|
|
|
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
АМБУЛАТОРЛЫҚ-ЕМХАНАЛЫҚ ПЕДИАТРИЯ КАФЕДРАСЫ
СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
|
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
№5 тақырып: «Жүрек қан тамыр жүйесі және асқазан – ішек жолдары аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау».
Дайындаған: доц. Сарбасова Ж.О.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012 ж.
«Бекітемін»
Каф.меңгерушісі, профессор Дадамбаев Е.Т.
1. №5 тақырып: «Жүрек қан тамыр жүйесі және асқазан – ішек жолдары аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау».
2. Мақсаты:
Студенттерде жүрек қан тамыр жүйесі және асқазан-ішек жолдары аурулары бойынша қатер тобын анықтау, амбулаторлық емдеуге, стационарға жатқызуға көрсеткіштерді және клиникалық көріністерді анықтауға мүмкіндік беретін шеберлікті қалыптастыру.
Жүрек қан тамыр жүйесі және асқазан-ішек жолдары аурулары бар балаларға диагноз қою, емдеу және диспансерлік бақылау мәселесі бойынша алған білімдерін тәжірибеде қолдануды қалыптастыру.
Клинико-зертханалық мәліметтерді сыни түрде бағалау шеберлігін және клиникалық белгісі ұқсас аурулармен салыстырмалы диагноз қою дағдыларын меңгеру.
Клиникалық ойлау негіздерін, науқастармен, оның туыстарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын, әріптестерімен медициналық этика және деонтология ережесін сақтау дағдыларын, кәсіптік білім алу қажеттігіне және пәнді оқуға қызығушылығын қалыптастыру.
3. Оқыту талаптары:
Жүрек-қантамыр және асқазан ішек жолдары аурулары бар балаларды емдеу, профилактикасы, диспансерлік бақылау жоспарын жасау, диагноз қою дағдыларын қалыптастыру және бекіту.
Студенттерде нақты және толық клинико-эпидемиялық анамнез жинау үшін науқас және оның туыстарымен сенімді қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту.
Әріптестерінің пікірін ескере отырып шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
4. Өткізу түрі: дәрігермен бірге педиатриялық учаскедегі жұмыс (амбулаторлық қабылдау, үйде қызмет көрсету)
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
№1 тапсырма. Ревматизм, туа біткен жүрек ақауы, ЮРА, ДБСТ, ревматикалық емес кардит, вегето-тамырлық дистония, асқазанның және 12 елі ішектің ойық жарасы, созылмалы гастрит және гастродуоденитпен ауырған науқастарға диагноз қою.
№2 тапсырма. Диагноз қоюға негіз болған критерилердің алгоритмін дайындау.
№ 3 тапсырма. Науқасты ары қарай жүргізу тактикасын дайындап, оны негіздеу (кезеңді емдеу). Ауруханаға жатқызуға және амбулаторлық емдеуге көрсеткіштер.
№ 4 тапсырма. Тексерудің негізгі әдістерін анықтау.
№ 5 тапсырма. Осы аталған аурулары бар балаларды емдеудің алгоритмін дайындап, оны негіздеу.
№ 6 тапсырма. Осы аталған аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау жоспарын жасау.
№ 7 тапсырма. Осы аталған аурулары бар балаларды оңалту жоспарын жасау.
№ 8 тапсырма. Осы аталған аурулары бар балаларға профилактикалық шаралар жоспарын жасау.
6.Тарату материалы: баланың даму тарихы (112/у ф.), оқулықтар, материалдың электронды түрі
7.Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Шабалов Н.П. Детские болезни . С-Пб, 2008.
2. Детские болезни: учебник+СД/ под ред.А.А.Баранова, 2 изд.М.2007
3. Под ред.Баранова А.А. Руководство по амбулаторно-поликлинической педиатрии. М. 2006.
4. Рахимова К.В., Девятко В.Н. Организация диспансерного наблюдения за детьми в амбулаторных условиях. Алматы, 2005.
Қосымша:
1.Ахмедов. Немедикаментозные методы реабилитации при заболеваниях ЖКТ у детей и подростков. Харьков, 2003.
2. Айтбаев Ш.К. и соавт. Хронический гастрит у детей. Метод.рекомен. Алматы, 1999.
3. Мутафьян М. Врожденные пороки сердца у детей. СПб., 2002.
4.Мутафьян М. Артериальные гипертензии и гипотензии у детей и подростков. СПб., 2002.
5.Орлова Н.В., Парийская Т.В. Справочник педиатра. М., 2001.
6.Мутафьян М. Кардиомиопатии у детей и подростков. СПб., 2002.
7.Белозеров. Детская кардиология. М., 2004
8. Ширяева К.Ф. Диспансерное наблюдение детей в поликлинике. Л., 1984.
9. Бельмер Гастроэнтерология детского возраста. М., 2003 .
10. Козловский Основы детской гастроэнтерологии. Минск, 2002.
7.Бақылау
Меңгерген компетенцияларды бағалау әдістері:
№р/с
|
Қолданылған бағалау әдісі
|
Бағаланатын компетенция
|
1
|
Педиатриялық учаскедегі жұмыс (амбулаторлық қабылдау, үйде қызмет көрсету).
|
Когнитивті, операциялық, аксиологиялық, құқықтық компоненттер
|
2
|
Диагноз қою критерилерінің, емдеу, оңалту, диспансерлік бақылау және профилактиканың алгоритмін жасау.
|
Когнитивті, операциялық, аксиологиялық, құқықтық компоненттер
|
Тәжірибелік сабақтың жоспары және ұйымдастыру құрылымы
№
|
Сабақтың кезеңі
|
Сабақ өткізу құралы
|
Хронометраж
|
1
|
Оқытушымен бірге жұмыс:
-Амбулаторлық қабылдаудағы жұмыс немесе үйде қызмет көрсету
|
Педиатриялық учаске, фонендоскоп, сантиметрлік лента, тонометр
|
13.30-14.45
|
2
|
Үзіліс
|
|
14.45-15.00
|
3
|
Оқытушымен бірге жұмыс:
-Амбулаторлық қабылдаудағы жұмыс немесе үйде қызмет көрсету.
Осы сабақтағы игерген компетенцияны бағалау арқылы сабақ қорытындысы
|
Педиатриялық учаске, фонендоскоп, сантиметрлік лента, тонометр. Оқу журналы, компетенцияларды бағалау критерилері
|
15.00-16.15
|
|
Қорытынды
|
|
3 академиялық сағат (150 минут) немесе 2,5 астрономиялық сағат
|
Достарыңызбен бөлісу: |