Бала неғұрлым көбірек сұрақ қойып көп нәрсеге қызыққыш болғандығын қолдау керек. Сұрақ қоймайтын оқушы бала ата-ананың қобалжуын тудыруы керек.
Сұрақ қоя білуге үйрету керек,ең алдымен өз-өзіне. Сөздіктерді қолдануға, кітапханада жұмыс істеуге т.с.с Ата-ана баланың кез-келген сұрағына жауап беруге тырысуы керек.
Отбасы өз білім орталығын құруы тиіс – отбасылық кітапхана , әңгіме, пікірталас түрінде. Балаға кез-келген білім өз пайдасын әкелетінін түсіндіру керек. Барлығын баламен бірлесіп істеуге тырысу керек
Баланың ойланып, ой қорытуына жағдай жасау керек. Ой қорыта білу кез-келген іс-әрекеттің нәтижесі туралы түсінікті қалыптастырады.
Баланы өз істеген жұмысын бағалап, талдауға үйретіңіз. Жұмысындағы қателіктерін көрсету емес сол қателікті таба білуге бағыттаңыз.
Баланың есте сақтау қабілеті мен зейінін дамыту керек.
Баланың кез-келген жетістігін атап өтіп , мақтап, мадақтаған жөн.Бұл баланың өз-өзіне деген құрметін, бағалауын қалыптастырады. Баланың бұрынғы, қазіргі жетістіктерін салыстырып, алға дамуын атап отырыңыз. Бірақ өзге баламен салыстырмаңыз.
Баланың іс-әрекетін бағалай отырып, оның жеке басына көшпеңіз. Өз ата-анасы үшін жеке тұлға ретінде ол әрдайым ең жақсы, ең қымбат. Мысалға былай айтпаңыз: “Сен ылғи да ұқыпсызсың”, керісінше “Сенің мына істеген ісің ұқыпсыз істелді”
Жиі-жиі өзіңізді балаңыздың орнына қойып, сондай жастағы кезіңізді есіңізге түсіріп отырыңыз.
1-сынып оқушыларының ата-аналарына жадынама
1.1-сынып оқушысына толық еркіндік берген ата-ана да немесе қатаң бақылау жасайтын ата-ана да қателеседі. «Үй тапсырмасы саған берілді сен орындауың керек, - бұл кешке жұмыстан шаршап келген ата-ананың сөзі. Бұндай сөзді естіген оқушы сіздің оның мәселелеріне немқұрайлы екендігіңізді естиді. - апасы немересінің портфелін ашып кітап, дәптерлерін көріп жатып «Ал бүгін бізге не берген екен үй жұмысына?»- дейді. Бұндай жағдайда 1-сынып оқушысы оқудың оған емес көбінесе үлкендерге керек екен деп ұғады. Сондықтан тапсырманы да өздері орындай салады деген ой қалыптасады. Ең дұрысы –баланың қасында отырып үй тапсырмасын орындағанын бақылау, кез-келген уақытта көмекке дайын екендігіңді сезіндіру,бірақ өз қалауынсыз жағаласпау. Жұмыстың соңынан кейін нәтижесін сұрау, бірлесіп талдау. 2. Сабақ қарауға мектептен келгеннен кейін 1-2 сағаттан кейін отыруға болады . Бала демалып үлгереді, ойын ойнап шаршап үлгермейді. 3. 15-20 минут тапсырма орындағаннан кейін 5 минут демалтыңыз.
4. Жазбаша, ауызша тапсырмаларды кезектестіріп отырыңыз. Сабаққа дайындалуды күрделі немесе ауқымды тапсырмадан бастаңыз, немесе балаға қиындау соғатын пәннен бастаңыз.