Рымғали Нұрғали СӨЗ Өнерінің эстетикасы а ң д а т у



бет26/47
Дата22.12.2021
өлшемі5,7 Mb.
#305
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
Ануширван, когда он умирал,

Призвал Хормуза и ему сказал:

Покинь чертоги мира и покоя,



Взгляни, мой сын, на бедствие людской!

Как можешь ты довольным быть судьбой,

Несчастных сонми видя пред собой?

Любеды оправданья нет

Что спит пастух, а волкий в стаде рыщут.

Иди, пекись о наших, бедняках.

Заботься о народе, мудрый шах!
Қ а з а қ ш а с ы:

Дүние саларында Ануширван

Хормузға өсиет айтып, жан ұшырған

Тысқа шық, тыныштықтың қамалынан,



Көр, ұлым халқыңды мұң, қамады лаң!

Қаптаған қасіреттіні көріп тұрып,

Тағдырға тәнті болма, көңілің тынып.

Отарға қасқыр шапса, қойшы ұйықтап

Дана да ақтай алмас, ойша құптап

Кембағал, жоқ-жітіктің – бәрі бейбақ

Халқыңның панасы бол, қамын ойлап.

(3-бет).
Ең алдымен, өлеңнің “бәйіт” формасы дұрыс сақталғанын айту керек. Екіншіден, кең тынысты, алуан әуезді күрделі шығарманы аудару үшін 11 буынды қара өлең ыңғайлы екендігін автор жақсы ұққан. Теріс кеткен, мағына бұрмаланған жолдар жоқ. Ырғақ, бунақ, тармақ дәл түсіп отыр. “Ануширван – жан ұшырған”, “қамалынан – қамады лаң”, “көріп тұрып – көңлі тынып”, “қойшы ұйықтап – ойшы құптап”, “бәрі бейбақ – қамын ойлап” деп келетін ұйқастарға мін тағу қиын.

Сағди шығармаларының мазмұнында, сюжетінде, поэтикасында ежелгі шығыс әдебиетінің көптеген дәстүрлерінің ізі сайрап жатыр. Дастанда аңыз, миф, тарихи оқиға көп пайдаға асқан. Дидактикалық, философиялық ойларды кей тұстарда ақын ашық афоризм, нақыл, шешендік сөз түрінде айтады. Кей тұстарда сюжеттік оқиғаның шешімі арқылы астарлы ой беріліп емеуірін, поэтикалық тұжырым, жинақтау жасалады. Библиядан, құраннан, басқа да діни кітаптардан келген оқиғалар, кейіпкерлер, тарихи деректер, ғылыми фактілер дастанда мол. Осылардың бәрін қазақша сөйлету Мұзафар Әлімбаевқа көп күшке түскенін ұғу қиын емес.

Тәжірибелі аудармашының қолтаңбасы барлық жерден көрініп тұр. Орыс тіліндегі мағынаны толық жеткізген, өлеңге қойылатын талаптар сақталған. Аудармашы дидактикалық, афористік стильді құнттау негізінде дастанның шығыстық колоритін бере білген.

Әрине, кейбір стильдік, мағыналық селкеулікті көру қиын емес. “Слуга” деген “қызметші”, “малай”, ал “Нөкердің” орысшасы “свита” болса керек. “Дауалау” деген формада етістік “емдеу”, “жазу”, “жөндеу” мағынасын бермейді, ал “дауасын табу”, “дауа болды” дегендегі мән басқа.

“Үмітпен қуғындалған көрер күнін. Тірегі күйресе де деген мығым” деген жолдар орашолақ, қарадүрсін аударылған. “Қуғындағы адамның үміті сөнбейді, ол үмітпен өмір сүреді” деген мағына берілмей тұр.

Дастанда көптеген аңыз, әңгіме, тәмсіл, әфсана, мысал (притча) бар. Кейде оқиға нақты суреттелсе, кейде сюжеттің мазмұны айтылады. Ең алдымен “рассказ” терминін “әңгіме” демей, “хикая” деп алу дұрыс. Өйткені шығыстық, кітаби, ескі оқиғаларды әңгіме деуден гөрі, хикая деген дәлірек.

Аудармашы дәлдікті, орысша текстен ауытқымауды көздегендігі көрініп тұр. “Тәрк ету”, “ғұмыр”, “пақыр”, “даналық”, “ғалым” секілді түбі шығыстан, араб-парсыдан келген сөздерді кең, еркін пайдалану тәжірибесін көреміз.

“Бұстан” қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып отыр. Әділін айтқанда, бұл шығарманың атын естігені болмаса, көпшілік оқырман мәнісін, тарихи негіздерін анық біле бермейді. Осы жағдайларды ескергенде, мына пікірлерді айту керек.

Кітаптың басында Сағдидың өмірін, шығармашылығын баяндайтын ықшам, тұжырымды алғысөз беру қажет еді. Тарихи, мифологиялық, аңыздық сипаты бар сөздер, ұғымдар түсініктемеде кеңірек айтылғаны да дұрыс-ты. Орысша текстегі “Во имя аллаха милосердного и милостивого”, “Восхваление пророка, да благославит его аллах; “Причина написание книги”, “Восхваление Абу-Бакара Ибн Сада ибн Занги”, “Восхваление Сада ибн Абу-Бакара ибн Сада” деген кіріспе бөлімдерді түгелдей аудармай тастап кетудің себебі белгісіз.

Шындығында, бұл ақындық беташарда көп мағына тереңдік, ұлы шығарманың идеялық-көркемдік сырына жетелейтін бірқыдыру бастаулар бар. Бірқыдыру хикаялар да аударылмай қалған.

Түгелдей алғанда, “Бұстанның” қазақша аудармасы жоғары талаптарға жауап беретін сапалы, құнды еңбек екені дау туғызбайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет