Ревматизмдік аурулар



бет2/3
Дата07.06.2022
өлшемі95,45 Kb.
#146150
1   2   3
Байланысты:
Ревматизмдік аурулар

Этиологиясы.

Ревматизмді негізінен B-гемолиздеуші стрептококтардың А тобы шақырады, әдетте ауру белгілері стрептококтың фарингиттен кейін 2-4 аптадан соң басталады. Бірақ стрептококтық ангинамен, фарингитпен ауырғандардың 0,1-3%-де ғана ревматизм дамиды. Тек осы кісілерде иммундық жүйенің стрептококк ревматизмнің жалғыз себебі емес. Ревматизмнің дамуы тұқым қуалау жолымен келіп шығатын, отбасылық-генетикалық бейімділікке де байланысты. Ревматизм тұқым қуалау белгілері бойынша көп генді аурулар қатарына жатып, қанда HLA 35 көбейгендігі, HLA AЗ азайғандығы байқалады. Ревматизмнің әрі қарай үдемелі түр алуы миокардтың стрептококк антигендерімен немесе кейінірек пайда болатын иммундық кешендермен зақымдауына байланысты.

Патологиялық анатомиясы.

Мұнда негізінен жүректің дәнекер тініндегі өзгерістер сөз болады. Организмнің басқа ағзаларындағы (буындағы, сірі қабықтардағы және т. б.) морфологиялық өзгерістер ревматизмге ұқсас басқа сырқаттарда да кездеседі. Ревматизмге тән өзгерістердің ішінде гранулематоз үдерісінің орны ерекше. Себебі, гранулема иммундық қабынудың морфологиялық көрінісі есебінде дәнекер тіндегі некроз ошақтары айналасында дамиды. Гранулеманы құраушы гистиоцит, жас макрофаг жасушалары осы жердегі фибриноидты некроз ошақтарын обып жоюға тікелей қатысады. Осы жасушалардың түрлеріне қарай отырып ревматизмге тән қабынудың белсенділігін анықтауға болады. Қабынудың алғашқы кезеңінде гранулеманың ортасында фибриноидты некроз ошағы болып, айналасында ірі гистиоцит, макрофаг, бірлі жарымды лимфоцит, плазмалы жасушалар болады, бұған «өте жас гранулема» деген ат берілген.

Ревматизмнің полиартритті түрі.

Ревматизмнің полиартритті түрі — ревматизммен ауырған адамдардың тең жартысында болып, әдетте тізе, тобық, иық және шынтақ сияқты ірі және орта буындарды зақымдайды. Буындарда сірлі-фибринді экссудант жиналады, ал синовиалды қабықтарда мукоидты және фибриноидты ісінулер, васкулиттер байқалады. Дегенмен осы буындар өз пішінін жоғалтпайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет