«Құрылыс» Мамандығының студенттеріне арналған



бет25/234
Дата31.01.2018
өлшемі18,96 Mb.
#36363
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   234

Толық кернеудің көлденең қима жазықтығына перпендикуляр OZ осіне түсірілген проекциясы тік кернеу деп аталып, әрпімен белгіленеді, ал қима бетіне түсірілген проекциясы жанама кернеу деп аталып, әрпімен белгіленеді (1.8, б-сурет).



Суреттен, толық кернеу екендігін көреміз.

Сыртқы күштердің әсер ету ерекшеліктеріне байланысты жанама кернеудің бағыты әр түрлі болуы ықтимал. Сондықтан, ол OX, OY осьтеріне параллель , құраушыларына жіктеледі (1.8 ,б-сурет).

Тік кернеудің z индексі оның осы оське параллель екендігін көрсетеді. Жанама кернеулерде көрсетілген индекстердің біріншісі олардың бағыттарының қай осьтерге параллель екендігін, ал екіншісі жатқан жазықтықтарына перпендикуляр осьтердің бағыттарын көрсетеді; өлшем бірліктері Н/м2 — паскаль (Па),



Толық кернеуді тік және жанама кернеуге жіктеуде физикалық мағына бар. Мысалы, сыртқы күш әсерінен дененің шексіз кіші бөлшектері бір-бірінен ажырап кетуге немесе жақындауға ұмтылуы, бұл денеде пайда болған ішкі күш тік кернеу екенін, ал материал бөлшектерінің қандай да бір жазыктықта ығысуы, бұл жазықтықта жанама кернеудің әсер етіп тұрғанын көрсетеді.

Сонымен, көлденең қима жазықтығында жатқан В нүктесінде , , кернеулері әсер етеді. Мұндай кернеулер, нүкте арқылы өтетін кез келген жазықтықтарда пайда болады (І.9-сурет).

Нүкте арқылы өтетін, өзара перпендикуляр үш жазықтықтардағы кернеулер белгілі болса, онда нүктенің кернеулі күйі анықталған деп есептеледі. Өйткені, осы кернеулер арқылы, кез келген басқа жазықтықтардағы белгісіз кернеулерді анықтауға болады (нүктелердің кернеулі күйі IV тарауда зерттелген).

І.9-суретте В нүктесінің жанынан езара перпендикуляр үш жазықтықпен кесіп алынған шексіз кіші элемент көрсетілген. Элементтің жазықтықтарындағы кернеулердің жинағы В нүктесінің кернеулі күйін толық анықтайды. Элемент шексіз кіші болғандықтан беттерін аудан, ал параллель қарама-қарсы аудандарындағы кернеулерді өзара тең деп қарастыруға болады.

Материалдардың беріктігі кернеулер бойынша бағаланады. Мысалы, созылған конструкция элементі сенімді қызмет атқару үшін, оның көлеміндегі ең үлкен кернеу белгілі бір мүмкіндік шамадан аспауы керек. Мұндай шарттар теңсіздік ретінде көрсетіліп беріктік шарттары деп аталады.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет