Құрметті студенттер!



бет14/28
Дата07.05.2017
өлшемі3,98 Mb.
#15907
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

050906 – (01, 03, 04, 06)



Пәннің аталуы

Мәдени-тынығу жұмысы тарихы мен теориясы

Қысқартылған атауы

МТЖТМТ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

4

Оқытушының Т.А.Ә

Атемова Г.

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық міндетті компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс 15, Практика 15, СӨЖ 30, ОСӨЖ 30

Еңбек сыйымдылығы

90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттері: Көркемөнер тарихы және теориясың, Музыка тарихы, Көркемөнер шығармашылығы

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Оқу-процесінде студенттер мәдени-тынығу жұмыстарының әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде мәнін түсініп, бүгінгі күн талабына сай оның тиімділігіне баға беруге үйренеді. Бос уақытты ықтималды ұйымдастыру саласындағы кәсіби-еңбек қызметіне оң психологиялық үстаным қалыптастыруға алғышарт жасайды. Кәсіби біліктілік, білім, дағды қалауға үйретіп, болашақ қызметтің негізін құрудың жолын керсетеді.

Мазмұны

Дәріс сабақтары: Соғыстан қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру мен одан әрі қарай дамыту жылдарындағы мәдени-тынығу жұмыстары (1946-1952 жж.). Социалистік қоғам құрылысын дамыту күресі жарияланған жылдар барысындағы мәдени- тынығу жұмыстарының сипаты (1952-1961 жж.). 1962-1970 жылдардағы мәдени- тынығу жұмыстары. 1971-1985 жж. аралығы Кеңес қоғам құрылысын кемелдендіру күресі жылдарындағы мәдени- тынығу жұмыстары. Мәдени- тынығу жұмыстары мәселелерінің 80-ші жылдардың екінші жартысы және тәуелсіз мемлекет жағдайындағы ахуалы мен тенденциясы. Мәдени-тынығу жұмысы методологиясы негізі. Мәдени-тынығу жұмыстарының әлеуметтік қағидалары мен функциялары. Мәдени-тынығу жұмыстарының жалпы әдістемелік негіздері. Мәдени-тынығу жұмысының әлеуметтік-педагогикалық жүйе және педагогикалық процесс саналуы. Мәдени-тынығу жұмыстарының формалары, әдістері мен құралдары. Мәдени-тынығу жұмыстарының нысаны мен субъектісі. Мәдени-тынығу мекемелері жүйесі және олардың қызметін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері. Жастар мәдени орталығының қол бос уақытта тынығу-шұғылдануды ұйымдастырудың перспективалы формасы саналуы. Кітапханадағы мәдени-тынығу жұмыстары. Мұражайлардағы мәдени-тынығу қызметі. Мәдени және демалыс саябақтарындағы мәдени-тынығу қызметтері. Мектептен тыс, басқада арнаулы мекемелердегі мәдени тынығу жұмыс ерекшеліктері. Мәдени- тынығу мекемелерінде тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жоспарлауын әдістемесі. Мәдени-тынығу мекемелері қызметі тиімділігінің педагогикалық шарттары.

Практикалық сабақтар: Мәдени–тынығу жұмыстарының нысаны мен субъектісі. Клуб мекемелерінің мәдени-тынығу жұмысы кешенді институты саналуы. Клуб мекемелерінің орнықты моделі. Жастар мәдени орталығының қол бос уақытта тынығу-шұғылдануды ұйымдастырудың перспективалы формасы саналуы. Кітапханадағы және мұражайлардағы мәдени-тынығу жұмыстары. Мәдени және демалыс саябақтарындағы мәдени-тынығу қызметтері. Мәдени-тынығу мекемелерінде тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жоспарлау әдістемесі. Мектептен тыс басқа да арнаулы мекемелердегі мәдени-тынығу жұмыс ерекшеліктері. Мәдени-тынығу мекемелері қызметі тиімділігінің педагогикалық шарттары.

Оқу жұмысының нәтижелері қорытынды бақылау түрлері

Бос уақытты ықтималды ұйымдастыру саласындағы кәсіби-еңбек қызметін қалыптастыру, кәсіби біліктілік, білім, дағды қалауға үйретіп, болашақ қызметтің негізін құрудың жолын керсетеді./Емтихан

050906 – (01, 03, 04, 06)



Пәннің аталуы

Мәдени-тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлері

Қысқартылған атауы

МТЖҰД

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

4

Оқытушының Т.А.Ә

Атемова Г.

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық міндетті компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс 15, Практика 30, СӨЖ 45, ОСӨЖ 45

Еңбек сыйымдылығы

135 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

Кредит 3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттері: Той мерекелік салт-дәстүрлер, Бос уақытты бұқаралық көркем ұйымдастыру, мәдени - тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлері, көркемөнер ұжымының оқу - тәрбиелік жұмыстары, мәдени- тынығу жұмыстарының тарихы мен теориясы.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Мәдени мұраның кең саласын қамтиды. Оның көпсалалығы тұрмыс тіршілігі мен тынығу әрекеттерінің тығыз байланыстылығында. Сол себептен ұлттық салт - дәстүрлерді халқына қайтау арқылы, заман талабына сай өңдеуден өткізіп, мәдени оралымға енгізу халықтың мәдениеті дамуына кәсіби ықпал ету

Мазмұны

Дәріс сабақтары: Мәдени - тынығу жұмысы ұлттық дәстүрлерінің теориялық негіздері. Дәстүрлі тынығу мен бос уақыт және оның ерекшелігі. Көшпенділік өмір салтына байланысты тынығу әрекеттерінң қалыптасу ерекшеліктері. Мәдени – тынығу әрекеттеріндегі салт, дәстүр, әдет, ғұрып ұғымдары. Мәдени-тынығу жұмыстары ұлттық дәстүрлерінің міндеттері. Мәдени - тынығу әрекеттерінің жіктелуі. Балалар мен жастарды қарым-қатынас мәдениеттілігіне баулу дәстүрлері. Мәдени-тынығу жұмысы және дәстүрлі шешендік сөз өнері. Қарым - қатынас мәдениетін дамытудың ұлттық дәстүрлері. Қазақ халқындағы жастардың дәстүрлі ойын - сауық түрлері. Қазақ халқының ұлттық фольклоры және оның мәдени құндылығы. Көркемөнер мәдениеті және оның түрлері. Қазақ қолөнері құндылығы. Қазақ халқындағы отбасылық дәстүрлер және оның түрлері. Қазақ халқының ұлттық мерекелері және олардың мазмұны. Ұлттық табиғат құбылыстарына қатысты салт - дәстүрлер. Қазақ салт - дәстүрлерін мәдени - тынығу жұмысы саласында дамыту мәселелері. жаңғырту жолдары.

Практикалық сабақтар: Мәдени - тынығу жұмысы ұлттық дәстүрлерінің теориялық негіздері. Бос уақыт мәдениеттілігінің құрылымы. Ұлттық және адамзаттық мәдениет. Дәстүрлі мәдениет және оның негізгі ұғымдары.

Бос уақыттағы мәдени іс-шараларды топтау. Мәдени-тынығу ісінің ұлттық салалары. Қарым-қатынас мәдениетін дамытудың ұлттық дәстүрлері. Дәстүрлі мәдениеттегі шешендік өнер дамыту формалары мен жолдары. Қарым - қатынас мәдениетін дамытудың ұлттық дәстүрлері. Қазақ халқындағы жастар қарым - қатынасын қалыптастыру дәстүрлері. Дәстүрлі тәрбие және фольклордың өзара бірлігі. Дәстүрлі көркемөнер мәдениеті. Ұлттық қолөнер мәдени құндылық ретінде. Қазақ халқындағы отбасылық мәдени-тынығу әрекеттері. Еңбек, шаруашылық мерекелері. Табиғат құбылыстарына байланысты салт-дәстүрлер мен мерекелер. Мәдени-тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлерін дамыту жолдары.



Оқу жұмысының нәтижелері қорытынды бақылау түрлері

Ұлттық салт - дәстүрлерінің теориялық негіздерін бағыттары мен түрлерін, олардың мазмұнынан білім беріп, өңдеу, өмір салтына енгізу жолдарын анықтау./Емтихан

050906 – (01, 03, 04, 06)



Пәннің аталуы

Сценарий шеберлік негіздері

Қысқартылған атауы

СШН

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

4

Оқытушының Т.А.Ә

Ормолдаева М.

