Икемділік дегеніміз
адамның қандай
нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік біліммен тәжірибеге негізделеді.
Кімнің білім і мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады.
Икемділік
–
белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың көнісі
болып табылады. Дағды мен икемділіктен әдеттерді айыра білу керек. Әдеттер де
әрекеттің
автаматтанылған құрамдары. Бірақ мұның дағдыдан айырмашылығы мынада:
әдетте
қимыл
-
қозғалыстарды
орындауға адам үнемі дайн болып, оны қажетсініп тұрады.
Әдеттің
ұнамды, пайдалы түрлерімен қатар ұнамсыз, зянды түлеріде кездеседі. Әдеттерді
белгілі бір мағанасына қарай бірнеше топқа бөлуге болады, олар: адамгершілік, немесе
марольдіқ (әр уақытта да шындықты айтуға әдеттену, жолдастардың алдында адал болу,
уәдеде тұру б.т.) ,мәдени мінез
-
құлықтық
(сыпайылық, үлкенге және жасы кішіге
қамқорлық
жасау, дұрыс сөйлеу т.б), гигиеналық
(тамақ алдында қол жуу, тап тұйнақтай
болып жүру т.б ), еңбек, ақыл ой әдеттері.
Атақты ағылшын драматургі В. Шекспир “Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын періште”
десе, орыс педагогы К.Д.Ушинский: “жақсы әдет өсімге берген ақша, адам өмір бойы
соның өсімімен пайдаланады, жаман әдет борыш,адам өмір бойы сол борыштың өсімінен
азап шегеді”,
-
дейді.
Дағды мен әдеттің физиологиялық негіздеріне ми қабағында бекіп қалыптасқан шартты
рефлекстердің жүйесі, яғни динамикалық стереотиптер жатады. Мәселен, адамның
қозғалыс
дағдысын (еңбек, спорт саласындағы) алатын болсақ, бұл мидың қозғалыс
анализаторында жасалған уақытша жүйке байланыстарының
жүйесі. Мұнда сигнал жүйелерінің бірлескен жұмысы да қажет болып отырады. Мәселен,
екніші сигнал жүйесі (ауызша нұсқау, тапсырма беру т.б) өткен тәжірибеде жинақталған,
қимыл
-
қозғалыстардың
тезірек бірігуіне жағдай туғызады, сөздік сигналдар даңдының
кейбір керексіз буындарын тежеуге, ондағы қателерді түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Әдеттер
де физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптің бір
47
47
көрінісі. Бұлар ми сыңарларының тек оптималдық қозуы бар алаптарында ғана емес,
сонымен бірге тежелуге ұшырған алаптарында да пайда болып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |