34 Нуклеопротеидтердің алмасуы және қорытылуы
Нуклеопротеиндер – бұл күрделі белоктар, олардың белок емес компоненттері нуклеин қышқылдары - ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) немесе РНҚ (рибонуклеин қышқылы) болып табылады. Тірі ағзада нуклеин қышқылдары диссоцияцияланған қалыпта болады. Олардың белоктық компоненттерінің құрамында өте көп мөлщерде оң зарядталған аминоқышқылдар – аргинин және лизин болады. Сондықтан оларды поликатиондықтарға (гистондарға) жатқызады. Белоктық компонентері жай белоктар тәріздес алмасады.
Нуклеин қышқылдары, ағзада, тұрақты түрде жаңарады. Қалыпты жағдайда олардың синтезі мен ыдырауы динамикалық тепе-теңдікте болады.
Нуклеин қышқылдарының ыдырауы нуклеаза әсерінен 3',5'-фосфодиэфирлік байланыстың гидролизденуінен басталады:
- ДНКазалар - ДНҚ-ларды ыдыратады
- РНКазалар – РНҚ-ларды ыдыратады
ДНҚ-аза және РНҚ-аза бөлінеді:
- экзонуклеаза (5' и 3');
-эндонуклеаза – мононуклеотидтік кезектесулерге спецификалық болады, жоғары спецификалық - рестриктазалар да - гендік инженерияда қолданылатын, кездеседі.
Ыдырау, ары қарай, мононуклеотидтен нуклеотидаза әсерінен фосфаттық топты бөліп нуклеозидтер түзілуі арқылы өтеді.
Нуклеозид нуклеозидаза ферменті қатысуымен азоттық негізге және пентозаға гидролизденеді, бірақ жиі жағдайда фосфоролиз өтеді – бұл кезде азоттық негізге және фосфорибозаға дейін ыдырайды.Нуклеазалар өте көп және ДНК-аза мен РНК-азаларға бөлінеді. Олар бір бірінен әсер ету орындары бойынша ерекшелінеді. Эндонуклеазалар (ішкі 3’,5'-фосфодиэфирлік байланыстарды), экзонуклеазалар (соңдардағы мононуклеотидтерді ыдыратады). Экзонуклеазалардың 2 типі кездеседі: 3'-экзонуклеазалар - молекуланың 3'-соңындағы мононуклеотидті ыдыратады, және 5'-экзонуклеазалар - олар 5'-соңындағы мононуклеотидтерді Нуклеазалар арнайылылығы бойынша да бір бірінен ерекшелінеді. Асқорытушы нуклеазалар және лизосомалық нуклеазалар төмен спецификалылығы бойынша ерекшелінеді, олардың активті орталығының құрылысы қарапайым. Жоғарыспецификалық нуклеазаның активті орталығы өте күрделі. Олар 4-10 жұптан тұратын бүтін нуклеотидтік кезектесулерді «тануға» және қатаң түрде белгілі бір орындағы бір ғана байланысты үзуге (егер «танылған» бөлік 4 нуклеотидтік жұптан тұратын болса, онда орта есеппен 250 мүмкін байланыстан бір байланыс) қабілетті. Мұндай жоғарыспецификалық ДНК-азаларды рестриктазалар деп атайды. Рестриктазалар «танитын» ДНҚ бөліктері полиндромдық кезектесулер деп аталады. Рестриктазалар гендік инженерияда кең қолданылады.
Нуклеин қышқылдарының катаболизмі жолында түзілетін пентозалар ГМФ-жолдың ІІ этапында жұмсалуы мүмкін.
Азоттық негіздерде ары қарайғы катаболизмге түседі: пуриндіктер (аденин, гуанинге), пиримидиндіктер (тимин, цитозин, урацилге) ыдырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |