Роберт Кийосаки Шэрон



бет8/36
Дата15.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#176724
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
baj-ake

Сенбідегі кезек




Мен, онымен əңгімеге даяр едім. Менің өз əкемде қатты ренжулі еді. Өзім “кедей”, -деп есептейтін туған əкем, бай əке бала еңбегі
туралы заңды бұзған, оны сотқа беру керек,- деп есептейді. Ол, маған атқарған еңбегіне сай, сағатына 25 центтен кем емес жалақыңды талап ет,- деп кеңес берді. “Егерде ол жалақыңды көтермесе, онда сен жұмыстан жедел кетуің керек“, -деді əкем.

  • Мұндай сорлы жұмыстың саған қажеті қанша? -деді ол ашулы түрде.

Сенбі күнгі таңғы 8-де менің алдымнан Майк үйінің сықырлауық есігі тағы ашылды. Мен есіктен кіргенде, Майктің əкесі: “Отыр жəне кезекті күт”, -деді. Ол бұрылды да, кішкене жұмыс бөлмесіне кіріп кетті.
Мен жан-жағыма қарадым. Майк маңайда жоқ еді.
Мен ақырын ғана, осыдан 4 аптадан бұрын кездескен 2 əйелдің жанына отырдым. Олар күлімсіреп, орындарынан қозғалып, маған орын босатты.
45 минут уақыт етті, мен мазасыздана бастадым. Ол екі əйелді қабылдап, жібергеннен бері, тағы жарты сағат өтті. Олардан кейін тағы бір картаңдау адам келіп, 20 минуттай болып ол да кетті. Үй бос қалды, Гаваяның осындай бір тамаша күнінде, өзі сараң əрі балалар еңбегін қанаушының, қапа бөлмесінде қабылдауын күтіп отырдым.
Мен, оның кабинетінде қалай жүргенін, телефонмен сөйлескенін бəрін естіп отырдым, алайда мені есіне алар емес. Мен тұрып кетуге даяр едім, дегенмен əліде болса орнымда отырдым. Бір уақытта тағыда 15 минут өткеннен кейін, тура сағат 9-да кабинетінен үндемей шығып,
маған қолымен ишарат етті.
Менің байқағаным, сен, егер жалақыны көтермесе, жұмысты тастайсың ғой, -деді бай əкем айналмалы орындығының үстінде ырғала отырып.
-Сіз, шарттағы өз келісіміңізді орындамадыңыз ғой! деп айтып
салдым мен, жыларман болып. 9 жасар балаға, үлкен адаммен айтысу, шындығында өте қиын.

  • Егерде, мен Сізге жұмыс істесем, мені оқытамын, -деп айтып

едіңіз ғой. Мен Сізге жұмыс істедім. Мен көп жұмыс атқардым. Сізге жұмыс істеу үшін, бейсболдан бас тарттым. Сіз, мені ештеңеге де үйреткен жоқсыз. Сіз алдаушысыз, қалада барлығыда Сізді солай атайды. Сіз тек қана ақшаны ойлайсыз, ал Сізге жұмыс істеп жүргендер туралы ойламайсыз. Мені көп күтуге мəжбүр еттіңіз жəне мені сыйламайсыз. Мен кішкентай баламын, бірақ маған дұрыс қарауға құқығым бар. Көз қарасы өткір еді.

  • Жаман емес,- деп жауап берді ол.

  • Бір айға жетпей, менің көп жұмыскерлерім сияқты сөйлесуге үйреніп қалыпсың.

  • Не? -дедім мен таңданып. Мен, оның не айтқанын түсінбей, одан əрі шағымдануымды жалғастыра бердім.

  • Мен, Сізді шарттағы өз уəдеңізді орындап, оқытады ғой,- деп ойладым. Соның есесіне енді мені қинағыңыз келді ме? Бұл қатыгездік.

  • Дегенмен, мен сені оқытудамын ғой, -деді бай əкем баяу үнмен.

  • Неменеге Сіз үйреттіңіз!

  • Ештеңеге! -дедім назаланып. Мен Сізге тегін дерлік жұмыс істеуге келіскеннен бері, Сіз менімен бір ретте сөйлескен жоқсыз.

  • Сағатына 10 цент.

  • Ха! Маған Сіз туралы тиісті орынға хабарлауым керек еді.

  • Айтпақшы, біздің елде бала еңбегі туралы Заң бар. Сондай-ақ мені əкем мемлекетке қызмет етеді.

  • Охо!-деп үн қатты бай əкем.

  • Енді сен, менің бұрынғы көп жұмыскерлерім сияқты сөйлейтін болдың. Оларды мен жұмыстан босаттым, немесе өздері кетті.

  • Ия, енді сіз не айтқыныз келеді маған? -деп жалғастырдым мен.

Мен кішкентай балаға артықтау, өте батырланып кеттім. Сіз мені алдадыңыз. Мен Сізге жұмыс істедім. Сіз сөзіңізде тұрмадыңыз. Сіз мені түкке үйреткен жоқсыз.
Ал, сені ешнəрсеге оқытпағанымды қайдан білдің? деді бай əке. шімірікпестен қызықтай қарап.

  • Сіз, менімен бірде-бір рет сөйлескен жоқсыз. Мен үш апта жұмыс істедім, ал Сіз ештеңеге үйреткен жоқсыз, -дедім мен бұртыйып.

  • Ал оқытқанда міндетті түрде сөйлеу немесе нотация оқу керек пе? деп сұрады бай əке. Əрине,- дедім мен.

Осылай сені тек қана мектепте оқытады, - деп жауап берді ол күлімсіреп.

  • Бірақ, өмір олай оқытпайды, мен айтар едім: “ Өмір ең жақсы

ұстаз”. Өмір сенімен ешуақытта сөйлеспейді. Ол сені тек қана соғады: бірде бір жағынан, бірде екінші жағынан. Əрбір соққы ол өмір.

  • "Оян. Мен, сенің бірдеңені түсінгеніңді қалаймын" -дейді өмір.

-Бұл не айтып отыр? ,-деп сұрадым өзімнен-өзім үндемей. Сонда, өмір мені соққылағанда, ол менімен сөйлесе ме? Енді мен жұмысты
тастау керектігіне кəміл сендім. Менімен сөйлесіп отырған адамды, есуастар ауруханасына жіберу керек.
Егер Сен өмірден оқысаң, оның оқытқанын үйренсең онда сенде барлығы жақсы болады. Оған үйренбесең ол сені соққылауын жалғастыра береді. Адамдар жайшылықта екеудің біреуін істейді: өмір соққыларына мойын ұсынып, көндігеді немесе ызаланып жəне қарсылық білдіре бастайды. Бірақ, өкінішке орай, олар бастыққа жұмысқа, əйеліне немесе еріне қарсыласады. Олар соққылаушы осындай нақтылы тұлғалар емес, өмірдің өзі екенін түсінбейді. Мен түкке түсінбедім.

  • Өмір бізді соққылайды. Кейбіреулері беріледі. Басқалары күреседі. Ал, енді біреулері, берілген сабақты игеріп, одан əрі

қозғалады. Ондайлар өмір соққыларына қуанады. Олар үшін мұндай жағдайлар, жаңа бірдеңеге үйрену болып табылады. Қорытынды жасап, ілгері жүреді. Көпшілігі жəй беріле салады, ал сен сияқтылар- күреседі. Бай əке орнынан тұрып, əлдеқашан жөндеуді қажет еткен сықырлауық терезені жапты.

  • Егер, сен осы сабақты игерсең, сауатты, бай жəне бақытты жігіт боласың. Егер бұлай болмаса, сен ғұмыр бойы өз басындағы қиыншылықтарды жұмыстан, жалақыдан немесе бастықтан көріп,

кінəлəйсың. Сен өмір бойы ақша тапшылығын, оны бір ғажайыр нəрсе шешіп беретіндей сенімде жүресің. Бай əке сен тыңдап отырсың ба дегендей, маған қарады. Көздеріміз бір-бірімен кезікті. Біз бір-
бірімізге карап, не ойлап отырғанымызды көздерімізден аңғардық. Оның айтқан ең соңғы сөзін түсініп, мен көзімді басқа жаққа бұрдым.
Мен түсіндім, оныкі шындық еді. Мен оны айыпқа бұйырдым, расында мені оқытқанды қалап едім. Мен күрестім.
Бай əке əрі қарай жалғастырып:

  • Сонымен, егерде сенде мықты тегеурін болмаса, өмір қысымын бастағанда, сен əр қашан беріле бастайсың. Сен осындай адам болсаң,

ғұмыр бойы ереже бойынша өмір сүресің, бəрін дұрыс істейсің, дүниеде болмайтын бір жағдайларды күтіп, өзіңді сақтайсың. Содан
кейін дəрменсіз шал болып, өмірден өтесің. Сенде көп достар болады, олар сені тамаша жəне іскер жігіт болғаның үшін жақсы көреді. Сен
өмір бойы ережелер бойынша жəне қалыптасқан түрде қимыл жасайсың. Алайда, нақтылығында, сен өмір соққыларына үнемі мойын ұсынумен ғана боласың. Іштей тəуекелге басуға қорқасың. Рас, сен женгің келеді, бірақ жеңіліп калу қорқынышы, жеңіс қуанышыңнан басым болады. Мұндай шешімге келе алмағаныңды, сенің жан дүниеңнің ең түкпірінде жатқан сезімді, тек қана өзің білесің. Сен тəуекелге баспайтын, қимыл жасауға бейім боласың. Біздің көздеріміз тағы кездесті. Менің түсінгенімді, ол көргенше, 10 секундтей бір- бірімізге қарап отырдық.
Онда Сіз, мені өмір сияқты соққыладыңыз ба? -деп сұрадым мен.
Кейбірулер солай айтқан болар еді, -деді бай əке күліп. Мен, саған өмірдің не екенін көрсеттім, -деп айтуыма болады.

  • Бұл калай? -дедім мен, əліде болса ашулы түрде, бірақ қызығушылықпен.

  • Балалар, сендер, менен: “Ақшаны қалай жасауға болады?”деп сұраған ең бірінші адамсыңдар. Маған 150 ден астам адам жұмыс істейді, бірақ олардың бірде-біреуі еш уақытта менен ақша жөнінде не білетінімді сұрап көрген емес. Оларға менен тек қана чек керек, ақша жөніндегі білім емес. Сондықтан, олардың көпшілігі өмірлерінің ең жақсы кезеңдерінде ақша үшін жұмыс істеп, кімге жəне неменеге жұмыс істеп жүргендеріне түсінбей өтеді.

Мен оны үлкен ілтипатпен тындадым.
Маған, Майк, Сендердің ақша жасауды үйренгілерің келетіндіктерің туралы айтқанда, мен нақтылы өмірге бейім,арнайы оқыту жүйесін ойластырдым. Мен сендерге көзім қарауытқанша айтқан болар едім, алайда сендер ештеңе ұқпаған болар едіңдер.
Сондықтан, өмір сендерге өз соққысын берсін, деп есептедім. Міне, сол себебтен, мен сендерге 10 центтен ғана төледім.

  • Сонда, мен барлығы сағатына 10 цент үшін жұмыс істегенімнен қандай сабақ алып, қортынды шығаруым керек еді?- деп сұрадым мен. Сіз, өзі сараң, əрі балалар еңбегін қанаушы ретінде ме? Бай əке шалқалап тұрып, шек-сілесі қатқанша күлді. Содан кейін ол тынышталып, айтқаны;

  • Дұрысы, саған қөз қарасыңды өзгерту керек. Мені айыптай беруіңді тоқтат.

  • Егер, сен барлық проблема менде десең, онда мені өзгертуге

тура келеді. Ал проблемалар өз басыңда екенін түсінсең, өзіңді өзің өзгертуге тиіссің, сонда бір нəрсеге үйренесің жəне ой-өрісің еседі. Жұрттың көпшілігі əлемдегі барлық өзгерістерді өмірбақи күтумен болады, бірақ өздері өзгеріссіз қалады. Сондықтан, барлығының езгерілуін күткенше, өзіңді өзгерткен жеңіл болады,- деп айтар едім.

  • Түсінбеймін, -деп үн қаттым.

  • Дегенмен, Сіз маған 10-ақ цент төлейсіз ғой.

  • Ол, сені неге үйретеді? -деп сұрады бай əке жымыйып.

  • Сіздің сараң екеніңізді, -дедім мен кекесінмен.

  • Міне, көрдің бе? сен барлық проблема менде деп есептейсің,- деді бай əке.

  • Ол солай.

  • Жəрəйді, егер сен əрі қарай осылай ойлайтын болсаң, ештеңеге үйренбейсің. Егер проблема менде десең, онда сенің қалауың қандай?

Əрине, егер Сіз маған кебірек төлемесеңіз, сыйластықпен қарамасаңыз жəне оқытпайтын болсаңыз, мен кетем. Жақсы айтылған сөз,- деді бай əке.
Жұрттың көпшілігі нақ осылай істейді. Олар істеп жүрген орындарынан кетіп, барлық проблемаларды жақсы жұмыс пен үлкен жалақы шешеді, -деп ғұмыр бойы соны іздеумен болады. Дегенмен,
мұндай жағдай көпшілігінде бола бермейді.

  • Ал, сонда проблемаларды не шешеді? деп сұрадым мен. Мен осы сорлы 10 центті алып, қуануым керек пе? Бай əке күлді.

  • Ондай да адамдар бар. Олар өз отбасыларындағы ақша

қиындықтарының болатынын біліп, амалсыздан чекті алады. Бұлай істейтіндері, олар жалақының көтерілуін күтеді, сөйтіп барлық проблемалар шешіледі,- деп ойлайды. Көпшілігі осыған көнеді,
кейбіреулері екінші жұмысқа барады, онда да азғантай жалақыға ие болып чек алады.
Мен төмен қараумен болдым. Байқаймын, бай əкенің маған
қандай сабақ бере бастағанын түсінгендеймін. Ол мені өмірде болатын нақтылы жағдайлармен таныстырып отырғанын сездім. Мен басымды көтеріп, өз сұрағымды қайталадым:

  • Дегенмен, проблемаларды не шешеді?

  • Мынау, деді ол, саусағымен менің басымды жеңіл нұқып. Сенің екі құлағыңның арасындағы зат.

Нақ осы сəтте, бұл кісінің, өз жұмыскерлері жəне менің кедей əкемнен қандай айырмашылықтары бар екенін көрсететін, ой- пікірлерімен, тұжырымдарымен менімен бөліскенін аңғардым. Осының нəтижесінде ол Гаваядағы ең бай адамдардың бірі болды, ал менің жоғары білімді кедей əкем ғұмыр бойы ақша проблемаларымен күресуде болды. Осы ұғым маған негізгі өзек болды. Бай əке осындай жəйлер туралы бірнеше рет қайталайтын. Бұл менің бірінші сабағым еді.
“Кедейлер жəне орта класс өкілдері ақша үшін жұмыс істейді. Байлар ақшаны өздеріне жұмыс істеуге мəжбүр етеді”
Сол сенбі күнгі таңда, менің кедей əкемнің үйреткенінен үлкен айырмашылығы бар жəне өзекті жаңа ой-пікірдің бар екенін білдім. 9 жастағы маған екі кісінің өз білімдерін бергілері келгендерін көрдім. Екеуіде менің оқығанымды қалады бірақ, əртүрлі мақсаттарға.
Менің жоғары білімді əкем, өзінің жолымен жүру кеңес ететін: “Балам, сенің ұқыпты оқып, жоғары бағада алып, содан кейін үлкен
компанияда тұрақты жұмыс істетуіңді тілеймін. Бірақ, онда үлкен жеңілдіктер болу керек”,- дейтін.
Менің бай əкем, мен ақша принциптерін түсініп, оны өзіме қалай жұмыс істетуге мəжбүр етушілікті біліп үйренуді қолдайтын. Бұл сабақты мен, оның басшылығымен түсіндім, бірақ класс бөлмесінде емес.
Бай əкем өзінің бірінші сабағын жалғастыра берді. Сенің сағатына 10 центке бола, жұмыс істеткені үшін ызаланғаның мені
қуантады. Егерде сен ренжімей жəй қуанышты түрде сол 10 центті үндемей ала салғанында, онд сені оқыта алмаймын,- деп айтуға тура
келетін еді.
Нақтылы білім алу үшін: жігер, құштарлық, күшті талпыныс керектігін түсіну маңызды.
Ашу- бұл формуланың үлкен бір бөлігі, себебі: құштарлық жəне ашу сүйіспеншіліктің тепе-теңдігі. Жұрттың көпшілігі ақша туралы сөз көтерілгенде, босқа ұрынбауды қалайды, тəуекелдікке баспайды. Өйткені, оларды талпынушылық емес, үрей билейді.

  • Сол себебтен, олар аз төлейтін жұмысқа бара ма?,- деп сұрадым мен.

  • Ия, солай, -деді бай əке. Кейбіреулер мені адамдарды қанаушы дейді. Оның себебі: мен, қант плантациясы немесе мемлекет

төлеген көлемде, жалақы бермеймін. Керісінше, мен оларды өздерін- өздері қанаушы,- деп есептеймін. Бұл олардың қорқақтығы, менікі емес.

  • Дегенмен, оларға көбірек төлеуге болатындығын байқамайсыз ба?- деп сұрадым мен.

  • Неге? Бəрібір көп ақша, олардың проблемаларын шешпейді. Өз əкеңе қарашы. Ол көп табыс табады, бірақ есеп-шоттарын уақытында жабуға үлгірмейді. Көп кісілер үлкен ақша таба отырып, қарызға белшесінен батумен болады.

  • Бəсе, сондықтан маған сағатына 10 центтен ғана төлеген екенсіз ғой деп мен күлдім. Ол сабақтың бір бөлігі ме?

  • Дұрыс, -деді бай əке күлімсіреп.

  • Түсінесің бе? Сенің əкең мектепте оқыды жəне тамаша білім

алды, бұл оған жоғары ақылы жұмыс тауып алуына мүмкіндік берді. Ол, солай істеді де. Алайда, онда қашанда ақша проблемалары бар,
себебі: мектепте жəне университетте оны ақша жөнінде ештеңеге оқытқан жоқ. Оның сыртында ол ақша үшін жұмыс істеу керек,- деп есептейді.

  • Сіз, олай емес,- деп есептейсіз бе? -дедім мен.

  • Ия, есептеймін, -деді бай əке. Егер, сен ақша үшін жұмыс

істегің келсе, онда сол мектепте қал. Олар оған тамаша оқытады. Ал, егерде сен ақшаның өзің үшін, жұмыс атқаруға мəжбүр етуді білгің
келсе, мен оған сені үйретем. Ал бұған кез келген адам үйренгісі келмей ме? -дедім мен таңданып.

  • Жоқ, -деді бай əке.

  • Ақша үшін жұмыс істеу жеңіл, əсіресе ақша жөнінде əңгіме болғанда, сені бірінші кезекте үрей билейді.

  • Түсінбедім,- дедім мен қабағымды түйіп.

  • Əзір мұнымен басыңды ауыртпа. Есіңде болсын, жұрттың көпшілігі жұмыстарынан айырылып қалуға қорқады. Əр түрлі төлемдерді дер кезінде төлей алмай қаламыз,- деп үрейленеді.

Жұмыстан шығарып жібереді,- деп сескенеді. Ақша жетпеушілігі жүйкелеріне тиеді. Бір қолайсыз жағдай болып қалса, қайтадан бастау керек,- деп түңіледі. Бұл, бір мамандық алып, ақша үшін жұмыс істеушіліктің, сол үшін олардың тарапынан төлеу ақысының құны болады. Көп адамдар ақшаның құлына айналады...сөйтіп өз қожайындарына назалана бастайды.

  • Ал, ақшаны өз игілігіне жұмыс атқаруға мəжбүр етуге үйренушілік.

  • Бұл тіптен басқа ма?- деп сұрадым мен.

-Түбегейлі басқа,- деп жауап берді бай əке. Түбегейлік біз үнсіз отырдық. Сыртта Гаваяның тамаша сенбі күнінің таңғы кезеңі еді. Менің достарым осы уақытта бейсболдан кіші лиганың ойынын бастап еді. Бірақ, мен бір себебпен сағатына 10 центтен ғана жұмыс істеуге келіскеніме енді қуанышты едім. Менің достарымның мектепте біле алмайтындықтарының біразын, білуге үйренетінімді сезіндім.

  • Оқуға даярсың ба? -деп сұрады бай əке.

  • Əлбетте,- дедім мен сиқырланып.

  • Мен, өз сөзімде тұрдым. Мен, сені алыстан бастап оқыта

бастадым, деді бай əке. Сен тоғыз жасыңда ақша үшін, жұмыс істеудің қалай екенін сезіндің. Енді осы соңғы айды 50 жылға көбейт, сонда сен адамдардың көпшілігі ғұмыр бойы немен айналысатынын түсінесің.

  • Түсінбеймін,- дедім мен.

  • Кезекте болып, мен шақырғанға дейін, күтуде отырғанда, өзіңді қалай сезіндің? Бірінші рет- жұмысқа кіру үшін жəне екінші рет көп ақша сұрау үшін келгеніңде?

  • Айтпаңыз,- дедім мен.

  • Егер, сен ақша үшін жұмыс істесең, сенің өмірің де, көптеген адамдардікіндей болады, -деді бай əке.

-Ал, Мартин апай, саған 3 сағаттық жұмысың үшін 10 тиын бергенде, сен қалай сезіндің?
-Маған, бұл аз сияқты көрінді. Ол тіпті ештеңе емес еді. Мен түңілген едім.

  • Көптеген жұмыскерлер, өз чектерін қолдарына алғанда нақ осылай сезінеді. Əсіресе, барлық салықтар мен төлемдерді ұстап қалғанда. Сен дегенмен 100 процент алдың ғой.

  • Сонда, Сіздің айтуыңызша, жұмыскерлер өз жалақыларын

толық алмай ма? -дедім мен танданып. Əрине! Алдымен мемлекет өз үлесін алады. Ол оны қалай істейді?

  • Салықтар, -деп түсіндірді бай əке. Сен табыс тапқанда, сенен салық алады. Сен ақша жинасаңда, өлсеңде сенен қай уақытта болмасын салық алады.

  • Онда жұрт мемлекетке мұны істеуге неге мұрсат береді?

  • Байлар жібермейді, -деді бай əке күліп.

  • Мұны жасауға кедей адамдар жəне орта класс өкілдері ықпал етеді. Мен сенің əкеңнен көп табыс табам, бірақ ол салықты көп төлейді, солай екендігіне мен бас тігуге даярмын.

  • Бұл қалай болады? Оны 9 жасар балаға түсіну тіптен қиын еді.

  • Алайда, неге адамдар, Үкіметке солай істеуге мұрсат береді?

Бай əке үнсіз қалды. Шамасы, мен былшылға ұрынбай, əрі қарай тыңдасын деген болар.
Аяғында мен сабама түстім. Бірақ, естігенім маған ұнаған жоқ. Менің əкем соншама салық төлеуіне тура келетіндігі жөнінде ылғи шағынатын, бірақ олар жөнінде ештеңе істемейтін. Сонда оны өмір солай соққылаған ба? Бай əке маған үнсіз қарап, отырған орындығында ырғалумен болды.

  • Оқуға даярсың ба?

  • Мен үнсіз басымды изедім.

  • Менің айтқанымдай, саған көп дүниеге үйренуге тура келеді. Ақшаны өзіне жұмыс істетуші тұлға бұған ғұмыр бойы оқиды. Жұрттың көпшілігі 4-жылдық колледжде оқиды да, сонымен олардың білім алуы тоқтатылады.

Менің түсінгенім, енді өзімнің барлық өмір жолымда ақшаны зерттеймін, себебі: білгенімнен, одан да артық білуге тырысуым қажет. Ал көпшілік мұнымен ешуақытта айналыспайды.
Олар жұмысқа барады, жалақы алады, төлемдерін төлейді
сонымен іс бітеді. Содан кейін ақшаның жетпейтіндігіне таңданумен болады. Бұл қиындықтар, қолдарына көп ақша түскенде жойылады,- деп елес, арманда жүреді.

  • Сондықтан да, менің əкемде салық проблемаларының болуы, оның ақшаның не екенін білмеуінен бе?- деп сұрадым мен таң қалып.

  • Мынаны түсін,- деп жалғастырды сөзін бай əке.Салық төлеу ақшаны өзіңе жұмыс атқаруға мəжбүр етуді үйренудің- бір кішігірім бөлігі ғана. Бүгін сенен білейін дегенім: ақшаның не екенін білуге арналған, сенің ынталығың басылған жоқ па? Негізгі мəселе осында. Көпшілікте мұндай ынта жоқ. Олар оқығылары келеді, көп ақша табу үшін, өздеріне ыңғайлы жəне қызғылықты кəсіби мамандық алуға тырысады.

Күндердің күнінде олар ақша тапшылығын сезінеді, проблемалар туындай бастайды, міне, осыдан кейін ешуақытта жұмысты тастай алмайды. Сөйтіп, олар тек қана ақша үшін жұмыс істеуді біледі, ал ақшаны өзіне қалай жұмыс істетуге болатындығы жөнінде оқымайды,
ұмытылмайды, сондықтан бұл олардың өз сауатсыздықтары үшін төлеу бағасы, құны.

  • Сен, əліде болса, осыларды игеріп, оқуды қалайсың ба?- деп сұрады бай əке. Мен басымды изедім.

  • Жақсы,- деді бай əке. Онда жұмысқа бар. Енді саған ештеңе де төлемеймін..

  • Не?- дедім мен таң қалып.

  • Не естідің, сол түкте. Сен бұрынғыдай əр сенбі сайын жұмыс істейсің, бірақ сен енді 10 центті де алмайсың.

  • Сен ақша үшін жұмыс істемеуге үйренгім келеді дегенсін, сондықтан мен саған ештеңе төлемеймін. Мен өз құлағыма сенбедім.

  • Мен, Майкпен бұл туралы сөйлестім. Ол жұмыс істеуде:

консервілердің шаңын сүртеді, қайтадан орындарына қояды, бəрін тегін істейді. Бар абдырамай қосып оған.

  • Бұл əділетсіздік!- дедім мен ышқынып. Сіз бірдеңе төлеуіңіз керек.

  • Сен, оқығым келеді дедің ғой. Егер сен бұған оқығың келмесе, келешекте жаңағы менің кабылдау бөлмемде кезек күтіп отырған екі

əйел мен мосқал еркектей боласың. Олар ақша үшін жұмыс істейді, мен оларды жұмыстан босатпайды,- деп сенеді.

  • Немесе өз əкеңдей боласың, көп ақша табасың, қарызға белшеңнен батасың, барлық проблемалар ақшам көп болғанда шешіледі, деп армандаумен боласың.

  • Егерде, сен осыны қаласаң, онда алғашқы шартқа, сағатына 10 центтен төлеуге оралайық. Немесе, жұрттың көбі не істесе, солай істе. Аз төлейді, -деп арыздан, шағын, жұмыстан боса, жаңа жұмыс іздеуді баста.

  • Онда, мен не істеуім керек?

Бай əке ақырын менің басымды нұқып, мынаны пайдалан деді ол. Егер, сен осыны пайдалануды үйренсең. Жақын уақытта менің сабағым үшін рахметіңді айтасың. Сен өсесің жəне бай адам боласың. Менің тағыда алцанғаны не сенерімді, не сенбесімді білмей, мықшиып тұрып қалдым. Мен жалақыны көбейтуді сұрағалы келгенімде, енді тегін жұмыс істеуім керек.
Бай əке менің басымды нұқып: осыны пайдалан, бар жұмысыңды істе,- деді.
Мен өзімнің кедей əкеме, енді маған түкте төленбейтінін
айтқаным жоқ. Ол оны түсінбеген де болар еді, өзім түсінбегенді оған түсіндіруге мен қмтылмадым.
Біз, Майк екеуіміз тағаша үш апта бойы, əр сенбі сайын 3
сағаттан ақысыз жұмыс істедік. Жұмыс жеңіл еді, мен оған үйреніп те қалып едім. Өкініштісі сол, бейсбол ойындарына қатынаса алмауым,
комикстерді енді сатып ала алмаушылығым болды.
Үшінші аптада, түске қарай бай əке дүкенге келді. Сыртта
машина моторынын сөндіріліп жатқан дыбысын естідік. Ол дүкенге кіріп, Мартин апаймен жылы амандасты. Жұмыстың мəн-жəйін сұрап болғаннан кейін, ол ақшасын төлеп, мұздатқыштан 2 балмұздақ алып,
Майк екеуімізді өзіне шақырды.

  • Балалар жүріңдер бір азрақ серуендеп қайтайық. Біз көшеден

өтіп, жасыл алаңда бейсбол ойнап жатқан ересектердің қасына келдік. Жайғасып отырғаннан соң, бізге балмұздақтарды беріп жатып,
сұрағаны:

  • Ия, халдерің қалай?

  • Қалыпты,- деді Майк. Мен басымды изедім.

  • Жаңа бір нəрсеге үйрендіңдер ме? Майк екеуіміз бір-бірімізге қарап, иықтарымызды қомдап, жоқ дегендей басымызды шайқадық.

  • Өмірдің ең қатерлі дұзақтарына қалай килікпеуге болады?

  • Енді, балалар, сендерге ойланатын уақыт келді .Сендердің алдарыңда, өмірдің ең бір маңызды сабағы тұр. Егерде, сендер осы сабақты игерсеңдер, онда бостандықта жəне тыныш өмір сүре аласыңдар.

  • Игере алмасаңдар, онда Мартин апай жəне анау саябақта бейсбол ойнап жүргендердің көпшілігіндей боласыңдар. Олар

жұмысты көп істейді, ақшаны аз табады. Тұрақты жұмыс сағымына ілесіп, жыл сайын берілетін 3 апталық демалысын шыдамсыздықпен күтуде болады. Ақырында 45 жыл жұмыстан кейін, азғантай мөлшерлі зейнетақысы бар зейнетке шығады.

  • Олар жақсы жəне еңбекқор адамдар.

  • Сіз, не оларға күлесіз бе?- деп жауап беруін сұрадым. Бай əке күлді.

  • Мартин апай маған, шеше тəрізді. Мен, ол кісіге қалай озбырлық жасай алам?

  • Мүмкін, бұл ащы шығатын шығар, бірақ мен барлық күшіммен сендерге өз тəжірбиемді көрсетуге тырысудамын. Мен сендердің маңайда не болып жатқанын көріп білу үшін, ой-өрістеріңді кеңейткім келеді. Бұл жағдайларды жəйшылықта жұрттың көбі көрмейді,

аңғармайды, білмейді себебі: олардың көру, білу қаблеттіліктері шектелген. Жұрттың көпшілігі құрылған дұзаққа қалай түсіп қалғандарын сезбейді де.
Майк екеуіміз, оның айтқандарын түсінуге тырысып, үнсіз
отырдық. Бұлар құлаққа жағымсыз еді, бірақ оның қайткенде де, біздің өмірлік мəні бар бірдеңені біліуімізді қалайтындығын көрдік.

  • Бай əке күліп, былай деді:

  • Ал, сендерге 25 цент сағатына төлеу, сендерше қалай, тартымды баға ма? Бұдан сендердің жүрек қағыстарың жиіленбей ме?

Мен, басымды шайқап, жоқ,- дедім, дегенмен шынымды айтпап едім. Сағатына 25 цент, мен үшін көп ақша болған болар еді.

  • Жəрəйді, мен сендерге сағатына 1 доллардан төлеймін,- деп жалғастырды бай əке, сиқырлы күлкімен.

Енді менің жүрегім жиі соға бастады. Іштей:
"Келіс келіс деп өзіме-өзім айғайлаумен болдым.
Мен өз құлағыма сенбедім. Бірақ үнсіз тұрдым.

  • Жəрəйді, 2 доллардан сағатына. Менің, тоғыз жастағы баланың миымен жүрегі жарылып кете жаздады. Қалайда бұл 1956 жыл еді,

сағатына 2 доллар жалақы, мені əлемдегі ең бай бала қылар еді.
Мұндай жалақы аламын деп, ешуақытта ойлаған емеспін.
Мен, ия дегім келді. Мен келіскім келді. Көз алдыма: жаңа
велосипед, жаңа бейсбол қолғабы жəне достарымның таң қалушылық бейнелері елестей бастады. Осыдан кейін, Джимми жəне оның достары, енді мені кедей, деп айта алмайды.
Дегенмен, қасарысқан адам тəрізді əлі үнсіз тұрдым.
Мүмкін менің миым қайнап кеткен шығар, сондықтан бірде-бір сөз айта алмадым. Алайда, тереңде жатқан пікірім, сағатына 2
долларға келісім беру еді. Балмұздақ еріп болып, қолымызға ағып, исіне құмырсқалар қаптай бастады.
Бай əке осы сəтте, көздері бақырайып, бастарында ешқандай ой
жоқ, өзінен көздерін алмай отырған екі балаға қарады. Ол бізді сынап отырғанын жəне оның ұсынысын қабылдауға, біз жартылай
даяр болып қалғанымызды білді.
Ол əрбір адамның жан дүниесінде əлсіздік пен сараңдықтың бар екенін, солар арқылы оны сатып алуға болатынын білетін еді. Адамда осы екі сезімнің қайсы басым, мəселе сонда. Ол өз өмірінде мыңдаған
адамдарды сынап көрді. Мұны ол əрқашан жұмысқа қабылданушылармен
əңгімелескенде жүргізетін.

  • Жəрəйді, 5 доллар сағатына.

Нақ осы сəтте, іштей бір өзгеріс болғандай, сабама түстім.
Бірдеңе өзгерген сияқты. Ұсыныс орынсыз өте жоғары болды,
сондықтан ол дөрекі еді. Мендегі барлық аласапыран басылды. 1956 жылы үлкен адамдардың некен-саяғы ғана сағатына 5 доллардан жалақы алатын қызығушылық жоғалды, салқынқандылықпен асықпай басымды бұрып, Майкке қарадым. Ол маған қарады. Менің жан дүниемнің əлсіз сараң жақтары үнсіз қалды. Сатып алуға көнбейтін
түйсік бел алды. Менің басым мен жүрегімде тыныштық орнап, сенімділік пайда болды. Байқаймын, Майкте осындай құбылыс үстінде
еді.

  • Жақсы,- деді бай əке ақырын.

  • Көп адамдардың өз бағасы бар. Ол адам баласының ішкі жан дүниесінің қорқыныш жəне сараңдық, -деп аталатын сезімдердің нəтижесінде туады. Алдымен ақшасыз қалу қатері бізді табанды жұмыс істеуге мəжбүр етеді, ал еңбекақы алғанда, сараңдық немесе дүниеқоршылыққа, яғни ақшаға сатып алуға болатын, көптеген салтанатты мүліктер мен заттарға қол жеткізуге армандап итермелейді. Осыдан барып дəрменсіз жаман шеңбер пайда болады.

  • Ол неғылған шеңбер? деп сұрадым мен.

  • Олар азанда тұрады, жұмысқа барады, төлемдерін төлейді, тағы тұрады, тағы жұмысқа барады, төлемдерін төлейді.

Мұндай жағдайда, оларды екі сезім билейді: үрей жəне сараңдық. Оларға көп ақша ұстатып көріңізші, бəрібір өз шығындарын көбейте отырып, осы шеңбер айналымынан шықпайды. Мұны мен “егеуқұйрық жүгірісі” деймін.

  • Ал, басқа жол бар ма? ,-деді Майк.

  • Ия, бар-деді бай əке даусын созыңқырап.

  • Ол қандай жол?- деп сұрады Майк қызыға.

  • Оны менімен бірге жұмыс істей жəне оқи жүре, түсінесіңдер,- деп сенемін. Сондықтан, мен сендерге ақша төлеуді тоқтаттым.

  • Онда, біз не істеуіміз керек, тым болмаса соны айт,- деді Майк.

  • Білесің бе?- өзі ақысыз осыншама жұмыстан шаршадық.

  • Жəрəйді, бірінші қадам- ол шындықты айту,- деді бай əке.

  • Біз алдаған жоқпыз,- дедім мен.

-Сендер алдадыңдар,- деп менде айтып отырғаным жоқ. Мен
шындықты айту,-дедім.

  • Не жөніндегі шындық?

  • Ол сендердің не ойлап тұрғандарың жөнінде. Оны біреулерге айтудың қажеті жоқ. Тек қана өз-өздеріңе.

  • Сонда Сіздің айтпағыңыз, мына парктегі адамдар, Сіздің қызметкерлеріңіз, Мартин апай олар оны жасамай ма? -дедім мен.

  • Байқауымша, солай,- деді бай əке. Оның орнына олар ақша

болмай қалады, деп қорқады. Бұл үреймен күресудің орнына, ойланбай қимыл жасайды.

  • Олар ақылмен емес, эмоциямен қимыл жасайды,- деді бай əке біздің басымызды нұқып.

  • Содан кейін олардың қолдарына тағы 2 доллар тигенде, оларды қайтадан қуаныш пен арман билейді, қайтадан ойланбай əрекет етеді.

  • Сонда оларды ақыл емес, сезім билейді екен ғой, -деді Майк.

  • Дұрыс, -деп жауап берді бай əке.

  • Өздері не сезіп тұрғандары туралы шындықты мойындаудың орнына, сол сезімдердің ықпалымен, ойланбай қимыл жасайды. Оларды үрей сезімі билейді, содан барып жұмыс істейді, əр уақытта Ақша болса, бұл сөзім жойылады, деп ойлайды, бірақ ойлағандарындай болмайды. Ақша жетпеушілігі үрейі, оларды тағыда қудалай бастайды, жұмыс істеу мұқтаждығы одан əрі арта түседі, көп ақша мəселені шешеді,- деп ойлайды, алайда өзгеріс жоқ, бəрі баяғы қаз-қалпында.

Осындай үрей оларды дұзаққа айдап енгізеді: олар жұмыс істейді, ақша табады жəне бұл үрей қашан жоғалады деп күтуде болады.
Жұмысқа бару үшін таңертең орындарынан тұрады, олармен
бірге баяғы үрей қоса оянады. Миллиондаған адамдар ақшаны ойлап түнімен ұйықтамайды алаңдаушылықпен төсегінде дөнбекшумен болады. Жандарын күйзелткен, жүйкелерін тоздырған осы үрейді жою үшін, ақша табуға жұмысқа барады.
Сөйтіп, олардың өмірін ақша билейді, дегенмен оны олар мойындағысы келмейді. Барлық сезімдерін ақша билейді, ал ол түгелімен жанын биледі деген соң, естігендерімізді қорыту үшін, бай əке біраз үнсіз қалды. Оның айтқандарын Майк екеуіміз түгел
тыңдадық, бірақ толық түсіне алмадық.
Үлкен кісілер жұмысқа неге соншалықты асығады екен,- деп, жиі таңданатындығымды енді есіме түсірдім. Меніңше, жұмыс оларға аса ұнамайтын, одан бақытты да сияқты көрінбейтін. Əйтеуір бір нəрсе оларды жұмысқа асықтыратын. Шамамыз келгенше бірдеңе ұққанымызды байқаған бай əке былай деді:
-Балалар, Мен сендердің осындай дұзақтарға түсіп қалмауларыңды қалаймын. Менің сендерді нақтылы үйретейін
дегенімнің өзі осы еді. Жəй ғана бай атану үшін емес, себебі: байлық құр өзі бұл проблемаларды толық шешпейді.

  • Шешпейді?,- дедім мен таңданып.

-Жоқ, шешпейді. Мен сендерге əлі екінші сөзім ынтызарлық (бірдемені қажетсіну) туралы ештеңе айтқаным жоқ. Кейбіреулер мұны сараңдық дейді, бірақ маған «ынтызарлық» деген көп ұнайды.
Адам өзіне жақсы, əсем, қызғылықты бірдеңені қалаушылық өмірдегі қалыпты жағдай. Осы қалауларын қанағаттандыру мақсатында, адамдар
ақша үшін жұмыс істейді. Оларды ақшаға сатып алып, орындауға болады деп ойлайды. Алайда, мұндай құмарлықтары қысқа
мерзімді болып, қайтадан олардың орнына, одан да үлкен, жақсы тұрмыс құру, салтанатты үй болуы, жаңа машина жəне т.б.с.с. үлкен сұраныстар пайда болады. Сөйтіп, əрі қарай жұмыс істеулерін жалғастыра береді. Күндердің күнінде көп ақша олардың жанын күйзелтіп жүрген үрей мен мұқтаждықты жояды деп сенеді. Алайда,
ақша мұны істей алмайды.

  • Сен бай адамдар жөнінде де айтып отырсың ба?,- деп сұрады Майк.

-Ия, байлар жөнінде де, -деп жауап берді бай əке! Дегенмен, көп бай адамдардың байуына ықпал еткен мұқтаждық емес, қорқыныш.
Олар ақша кедейліктен құтқарады, деп есептейді, сондықтан көп ақша жинайды, бірақ үрей одан сайын күшейе түседі. Енді байлықтарын жоғалтып аламыз ба, -деп қорқады. Былай да жеткілікті ақшалары бола тұра, жұмыс істеуді тоқтатпаған менің достарым бар. Мен
миллиондаған ақшалары бар адамдарды білем, олардың қазіргі үйлері, кедей кезіндегі үйлерінен əлдеқайда басым, содан үлкен зардап
шегуде.

  • Олар жинаған ақшаларын жоғалтып аламыз ба, -деп, өлердей қорқады. Баюға ықпал еткен қорқыныш күшейе түседі. Адам жанының қорқыныш жəне сараң сезімдері берекелерін алады. Ақшамен келген зəулім үйлерін, қымбат машиналарын, байлықты тұрмыстарын жоғалтқылары келмейді. Егер де барлық ақшаларын құртып алса, жұрт не дейді, деп толқиды.

Сырт көрініске бай жəне алаңсыз өмір сүріп жатқан адамдардай көрінгенімен жүйкелері тозып, іштерінде ит өлгендей қалыпта болып,
ауруға шалдығады.

  • Онда, кедей адамдар бақытты ма?,-деп сұрадым мен.

  • Олай ойламаймын,-деді бай əке.

-Ақшадан алшақтық оң іс емес, сондай-ақ оған аса табынушылық та абырой бермейді. Осы кезде əдейі ұйымдастырғандай, біздің
жанымыздан қаланың бір мүсəпір шалы өтіп, қоқыс жиналған жерге барып, бірдеңелерді қопарыстыра бастады. Біз оның қимылын міз бақпай, танданып қарап отырдық, бұрын мұндайға мəн бермейтінбіз.
Бай əке əмиянынан 1 доллар ақша алып, ишаратпен шалды шақырды. Ол ақшаны көріп лезде жетіп келді, оны алып, көпке дейін рахметін айтып, төбесі көкке жеткендей болып шапшаң кетіп қалды.

  • Бұл кісінің менің көптеген жұмыскерлерімнен айырмашылығы шамалы,- деді бай əке.

  • Мені ақша қызықтырмайды, дегенді жиі айтатын адамдарды

көп кездестірдім. Дегенмен, сол ақша үшін, күніне 8 сағат ғұмыр бойы жұмыс істеуге даяр. Олар шындықты жасырады.

  • Егерде оларға ақша қажет болмаса, онда неге жұмыс істейді? Мұндай пиғыл, ақшаны қапшықтап жинаушы адамның пиғылымымен салыстыруға келмейтін сорақылық еді. Бай əкенің сөзін тындай отырып, өз əкемнің: “Мені ақша қызықтырмайды”,- деп жиі айта беретін бейнесі көз алдыма елестеумен болды. Оның тағы бір жиі айтатыны: "Менің жұмыс істейтін себебім, өз жұмысымды қатты ұнатамын" дейтін.

  • Енді біз не істеуіміз керек?,- дедім мен. Онда біз үрей жəне сараңдық сезімдерінен арылғанша, ақша үшін жұмыс істемеуіміз керек пе?

-Жоқ. Бұл уақытты босқа өткізгендік болар еді,- деп жауап берді бай əке.
-Эмоциялар адам баласының бойындағы ерекше қозғау салатын құбылыс. Сондықтан өз эмоцияларыңды сезініңдер, салыстырыңдар жəне пайдаланыңдар, барлық ақыл-ойларыңды өз бастарына зиян келтірмей, игіліктеріне бағыттаңдар.

  • Охо!- деді Майк.

-Менің бар айтқандарым, сендерді əзір онша мазаландырмасын. Соңынан бұлар сендерге түсінікті болады.Өз эмоцияларыңды бақылаңдар, асығыс қимыл жасауға асықпандар. Жұрттың көпшілігі бір жағдайларда ақылға емес, эмоцияға жүгінеді. Эмоция эмоциялығымен, бірақ ойлануға үйрену керек.

  • Сіз бұған мысал келтіре аласыз ба? -деп сұрадым мен.

  • Əрине, Мысалы, адам: “Маған жұмыс тауып алу керек” дегенде оны эмоция билеп тұрады. Мұндай эмоция,онда ақша болмай қалушылық үрейін туғызады.

  • Дегенмен, шындығында адамдарға ақша қажет емес пе, мысалы, уақытылы төлемдерін төлеуге?-дедім мен.

  • Əрине қажет, -деп күлді бай əке. Менің айтып отырғаным, жайшылықта осындай сезімдердің оларға үрей туғызатындығы

туралы.

  • Түсінбеймін,- деді Майк ренішпен.

-Мысалы,- деп бастады бай əке. Оларды ақша жетпейді деген, үрейшілік сезімі билегенде, оны жою үшін бас салып, құны 2-ақ
долларлық жұмыс іздегенше, өзіне мынандай жəй сұрақ қоюға бола ма: “Ал ұзақ мерзімді перспективалық тұрғыдан қарағанда жұмыс жақсы шешім болып табыла ма?

  • Мен, жоқ, -деп есептеймін. Əсіресе адам өмірін бір тұтас алғанда, жұмыс ұзақ мерзімді проблемаларды шешудің, тек қана қысқа жолы.

Бірақ, менің əкем үнемі: “Мектепте оқы, жақсы бағалар ал, түбінде тұрақты жұмыс табасың”, деуші дедім мен міңгірлеп: қалыпты
жағдайдан шығып қалғандай сезініп.

  • Ия, мен түсінемін, деп күлді бай əке. Мұндай кеңесті көп адамдардан естуге болады жəне ол көпшілігіне сəйкесте келеді. Дегенмен, мұндай кеңес, алдымен қорқыныш салдарынан беріледі.

  • Онда менің əкем, мұндай кеңесті қорыққанынан айта ма?

  • Ия,- деді бай əке. Ол, сен табыс таба алмай қаласың ба, сөйтіп қоғамның бір белсенді мүшесі бола алмайсың ба, деп өте қорқады. Мені дұрыс түсін. Ол сені өте жақсы көреді жəне саған дүниедегі барлық жақсылықты тілейді. Менің ойымша, оның қорқушылығы құптарлық жағдай. Білім мен жұмыс маңызды. Алайда, олар үрейді

жеңуге көмектесе алмайды. Түсінесің бе, оның саған мектепті бітіруді нығыздап айта беруге мəжбүр ететін, өзін таңертең ерте жұмысқа куатын баяғы үрей сезімі.

  • Ал, Сіз не кеңес бересіз?

  • Мен, сендерді ақша күшін қалай меңгеру керек, соған үйреткім келеді. Бұл дүлей күштен қалай қорықпауға болады сол туралы. Мектепте бұған оқытпайды. Егерде сендер бұған үйренбесеңдер, онда ақшаның құлы боласыңдар.

Енді менің басымда бірдеңе айқындала бастаған сияқты. Оның шындығында, біз ақша проблемаларын кеңірек жəне толығырақ түсініуімізді қалайтыны көрініп тұрды.
Ол, Мартин апай, өз жұмыскерлерінің көпшілігінің, сонымен катар менің əкемнің де нені көрмейтіндіктерін, неменеге мəн бермейтіндіктерін көрсеткісі келді. Ол бізге өте қатал амалдарды
пайдаланды бірақ мен оларды өмір бойы ұмытқаным жоқ. Сол күні менің білім деңгейім біраз өсті, шындығында көптеген адамдардың алдарында қаншама жасырын дұзақтардың бар екенін түсіндім.

  • Дегенмен, біздер қайткенде де біреуге қызмет етеміз. Мұны біз əртүрлі деңгейлерде жасаймыз, деп сөзін жалғастырды бай əке.

  • Балалар,мен сендерге баяғы сол үрей жəне ниет сөзімдерінен туындайтын дұзақтардың шырмауына қалай түспей өтуге болатын мүмкіншілікті көрсету, менің парызым, деп есептеймін. Бұл сезімдерді өздеріңе зиян емес, пайда əкелетіндей ғылып жүгіндіру керек. Міне,

сендерді осыған оқытқым келеді.

  • Менің айтайын дегенім: ақшаны қайткенде қапшықтап табу жөнінде емес. Ол бəрібір сендерді, үрей мен мұқтаждықтан құтқармайды. Егерде сендер ең алдымен осы түйсіктерді ауыздықтай алмасаңдар, бай болсаңдар да, онда тек қана жоғары төлемді құл боласыңдар.

  • Онда бұл тұзақтан қалай құтылуға болады? -дедім мен.

Кедейлік пен қаржылық қиындықтардың негізгі себебтері: ол
үрей жəне надандық. Əрине, мұндай сезім экономикада, мемлекетте жəне байларда жоқ. Адамдар бұл дұзаққа үрей мен надандықтың сандарынан түседі, оның басты себебі өздері.
Сондықтан, Балалар əзірше мектептегі оқуларыңды жалғастырыңдар жəне колледжде оқыңдар.
Ал, мен сендерді, Роберт менен нені сұрады, соған оқытам.
Біртіндеп бұл бас қатырушылық ойлар бір салаға жиналып, біртұтас ұғымға айнала бастады. Менің əкем қызмет бабында үлкен лауазымға ие болды. Бірақ, мектепте оны ақшаны қалай қолдану керек жəне өз үрейіңмен қалай күресу керектігі туралы ешкімде оқытқан жоқ.
Енді мен екі əкеден біріне-бірі қарама-қарсылықты бірақ өте Маңызды мəселелерді білетіндігім айқын түсінікті болды.

  • Сонда сен, адамда ақша болмай қалған жағдайда туындайтын үрей туралы айттың ба? Ал, ақшаның қажеттілігі біздің сана- сезімімізге қалай əсер етеді?-деп сұрады Майк.

  • Мен сендерге жоғары баға ұсынғанымда, калай сезіндіңдер? Тілеулеріңнің бірден қалай өскенін сездіңдер ғой? Біз басымызды изедік.

  • Сендер қызу қандылыққа баспадындар, ұстамдылық жасап жəне ойландыңдар. Бұл өте орынды. Біздің барлығымызда да, үрей мен сараңдық сезімдері бар. Бұл табиғи құбылыс. Осы сəттен бастап,

осындай түйсіктерді өз игіліктеріне, ғұмыр бойы бейімдеуді игеру, аса маңызды шарт. Өз сезімдеріне, өздерін тəуелді болмай, оларды ақыл оймен басқаруға үйрену қажет. Жұрттың көпшілігі үрей мен сараңдық, өздеріне қарсы жұмыс істейтіндігін анғармайды осыдан барып надандық туады. Олардың көпшілігі үрей мен ішкі тілеушіліктің екпінді ықпалының салдарынан жалақыны, қосымша төлемақы жəне жеңілдіктерді ғұмыр бойы қуумен болады, ал мұндай пиғылдар қайда апарып соғатынын өздерінен сұрамайды.
Мұны, Мынандай мысалмен салыстыруға болады.
Есек өз салмағынан бірнеше есе ауыр жүкті күнде сүйретеді, себебі: оның иесі онын тұмсығының алдынан таяқ үстінен ылғида
қызыл сəбізді көрсетумен болады. Есек иесі қайда бара жатқанын өзі біледі, ал есек сағымды қуушылықпен болады! Есекте ертең жаңа қызыл сəбіз тағы пайда болады.

  • Сонда маған айтпағың, сол сəтте мен көз алдыма жаңа бейсбол қолғабын, кəмпиттерді, ойыншықтарды елестетіп отырғаным да, бұлар маған, есекке көрсеткен сəбіз сияқты болды ма? -деп сұрады Майк.

  • Ия. Ал, сен өскенде, сенің ойыншықтарың одан да қымбат

болады. Жолдастарыңның алдында мақтану үшін, саған жаңа машина, яхта, үлкен үй қажет болады, -деп күлді əкесі.
Үрей адамды есік сыртына шығарады, ал қажеттілік өз талаптарына үңілуді мəжбүр етеді. Содан барып оны тасқа соғады.
Міне, қайда дұзақ.

  • Онда не істеуіміз керек?- деді Майк.

  • Үрей мен қажеттілік надандықпен арта түседі. Міне сондықтан, ақшасы көп бай адамдар байыған сайын, үлкен үрейдің құлы болады.

Ақша- ол “сəбіз”, сағым. Егер, есек барлық жағдайларды сезіп, біліп отырса, ол ойласар еді де, сəбіздің соңынан жүгірмеген болар еді.
Адам өмірі күрестен тұрады, деп қайта түсіндіре бастады бай əке. Бұл надандықтың біліммен күресі. Біз күн сайын, əр минут сайын шешім қабылдаймыз өмірде болып жатқан жаңа құбылыстарды, ой елегінен өткізіп, көңіл аударамыз ба, əлде мəн бермей соқыр сезімнің ықпалында қаламыз ба? Əңгіме сонда. Адам өзіне терең үңіліп жəне жаңа ақпараттарды іздеушілікті тоқтатқан сəттен бастап, надан бола бастайды.

  • Сендер, мынаны түсінуге тиіссіңдер. Мектепте оқу- аса

маңызды іс. Сендер мектепке жақсы мамандық алу үшін жəне түбінде қоғамның саналы жəне сауатты азаматы болу үшін барасыңдар. Əрбір қоғамдық өмірге: мұғалімдер, дəрігерлер, механиктер, суретшілер,
аспазшылар, бизнесмендер, полицейлер, өрт сөндірушілер, солдаттар жəне т.б. керек. Біздің мəдениетіміз өркендеп гүлденуі үшін мектептер сендерді негізінен осыларға дайындайды Өкінішке орай, көптеген адамдар үшін, бұл бастау емес құлдырау болып шығады. Біраз уақытқа дейін үнсіздік орнады. Бай əке күлді. Сол күні оның барлық айтқандарын түсіндім. Өмірде бізді көп жылдар бойы оқытқан нағыз ұстаздардың айтқан сөздері, өздері дүниеден өтіп кетседе, ешуақытта маңызы жоғалмайтындай, бай əкенің айтқан сөздері мен үшін осы уақытқа шейін аса маңызды.

  • Мен сендерге бүгін қатал мəселелерді айттым, деді бай əке.

  • Оған себебтер де баршылық Бұл əңгімені сендер ғұмыр бойы естеріңде сақтаңдар. Мартин апайды ұмытпаңдар. Сол сияқты есекті де.

  • Осыларды естеріңде ұстаңдар, себебі: егерде сендердің саналарыңды үрей мен сараңдық билеп кетсе, олар дұзаққа түсіруі

ықтимал. Қаталдық менің айтқандығымда емес. Ғұмыр бойы,өз өмірін үрейде өткізіп, бірде-бір арманын орындай алмаушылық-барып тұрған қаталдық осы. Өмір бойы ақша табу үшін маңдай терді сыпырып, еңбек
етіп, тапқан табысына керекті дүниені сатып алып, сөйтіп, бақытты боламын деушілік, нақ осы қауіпті. Түн ортасында суық
терден селт етіп оянып: “О, Құдай төлемдерімді, төлей алмай қалсам, не болам!” -деп ойлаушылық міне, өмір азабы.
Жалақының мөлшерімен бағаланатын өмір- ол өмір емес.
Жұмысты қауіпсіздік кілті, деп ойлайтындар, өз-өздерін алдайды. Бұл өте қорқынышты, сондықтан мен сендерді осындай дұзаққа түсіп қалмауларыңды қалаймын. Ақша адам өмірін қалай билейтінін, мен талай рет көрдім. Бұған өздеріңді жібермеңдер. Сендерден сұрайтыным: өз өмірлеріңді ақшаға билетпеңдер. Біз отырған столдың астына доп келіп түсті. Бай əке оны қолына алып, ойыншыларға қарай лақтырды.
-Ал, надандықтың, сараңдық жəне үреймен қандай байланысы бар?
-Үрей мен сараңдықтың пайда болуы, ол адамдардың ақша
туралы дəнеңе де білмеушілігінен туындайтын қүбылыс. -деп жауап берді бай əке.
Мысалы, дəрігерді алайық. Оған отбасын қамтамасыз ету үшін, көп ақша керек, сондықтан ол өзі көрсететін қызметінің бағасын
көтереді. Осыдан кейін дəрігерлік көмек барлықтары үшін қымбат болады.
Бұл ең алдымен кедей адамдарға соққы болып тиеді. Одан кейін заңгерлер бағаны көтереді енді мұғалімдер де жалақының көтерілуін қолдайды.Сөйтіп бізден көп салықтар алынады жəне т.с.с.
Ақырында, тез арада кедейлер мен байлардың арасында үлкен алшақтық пайда болады да, аяғы былыққа, қақтығыстарға əкеліп соқтырып, өркениетілікттің түбіне жетеді.
Міне, осындайлардың салдарынан, өмірде талай өркениеттілік (цивилизация) күйреген болатын.
Америкада осы жолға түсіп, тарихтың қайталанатындығын дəлелдеуде, себебі: біз тарихтан ешқандай қортынды шығармаймыз. Біз тек қана даталар мен адам есімдерін жадымызда сақтап, нақтылы материалды игермейміз.
-Ал бағалар көтерілмеуге тиісті ме?- дедім мен.
-Жоқ, егерде ақылды үкіметімен өркениетті қоғам болса, бағалар керек болса төмендеуге тиісті. Əрине, бұл жалпы теория
ретінде болады. Бағалардың қашанда көтерілуін үрей мен сараңдықтың салдарынан шығын нандандықтың керсеткіші болады.
Егерде мектептерде, ақшаның не екенін түсіндірсек мемлекетте ақша көп болып, баға төмен болар еді, бірақ мектептер ақша үшін жұмыс істеуге оқытады, керісінше ақшаның күшін пайдалану үшін емес.
-Ал, бизнес колледждері ше? -деп таңданды Майк. Сонда сен, менің бизнес колледжді аяқтап, диплом алуымды, құптамайсың ба?
-Рас, бизнес-колледждер бар,-деді бай əке.
Бірақ, олар əрдайым ақша санау машинкасынан айырмашылығы шамалы мамандарды ғана дайындаумен болады. Мұндай маманның компания басқаруынан. Құдай сақтасын!
Олар тек қана, цифрларды бағаналық тəртіппен жазып, қызметкерлерді жұмыстан босатып, компанияны банкроттыққа
ұшыратуды біледі.
Мен, мұны жақсы білемін, себебі: менде мұндай мамандарда
жұмыс істейді. Олар шығындарды азайтып, бағаны көтеруден басқаны білмейді.
Ал, бұл керісінше жаңа проблемаларды тудырады. Ақшаның
есебін жүргізу өте маңызды іс, мұны білетіндер аса көп емес, бəрі-бір ол жағдайды толық суреттей алмайды.
-Ал осыдан шығар амал бар ма?-деп сұрады Майк. Бар, деді бай əке.
-Өз сезімдеріңді ойлану үшін, пайдалануға үйреніңдер. Керісінше асығыс сезімдер негізінде ойлану үшін емес, деді. Сендер бірінші ретте, өз сезімдеріңді билей отырып, құны тегінге жуық жұмыс істеуге келісімдеріңді бергенде, мен сендердің дəрменсіз емес екендіктерінді байқағанмын.Ал, мен сендерге көп ақша ұсынғанымда да,
қызуқанлылыққа ұрынған жоқсыңдар, сезімге берілмей тағыда ойландыңдар.
-Бұл бірінші қадам.
-Ал, бұл қадам неге сонша маңызды?-дедім мен.
-Мұны, өздерің білуге тура келеді. Егерде оқығыларың келсе, сендерді топ шеңгелге апарам.
-Ол жерден барлығы да қашқақтап жүреді. Сендер жұрт жуымайтын жерге барасыңдар.
-Егер сендер менімен болсаңдар, ақша үшін жұмыс істеу пыйғылынан айырыласыңдар, сөйтіп ақшаның өздерің үшін, жұмыс істетуге үйренесіңдер.
-Ал, бізге не болады, егер біз Сізбен болсақ? Сізден оқуға
келіссек? Біз не аламыз?-деп сұрадым мен. Қоянның не алғанын, аласыңдар-деді бай əке.
-Ол қарамай қуыршақтан бас тарттық.
-Ал, өмірдің топ шеңгелі барма?-дедім мен.
-Ия, - деді бай əке.
-Топ шеңгел-ол біздің қорқынышымыз жəне сараңдығымыз.
Шығу жолы-өзіңнің үрейіңді талдап, білу. Сөйтіп өзіңнің
əлсіздігіңмен күресуге үйрене білу. Мұндай шығу жолы ақылмен, терең ой-пікірді таңдаумен, салыстырумен табылады.
-Ойды таңдаумен бе?- деп сұрады Майк салмақтылықпен.
-Ия. Ойды таңдау арқылы, бас салып сезімге ұрынбай.
Төлемдерді уақытында төлей алмай қалам-ау деген үрей, сені бозала Таңнан тұрғызып, ақша үшін жүмыс істеуге қуалайды.
Ал, ойланушылық өзіңе, бір мəселелер бойынша жан-жақты салыстырып, зерттеп бір шешімге келуіне мүмкіндік береді. Мысалы,
мына мəселе бойынша: «Проблемаларды шешуде-жұмыс ең жақсы түрі бола ала ма?» Жұрттың көпшілігі, оларды үрей билейтіндігі жөніндегі шыңдықты мойындамайды, сондықтан терең ойлау
қабілеттілігінен айырылады да, үрейлікпен жүмысқа жүгіреді. Солай, қарамай қуыршақтың тұтқынында болады. Өз ойларыңды таңдап
алуларың керек дегенімде, осыны ескерген едім.
-Оны қалай істеуге болады? -деді Майк.
-Міне, бұған мен сендерді үйретем. Мен, сендерге, таңертең ерте асығыс кофе ішіп, жұмысқа жүгірушілік асығыс сезіміне ұрынбай, көп ойлардың ішінен қайсысын қалап алуды, таңдауды үйретем.
Естерінде болсын, қайталап айтам: жұмыс ұзақ мерзімді проблемаларды шешудегі барып тұрған ең қысқа жол. Жұрттың көпшілігінің басында бір-ақ проблема, оның өзі қысқа мерзімді. Ол айдың аяғында, төлемдерді төлеу-бұл олардың қарамай қуыршағы. Олардың өмірін ақша билейді. Немесе дəлірек айтсақ, үрей жəне ақшаның мəнін түсінбеушілік. Олар өздерінің ата-аналарының істегендерін қайталап: күнде тұрып, ақша үшін жұмысқа кетеді.
Өздеріне мынандай: «Басқа тəсіл бар ма?» - деген сұрақ қоюға уақыттары жоқ. Олардың ойларын эмоциялар билеген, ақын емес.
-Ал эмоциялар ықпалымен пайда болған ойларды, ақылмен пішкен ойлардан қалай айыруға болады? - деп қызықтады Майк.
-Өте оңай. Кейбір адамдар мұндай ойларды жиі қайталайды, - деді бай əке.
-Мысалы: «Heci 6ap, біз бəрімізде жұмыс істеуіміз керек» немесе
«Барлық байларды соттау керек» жəне «Мен басқа жұмысқа кетемін»,
«Менің жалақымнын өсірілуінеқақым бар, маған бұлай қарауға
ешікімді де тырп еткізбеймін» немесе «Маған бұл жұмыс ұнайды, себебі ол тұрақты» деген сияқтылар, ал керісінше «Мен мүмкін
бірдеңені түсінбейтін шығармын?» - дегенді, олар айтпайды.
Нақ осы сұрақ, эмоцияларға біздің ойымызды билеп кетуге
тосқауыл болады жəне байыпты, əрі жан-жақты ойлауға уақыт береді.
Мойындауымыз керек, сол күні бізге маңызды сабақ берілді. Бұл, адамдардың сөйлеуі немесе іс-қимылы эмоциялардың ықпалымен бе, əлде ой елегінің ықпалымен болып тұр ма?-соны қалай ажыратып білу
сабағы еді. Осы сабақ маған өмір бойы пайдасын тигізді, əсіресе өзімді ақыл емес, эмоциялар билеп тұрғандарын сезінгенімде.
Біз қайтадан дүкенге кеттік. Жолшыбай бай əке. Байлардың шындығында «ақша жасайтындығын» түсіндірді. Олар ақша үшін жүмыс істемейді. Біз, Майк екеуіміз, жезден бес центтік ақша жасағанымызда, біздің ойымыз, байлардың ойына өте жақын еді. Мұның проблемасы-тек қана заң жүзінде рұқсат етілмеуі еді. Оны банктер мен мемлекет қана жасай алады, бірақ біз емес. Ол ақша жасаудың заңды да, заңсыз да жолдары бар екенін түсіндірді.
Содан кейін айтқаны: байлар ақшаның-қиял, сағым екенін біледі. Яғни есекке көрсеткен сəбіз секілді теңеу-деді.
Миллиондаған адамдар ақшаны ақиқат, деп есептейді жəне олардың үрейлері мен сараңдықтары осы қиялды қандайды. Шындығында, ақша-бұл жалған. Ол ойын картасынан жасалған үй тəрізді оның құламай түрған себебі: оған көпшілік сенеді.
-Ал шындығында, деді ол «сəбіз» құны, ақшадан жоғары. Ол Американың алтын стандарты туралы жəне əрбір долларлық банкнот- күміс сертификаты екенін айтты. Бір көздерде, біздің алтын стандарты құнсызданып жəне доллар сертификаты болуын тоқтатады,-деген
есек-аяң оны қатты мазалайтын.
-Егерде, балалар, бұл бір кезде болатын болса, нағыз ақырзаман сонда басталады-деді.
Əсіресе, кедейлер, орта класс өкілдері жəне хабары жоқтар
мұның құрмалдықтары болады себебі: олар ақшаның ақиқаттылығына сенушілікті жалғастыра береді жəне үкімет пен компаниялар, өздеріне қамқорлық жасайды, -деп сенеді.
Сол кезде, оның айтқандарын толық түсіне алмадық бірақ жылдар өткен сайын, оның айтқан сөздері біз үшін, үлкен терең ақиқатқа айналған еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет