35 липидтердің қорытылуы және сіңуі
Липидтер қортылуы үшін алдымен эмульсиялануы керек,эмульсиялану ішекте эмульгаторлар яғни өт қышқылдарының тұздары,белоктар мен ішек перистальтикасының әсерінен жұреді,эмульсиялану нәтижесінде өте ұсақ,майлы тамшылар түзіледі.Осы тамшылардың сыртқы бетінде қышқылдардың тұздары адсорбцияланып,оларға теріс заряд береді.Сондықтан тамшылар біріге алмайды және тұрақты эмульсия пайда болады.30 пайыз лепидтер осы тамшы түрінде,қорытылмай бірден лимфаға түседі.Ал қалған 70 пайз лепидтер гидролизденеді яғни қортылады.Cіңірілуі-ащы ішекте өтеді,суда еритін гидролиз өнімі-глицерол,фосфор қышқылы,,қысқа көміртек тізбекті май қышқылдары және азотты негіздер диффузиялық жолмен өзбетімен сіңіріледі.
36 сүйек тініндегі қышқылы сілтілі фосфотазалар
37 Бүйректің қыртысты қабатының гормондары
Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостероидтар тобына жататын гормондарды түзеді. Химиялық түрғыдан олардың бәрі холестериннің туындысына жатады. Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: а) глюкокортикоидтар; ә) минералкортикоидтар; б) адренокортикоидтар.
Глюкокортикоидтар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шашақты зонасында түзіледі. Бұл топқа өте белсенді гормон — кортизол, гормондық белсенділіктері төмендеу кортизон мен кортикостерон жатады. Кортизол мен кортизон молекуласының С17 бөлігінде окси тобы болғандықтан, оларды 17-оксикортикостероидтар дейді. Глюкокортикоидтар зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді. Тері, бауыр, ет, май, дәнекер және лимфа ұлпаларында бұл гормонның әсерінен бірқатар ферменттердің, яғни трансаминаза, оксидаза, гидролаза т. б. ферменттердің белсенділігі күшейеді. Глюкокортикоидтардың ықпалынан барлық ұлпаларда, әсіресе ет ұлпасында, белоктың ыдырауы күшейеді. Қандағы амин қышқылдарының және несептегі азоттың мөлшері көбейеді, бауырдың мочевина бөлу қызметі артады. аталған әсерлерге байланысты бала организмінің салмағы ұлғайып, өсуі нашарлайды. Глюкокортикостероидтардың майдың алмасуына әсерінен ұлпадағы май ыдырап, май қышқылдары бауырға огеді. Бұл гормондар көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Олар бауырдағы гликонеогенезді (грек. гликос – тәтті + нео жаңа + генезис – тек, болмыс, пайда болу) күшейтеді. Гондықтан гипергликемия, тіпті глюкөзурия (несепте канттың болуы) пайда болуы мүмкін. Бұл топтағы гормондардың әсерінен бауырдан басқа барлық мүшелердегі клеткалық мембраналардың глюкөзаны өткізу кабілеті төмендейді. Ал бауырда, керісінше, глюкөза мен амин қышқылдарын өткізу аздап артады. Глюкокортикоидтардың қабынуға, аллергияға қарсы тұру қабілеттерін арттыруға, иммунодепрессивтік (лат. иммунотатис – бірдеңеден босау, қүтылу + депрессия – басу, тежеу) әсерлерінің маңызы мүлде ерекше. Олардың мұндай қабілеттері клеткалық мембрананың өткізгіштігі төмендеуіне, клеткалардан және басқа құрылымдардан гистаминнің босауын азайтуға, антителолардың түзілуін төмендетуге, антиген мен антителоның реакциясын тежеуіне, дәнекер ұлпадағы коллаген мен мукөполисахаридтердің түзілуін нашарлатуына байланысты. Глюкокортикоидтардың әсерінен белоктың ыдырауынан пайда болған заттардан көмірсутекті заттар түзіледі, бұл әсіресе лимфа ұлпаларында күшті болады. Аз мөлшерде глюкокортикоидтар басқа гормондардың әсерін күшейтеді. Глюкокортикоидтардың синтезі мен секрециясы гипофиздің кортикотропин гормонымен реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |