1. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:
1.1. Монологтық сөйлесім бойынша:
- мәтін мазмұны бойынша ойын еркін жеткізу;
- берілген тақырыпқа байланысты алдын ала дайындалып, күрделі емес баяндама жасау.
1.2. Диалогтық сөйлесім бойынша:
- мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестері арқылы сұхбаттаса алу;
- тақырып көлемінде ой бөлісіп, пікірлесу;
1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:
а) лексика;
ә) грамматика;
б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы.
1.4. Жазбаша түрде: берілген лексикалық тақырып аясында өз көзқарасын білдіріп, шағын эссе жазу.
Оқушы:
- оқушы сөйлесім барысында кез келген тақырыпта термин сөздерді тиімді қолданып, өз пікірін басқа пікірлермен салыстыра отырып жүйелі жеткізе алуы;
- медиақұралдарды пайдаланып, ғаламдық мәселелермен үндестіріп, сөйлеушілердің пікіріне баға беріп, өз ойын креативті үлгіде айта алуы;
- грамматикалық, синтаксистік, стилистикалық нормаларға сәйкес, оларды тілді қолдану үдерісінде пайдалана білуі тиіс.
7-модуль. Қазақстан экономикасының дамуы (8 сағат)
Экономикалық білім – заман талабы
Қазақстандағы нарықтық экономиканың дамуы. Қазақстан экономикасының қайнар көзі. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта. Сауда өнімдері. Қазақстан банктері. Ұлттық банк. Қазақстанның ұлттық теңгесі. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.
Достарыңызбен бөлісу: |