Мектеп өмірінің нормалары мен ережелері көп жағдайда баланың қалауымен сәйкес келмей жатады. Бұл нормаларға бейімделу керек.
Балалар мектепте болып жатқан жағдайларға байланысты таңырқап, қуанып, қызығушылық танытып қана қоймай қобалжу, мазасыздану сезімдерін бастан өткереді.
Бала өзінің мектептегі оқушы екендігін әрдайым сезінен бермейді, бірақ міндетті түрде ол туралы уайымдайды: ол өзінің ересек адамдар қатарына қосылғанын мақтан тұтады.
Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы қалыптасады.
1-сынып оқушысы өзінің іс-әрекеті қоршаған адамдардың көзқарасымен бағаланатынын түсінеді.
Балалар тез қозғыш болып келеді, зейіндері шашыраңқы, өйткені мидың маңдай бөлігі 13 жасқа қарай толық жетіледі.
Мектептің талаптарына бейімделу кезеңі әр оқушыда әртүрлі өтеді, біреулерде 1 ай, келесілерде 1 тоқсан, ал кейбіреулерінде 1 оқу жылына дейін созылуы мүмкін.
Қазіргі 1-сынып оқушысының ерекшеліктері :
Балалардың төлқұжат бойынша және физиологиялық тұрғыдағы даму деңгейлерінде үлкен айырмашылықтар бар. Бірдей контингент болатын сыныптар табу қазіргі таңда өте қиын.
Балалар барлық сұрақтар бойынша жан-жақты ақпараттанған.Бірақ мүлдем жүйесіз.
Қазіргі балалардың “Мен” түсінігі өте күшті және тәртіптері өз өздерін ұстаулары неғұрлым еркін, тәуелсіз.Өз-өздеріне баға берулері жоғары.
Олар ұжымдық ойындар ойнамайды.Бұл ойындарды көбінесе телевизор, комппьютерлер ауыстырған.Сондықтан көп жағдайда балалар өз құрбыларымен қарым-қатынас дағдыларын меңгермеген болып келеді, көпшілікпен өз-өздерін ұстай алмауы мүмкін.