Табиғи сипаттағы төтенше жағдай адам тіршілігі басталғаннан бері қаупін төндіруде. Табиғи катастрофалардың әсерінен жер шары бойынша әр жыл сайын 100000 адам өлім құшады. Табиғи катастрофалардың қысқа мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар. Ол өзінің күтпеген жерден болатындығымен қауіпті. Табиғи катастрофаның тағы да бір қауіптілігі - оның кейінгі салдары. Табиғи катастрофадан кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық т.б. жағдайлар орын алуы мүмкін.
Барлық табиғи катастрофалардың бір бірімен байланысы бар. Атап айтқанда, жердің сілкінуі мен цунамидің, тропикалық циклондар мен су
тасқындарының. Жердің сілкінуінен өрттер, газдардың атылуы, плотинаның жарылуы орын алып, ол оқиғалар да өздерінің күшті әсерлерін тигізіп жатады. Вулканның атқылауы жайлауды ластап, жан-жануарлардың өлуіне, аштыққа соқтырып жатса, екінші жағынан атмосфералық ауаны да ластайды. Ал көшкіндер (паводок) жер асты суларын ластап, құдықтарды уландырып, инфекциялық аурулардың таралу ошағына айналады.
Табиғи катастрофадан қорғану әрекеттерін жоспарлай отырып, оның зардабын азайтуға болады.
Табиғи төтенше жағдайдан қорғаудың негізін апаттың себебі мен механизмін ғылыми түрде зерттеп, білуге болады. Табиғи апаттың орын алу жағдайын біле отырып оның қандай мөлшерде, қалай болатынын болжауға да болады. Ал уақытылы және дәл болжап, апаттан қорғаудың тиімді жолдарын қарастыру, шығынды барынша азайтуға мүмкіндік жасайды.
Табиғи қауіп қатерден қорғау белсенді және пассивті болып бөлінеді. Активті қорғауға инженерлік техникалық құрылымдар салу, құбылыс механизмін инвентаризациялау, табиғи нысандардағы құрылымдар мен құрылыстарды реконструкция жасау, пассивті қорғауға панаханаларды пайдалану жатады. Көп жағдайда табиғи апаттан қорғану кезінде белсенді және пассивті әдістерді бірге пайдаланады.