Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет48/114
Дата29.07.2024
өлшемі1,59 Mb.
#203652
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114
Байланысты:
Ташкенбаева Жалпы психология

Ортақтасу моделі
 
Субъект
-1
Субъект
-2
Ортақтасу формалары
2. Тікелей ортақтасу 
– 
табиғи бетпе
-
бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) Құралдар 
көмегімен жасалынатын толық психолдогиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. 
Бұл 
– 
адамдардың бір
-
бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.
3. Жанама ортақтасу 
– 
қатысушылардың
кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін 
жазу техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Хат жазу, 
кітап шығару, радиодан сөйлеу т. с. с адами ортақтасуды күрделендіріп жібереді. 
4. Тұлғааралық ортақтасу 
– 
екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың
тікелей контактлары. Тұлғааралық ортақтасудың белгілері:
қатысушылардың
психологиялық жақындығы, бір
-
бірінің ерекшеліктерін білуі, бірге 
күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
5. Бұқаралық ортақтасу 
– 
бейтаныс адамдардың тікелей немесе жанама (бұқаралық ақпарат 
құралдары
арқылы болатын) контактары.
Мысалы: стадионда, театрда, шеру
-
бұқаралық тікелей ортақтасу, телемарафон, радиохабар 

жанамаортақтасу, вагонда
-
бұқаралық
тікелей не жанама болса, купеде
-
тұлғааралық.
6.Персонааралық ортақтасу 

ортақ іс
-
әрекет
үрдісінде
жеке қасиеттерін ашатын белгілі 
тұлғалардың психологиялық контакттарды (чемпиондар, ғарышкерлер, президент тер).
7. Рөлдік ортақтасу
-
белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың психологиялық
контакттары, мысалы оқушы
-
оқытушы, әке
-
бала, сатушы
-
алушы, көрші
-
көрші, дәрігер
-
ауру, бастық
-
бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерді орындайды, сол рөлдерде 
байланысты қоғамда өз орын табады. Сол рөлдерде орындағанда адамның өзгешеліктері 
назарға алынбайды, тек әлеуметтік рөлге қажетті іс
-
әрекеттері
маңызды болып саналады. 
Әрине, әлеуметтік рөл адамның мінез
-
құлқының
егжей
-
тегжейін анықтамайды. Адам өз 
рөлін, басқалардың рөлдерін қалай түсінеді? Ол рөлдерге қандай қатынаста болады? 
Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде қайталанбас өзіндік өрнек пен таңба енгізіледі.
Ортақтасу барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық 
ерекшеліктерді ашады, көсеттеді, түсінеді. Адамның психологиялық қасиеттері
ортақтасу 
нәтижесінде пайда болады, дамиды, өзгереді. Басқалармен арақатынас жасағанда адам 
қоғамдық
ережелерді, нұсқалары, білім мен іс
-
әрекет
тәсілдерін, жалпы әлеуметтік 
тәжірибені өзі бойына сіңіреді. Ортақтасу нәтижесінде адам жеке тұлға болып 
қалыптасады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет