Мобильді кітапхана. Мектепке дейінгі ұйымда балалардың көркем шығарманы тыңдау, түсіну және мазмұнын айтып беру, сондай-ақ балалардың сөйлеуін дамыту мен баланың ертегілер мен кітаптарға қызығушылығын қолдау үшін мектепке дейінгі ұйымның дәлізінде немесе кабинетте мобильді кітапхана ашуға болады. Онда кітаптарды және педагогтердің алдын-ала әзірлеген ертегілері, шығармалары, өлеңдер, тақпақтар және басқалардың аудио жазбасын жылдам жауап беру кодымен (QR) карточкаларға орналастырып, балалардың жасына сәйкес реттілікпен қоюға болады. Мобильді кітапхананы балаларға ыңғайлы жұмсақ төсеніштермен, кресломен, үстел, орындықтармен жабдықтауға болады. Балаларды дамыту мен тәрбиелеуге ата-аналарды тарту үшін, ата-аналар балаларымен бірге шығарманы тыңдауға немесе жаттауға берілген тақпақтарды, өлеңдерді үйде балаға үйретуге жазып алуына және кітапхана қорын құру үшін (аудио жазбаларды балалармен бірге әзірлеу) ата-
16
аналарды баулыған жөн. Мобильді кітапхананы мына сілтемелерден көруге болады: https://youtu.be/-ikRidBn75M
ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптары тәрбиелеу-білім беру қызметін:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына 1-қосымшаға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістерімен) (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 422 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгістерімен) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы
Тәрбиелеу-білім беру процесінде:
әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу жүзеге асырылады;
балалардың құқықтарын, өмірін қорғау, денсаулығын нығайту қамтамасыз етіледі;
салауатты өмір салтының негіздері, қауіпсіз өмір сүру дағдылары, қимыл-қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, әлеуметтік-эмоционалды, когнитивтік дағдылар, өзіне, отбасына, құрдастарына, қоршаған ортаға адамгершілік қарым-қатынасы, тәрбиеленушілердің қарым-қатынас мәдениеті, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздері, патриотизм қалыптасады;
тәрбиеленушілердің физикалық, зияткерлік, танымдық-сөйлеу, көркем-эстетикалық, шығармашылық қабілеттері дамиды;
Отанға, ана тіліне сүйіспеншілік тәрбиеленеді;
17
баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беріледі.
Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
«Дене шынықтыру» ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына үш рет мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді, ол қимыл белсенділігі, денешынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгі жаттығу, сергіту сәті, шынықтыру шаралары), мәдени-гигеналық дағдылар, ойын әрекеті, дербес белсенді және т.б. әрекеттер арқылы күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады.
Балалардың дене белсенділігін арттыру үшін қимылды ойындарға соның ішінде ұлттық қимылды ойындарға басымдық беру және балалардың дербес қимылды әрекетін таңертең, таңғы астан соң, серуен кездерінде, ұйқыдан соң өткізу ұсынылады.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды қарастырады.
Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, қазақ тілі (мектепке дейінгі ұйым кестесіне сәйкес аптасына ортаңғы және ересек топта бір рет, мектепалды топта
рет) ұйымдастырылған іс-әрекеті қарым-қатынас, заттық әрекет, ойын әрекеті, еңбек әрекеті, бейнелеу, шығармашылық әрекет (балаларға кітап оқып беру, кітаптарды, иллюстрацияларды қарау) театрландырылған, дербес және басқа да әрекет түрлері арқылы күн сайын күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады.
https://youtu.be/roI7pOZu_m8 https://youtu.be/DCC9kPGsjuc
Балалардың сөйлеуін тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерде ғана емес, күні бойы режимдік сәттерде, еркін ойын кезінде оларға түрлі сұрақтар қою (сұрақтарды қойғанда «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін жалпы сұрақтар немесе барлығы қосылып жауабын бірге айтуға арналған сұрақтар емес, әрбір бала жеке жауап бере алатындай сұрақтар) арқылы, балаларды көбірек сөйлесуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, олармен кез-келген мәселе бойынша әңгімелесіп, олардың пікірін тыңдау және т.б. арқылы дамыту
Ортаңғы топтан бастап мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.
18
ұсынылады.
https://youtu.be/U3fbASzPj8M
https://youtu.be/tbSkOWFE-tE
https://youtu.be/CmzSU0nBwFM
https://youtu.be/NBf6O822HxA
https://youtu.be/JOYwSrghVt0
https://youtu.be/kuY4q7HNGE0
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады.
Бөбек жасы балалары үшін сенсорика бойынша заттарды, ойыншықтарды өз бетінше зерттеуіне көңіл бөлінеді, олардың түсін, пішінін, көлемін ажыратып, салыстыруға баулу көзделеді. Баланың затты немесе ойыншықты ұстап көріп, зерттеп, өздігінен тәжірибе жинақтауына басымдық беру ұсынылатын болғандықтан, педагог ауызша сөзбен айтып түсіндіруді барынша жетекші сұрақтарды жиі қолдану тәсіліне қарай бағыттағаны дұрыс болады.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін математика негіздерін күн сайын дидактикалық ойындар, танымдық әңгімелер, бейнелеу және құрастыру әрекеті, эксперимент жасау, математикалық мазмұндағы театрландырылған әрекет, әңгіме, дербес және басқа да әрекеттер арқылы ойын түрінде ұйымдастыруға болады. Мұнда ұйымдастырылған іс-әрекет барысында берілген ұғым, түсініктерді (заттардың түсі, көлемі, пішіні, саны, кеңістікте орналасуы және т.б.) еркін ойында және режимдік сәттерде балалардың жасына сәйкес бекіту, ол үшін сәйкес сұрақтар қойып, балалардың жеке жауаптарын тыңдау, балалардың математика терминдерін қолданып жауап беруіне, заттарға өз бетінше зерттеу жүргізуіне игерген дағдыларын қолдануына мән беру ұсынылады.
Қоршаған ортамен танысу күн сайын объектілер мен заттарды бақылау (тірі және өлі табиғат) зерттеу, материалдармен эксперимент жасау, педагогтің сәйкес ақпаратты оқып беруі, кітаптарды және иллюстрацияларды қарау, әңгімелесу, қарым-қатынас, ойын әрекеті арқылы іске асырылады. Мұнда балалардың заттарды қолмен ұстап, зерттеуі, олардың қасиеттеріне талдау жасауы, заттарды қолдануы, туындаған сұрақтарға жауап беруі, өз бетінше сұрақтардың жауабын іздеуі мен табуы, алынған дағдыларды ойында қолдана алуы маңызды.
Қоршаған ортамен танысу баланың «Мен» бейнесінің пайда болуына барынша ықпал етеді. Сол себепті отбасы, түрлі мамандықтар, ересектердің еңбегі, туған жер, Отан, отан қорғаушылар туралы және т.б. түсініктер мен дағдыларын, патриоттық сезімін қалыптастыру үшін балаларды қазақ халқының ұлттық
19
құндылықтары, отбасылық құндылықтар арқылы тәрбиелеуге басымдық беру көзделеді.
https://youtu.be/3LQLLExzMEQ
https://youtu.be/nDEdoNTZLHI
https://youtu.be/3nV58sf7d4c
https://youtu.be/DCC9kPGsjuc
https://youtu.be/tRNz0tNp-5w
Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру күн сайын тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде ғана емес, сондай-ақ балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, басқа уақытта да ұйымдастырылады және бірнеше жұмыс түрі қатар жүруі мүмкін немесе көпшілігінің қалауы бойынша барлығы бір жұмыс түрімен айналысуына болады.
Балалар айналадағы болып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп, тәжірибе жинақтауы және дағдыларды игеруі үшін олардың қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін ашу ұсынылады, ол үшін балаларға жұмыс жасауға дайын үлгі беруді жиі қолданбау, бейнелеу құралдарын қолданып, бейнелерді, құрастыруларды өз бетінше жасауға ынталандыру, оларға еркіндік беру, тапсырманы шығармашылықпен орындауға баулу.
https://youtu.be/C2wSO2OfNf4
https://youtu.be/tTQ1_FFBNoU
https://youtu.be/SMh2if_2C_w
https://youtu.be/a97SJ8yKVz8
«Музыка» ұйымдастырылған іс-әрекеті ерте, кіші, ортаңғы топтарда аптасына бір рет, ересек және мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында аптасына екі рет музыка жетекшісімен мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, балалар музыка аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт бөлінеді.
https://youtu.be/E2Y74hlfsK
Тәрбиелеу-білім беру процесінде мектепке дейінгі ұйымдағы іс-шаралардан тұратын күн тәртібіне (балаларды қабылдау, таңертеңгі жаттығу, тамақтану, серуендеу, күндізгі ұйқы, шынықтыру шаралары, балалардың үйге қайтуы) сәйкес балалар іс-әрекетінің түрлері (ұйымдастырылған іс-әрекет, ойын, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, эксперименталдық, еңбек, заттық, қимылдық, бейнелеу) қарастырылады.
https://youtu.be/sDennIwHDVY
Достарыңызбен бөлісу: |