К) Ауру сөзіне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңіз.
1
|
Өкпесін сүйретіп жүру
|
а
|
аурудан айығу
|
2
|
Аурудың беті бері қарау
|
ә
|
аурудан әбден жазылу
|
3
|
Айналдырған ауру
|
б
|
кенеттен ауырып қалу
|
4
|
Құлан таза айығу
|
в
|
ұзаққа созылғандерт
|
5
|
Қалпақтай ұшу
|
г
|
емделмей жүре беру
|
Л) Сөйлемдердегі фразалық тіркестерді қажетті формаға қойыңыз.
Омардың анасы бауыр сырқатымен ұзақ ауырып, ақыры айналдырған ауру________ қайтыс болды.
Екі жылдай тұмаумен ауырмай жүр едім, кеше қалпақтай ұш___________.
Ол неге дәрігерге көрінбейді, өкпесін сүйретіп қашанға дейін жүр_____________?
Бұл ауруға қарсы қабылданатын аса күшті дәрілер бар, оны дәрігердің белгілеуімен дұрыс пайдалансаңыз, құлан таза айығ__________________________ .
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 45-47 беттер.
2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.
3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 61-67 беттер.
Қосымша әдебиеттер:
1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.
2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№5 Тақырыбы: Cырқатнама, оның құрылысы
Омоним, синоним, антонимдер
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Cырқатнама, оның құрылысы
Омоним, синоним, антонимдер
2. Мақсаты:
- сырқатнама, оның құрылысы туралы мағлұмат беру;
- сырқатнама, оның құрылысы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;
- сырқатнама, оның құрылысы туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;
- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;
- омоним, синоним, антонимдерді практикалық жолмен меңгерту;
- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;
3. Міндеті:
1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;
2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;
3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;
4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.
4. Негізгі ұғымдар:
а) лексикалық материал бойынша
1. Сырқатнама, оның құрылысы туралы.
2. Төлқұжат бөлімі туралы.
3. Аурудың шағымдары туралы.
4. Қазіргі (осы) аурудың даму тарихы бөлімі туралы.
5. Науқас адамның өмірбаяны бөлімі туралы.
6. Науқастың қазіргі жалпы жағдайы туралы.
ә) грамматикалық материал бойынша
1. Омоним туралы түсінік.
2. Синоним туралы түсінік.
3. Антоним туралы түсінік.
5. Сабақ өткізу жоспары:
А)Ұйымдастыру (2-3 минут).
Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).
Б) Жаңа сабақты түсіндіру.
- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.
- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).
- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)
В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.
7. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук, сырқатнама кестесін, оқу құралдарын пайдалану.
8. Тапсырмалар:
А) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен таныстыру.
шағым – жалоба
дел-салдық – состояние апатии; обессилеть
күйгелектік – нервозность; раздражительность
ентігу – одышка
сыздап ауыру – ноющая боль
солқылдап ауыру – пульсирующая боль
шаншып ауыру – колющая боль
бүріп ауыру – сжимающая боль
қуқыл – бледный
қыжылдау – изжога
кекірік – отрыжка
Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру.
Қосалқы, тән, туа біткен кемістіктер, тұқым қуалаушылық, ұйқысыздық, болжама себептері, бәсеңсіген кезеңдері, , ауырудың көрші аумақтарға берілуі, мұңды кескін, немқұрайды кескін, көгеріп кеткен, сарғайған, сұрланған.
Б) Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтарға дайындалу, асты сызылған сөздердіңсинонимін, антонимін, омонимін табу.
Сырқатнама мынандай бөлімдерден тұрады:
Төлқұжат бөлімі;
Аурудың шағымдары;
Қазіргі (осы) аурудың даму тарихы;
Науқас адамның өмірбаяны;
Аурудың қазіргі жалпы жағдайы.
Төлқұжат бөлімінде науқас адамның тегі, аты, әкесінің аты, жасы, жынысы, ұлты, кәсіби мамандығы, жұмыс орны және ауруханаға түскен күні анықталады .
Аурудың шағымдары: Бұл бөлімде науқастың ауруханаға алғаш түскендегі барлық шағымдары анықталып жазылады. Шағымдар негізгі және қосымша деп сарапталуы керек.
Негізгі шағым әр мүшенің, не әр жүйенің ауруына тән шағымдар, мысалы, тыныс алу жүйесінің – жөтел, қақырық, ентігу т.б. Негізгі шағымдар аурудың пайда болу кезеңіне сәйкес келеді және оларға жан-жақты сипаттама беріледі. Мысалы, ауырудың сипаты: сыздап, солқылдап, шаншып, батып, бүріп ауыру т. б. Қалай ауыратыны (ұзақтығы) көрсетіледі: ұдайы немесе оқтын-оқтын, ауырудың орналасқан аумағы, ауырудың көрші аумақтарға берілуі, ауырудың күшінің қарқыны: ақырын, орташа, қатты, өте қатты. Мысалы: асқазанның қатты сыздап, ұдайы ауыруы, тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағаттан кейін оң жақ белге берілуі, дәрі ішкеннен кейін басылуы. Кейде асқазанның қыжылдауы, кекірік болуы, т. б.
Қосымша шағымдар ағзаның патологиялық процеске байланысты жалпы ерекше күй-жайын ғана көрсетеді. Қосымша шағымдарға, мысалы, әлсіздік, дел-салдық, терлеу, ұйқысыздық, күйгелектік т.б. жатады. Бұл шағымдардың сипаттамасы әр түрлі ауруларда бірдей болуы мүмкін.
Қазіргі (осы) аурудың даму тарихы. Аурудың даму тарихын зерттегенде анықтау керек жағдайлар: аурудың басталуы (аурудың қашан және қалай басталғаны), оның даму ерекшеліктері, аурудың пайда болуына әсер еткен болжама себептері ( суық тию, ауыр жұмыс істеу, көңіл-күй күйзелістері, жағымсыз тамақ қабылдау), аурудың алғашқы белгілері мұқият анықталуы керек. Дерттің нашарлауы мен бәсеңсіген кезеңдеріне, жүргізілген тексерулер және олардың нәтижелері, ауруханада жасалған ем және оның нәтижелері жазылады. Кейінгі жылдары дерт қайталанды ма, асқыну себептері, қандай жаңа белгілер пайда болды, дәріні көтеру қабілеті және ауруханаға қалай түсті (жедел жәрдем арқылы, әлде өз дәрігерінің жіберуімен бе) – осы жағдайлар жазылуы керек.
Ауру адамның өмірбаяны. Ауырған адамның өмірбаяны (қысқаша): туған жері, ата-анасының нешінші баласы, әлеуметтік жағдайы, туа біткен кемістіктері, бұрын сары аурумен, созылмалы аурулармен ауырған-ауырмағаны, мектепке дейін және мектеп жасында ауырған сырқаттары, еңбекке араласуы, мамандығына байланысты, жұмыс орнындағы жайлы-жайсыз жағдайлар, үйленуі, тұрмысқа шығуы жөнінде мәліметтер, тұрмыс жағдайы, тамақтану тәртібі, зиянды әдеттері, алған жарақаттары, осы аурудың пайда болуына себеп болды дейтіндердің бәрі және аллергиялық анамнез – дәріні, тағамдарды, вакциналарды қалай көтеретіні көрсетілуі керек.
Аурудың қазіргі жалпы жағдайы. Аурудың жалпы жағдайы, яғни кеселдің ауырлығы: орташа, қанағаттанарлық, ауыр (нашар), өте ауыр (өте нашар) деп анықталуы тиіс, сондай-ақ, ақыл-есі (есі бар, есін білмейді, не есінен танады, сандырақтайды, т. б.) көрсетіледі.
Науқастың өзі қозғалып жүріп-тұруы, өзі қозғалып жүріп-тұра алмауы, бет-әлпеті (әдеттегідей, мұңды, немқұрайды кескін), бойы, салмағы, дене қызуы, дене терісінің (қуқыл, қызарған, көгеріп кеткен, сарғайған, сұрланған, т. б.) түсі жазылады.
В) Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қою.
ауру... шағымдары
қазір... жағдайы
аурухана... түскен күні
шағымдар... сипаттамасы
асқазан... қатты сыздауы
сол жақ бел... берілуі
дәрі ішкен... кейін
аурухана... жасалған ем
ата-анасының әлеумет... жағдайы
тұрмыс... шығуы туралы
ауру... пайда болуына
кейін... жылдары
асқазан... қыжылдауы
көрші аумақтар... берілуі
Г) Төмендегі мақал –мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру, асты сызылған сөздердің синонимін, антонимін, омонимін табу.
Мысқалдап шығады.
Басың ауырмасын.
Тұман аяғы – жұт.
Бас ауырса, жан тәтті.
9. Бақылау жұмыстары:
Когнитивті – білім компетенциясы бойынша
Ғ) Сөйлемдерді мағынасына қарай толықтыру.
Төлқұжат бөлімінде науқас адамның тегі, аты, әкесінің аты, жасы, жынысы, ұлты, кәсіби мамандығы, _______ жағдайы анықталады.
Негізгі шағым әр ағзаның, не әр жүйенің ауруына тән шағымдар – жөтел, қақырық, _____ т.б. Негізгі шағымдар аурудың пайда болу кезеңіне _____ келеді.
Қосымша шағымдар ағзаның патологиялық процеске байланысты жалпы ерекше күй-жайын ғана көрсетеді. Бұл шағымдардың _____ әр түрлі ауруларда бірдей болуы мүмкін. Қосымша шағымдарға, мысалы, әлсіздік, дел-салдық, терлеу, ____ т.б. жатады.
Ауру тарихын ____ анықтау керек жағдайлар: аурудың басталуы (аурудың қашан және қалай басталғаны), оның даму ерекшелектері: аурудың пайда болған себебі, өткізілген тексерулер және олардың ____ жасалған ем және оның нәтижесі.
Ауырған адамның өмірбаяны (қысқаша), науқас адамның ауырған аурулары, еңбек және тұрмыс жағдайы, ____ әдеттері жазылуы тиіс.
Операционалды – дағды компетенциясыбойынша
Д) Cіз болашақ дәрігерсіз. Бөлімшеңізге түскен науқас жайлы мәтіндегі үлгі бойынша сырқатнама толтырыңыз.
Төлқұжат бөлімі:
Науқастың шағымдары:
Қазіргі (осы) аурудың даму тарихы:
Науқастың өмірбаяны:
Аурудың қазіргі жалпы жағдайы:
Коммуникативті компетенциябойынша
Е) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Қай бөлімде науқастың жасы, жынысы анықталады?
Аурудың шағымдары нешеге бөлінеді?
Негізгі шағымда не жазылады?
Қосымша шағымдар нелерді білдіреді?
Аурудың даму тарихы не жайлы?
Науқастың өмірбаянына не кіреді?
Аурудың қазіргі жалпы жағдайы бөлімінде не туралы жазылады?
Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша
Ж) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.
Дерттің нашарлауы мен бәсеңсіген кезеңдеріне, жүргізілген тексерулер
|
ауруханаға алғаш түскендегі барлық шағымдары анықталып жазылады.
|
Асқазанның қатты сыздап, ұдайы ауыруы, тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағаттан кейін
|
және оларға жан-жақты сипаттама беріледі.
|
Аурудың шағымдары деген бөлімде науқастың
|
және олардың нәтижелері, ауруханада жасалған ем және оның нәтижелері жазылады.
|
Аурудың жалпы жағдайы деген бөлімде кеселдің ауырлығы орташа, қанағаттанарлық, ауыр (нашар), өте ауыр (өте нашар) деп анықталуы тиіс,
|
олардың нәтижелері, ауруханада жасалған ем және оның нәтижелері жазылады.
|
Дерттің нашарлауы мен бәсеңсіген кезеңдеріне, жүргізілген тексерулер және
|
сондай-ақ, ақыл-есі, сана-сезімі (есі бар, есін білмейді не есінен танады, сандырақтайды, т. б.) көрсетіледі.
|
Негізгі шағымдар аурудың пайда болу кезеңіне сәйкес келеді
|
оң жақ белге беріледі, дәрі ішкеннен кейін басылады.
|
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 53-56 беттер.
2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 50-52 беттер.
3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 67-70 беттер.
Қосымша әдебиеттер:
1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.
2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№6 Тақырыбы: Жүрек-қан тамырлар жүйесі
Көмекші есімдер
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Жүрек-қан тамырлар жүйесі
Көмекші есімдер
2. Мақсаты:
- жүрек-қан тамырлар жүйесітуралы мағлұмат беру;
- жүрек-қан тамырлар жүйесітуралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;
- жүрек-қан тамырлар жүйесітуралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;
- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;
- көмекші есімдер туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;
- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;
3. Міндеті:
1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;
2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;
3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;
4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.
4. Негізгі ұғымдар:
а) лексикалық материал бойынша
1. Жүрек-қан тамырлар жүйесітуралы.
2. Жүрек-қан тамырлар жүйесітуралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.
3. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің туралы.
ә) грамматикалық материал бойынша
Көмекші есімдер туралы түсінік.
5. Сабақ өткізу жоспары:
А)Ұйымдастыру (2-3 минут).
Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).
Б) Жаңа сабақты түсіндіру.
- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.
- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).
- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)
В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.
7. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук,жүрек-қан тамырлар жүйесінің суретін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.
8. Тапсырмалар:
А) Тақырыбына қарап, мәтіннің не туралы екеніне болжам жасаңыз.
Ә) Егер мәтін адамның жүрегі, қан тамырлары туралы болса, онда қандай мәселелер жөнінде айтылуы мүмкін?
Б) Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.
Жүрек кеуде қуысының сол жағына жақын орналасады. Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300 г., ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгеше болады. Жүрек бірнеше қабаттан тұрады. Бірінші қабаты өте жұқа қабықша эпикард деп аталады. Екінші қабаты бұлшық еттен тұрады. Мұны миокард деп атайды. Үшінші қабаты жүректің ішкі жағы, оны эндокард дейді. Бұл қабаттың астында өте көп жүйке талшықтары орналасады.
Адамның жүрегі төрт бөліктен тұрады: екі құлақша, екі қарынша. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, соңдықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.
Жүректің жұмысы өте күрделі. Жүрек жұмысы үш кезеңнен тұрады: құлақшаның жиырылуы, босаңсуы және үзіліс. Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.
Ересек адамның жүрегі минутына 70-75 рет жиырылып, босаңсиды. Мұны жүректің жұмысы немесе соғуы дейді. Егер жүрек жылдам соқса, онда қан жылдам айналады.
Жүректің соғуы адамның денсаулығына, оның еңбек етуіне, айналадағы жағдайларға және тағы басқа әсерлерге байланысты. Адам ұйықтағанда жүрегі баяу соғады, ал дене еңбегі кезінде жылдам соғады.
Қан тамырларына күретамырлар, көктамырлар, қылтамырлар жатады. Күретамырлар мен көктамырлар аралығында қылтамырлар бар.
Оттегіне қаныққан алқызыл түсті қан күретамырлармен ағады. Жүрек жиырылғанда қанды күретамырларға үлкен қысыммен айдайды. Ең үлкен күретамыр қолқа деп аталады. Күретамыр жүректің сол құлақшасынан басталады. Онда қан жоғары қысыммен ағады. Күретамырдың қабырғасы қалың, мықты және серпімді болады. Күретамырлар бұлшық етке батыңқырап орналасады да, тарамдалып қылтамырларға бөлінеді, қылтамырлары арқылы зат алмасу әрекетіне қатысады. Адам ағзасында 150 млд-тай қылтамыр бар. Қылтамырлардың бәрін қосқанда жалпы ұзындығы 100 000 шақырымға дейін жетеді.Қылтамырлар қабырғасы арқылы оттегін ұлпаға, жасушаларға тасып, олардан көмір қышқыл газын сіңіреді. Сондықтан қанның құрамында оттегі азаяды да, көмір қышқыл газы көбейеді. Қанның түсі өзгеріп, көктамыр қанына айналады. Қан қылтамырдан көктамырға өтеді де, одан соң жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды. Көктамырда қан қысымы төмен болады. Қан айналу жүйесі бір-бірімен байланысты үлкен және кіші қан айналым шеңберінен тұрады. Үлкен қан айналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан қолқа арқылы басталып, бүкіл денеге тарайды, одан көктамыр арқылы келіп оң жүрекшемен аяқталады. Кіші қан айналым шеңбері оң қарыншадан басталады. Ол өкпе күретамыры мен қылтамырлар арқылы өтіп, сол жүрекшемен аяқталады.
Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Онсыз адам өмір сүре алмайды. Қан тамырмен бойлай ағып, көптеген қызмет атқарады. Ол оттегін өкпеден жасушаларға тасып, оның орнына көмір қышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді. Сөйтіп, тыныс алу қызметін атқарады. Ас қорыту мүшелеріндегі қоректік заттарды өзіне сіңіріп, денеге таратады. Бұл —қоректендіру қызметі. Жасушалардағы пайда болған, оның тіршілігіне керексіз заттарды зәр шығару жүйесіне жеткізеді. Сондай-ақ, қан су мен минералды заттардың көлемін және дене қызуының бір қалыпты болуын сақтайды. Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды, мүшелерді өзара байланыстырады. Ол 23 секунд ішінде денені бір рет айналып шығады. Осы уақытта өзінің барлық қызметтерін атқарып үлгереді. Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.
Қанның құрамы сұйық плазмадан және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Мұның 22-60% плазма және 40-45 % қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су, 8-10% минералды және органикалық заттар бар. Минералды заттардың ішінде 1% натрий, калий, кальций, магний, темір және хлор, күкірт, йод, фосфор аниондары болады.
В) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.
Көлденең, ауыр дене еңбегі, спортпен шұғылданатын, еркін өтуіне мүмкіндік жасау, кері қарай ақпау, алға қарай, жүрек жұмысы немесе жүректің соғуы, тынығу, айналадағы жағдайлар, баяу, үлкен қысыммен, айдау, көмір қышқыл газын сіңіру, қанның түсі өзгеру, қоректендіру қызметі, шақырым, қан айналым шеңбері, өкпеден жасушаларға тасу, бір қалыпты болу, барлық қызметтерін атқарып үлгеру, жұқпалы аурулар.
Г) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.
бұлшық ет – мышцы
талшық – волокно
құлақша – предсердие
қарынша – желудочек
жиырылу – сокращение; сжиматься
босаңсу – расслабление
күретамыр – артерия
көктамыр – вена
қылтамыр – капилляры
қаныққан – насыщенный
алқызыл – алый; румяный
ұлпа – ткань
жасуша – клетка
серпімді – упругий
тарамдалу – разветвление
қолқа – аорта
күкірт – сера
қалқу – всплытие, всплывание
9. Бақылау жұмыстары:
Когнитивті – білім компетенциясы бойынша
Ғ) Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.
Оттегіне қаныққан алқызыл түсті қан күретамырлармен ағады.
Қанның түсі өзгеріп, көктамыр қанына айналады.
Адам ағзасында 150 млд-тай қылтамыр бар.
Қанның атқаратын маңызы орасан зор.
Қанның құрамы сұйық плазмадан және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан тұрады.
Д) Мәтіннен көмекші есімдерді тауып, қандай мағынада қолданғанын түсіндіріңіз.
Операционалды – дағды компетенциясыбойынша
Е) Төмендегі суреттерді пайдалана отырып, жүректің құрылысы туралы әңгімелеңіз.
Ж) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.
Қан қылтамырдан көк тамырға өтеді де, одан соң жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды,
|
айналадағы жағдайларға және тағы басқа әсерлерге байланысты.
|
Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауында)
|
оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.
|
Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп,
|
сондықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.
|
Жүректің соғуы адамның денсаулығына, оның еңбек етуіне,
|
оның әрекетінде де маңызы зор.
|
Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды,
|
көктамырда қан қысымы төмен болады.
|
Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда,
|
және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгеше болады.
|
Коммуникативті компетенциябойынша
З) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.
Жүрек кеуде қуысының оң жағына жақын орналасады.
Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.
Эндокардтың астында қолқа орналасады.
Адам қансыз өмір сүре алады.
Жүректің жұмысы өте күрделі.
Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды.
Ересек адамдарда 10 литрдей қан болады.
Қан 23 секунд ішінде денені бір рет айналып шығады.
Кіші қан айналым шеңбері сол қарыншадан басталады.
И) Қалып қойған сөздерді жазып, өзіңізді тексеріңіз.
Қақпақшалар тек _____ жаққа ғана ашылады, қанның құлақшадан _____ еркін өтуіне
жасайды, соңдықтан ол ______ қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.
Босаңсу және үзіліс______ жүрекке қан келіп, оның _______ қанға толады және жүрек тынығады.
Күретамырлар бұлшық етке батыңқырап ______ да, тарамдалып _______ бөлінеді, қылтамырлар арқылы зат алмасу _________ қатысады.
Қан оттегін өкпеден ______ тасып, оның _________ көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді.
Қан мен қан айналымының адам ______ сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.
К) Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыз.
Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Онсыз адам өмір сүре алмайды.
Күретамыр жүректің сол құлақшасынан басталады. Онда қан жоғары қысыммен ағады.
Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.
Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша
Қ) Жүрек, қан сөздеріне қатыстыжасалған фразалық сөздердің мағынасын сәйкестіріңіз.
Қаны басына шабу
|
қатты қуану
|
Жүрегі ұшу
|
өз-өзіне келу
|
Жүрегі орнына түсу
|
тамақтану
|
Жүрегі жарыла қуану
|
қатты қорқу
|
Жүрек жалғау
|
қатты қайғыру
|
Қан жұту
|
қатты ашулану
|
Л) Сөйлемдердегі фразалық тіркестерді қажетті формаға қойыңыз.
Біз таңертеңнен бері тамақ ішпей енді ғана жүрек жалға... .
Ілулі тұрған тізімнің ішінен інімнің аты-жөнін оқығанда жүрегі... жарыла қуанды... .
Бәсе, мен де адамның баласы едім ғой деп, жүрегі орнына түс... боп, Айша баласын кеудесіне басты.
Шешесі соғыстағы баласынан хат ала алмай, қан жұт... отырғанда күтпеген жерден хабар келіп, жүрегі орнына түс... .
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 45-47 беттер.
2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.
3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 61-67 беттер.
Қосымша әдебиеттер:
1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.
2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№7 Тақырыбы: Гипертония мен гипертониялық криздер
Сөз құрамы. Зат есім
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Гипертония мен гипертониялық криздер.
Сөз құрамы. Зат есім.
2. Мақсаты:
-гипертония мен гипертониялық криздер туралы мағлұмат беру;
- гипертония мен гипертониялық криздер туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;
- гипертония мен гипертониялық криздер туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;
-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;
- сөз құрамы және зат есім туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;
- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.
3. Міндеті:
1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;
2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;
3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;
4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.
4. Негізгі ұғымдар:
а) лексикалық материал бойынша
1. Гипертония мен гипертониялық криздер кезіндегі адам ағзасындағы белгілер туралы.
2. Аурудың алғашқы кезеңіндегі белгілеріне қатысты тілдік оралымдар.
3. Аурудың өршу кезеңіндегі белгілеріне қатысты тілдік оралымдар.
4. Ауру біліне бастағандағы өзгерістер туралы.
5. Ауру асқынған кездегі сырқат белгілері.
ә) грамматикалық материал бойынша
1. Зат есім туралы түсінік.
2. Сөз құрамы туралы түсінік.
5. Сабақ өткізу жоспары:
А)Ұйымдастыру (2-3 минут).
Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).
Б) Жаңа сабақты түсіндіру.
- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.
- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).
- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)
В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.
7. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук, гипертония мен гипертониялық криздер кезіндегі адамның суреті, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.
8. Тапсырмалар:
А) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.
тұқым – потомство
зәру – нужда
қажу – переутомление
елес – галлюцинация, привидение
ұю – застыть, задеревенеть
жансыздану – онемение
демікпе – одышка, астма
құрысу – судорога, корчиться
ашуланшақтық – раздражительность
күйзеліс – депрессия
Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.
Дені сау адамның, ауыр ой еңбегінен кейін, бүйрек қабынуынан, ішкі секреция бездерінің сырқатынан, тарылу, осының салдарынан, жүрек көлемі ұлғаю, бұлшық еті қалыңдау, қайғы-қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу, қан қысымы өршіген кезде, күшпен тарту, башпай, көзі қарауыту,елес пайда болу, ұйқысы нашарлау, тез шаршау, сал болу, көңіл-күй күйзелістері, есеңгіреу, тері жамылғылары қызару, қалтырау.
Б) Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтарға дайындалыңыз, асты сызылған сөздердің құрамын талдаңыз.
Гипертония— қан қысымының артуынан болады. Дені сау адамның да кейде ауыр ой еңбегінен кейін уақытша қан қысымы көтерілуі мүмкін. Ол қауіпті емес. Қан қысымы бүйрек қабынуынан, ішкі секреция бездерінің сырқатынан да жоғарылайды. Гипертонияда ұсақ қан тамырларының іші тарылады да, қанның күретамырларға өту үрдісі қиындайды. Осының салдарынан күретамырлардақан қысымы жоғарылайды. Қажу, тұрмыстың жағдайсыздығы, қайғы-қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу – гипертонияның пайда болуына әсер етеді. Ұдайы майлы тағам пайдалану (ет, май), қара жұмыспен шұғылданбау да гипертонияға себепші болады. Оның үстіне тұқымында осы аурумен ауырған адам болса, мұндай жанұяда гипертониямен ауыратындар жиі кездеседі.
Аурудың алғашқы кезеңінде күретамырда және басқа мүшелерде ешқандай өзгеріс сезілмейді. Қан қысымы өршіген кезде тарылған тамырларға жүрек қанды күшпен тартады. Сөйтіп, жүректің қызметі артады. Осының салдарынан жүректің көлемі ұлғайып, бұлшық еті қалыңдайды. Тамырдың тарылуы әсерінен қанның мүшелерге жеткізілуі нашарлайды. Сөйтіп, мүшелер оттегі мен басқа түрлі қоректік заттарға зәру болады, тіпті ауыра бастайды.
Ауру біліне бастаған кезде аздап бас ауырады, жүрек қатты соғады, шаншиды және желке тұсы қысады. Қан қысымы жоғарылайды. Дегенмен, бұл кезеңде қан қысымын емдеп қалпына келтіруге болады. Ал, ауру білінісімен емдемесе, ол асқына береді, адамның басы айналып, саусақтары мен башпайлары ұйиды. Көзі қарауытып, елес пайда болады, ұйқысы нашарлап, тез шаршайды. Еңбек қабілеті кемиді. Аурудың екінші склероздық кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін. Үшінші, соңғы кезеңінде жүрек, бүйрек қызметі нашарлайды және жүрек ентікпесі пайда болады, бауыр ұлғайып, дене ісінеді. Ми гипертониясында бас айналып, ауру күшейеді. Құлақ шуылдайды, нашар көреді. Қан тамырлары жарылып, миға қан құйылса, дененің бір жағы жансызданып, адам сал болып қалады.
Гипертониялық криз қан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан пайда болады. Ол, көбінесе, гипертония ауруының асқынуынан болады. Гипертониялық криздерді өршітуші себептер:
көңіл-күй күйзелістері;
ауа- райы өзгерістері;
тұз бен суды мөлшерден көп қолдану т.б. жатады.
Криздің басталуы қатты бас ауруымен, бас айналуымен, көздің қарауытуымен сипатталады. Науқас ашуланшақ, мазасыз болады. Аяқ-қолы дірілдеп, мұздайды. Жүрек тұсында шаншу сезімі байқалады, ентігуі мүмкін. Науқастың бетінің, мойнының, қолының тері жамылғылары қызарады.
Гипертониялық криздің қан айналымының бұзылуына байланысты – церебралды және құрысу, ал жүрекке байланысты кардиалды түрлері болады.
Церебралды түрінде бастың желке тұсы ауырады, әлсіздік, ұйқышылдық, есеңгіреу, құлақта шудың естілуі, жүрек айну, көру мен есту қабілетінің бұзылуы, аяқ-қолдың жансыздануы сияқты белгілер пайда болады.
Құрысу түрінде науқастың денесі қалтырап, тоникалық және клоникалық құрысуға ұласады.
Кардиалды түрінде жүрек демікпесі байқалады. Науқас адамның жүрек тұсы ауырып, ентігуі мүмкін.
Емдеу.Ол науқастың көңіл-күйіне, жасына, гипертония ауруының сатысына, криздің түріне қарай жүргізіледі. Гипертониялық криз кезінде науқастың басын көтеріңкі етіп төсекке жатқызады. Бөлмеде тыныштық сақтаған жөн және оның ауасы таза болуы қажет. Кеселдің асқынбаған түрінде науқастың көңіл-күйі қалыпты жағдайда болса, дәрі-дәрмектің біреуін не қоспасын ішкізеді немесе тілінің астына қояды.
В) Берілген сол жақтағы етістіктермен (сұрақ арқылы) керекті сөздерден сөз тіркесін құраңыз.
қолдану (қалай?)
өзгеруі (ненің?)
қарауыту (не?)
болу (қандай?)
дірілдеу (қай жері?)
бұзылуы (ненің?)
қою (қайда?)
сақтау (не?
ауа – райдың
мазасыз
аяқ-қолы
есту қабілетінің
мөлшерден көп
көз
тыныштық
тілдің астына
Г) Төмендегі сөздерді, сөз тіркестерін мағынасы жақын сөздермен алмастырыңыз.
қауіпті емес –
қажу –
тұрмыстың жағдайсыздығы –
майлы тағам пайдалану –
сезілмейді –
қалпына келтіру –
9. Бақылау жұмыстары:
Когнитивті – білім компетенциясы бойынша
Ғ) Төмендегі зат есімдердің құрамын талдаңыз.
Көңіл-күйіне, ауруының, науқастың, басын, төсекке, тыныштық, дәрі-дәрмектің, қоспасын, тілінің астына.
Д) Cіз болашақ дәрігерсіз. Бөлімшеңізге түскен науқас жайлы мәтіндегі үлгі бойынша сырқатнама толтырыңыз.
Төлқұжат бөлімі:
Науқастың шағымдары:
Қазіргі (осы) аурудың даму тарихы:
Науқастың өмірбаяны:
Аурудың қазіргі жалпы жағдайы:
Е)Төменде ұлы Абайдың он төртінші қарасөзінен үзінді берілген, қалай түсінетініңізді әңгімелеңіз. Қарамен белгіленген сөздер мен фразаларды түсіндіріңіз.
«Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?...Рақымдылық, мейірбандылық, я әрбір адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды.»
Ж) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіру.
Аурудың алғашқы кезеңінде күре тамырда және
|
құлақта шудың естілуі, аяқ-қолдың жансыздануы сияқты белгілер пайда болады.
|
Дені сау адамның да кейде ауыр ой еңбегінен кейін уақытша қан қысымы көтерілуі мүмкін,
|
өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан пайда болады.
|
Церебралды түрінде бастың желке тұсы ауырады, әлсіздік, ұйқышылдық, есеңгіреу,
|
гипертонияның пайда болуына әсер етеді.
|
Гипертониялық криз қан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен
|
басқа мүшелерде ешқандай өзгеріс сезілмейді.
|
Оның үстіне тұқымында осы аурумен ауырған адам болса,
|
бірақ ол қауіпті емес.
|
Қажу, тұрмыстың жағдайсыздығы, қайғы-қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу –
|
мұндай жанұяда гипертониямен ауыратындар жиі кездеседі.
|
Операционалды – дағды компетенциясыбойынша
Ж) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Гипертония неден болады?
Гипертония ауруының себептері қалай өтеді?
Аурудың алғашқы кезеңі қалай өтеді?
Аурудың өршу кезеңі қалай өтеді?
Ауру біліне бастағанда қандай өзгерістер болады?
Ауру асқынған кездегі сырқат белгілері қандай?
Аурудың соңғы кезеңі қалай өтеді?
Гипертониялық криз ненің салдарынан пайда болады?
Гипертониялық криздерді өршітуші себептер қандай?
Церебралды түрінде қандай белгілер пайда болады?
Құрысу түрінде қандай белгілер пайда болады?
Кардиалды түрінде қандай белгілер пайда болады?
Бұл ауруларды қалай емдейді?
Коммуникативті компетенциябойынша
8. Мәтін бойынша науқастың жауаптарына дәрігердің сұрақтарын әзірлеңіз.
– ...?
– Басым қатты ауырады.
– ...?
– Иә, басым айналады.
– ...?
– Көзім қарауытады.
– ...?
– Аяқ-қолдарым дірілдейді.
– ...?
– Иә, жүрегім шаншиды.
– ...?
– Ентігемін.
– ...?
– Мойнымның да, қолдарымның да терісі қызарып кетті.
– ...?
– Құлағым шуылдайды.
Ж) Емдеуші дәрігердің атынанан бас дәрігерге палатаға түскен науқас адам жайында хабарлама жасаңыз (сырқатнама емес). Науқастың аты-жөні, жасы, өзіңіз қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері т.б. жайында.
Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша
12. Төменде осы тақырыпқа қатысты Абайдың өлең жолдары берілген, оқып шығыңыз.
« ...Жүрегім менің қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден... »
Өлең жолдарындағы «қырық жамау», «қиянатшыл» деген сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.
13. Жүрек сөзіне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңіз. Осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрыңыз.
Жүрегі айну
|
толқу
|
Жүрегі алып ұшу
|
жайлану, жай табу
|
Жүрегі тас төбесіне шығу
|
құсқысы келу
|
Жүрегі орнығу
|
қатты қорқу
|
14. Гипертониялық криз диагнозы қойылған науқасқа алғашқы көмекті қалай беру керектігі туралы баяндаңыз (мәтін бойынша).
15. Мәтінде сіз үшін жаңа ақпарат бар ма? Мәтін мазмұнына өзіңіз білетін осы тақырыпқа қатысы бар мәліметті қосыңыз.
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 80-88 беттер.
2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 32-34 беттер.
3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 71-76 беттер.
Қосымша әдебиеттер:
1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.
2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№8 Тақырыбы: Аралық бақылау
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Аралық бақылау
Достарыңызбен бөлісу: |