндіру, оны 
пысықтау үшін өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталауүшін дидактикалық ойындарды 
пайдалану қажет. 
• Құралда әрбір ойынның мазмұны, шарты, дидактикалық мақсаты, керекті құралдары 
берілген. Ойнау ережелері қарапайым, тапсырмалар балалардың өздері орындауға шамасы 
жететіндей етіп сұрыпталған. 
Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістер дамиды. 
Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістік, 
уақытты бағдарлауға үйренеді, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік 
сапаларын қалыптастырады. Мысалы, математика сабақтарында ойындар арқылы балалар әр 
түрлі амалдар мен жаттығулар орындайды, сөйтіп, олар математикалық сипаттағы 
қиыншылықтарды меңгергендерін тіпті байқамай қалады. Сауаташу сабақтарында, көркем 
әдебиет шығармаларын оқуда сөз белгілі бір заттың, жеке айналадағы құбылыстың әрекетін 
білдіретінін және өз ойын жеткізуде мағынасына қарай сөзді дәл сәйкестеп табукеректігін 
саналы ұғындырумен баланың тіліндамытуда тілдің дыбысталуы мәдениетіне тәрбиелеудің 
алатын орны ерекше. Бұлойындар жай ғана емес, оқу ойыны болып табылады.Баланың 
ойлауы – ересектердің ойлануынанерекшеленетін басты күрделі процесс. Балалардың 
ойлауы белгілі кезеңдерде қалыптасады: 
1-Кезең. Көрнекілік – әрекетті ойлау. Бала өз іс –әрекетіне қарапайым тапсырмаларды 
орындайды – айналдырады, тартады, ашады, басады. Іс жүзінде ол себеп–салдар 
байланыстарды анықтайды, өзінше жасап көреді, қателеседі. 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
31 
2-Кезең. Көрнекілік – бейнелі (Нақты – заттық) ойлау. Бұл кезеңде балаға қолымен 
әрекет жасаудың қажеті жоқ, ол егер қандай да бір әрекет жасаса, не болатынын 
бейнелі (көрнекілік) елестетуге қабілетті. 
3-Кезең. Сөздік – логикалық (абстрактілі - логикалық) ойлау. Балалар үшін ең күрделі – 
ойлау процесі. Мұнда бала нақты бейнелермен емес, керісінше, күрделі анық түсініктермен, 
айтылған сөздермен әрекет жасайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет