38 Гемоглабиннің ыдырауы
Өт пигменттері – гемоглобиннің түрлі-түсті азотты ыдырау өнімдері. Гемоглобиндер адам мен жануарларда бауырда түзіліп, өтпен билирубин және биливердин түрінде шығарылады. Қандағы өт пигменттерінің жоғарылауы сарғаюға әкеледі.
Карбоксигемоглобин – гемоглобинге көміртек оксидінің қосылуының өнімі. Карбоксигемоглобин оттегінің ұлпаларға қалыпты тасымалдануын бұзады.
Метемоглобин – оттегін тасымалдай алмайтын гемоглобиннің бір түрі. Ағзада метгемоглобиннің түзілуі оттегі ашығуына әкеледі.
Оксигемоглобин - бұл оттегімен біріктірілген гемоглобин. Оксигемоглобин оттегін тыныс алу жүйесінен ұлпаларға тасымалдап, артерия қанының ашық қызыл түсін анықтайды.
39 Гормондар секрециясының реттелуінің негзгі принциптері
Гормондардың түзілу реттелісінің негізгі принциптері мен олардың әсер ету механизмін анықтау. Жыныс бездері ,қалқанша безі,қалқан серік безі ,ұйқы безі реттелуінің негізгі қағидаларын қалыптастыру.Негізгі алмасу және оны анықтау түсінігін қалыптастыру. Майлардың, көмірсулардың,ақуыздардың спецификалық синтезі процесстерін түсіндіру.
40 Липидтер құрамына құрылысына ағзада атқаратын рөліне байланысты жіктелуі
Липидтердің жіктелуі. Осы уақытқа дейінгі ұсынылған жіктеулер липидтердің құрамы, құрылысы және алуан түрлілігі жөнінде толық мағлұмат бере алмайды. Жануар организмінің жеке органдарындағы липидтер, әсіресе жүйке тіндері ерекше спецификалық қасиеттермен сипатталады, бірақ бұл бар жіктеулер сызбасында орын алмаған, сонымен қатар көптеген липидтер жеткілікті зерттелмеген. Сондықтан, жануарлар липидтердің қазіргі ұсынылып отырған жіктеулері шартты түрде құрылғандығын көрсетеді. Липидтер адам ағзасының жекелеген мүшесі, әсіресе жүйке тінінің липидтері арнайылығымен ерекшеленеді. 95 Жай липидтер негізгі үш класқа жіктеледі: 1. триглицеридтер; 2.стеариндер оның эфирлері; 3. балауыздар. Күрделі липидтер құрамындағы компоненттеріне қарай: 1. фосфолипидтер (фосфотидтер); 2.гликолипидтер, сульфаттар; 3. липопротеидтер болып үш класқа жіктеледі.
Липидтер физико-химиялық, биологиялық, физиологиялық қасиеттері бойынша жіктелуі мүмкін.. Соңғы жіктеу бойынша барлық липидтер сабынданатын және сабынданбайтын деп бөлінеді. Сабынданатындарға сілтілік гидролиз кезінде май қышқылдарының тұздарын түзетін қосылыстар жатады, ал сабынданбайтындары сілтілермен гидролизденбейді.
Липидтерді физико-химиялық қасиеттеріне қарай жіктегенде, олардың полярлық дәрежесі ескеріледі. Осы белгісінің нәтижесінде 96 липидтерді нейтральды немесе полярсыз және полярлы депбөлген, мысалы, фосфолипидтер мен май қышқылдары.
Липидтер физиологиялық маңызы бойынша: 1. қор ретіндегі липидтер; 2. құрылымдық липидтер деп бөледі. Қор ретіндегі липидтерге - көп мөлшерде деполанатын, қажет болған жағдайда организмнің энергетикалық мұқтажына жұмсалатын липидтер- триацилглицеролдар (ТАГ) жатады.
Құрылымдық липидтерге - барлық құрылымдық қызмет атқаратын липидтер біріктірілген. Бұлар энергия алуға жұмсалмайды, яғни энергетикалық құндылығы болмайды, бірақ қорғаныш қызметін атқаратын қабаттың құрамына еніп, биологиялық мембрана түзуге қатысады
Достарыңызбен бөлісу: |