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практика 15, СӨЖ 15, ОСӨЖ 15

Еңбек сыйымдылығы

45 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

Кредит 1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттері: бос уақыт педагогикасы, жас ерекшелігі педагогикасы, шетелдерде бос уақытты ұйымдастыру

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Студентті драматургия мен режиссураға қатысты негізгі ұғымдарды танып білуге, драматургиялық анализ жасау дағдыларын игеруге, курсқа арналған арнайы әдебиеттермен жұмыс істей алуға, топтық шаралардан бастап бұқаралық мереке түрлерін ұйымдастыра білуге, аудиторияның әртүрлілігіне орай педагогикалық мақсатты тұжырымдай білуге үйрету. Болашақта мектеп және мектептен тыс мекемелерде мәдени дем алу жұмысын ұйымдастырушы - педагог мамандығы студенттеріне түрлі іс-шаралардың сценариін жазуға, сондай-ақ оның режиссурасы мен ұйымдастыруға қатысты білімдерін, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Драматургияға кіріспе. Драма жайлы түсінік. Драмадағы әрекет. Драма композициясы. Қақтығыс. Драматургиялық шығармадағы кейіпкер. Әдеби композиция және әдеби монтаж. Көркем прозалық шығармалар арқылы жасалынған әдеби композиция. Поэтикалық композиция мен монтажды құрастыру принциптері. Монтаждың әдеби негізімен жұмыс істеу кезеңдері. Поэтикалық композиция жасаудың өзіндік ерекшеліктері. Сценарий - көркем-педагогикалық бағдарлама ретінде. Негізгі сценарийлік ұғымдар. Сценарий жазудың негізгі кезеңдері. Сценарийдегі көркем және деректі материалдар. Сценарийдегі сюжет және оның композициялық құрылымы. Мәдени дем алу жұмысы сценарийіндегі монтаждау тәсілдері. Сценарийдегі көркем-мәнерлеу құралдары. Сценарийлік жұмыс түрлері. Сайыстық-ойындық бағдарламалар сценарийі. Тақырыптық кеш ценарийі. Театрландырылған тақырыптық концерт сценарийінің өзіне тән ерекшеліктері. Салт-дәстүрлік, рәсімдік іс-шаралардың сценарийі. Салт-дәстүрлік шаралар сценарийіндегі драматургиялық тәсілдер. Бұқаралық мереке сценарийі. Бұқаралық мереке драматургиясы. Мерекелік әрекеттегі түпкі ой. Мереке сценарийіндегі шығармашылық әдістер. Бұқаралық мерекенің идеялық-эмоциональдық әсер ету құралдары

Оқу жұмысының нәтижелері қорытынды бақылау түрлері

Мәдени дем алуды ұйымдастыру, драматургия мен режиссураға қатысты негізгі ұғымдарды танып білуге, драматургиялық анализ жасау дағдыларын игеруге, курсқа арналған арнайы әдебиеттермен жұмыс істей алуға, топтық шаралардан бастап бұқаралық мереке түрлерін ұйымдастыра білуге, аудиторияның әртүрлілігіне орай педагогикалық мақсатты тұжырымдай білуге үйрету./ Курстық жұмыс.

050906 – (01, 03)



Пәннің аталуы

Мамандық (мамандануы) бойынша

Қысқартылған атауы

МБ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақ, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

4

Оқытушының Т.А.Ә

Ормолдаева М.

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық., міндетті компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақ 15, СӨЖ 15, ОСӨЖ 15

Еңбек сыйымдылығы

45 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттері: Сценарий шеберлігі негіздері, Шоу бағдарлмаларды ұйымдастыру.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Драматургия және режиссураға қатысты негізгі ұғымдарды танып білу, драматургиялық анализ жасау дағдыларын игеру, курсқа арналған арнайы әдебиеттермен жұмыс істей алуы, этюд пен әңгіме, түрлі тақырыпта монологтар жаза білуге, топтық шаралардан бастап бұхаралық мереке түрлерін ұйымдастыра білуге, сондай-ақ мәдени-тынығу жұмысы саласында аудитория құрамының әртүрлілігіне орай педагогикалық мақсатты тұжырымдай білу. Болашақ мектеп және мектептен тыс мекемелердегі, мәдениет сарайлары мен оқушылар сарайларындағы бос уақытты ұйымдастырушы – педагогтардың бос уақыттың мәдениеттілігі ісі саласындағы әр түрлі іс шаралардың сценарийін жазуға, сондай-ақ оның режиссурасы мен ұйымдастыруға қатысты білімдерін, қабілеттерімен дағдыларын қалыптастыру.

К.С.Станиславскийдің ілімі қалыптасқан жүйесін оқыту негізінде болашақ актердің ішкі техникасының бастауыш элементтерін игеруге үйрету сахналық жинақы ерікті-еріксіз назар, бес сезім шындығы, сахналық әрекет, - қисынды физикалық, психофизикалық әрекеттер, қарым-қатынас, бағалау, сезімнің естілігі, қиялдау қабілеттілігі, сахналық тапқырлық.

К.С.Станиславский жүйесі мен негізгі принцип – ережелерін оқыту, драматургтың негізгі жазған пьесаның тақырыбын, идеясын, жанрын (комедия, трагедия, драма) көрсете біліуне, сахнада шыншыл әрекетпен өмір сүрудегі негізгі қасиетті тәрбиелеу, адамның рухани тіршілігін сомдау.


Мазмұны

Жеке сабақтар: Драматургиялық шығармаға талдау жасау. Мысал, ертегі, әңгіме, аңыздардың композициялық талдамасы. Әдеби-музыкалық композиция құрастыру. Инсценировка жасау. Алтын қиылыс заңын меңгеру. Драматургиялық шығармадағы қақтығыс. Әдеби мәтінмен жұмыс. Поэтикалық композиция құрастыру. Музыкалық материал мен жұмыс. Сценарийлік жоспар құрастыру. Сценарий жазудың кезеңдері. Сценарийдегі көркем-мәнерлеу құралдары. Материалдарды монтаждау. Сценарийдегі шығармашылық әдістер. Театрландырылған концерт сценарийі . Бұлшық еттің босансуы мен сіресуі

Қиял, назар мен зейін сезімдеріне арналған жаттығулар: а) берілген тақырып, тапсырмаға жеке этюдтер ұйымдастыру; б) жас сәбидің мінез-құлықтары; в) өмірде кезедесер ұшқалақ, байсалды, сараң, ақ көңіл қарттар образы. Бес сезімге арналған тартысты оқиғадан тұратын этюд. Хайуанаттар бағындағы жануарлардың іс-әрекеттерін бақылып, мазмұнды орындау. Оқиғаны бағалауға арналған этюд. Киелі күш «егер де», ұсынылған тосын жағдай. Рольдің және шығарманың түпкі мақсаты және соған апарар әрекеті (сверхзадача и сквозное действие роли и пьес). Оқиғалар тізбегі, рольдің және пьесаның басты оқиғасы. Сөз астары, сөз әрекеті, ішкі монолог, кейіпкердің қарым-қатынасы. Мизансценамен жұмыс. Образдың кілті. Образды жасаудағы сыртқы детальдардың орны. Спектакльдің атмосферасы.



Оқу жұмысының нәтижелері қорытынды бақылау түрлері

Мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру заңдылықтары мен драматургиялық, режиссуралық негіздерінен білім және бейім қалыптастыру./ емтихан

050906 (04,06)



Пәннің аталуы

Мамандық 2

Қысқартылған атауы

Мам.2

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

4

Оқытушының Т.А.Ә.

Сейдалиева Р.Т.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақтар -15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Гармония», «Сольфеджио», «Музыка тарихы» пәндері.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

“Мамандық”/домбыра пәні дәстүрлі аспапта орындаушылық өнеріміздің дамуына шығармашылық белсенділіктің артуына ықпал жасайды.

Мазмұны

Жеке сабақтар: Пъеса жанры. Қазақстан, жақын шет ел шығармалары. Мазмұны мен көлемі әртүрлі сипатта. Қазіргі заман күйлері /Қ.Ахмедияров, А.Жайымов/. Күрделі көлемді күйлерді орындау. Күйлер. Дәстүрлі орындаушылық тәсілдерді меңгеру. Аппликатура ерекшеліктері. Орындаушылық деңгейі орта дәрежелі күйлер. Техникалық қиын тұстармен жұмыс. Көркемдік орындаушылық мағынасымен жұмыс жасау. Нота мазмұнын бірден ойнап кету қабілетін жетілдіру.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет