56
56
Тиімді тыңдау
-
бұл
тұрақты зейінді, қызығушылықты,
өзгенің мәселесін беріліп
қабылдауға
дайындықты талап ететін күрделі ерікті құбылыс. Тиімді тыңдаудың екі түрі
бар рефлексикалық және бейрефлексикалық.
Рефлексикалық тыңдау
–
сөйлеушіге
тек эмоциялық демеу емес, ол белгілі мәселені
шешуге араласқан кезде пайдаланады. Бұндай жағдайда тыңдаушы
кері байланысты сөз
арқылы жеткізеді. Тыңдаушы әңгіме тақырыбы бойынша ашық және жабық түрдегі
сұрақтарды қояды, сөйлемдердің мәнін анықтау үшін қайталайды (парафраз), қорытады,
түйіндейді.
Бейрефлекциялық тыңдау,
басқаша сөзбен айтсақ
–
зейінді үнемдеу, сөз айтылмай тек
бейсөз тәсілдерді (бас изеу, бет және көз қимылы) белсенді
қолдану арқылы сөйлеушіге
мәселені айта бастағанда, ішкі толқуларын сыртқа шығаруға асыққанда өте орынды тәсіл.
Бейсөз тәсілдерге кейде “иә”, “е
-
ей”, “а
-
а”, не соңғы сөздерін қайталау (“айна” тәсілі)
қосылады
.
Қысқасы, ортақтасу мақсатына жету үшін тиімді тыңдау техникасын игеру қажет.
Баќылау с±раќтары:
1.Тұлғааралық қатынастағы кері байланыс
2.Коммуникациялық кедергі туралы түсінік
3.Коммуникациядағы ықпалдау
4. Ақпарат алмасудың сөздік және бейсөздік деңгейлері.
5. Ортақтасу барысында тиімді тыңдау техникасы туралы.
6.Тиімді тыңдаудың түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: