Пәннің негізгі мақсаты студенттерге өз бетінше сахналық көркем – безендіру тарихын біліп және сахналық көркем безендіу заңдылықтары мен түрлерін толық меңгеріп оларды қойылымдар мен мәдени іс – шараларға қолдануға қажеттісін таңдауға негізделген. Сахналық көркем безендіру түрлерімен заңдылықтарын толық меңгеру.Көркем безендіру тәсілдерімен амалдарын іске асыру жолдарын білу болып табылады. Режиссер мен суретшінің өзара шығармашылық қатынасты орнатуды, пікір алмасуды, шығармашылық бағытты анықтауды, және сол бағытта жұмыс істеуге ықпалын тигізеді. Қойылымдарға, мәдени іс – шараларға сахна техникасын дұрыс таңдай білуге, сахна құрылымын тиімді пайдалануға үйретеді.Сахна құрылымының мүмкіндіктерін толық зерттеп, оларды табылған көркемдік безендіру шешіміне пайдалану тәсілдерін меңгеру, қойылымды көркем безендіру, режиссердің түпкі ойын жеткізуге, қойылымның сахналық шешімін көркем бейнелі етіп көрсетуіне, сондай – ақ көрерменге эмоциональді әсер етуіне өте үкен ықпалын тигізеді.
Мазмұны
Практикалық сабақтар: Сахна техникасы. Театр сахнасы мен техникасының негізгі даму кезеңі. Сахна құрылымы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның атқаратын ролі. Театр ғимараттарының күрделенуіжәне сахна. Орта ғасырдағы көпкөріністі-симультантты сахна. Қайта өрлеу дәуірінің театры-театр сахналарының жаңа формасы. Ежелгі Грек театры, театр ғимаратының қалыптасуы жэне безендіру дәстүрі. Ежелгі Рим театры және сахнасы. Декорациялы театрдың дамуы. Мәдени іс-шараларды безендіру әдісі. Театр және декорация өнері. Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театры. Сахнаны безендіру жұмыстары. Мерекелік безендіру жұмыстарының жобасы. Қазақтың тұңғыш ұлттық театры. Декорацияны бейнелеу жұмыстары.
Оқу жұмысының нәтижелері қорытынды бақылау түрлері
Емтихан.
050906 (06)
Пәннің аталуы
Дирижерлау 2
Қысқартылған атауы
Dir2
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
«Дирижерлау» пәнінің мақсаты – музыкалық кәсіби деңгейі жоғары, жетік білімді, озық ойлы маман иесін даярлауда. Курсты оқу барысында студенттің эстетикалық талғамы өсіп, мамандығына деген қызығушылығы мен ынтасы артады. Ортақ іске деген ұйымшылдығы қалыптасып, жауапкершілік сезімі жоғарылайды. «Дирижерлау» класында қалыптасқан орындаушылық тәртіп, шығармашылық қарым-қатынас болашақ орындаушы дирижердің жеке тұлғасын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Мазмұны
Жеке сабақтар: Әр қолдың қимылындағы дербестігін дамыту жолдары /координация/. Фермата. Оның түрлері. Ферматаны дирижерлау тәсілдері. Дирижерлау кезеңіндегі үзіліс. Оның түрлерін (люфтпауза, генералды пауза т.б.) дирижерлау жолдары. Сол қолдың көркемдік қимылдарының көрсету ерекшеліктері. Күй жанры. Күйлерді дирижерлау ерекшеліктері. Күйлердің мазмұнын ашу жолдары. Ноталық мазмұнымен жұмыс, авторлары жайында мәлімет беру және күйлердің аңыз-әңгімелерін білу. 3/8,5/8 тактілеу схемаларын меңгеру. Музыкалық шығарманың өрлеу, шарықтау шегіне жету (кульминация) және қайта құлдырау кезеңдерін дирижерлау тәсілдері. Шығармада кездесетін созылыңқы дыбыстар, паузаларды т.б. дирижерлау тәсілдері. Дирижерлауда кездесетін белсенді қимылдарымен жұмыс жасау (акцент, сфорцандо, қатты дыбыс күші т.б.). Шығармадағы дирижерлық қиыншылықтарымен жұмыс.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Презентация, фонотекалар (аудио және видео)
2 КУРС
3 – СЕМЕСТР
Пәннің аталуы
Философия
Қысқартылған атауы
Филос.
Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пререквизиттер: «Мәдениеттану», «Логика», «Өзін өзі тану», «Әлеуметтану», «Саясттану», «Психология»,
Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі
мақсаттар: болашақ мамандардың философиялық көзқарастарды қалыптастыру.
Мазмұны
Лекция. Философия мәдениет феномені ретінде. Философия пәні және қызметтері Мәдени-тарихи контексттегі филосифия. Мәдениет контекстіндегі философияның тарихи типтері. Ежелгі Үнді философиясы шығыс мәдениетінің феномені ретінде. Қытай мәдениетінің гүлденуі кезіндегі ежелгі Қытай философиясы. Антика мәдениетіндегі философия Орта ғасырлық мәэдениеттегі философия феномені. Ислам мәдениеті аясындағы араб-мұсылман философиясы. Батые Еуропалык орта ғасырлык мәдениеттегі философия. және дін феномені Қайта өрлеу және Реформация мәдениетіндегі философия. Жаңа Заман мәдениетіндегі батыс еуропалық философия.
Практикалық сабақтар: Адамның дүниетанымдық өзін-өзі анықтауы және жилософияның ондағы рәлі. Көне Үнді,Көне Қытай және Көне Грек философиясының дүниетанымдық нұсқаларыныңсалыстырмалы талдауы. Августин мен Фома Аквинский ілімдеріндегі Құдай,дуние және адамның арақатнасы. Араб-мұсылман және батысевропалық философиядағы сенім мен білім арақатнасының мәселесі:салыстырмалы талдау. Жатсыну мен оны жеңудің маркстік тұғырнамасы; иә және қарсы. Софистика,схоластика және диалектиканы салыстырмалы талдау. Постмодернизмнің батыстық философияны сынауы:иә және қарсы. Әлемнің мәні мен құрылысының рационалдық-философиялық және оккульттік түсіндірмелері. Адам мен қоғам болмысындағы табиғилық пен мәденилықтың арақатнасы. Мәдениеттегі материалдық пен руханилықтың арақатнасы. Пайдалылық және құндылық. .Мәдениеттегі ғылым,өнер,дін және моральдің арақатнасы. Оқу-білім мен тәрбиенің философиялық аспектілері. Глобализм жағдайында мәдени өзіндікті сақтау мәселесі. Авторатаризм мен тоталитаризмнен демократияға өту;транзистік қоғамның философиялық аспектілері.(Қазақстан материалдарында.
Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
Пәнді оқудың мақсатында философияның негізгі терминдерін және философия мәселелерінВ результате изучения дисциплины студент должен знать основные термины и проблемы философии, основные философские способы решения мировоззренческо-методологических вопросов в контексте культуры/емтихан.
Пәннің аталуы
Шетел тілі 3
Қысқартылған атауы
Шет.тіл.3
Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
Семестр 3
Оқытушының Т.А.Ж.:
Морозова В.Ю
Доцент/ оқытушы:
Аға оқытушы
Жұмыс тілі
Ағылшын, қазақ тілі
Оқу жоспармен сайкестігі
Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент
Оқу түрі/академиялық сағаттар саны
Практикалық – 30, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 90 сағат
Кредиттер/сынақ бірліктері
2
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттері: «Қазақ тілі», «Орыс тілі»
Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі
Курстың мақсаты коммуникацияның төрт түрін: оқу, хат, шет тілде сөйлесуді қолдана отырып, маманның кәсіптік ортасында шет тілін қолданумен анқталады.
Мазмұны
Практикалық сабақтар:Фонетика деңгейінде: фонетика бойынша мәліметтерді кеңейту және тереңдету, артикуляциялық дағдыларды бекіту. Сөйлемнің әр түрлі типтерін, яғни 1. хабарлы; 2. сұраулы; 3. бұйрықты сөйлемдерді интонациялық тұрғыдан рәсімдеу. Басқа тілдерден енген сөздердің жалқы есімдерді қоса алғанда, айтылуы. Морфология деңгейінде: аффикстік сөзжасам, зат және сын есімдердің, үстеудің, етістіктің префикстері: конверсия-сөзжасам тәсілі. Синтаксис деңгейінде: затты, тұлғаны, құбылысты, іс-әрекетті, жағдайды, үдрісті білдіретін грамматикалық түрлер мен конструкциялар, іс-әрекетке бейімдеу, іс-әрекеттің қажеттігі, мүмкіндігі, нақтылығы, іс-әрекеттің болған орны, уақыты, мәні, заттың, тұлғаның, құбылыстың қасиеті, сапасы. Сөйлемнің құрылымдық түрлері: сұраулы (сұраулы сөзбен), (сұраулы сөзсіз), хабарлы(болымды, болымсыз), бұйрықты: жай, құрмалас, салалас құрмалас, сабақтас сөйлем. Сөйлемдегі күрделі конструкциялар: жайылма анықтауыштың формалды белгілері, инфинитивті айналым топтың формалды белгілері. Мәтін элементтері арасындағы логикалық-мағыналық байланыстардың формалды белгілері (жалғаулықтар, жалғаулық сөздер, клише жасалған фразалар, енгізу айналымдары мен конструкциялары). Мәтін деңгейінде: экономикалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері. Айтылым қызметі деңгейінде. Мәтін мазмұнын айту, диалог, монолог құру, іскерлік келісімдер, тұсаукесерлер өткізу. Жазу деңгейінде: резюме (түйіндеме) және іскерлік хаттар жазу.
Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
Күнделікті қолданысты жағдайларда сөйлесу үшін қажетті лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру, сөйлеу түрлерінің және сөйлеу қызметінің әр қилы түрлерін дамыту/ емтихан.
Пәннің аталуы
Қазақ (орыс тілі) 3
Қысқартылған атауы
Қаз. (орыс тіл.)3
Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
Семестр 3
Оқытушының Т.А.Ж.:
Баймурзаева К.Б.
Доцент/ оқытушы:
Аға оқытушы
Жұмыс тілі
Қазақ тілі
Оқу жоспармен сайкестігі
Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент
Оқу түрі/академиялық сағаттар саны
Практикалық – 30, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 90 сағат
Кредиттер/сынақ бірліктері
2
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттері: Мектеп бағдарламасы бойынша қазақ тілін меңгеріп, тіл дамыту, сөздік қорды байыту, екі тілді қоса меңгеру, сауаттылықты арттыру қарастырылған.
Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі
Академиялық, арнаулы публицистикалық және басқа басылымдардан алынған мәтіндерді сыни көз қараспен оқи алу; эссе, баяндама, іскери хат, мазмұндама және басқа да түрдегі академиялық және арнайы прозаны сауатты жаза білу; академиялық, арнай және әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасай алу; академиялық, арнайы және әлеуметтік контекстердегі ауызекі қазақ тілін түсіне алу; жоғарыда келтірілген дағдыларды игеру үшін негізгі терминологиялық өзекті меңгеру; сонымен қатар қазақ тілінің грамматикалық жүйесін меңгеру.
Мазмұны
Практикалық сабақтар:Орыс тілін оқыту барысында орыс тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары қамтылады. Грамматика бөлімінде орыс тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалары мен негізгі түсініктері беріледі. Сөйлем деңгейінде жай және күрделі сөйлем құрылысындағы субъектілі-предикативтік қатынастар, жай және құрмалас салалас пен құрмалас сабақтас сөйлемдердегі объектілік, анықтауыштық, толықтауыштық мәндері ашылады. Лексика саласы бойынша төмендегілер қарастырылады: тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер; омоним, синоним, антоним сөздер; фразеологизмдер; лексикография; жиі қолданылатын сөздер; кәсіби лексика; экономикалық терминдер; ауыз екі сөйлеу лексикасы. Мәтін деңгейінде түрлі тақырыптағы мәтін байланыстарының құралы мен құрылымы, қазіргі орыс тілінің түрлі стилінің (ғылыми, ауыз екі, көсемсөздік, ресми-іскерлік, көркем әдебиет стильдері) ерекшеліктері негізге алынады.Оқытудағы негізгі ұстаным–үйренушінің күнделікті сөйлеу жағдаятында (әлеуметтік–тұрмыстық және кәсіби– іскерлік жағдаяттарда) тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алуы. Сондықтан тілді үйрету барысында үйренушілердің сөйлесім әрекетінің 4 түрін-түрлі типтегі монолог, диалог, полилог құра білуге үйрету, мәтін мазмұнын талдау мен қайта жаңғыртып оқыту арқылы олардың белсенділігін арттыру көзделеді.
Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
Жоғары оқу орнында мектептен алған білімдерін арттыра отырып, жаңа технологиялық әдістермен қатар активті, интерактивті әдістерді қолданып, лексика-грамматикалық тақырыптарды еркін меңгертумен бірге, сөздік қорды молайту / емтихан.