Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Қазақ тілі пәнінен ұсынылатын білім мазмұны бойынша 12-сынып оқушылары:
Тыңдалым бойынша:
- хабарламаны тыңдай отырып, әдеби нормаға сай сөйлемдерді, нақты айтылған ойды, тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды түсіне және өмірде қолдана алу, ғаламдық тақырыптағы мәтіндерде көтерілген мәселенің астарлы ойын, сөйлеушілердің ойын толық түсінуі тиіс.
Айтылым бойынша:
- өз ойын жеткізу барысында түрлі оқиғалар, өзінің алдына қойған мақсаттары туралы айта алуы, өз көзқарасы мен ұсыныстары туралы пікір білдіруі, өз ойын жеткізу барысында түрлі оқиғалар, өз арманы, үміті, жоспарлары жайлы айта білуі тиіс.
Оқылым бойынша:
- мәтін бөліктерінің өзара байланысын ажырата отырып, күнделікті және өзінің жеке өмірі мен отбасы тәрбиесіне байланысты мәтіндерді оқып түсінуі, адамның көңіл-күйіне қатысты және сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғынуы тиіс.
Жазылым бойынша:
- ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын, өзіне қызықты әрі қажетті мағлұматтарды қамтитын қысқа мәтіндерді жазып, берілген мәтінді түріне қарай ажырата, негізгі ойды тілдік қатынаста басқаға жеткізе білу, мәтіндегі тілдік көркем-бейнелегіш құралдарды таба біліп, салыстыруы тиіс.
Лексика:
Сөздің тура және ауыспалы мағынасын ажырата;
Тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, афоризмдер, омоним, антоним, синоним сөздерді сөйлеуде қолдана білуі тиіс;
Грамматика:
Сөз таптарының сөйлемдегі синтаксистік қызметін ажырата;
Құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата;
Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің айырмашылықтарын меңгере білуі тиіс.
Оқушылардың өздік жұмысының тақырыптары
Достарыңызбен бөлісу: |