Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения


Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық



бет8/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Топта ұйымдастырылған орталықтарда балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыруға қажетті заттар мен материалдарды әзірлеу.




Ұйымдастырылған іс-әрекеттер

22
Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілі (штаттық кестеге сәйкес қазақ тілі маманы болған жағдайда), дене шынықтыру және музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері кестесі бойынша өткізіледі. Ал қалған ұйымдастырылған іс-әрекеттер әр баланың қызығушылықтары, ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, балалардың түрлі әрекеттері арқылы ойын түрінде кіріктіріп ұйымдастырылады.


https://youtu.be/7ioJrFhmMaY


https://youtu.be/uJvqCZdP6hE

https://youtu.be/029aIRAlhNs


https://youtu.be/40ekBGUJAdI
https://youtu.be/gZcsnfMC7Gc
https://youtu.be/DkodW3zczd4
https://youtu.be/myhLroyBzUg

Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған іс әрекеттерді тек топ бөлмесінде ғана емес сондай-ақ жатын, қабылдау бөлмелерінде, арнайы кабинеттер болған жағдайда кабинеттерде, дәліздерде, ойын алаңдарында, серуен кезінде және т.б. балаларға ыңғайлы жағдайларда өткізу ұсынылады.


https://youtu.be/vnjWh2SoPx8


https://youtu.be/tTQ1_FFBNoU
https://youtu.be/zsQOY1m5CN0
https://youtu.be/c9hG0RCd7

https://youtu.be/OjP26xfm4NE


Ұйымдастырылған іс-әрекеттерді өткізуде балалар қызығушылықтарына сәйкес үнемі белгілі орталықтарды ғана таңдауына жол бермеу үшін топтағы барлық орталықтарды балалар әрекетіне қажетті заттар мен материалдармен толықтырып, өткізілетін ойындарды алдын-ала ойластыру ұсынылады.


https://youtu.be/mmbjtqTO1lk


https://youtu.be/GGqFAxxs-7Q


https://youtu.be/CzUjbhXWfBI
https://youtu.be/qTssLFG2PYk

Мектепалды топта, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпта ұйымдастырылған іс-әрекеттің саны аптасына - 20 сағатты, мектепалды жастағы балалардың құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша бір ұйымдастырылған іс-әрекеттің ұзақтығы 20-25 минутты құрайды.


Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектепалды топтарда балалардың қызығушылықтары ескеріліп, ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу күні бойы кіріктірілген түрде немесе жеке жоспарланады.


https://youtu.be/RZs5fYA5sHg


https://youtu.be/wFuUz2s_Yr0
https://youtu.be/LcskX49cFTY

Мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныптарда балалардың қызығушылықтары ескеріліп, ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу күннің бірінші немесе екінші жартысында білім беру ұйымының оқу-тәрбиелеу


23
процесінің кестесіне сәйкес кіріктірілген түрде немесе жеке жоспарланады. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы)


мектепалды сыныпта тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының 1- қосымшасына «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттар тізбесіне» сәйкес [10] педагог ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспарын әзірлейді, апта сайын циклограмма құрады.


Перспективалық жоспарды Үлгілік оқу жоспары мен Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес тәрбиеші жас тобында жұмыс істейтін педагогтермен (қазақ тілінің мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен) бірлесіп және мектепалды сынып тәрбиешісі оқу жылы басталғанға дейін бір рет жасайды. Перспективалық жоспарда балалардың жасына сәйкес Үлгілік бағдарламада берілген міндеттер әрбір айға бөлініп алынады. Міндеттерді балалардың игеруіне сәйкес бірнеше рет қайталап алуға, өзгертуге немесе түрлендіруге болады.


Циклограмманы тәрбиеші жас тобында жұмыс істейтін басқа педагогтермен (қазақ тілінің мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен) бірлесіп жасайды. Циклограммада ұйымдастырылған іс әрекеттер мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібіне сәйкес күннің бірінші және екінші жартысында жоспарланады. Циклограммада педагог ұйымдастырылған іс-әрекеттер бойынша Перспективалық жоспарда айқындалған міндеттерді кіріктіре отырып, шешу үшін, ұйымдастыратын түрлі балалар әрекетін (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) айқындайды https://youtu.be/EWQqkx3Xf74


Балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыруда баланың ынтасын, пікірін және тілегін ескере отырып, ойын түрінде, барлық балалармен бір уақытта ғана емес, сонымен қатар шағын топтармен өткізу, балалар әрекетінің бірнеше түрі қатар ұйымдастырылған жағдайда балаларға аталған әрекеттердің бір түрінен өзін қызықтыратын басқа екінші әрекетке ауысуға рұқсат ету, қызығып орындап отырған баланы басқа балалармен бірге еріксіз келесі әрекетке көшірмеу ұсынылады.


https://youtu.be/X8n9h0o7dM0






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет