Республикасы Білім және ғылым министрлігі


басқаны өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс



Pdf көрінісі
бет51/114
Дата29.07.2024
өлшемі1,59 Mb.
#203652
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   114
Байланысты:
Ташкенбаева Жалпы психология

басқаны өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс 
-
әрекетке
 
баулу.
 
Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни, қатынас 
серігінің ой мен бойын билу, бақылау. Айырмасы: манипуляциялық стильде шынайы 
мақсат жариялан 
– 
байды, жасырылады не ауыстырылады.
Алдап 
– 
арбау ортақтасуының қоғамдағы ресми орны 
– 
бизнес, сауда 
– 
саттық, іскерлік, 
насихат, оқыту болып табылады.
Оқыту барысында (тәрбиелеуде емес!) сабақты қызықты өткізу, оқушының назары мен 
ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады.
Арбаушылық барысында қатынас серігі жеке тұлға ретінде емес, тек манипуляторға 
керек қасиеттердің иесі ретінде қарастырылады. Мысалы, манипулятор мейірімді адамның 
мейрімін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатында пайдалануға тырысады. Арбаушы өз 
арбаушылығының құрбаны болып қалады. Өзін өзі бір тұтас тұлға ретінде емес, кейбір 
рөлдердің орындаушысы ретінде қабылдап жалған ниеттер мен мақсаттарға бас ұрады. 
Манипуляторды сипаттайтын қасиеттер: өтірік, зерігу, сезімдердің қарапайымдылығы, өзін 
қадағалау, өзіне де, басқаға да сенбеушілік. 
Диалог ортақтасуы.
Бұл 
– 
тең құқықтық субъектілердің арақатынасы, ортақтасу мақсаты 

өзін
-
өзі
және 
өзгені 
тану, 
білу, 
дамыту. 
Жоғарыда 
аталған
арақатынастардан негізгі айырмашылығы 
– 
эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан 
альтуризмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу. Бұл ортақтасу үрдісінде екі 
дауыс, екі пікір естіледі, бұл субъект

субъект қатынасы.
4. 
Диалог ортақтасуының ережелері: 
1. Сұхпаттасушының және өзінің көкейкесті күйін ескеру, “осы жерде 
– 
осы
сәтте” қағидасын басшылыққа алып арақатынас жүргізу, дәл осы кездегі сезімдерін, 
тілектерін, психологиялық халдерін назарға алу.
2.
Ортақтасу серігінің тұлғасына баға бермеу, алдын 
– 
ала оның ниеттеріне сену, біріне 
– 
бірі сенімділік білдіру. 
3.
Сер ікті өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.
4.
Шешілмеген мәселе мен сұрақтар ортақтасу мазмұны болуы керек (ортақтасу 
мазмұнын мәселелендіру).
5.
Сұхбат адамның өз атынан жүргізілуі керек, біреудің пікіріне сілтемей, өзінің 
сезімдері мен тілектерін білдіруі қажет.(персоналандыру).
Диалог ортақтасуы қатысушылардың өзара түсінушілігін тереңдетіп, бірінің жан байлығын 
бірі көбейтуге, әрқайсысы өз 

өзінің
ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі ортақтасуды 
іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы керек. 
Оқушылармен қалай сөйлесу керек? Олардың сұрақтарына қалай жауап қайтару керек?
Біріншіден, шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау. Көбінесе, адамдар сұрағы
анық қой деп, сұхбаттасушыны тоқтата салып жауапқа кіріседі. Сұрақты дұрыс түсінуде 
кішкентай ғана күмән пайда болса, қайталап анықтап алған жөн болар (“Кешір мен онша 
түсінбей тұрмын”, ”Мен дұрыс түсінсем...”). Кейінгіге қалдырмай (“бұл келесі сабақтың 
тақырыбы”) міндетті түрде шәкіртке жауап беру керек. 
Екіншіден, жауап сұрақтан неғұрлым кең болып, қойылған мәселені жаңа қырынан 
көрсетуі тиіс. Маңызы бар сұрақ қойып тұрған шәкіртті ренжітпеу үшін асығыс жауап 
беруге де болмайды.


51 
51 
Үшіншіден

оқушылар кейде сұрақты дәлме 
– 
дәл жауап алу үшін ғана қоймайды. 
Сұрақты өзінің ойлау қабілетін, білім деңгейін көрсету үшін де қояды. Мұғалімнен көмек 
күткен баланың сенімін ақтап, ашық әңгімеге жадай жасау қажет.
Ортақтасу 

өте
күрделі феномен. Оның
әртүрлілігі
көптеген функцияларына тәуелді, ал 
көп қызметтілігі (многофункциональность) жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен 
мағынасына байланысты.
5.
Ортақтасудың ішкі құрылымы да өте күрделі, он шартты түрде үш жата бөлуге 
болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз 
ғылыми
мақсатта, терең және жанжақты талдау үшін үшке бөлеміз. Естен шығармайтын 
жайт: тіршілікте арақатынас 
– 
біркелкі, бұзылмайтын прогцесс.
Комуникация
– 
арақатынас партнерлерінің
бір
-
бірімен ақпарат алмасуы, білімді, 
идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі. 
Интеракция
-
тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен 
әрекет
алмасуы.
Перцепция
-
адамдардың бірін бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құралатын белгілі 
тұлғааралық қатынастар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   114




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет