Барлық оқушылар істей алады: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Радиобайланыс принциптерімен модуляция және детекторлеумен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастырады.
Көптеген оқушылар істей алады: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылайды.
Кейбір оқушылар істей алады: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулыйды.
Бағалау критерийлері
|
-Толқындық процестердің көптеген заңдылықтарының универсал қасиеттері табиғаты әртүрлі болып келетін серпімді ортадағы механикалық толқындарда, су бетіндегі толқындарда және т.б. бірдей болады;
- Бұл қасиет электромагниттік өріс тербелістерінің таралу процесі болып табылатын электромагниттік толқынға да тән;
- Бірақ толқындардың өзге түрлерінің таралуы белгілі бір материялық ортада ғана мүмкін болса, электромагниттік толқын тек вакуумда емес, әр заттың ішінде де тарала алады;
-Радиотолқындар, инфрақызыл, ультракүлгін, рентген сәулелері, көрінетін жарық т.б. электромагниттік толқындар болып табылады;
|
Құндылықтарға баулу
|
Тақырып бойынша меңгерген білімдерін өмірдегі қолдану аймағын, қайда қолданылатындығы және дамытатындығы туралы түсіндіру арқылы өмір бойы білім алу құндылығы қалыптасады.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин.
8 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Өткенге шолу. Бірнеше сұрақ беру арқылы өткен сабақты қайталаймыз. Үй тапсырмасын келесі сұрақтарды қою арқылы сұрау:
1. Неліктен бір дыбыс
көзінен тараған дыбыс
қаттылығы кеңістікте
бөлмедегіге қарағанда аз болады?
2. Неліктен дыбыс толқындары
алыс қашықтықтарға тарай
алмайды?
|
Берілген сұрақтарға жауап береді.
|
Дискриптор:
Оқушы сұрақтарға жауап береді
Жалпы балл -3
|
Оқулық 11 – сынып
|
Сабақтың ортасы
20 мин
|
Білім дағдысы:
1 тапсырма:
Жиіліктері 100 Гц және 100 МГц сигналдар тарататын тербеліс
көздерінен қабылдағышқа
дейінгі қашықтықтарды
салыстырыңдар.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
|
Дескриптор
- қашықтықтарды
салыстырады
Жалпы балл -2
|
Презентация
Оқулық 11 – сынып
|
Жеке жұмыс
16 мин
|
2-тапсырма
1. Аналогты радиотаратқыштың принциптік
сұлбасын қарастырыңдар. Оның жұмыс істеу
принципін түсіндіріңдер.
2. 108-суретке қараңдар. Модуляцияланған
сигналдардың ұқсастығы мен айырмашылы-ғы неде? Модуляцияның қай түрі барлық жағдайда жоғары жиілікті сигналмен қабаттастыру арқылы жүргізілгенін көрсетіңдер.
|
Дескриптор:
-Тапсырманы орындайды
Жалпы балл -5
|
ДК экраны
Презентация
ДМ
|
Сабақтың соңы.
Рефлексия
4мин
|
Оқушыларға нұсқаулық
Төмендегі сұрақтарды жұбыңмен пікір алмасып жауап бер:
A. Бүгінгі сабақтан қандай маңызды мәлімет алдыңыз?
B. Бүгінгі сабақтан алған білімді күнделікті тұрмыста қалай қолданған болар едіңіз?
C. Қай тақырыпты игеру оңай болды?
D. Егер сізде қиындық тудырған, игерілмей қалған ақпарат болса оны игеруді қалай жүзеге асырар едіңіз?
Үйге тапсырма: (Қазақстандағы электр энергиясын тарату туралы эссе жазу)
|
Нәтижені талдайды.
|
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі арқылы бағаланады.
|
ДК экраны
Тапсырма орындауға қажетті құралдар.
|
Қысқа мерзімді жоспар Сабақ №9
Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс. Детекторлы радиоқабылдағыш
Бөлімі:
|
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Радиобайланыс. Детекторлы радиоқабылдағыш
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
11.5.2.4 - детекторлы радиоқабылдағыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру
|
Сабақтың мақсаты:
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |