7-тапсырма. Оқытушының көмегімен мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.
Адам тіршілігі, дене қимылы, ой еңбегі, тікелей байланысты, суда ерімейтін, адам тәні, тіршілігін қажетті, жеткілікті мөлшерде, жеткіліксіз болса, тез жазылу, тағам түрлері, тамақтану тәртібі, шамадан тыс, ең тамаша кепілі , дұрыс тамақтану.
Когнитивті-білім құзырлығы бойынша:
1. Зат есімнен жасалған етістік қатарын көрсетіңіз.
а) жазу, оқу, отыру
ә) шегелеу, бастау, тұздау
б) алу, салу
в) көру, есту
г) бару, айту
2. Болымсыз етістікті табыңыз.
а) барғансың
ә) естігенбіз
б) келмепті
в) айтыпты
г) болыпты
3. Біріккен негізгі етістіктердің қатарын көрсетіңіз.
а) айту, білу, қашу
ә) қарау, жеу, егеу
б) әкелу, әперу, әкету
в) ату, сату, жүгіру
г) жүру, ішу, отыру
4. Күрделі етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
а) Ол кітап сатып алды
ә) Асқат сабағын оқыды
б) Біз үйге кеш қайттық
в) Сендер мұражайға бардыңдар ма?
г) Біз ойнаймыз.
5. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңыз.
Мен ертең ауылға бара... .
а) -мыз
ә) -сың
б) -мын
в) –сыз
г) -дың
6. «Оқып отыр» етістігінің орысша баламасын көрсетіңіз.
а) играет
ә) читает
б) спит
в) уходит
г) идет
7. Көп нүктенің орнына қажетті жұрнақты қойыңыз.
Әсел кеше тіс дәрігеріне бар...ты.
а) –ған
ә) –ар
б) –мақ
в) –ып
г) - а
8. Көп нүктенің орнына қажетті қосымшаны қойыңыз.
Біз Қазақстан Республикасының әнұранын жатта...
а) –ты-қ
ә) –ді-к
б) –ды-қ
в) –ті-к
г) – ма-с
9. Туынды етістікті табыңыз.
а) жүрді, алып келді
ә) қыста, кеше
б) басқар, ұшта
в) ертең, бүгін
г) ойна, жүр
10. Сөйлемді орын тәртібі бойынша орналастырыңыз.
5. жарияланды, 1. 16- желтоқсанда, 2. Қазақстан 1991 жылы, 3. тәуелсіз мемлекет, 4. болып.
а) 1,2,3,4,5
ә) 3,2,1,5,4
б) 5,2,3,4,1
в) 2,1,3,4,5
г) 5,4,3,2,1
11. Қажетті көмекші етістікті жалғаңыз.
Асханаға тамақтануға бара ....
а) отыр
ә) жатыр
б) жүр
в) бар
г) тұр
12. Туынды етістікті көрсетіңіз.
Студенттер берілген жаттығуды орындап отыр.
а) жаттығуды
ә) студенттер
б) орындап отыр
в) берілген
г) студенттер берілген
13. Сөйлемді аяқтаңыз.
Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен ...
а) тығыз байланысты
ә) келеді
б) зерттемек
в) қарастырдық
г) жалғастырмақ
14. «Историческое наследие» сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.
а) тарихи мәдениет
ә) тарихи өнер
б) тарихи әдебиет
в) тарихи мұра
г) тарихи әдіс
11. Негізігі әдебиеттер:
1. 3.Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж. 43-45 бет
Қосымша әдебиеттер:
1. Бектұров Ш.Бектұрова А. Қазақ тілі для начтнающих. Алматы 2005 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№11 тақырып: Азық-түліктерді гигиеналық сараптаудың негіздері.
Зат есімнің септелуі
2012ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Азық-түліктерді гигиеналық сараптаудың негіздері.
Зат есімнің септелуі
2. Мақсаты: Қазақ тіліндегі зат есімдердің септелуі туралы мағлұмат беру. Лексикалық мәтін арқылы сөздік қорларын дамыту.
3. Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша– жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, зат есімнің жасалуын, септік жалғауын меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Операциональды құзырлылық бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пйдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Лексикалық тақырып бойынша:
Азық-түліктерді гигиеналық сараптау, азық-түліктер, тамақтану үшін , жарамдылығын анықтау, санитарлық қадағалау мекемелері.
Грамматикалық тақырып бойынша:
зат есім; септеу;
5.Сабақты өткізу жоспары:
Ұйымдастыру кезені - 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин
Өткен сабақты қорыту - 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері - 15 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин
Мәтінмен жұмыс – 25 мин
Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15 мин
Бақылау жұмыстары – 15 мин
Үй тапсырмасын беру – 7 мин
Студенттің білімін бағалау – 8 мин
6.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма, жаттығу жұмыстарын жасату, тапсырмалар орындату.
7.Көрнекі құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск
8.Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер.
Азық түліктерді гигиеналық сараптаудың негіздері
Мәтінге байланысты тірек сөздер: сараптау, азық-түліктердің жарамдылығы, санитарлық қадағалау мекемелері, жоспарлы гигиеналық сараптау жоспардан тыс гигиеналық сараптау, бақылау жүргізу.
Азық-түліктерді гигиеналық сараптаудың негізгі мақсаты – азық-түліктердің тамақтану үшін жарамдылығын анықтау.
Мемлекеттік санитарлық қадағалау мекемелері тамақтық азық-түліктер мен өнімдерге жоспарлы және жоспардан тыс гигиеналық сараптау жүргізеді.
Жоспарлы гигиеналық сараптау бойынша жұмыстар мынадай негізгі бағыттарда жоспарлануы керек:
Өте тез бұзылатын азық-түліктердің (сүт тағамдары, пісірілген шұжық өнімдері, кремді кондитерлік өнімдер, кулинариялық өнімдер) сапасына, олардың эпидемиялық маңызына қарай бақылау жүргізу;
Антибиотиктерге, зиянды қоспаларға, тамақтық қосымшаларға (консерванттарға, бояғыштарына) бақылау жүргізу;
Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде, оқу орындарында, емдік-профилактикалық және сауықтыру мекемелерінде, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында дайын астың сапасына бақылау жүргізу.
Жоспардан тыс гигиеналық сараптау негізінен белгілі көрсеткіштер бар болғанда және ведомствалық инспекциялармен бірлесіп жүргізіледі.
Жоспардан тыс сараптау жүргізу үшін мынадай себептер болуы мүмкін:
Арнайы санитарлық-эпидемиологиялық көрсеткіштер (мысалы: тамақтан улануға, жедел ішек ауруларына, азық-түліктердің бактериялық, химиялық немесе механикалық ластануына күдік) болғанда;
Жоғары тұрған санитарлық мекемелердің тапсырмасы бойынша;
Әр түрлі ұйымдар мен мекемелердің (прокуратура, сот-тергеу мекемелері, салық инспекциясы) өкілдерінің талаптары бойынша.
Жүргізілген гигиеналық сараптау нәтижесінде мынадай негізгі сұрақтар шешілуге тиіс: 1) Азық-түліктердің осы партиясын тамақтану үшін пайдалануға бола ма? 2) Оны таратудың жағдайлары қандай (жалпы негізде, жылумен өңдегеннен кейін, кулинариялық өңдегеннен кейін, консервілерді, банкілерді ашқаннан кейін)?
2-тапсырма. «Азық түліктерді гигиеналық сараптаудың негіздері» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.
сараптама - экспертиза; отбор; оценка
жарамды (лық)-годный (годность)
өнім-продукция
күдік-сомнение; опасность; подозрения
өңдеу-обработка; выделка
шешілу-решаться
қоспа-смесь; соединение
жедел-неотложный; срочный
жүргізілу-провести
сараптау-оценить
қадағалау-следить; наблюдение
жоспардан тыс-вне плана
пісірілген-вареный; сваренный
бағалау-оценить
зиянды-вредный
көрсеткіш-показатель
ластану-загрязнение
нәтижесінде-в результате
9.Бақылау тапсырмалары:
Коммуникативтік құзырлық бойынша:
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Гигиеналық сараптаудың мақсаты не?
2. Гигиеналық сараптаудың түрлері қандай?
3. Жоспарлы гигиеналық сараптау қай кезде жүргізіледі?
4. Жоспардан тыс сараптау қай кезде жүргізіледі?
5. Жүргізілген сараптау нәтижесінде қандай мәселелер шешілу керек?
6. Келер шақ қалай жасалады?
7. Келер шақтың түрлерін атаңыз.
Дағды құзырлылығы бойынша:
1-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркестерін қойыңыздар.
Сүт тағамдары, пісірілген шұжық өнімдері ... ... азық-түліктерге жатады. Жоспарлы сараптау азық-түліктердің сапасына, олардың ... ... бақылау жүргізеді. СЭС дәрігерлері қоғамдық орындардағы ... ... сапасына бақылау жүргізеді. Қоғамдық тамақтану орындарында тамақтан улану, ішектің жедел аурулары болғанда ... ... гигиеналық сараптау жүргізіледі. Жоспардан тыс гигиеналық сараптау әр түрлі ... ... талаптары бойынша да жүргізіледі.
2-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
Адам ерте кезден өнімдерді қорға дайындауды ─ тұздауды, ашытуды, қақтауды, ыстауды, кептіруді, мұздатуды білген. «Консервілеу» деген сөз латынша «сақтау» дегенді білдіреді. Тағамда дәрумендерді сақтаудың әдістері көп. Консервант ретінде сірке қышқылы қолданылатын маринадтау көп қолданылады. Тұздау, ашыту көкөністер мен жемістердің тұз бен қант әсерінен сүтқышқылды ашу процесіне негізделген.
Жемістер, жидектер, көкөністер мен саңырауқұлақтарды консервілеудің ең ежелгі және ең таралған әдісі – кептіру. Консервілеудің едәуір жетілген әдістерінің бірі – мұздату. Мұздатқанда өнімнің барлық тағамдық құндылығы және дәмдік сапасы сақталады.
Когнитивті-білім құзырлығы бойынша:
1. Көп нүктенің орнына қойылатын тіркесті көрсетіңіз.
Өте тез бұзылатын тағамдарға ... . жатады.
а) кулинариялық өнімдерге
ә)+ сүт тағамдары
б) нан тағамдарының
в) пісірілген шұжықтарды
г) кондитерлік өнімін
2. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.
а)+ негізгі мақсат
ә) қадағалау санитарлық
б) тамаққа өнімдері
в) бақылауды жүргізу
г) жоспарлы керек
3. Дұрыс аударылған сөзді көрсетіңіз
а)+ қадағалау-следить
ә) күдік-вредный
б) қоспа- сомнение
в) жедел-результат
г) талап- неотложный
4. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз
Жоспарлы гигиеналық сараптау қандай бағыттарда жоспарлануы керек?
а) +Тез бұзылатын азықтардың сапасын бақылауға жоспарлануы керек.
ә) Азық-түліктер сатып алу керек.
б) Зиянды қоспалар бар.
в) Тағамның сапасын арттыру керек.
г) Әр түрлі қоғамдық орындарда дайындалады.
5. Сөйлемді аяқтайтын тіркесті көрсетіңіз.
Сүт өнімдері ... ....
а) тамақ өнеркәсібінің.
ә) +тез бұзылатын тағамдарға жатады.
б) арнайы гигиеналық сараптауға.
в) денсаулығы мықты.
г) тоңазтқыш сақталды.
6. Келер шақта тұрған етістікті сөйлемді көрсетіңіз
а) Ол кеше сағат тоғызда келді
ә) Ол бұрын осы университетте оқыған
б)+Ол университетке ертең келеді
в) Ол аудиторияда сабақты оқып отыр
г) Ол кеше кітапханаға барды
7. Болжалды келер шақта тұрған сөйлемді көрсетіңіз
а) Мен сүт іштім
ә) Сіз сүт іштіңіз
б)+Ол сабаққа келер.
в) Мен сүт ішемін.
г) Әнел сабақ оқыды
8. Болжалды келер шақта тұрған сөздерді көрсетіңіз.
а) көрермін, барғанмын
ә)+айтармын, барарсың
б) айттым, айтқанмын
в) келіп отыр, келген
г) тыңдаған, жазыпты
9. Сөйлемдердің келер шақта тұрғандарын көрсетіңіз.
а) бүгін кітап оқыпты
ә) + кітапты ертең алмақ
б) алып қарадым
в) жақсы оқығанмын
г) дүкенге бардым
10. Етістіктің келер шақ формасында тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
а) +Әлия ертең ауруханаға бармақшы.
ә) Кітапты досынан алды.
б) Дәріс тез аяқталды.
в) Дәріханада дәрі сатып алған.
г) Сабақ 8-де басталды.
11. Негізгі әдебиеттер:
1. Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж. 49-50 бет
2. Р.Дәрменқұлова. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы 2001 ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. Бектұров Ш.Бектұрова А. Қазақ тілі для начтнающих. Алматы 2005 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№12 тақырып: Тағамды дұрыс сақтаудың шарттары.
Етістік, шақтары
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Тағамды дұрыс сақтаудың шарттары.
Етістік, шақтары
2. Мақсаты: Қазақ тіліндегі етістік және оның шақтары туралы мағлұмат беру. Лексикалық мәтін арқылы сөздік қорларын дамыту.
3. Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша– жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістіктердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Операциональды құзырлылық бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Лексикалық тақырып бойынша:
Тағамды дұрыс сақтау, инфекция қоздырғыштары, бөлме температурасы,кеміргіштер, шыбын-шіркей, санитарлық қадағалау мекемелері.
Грамматикалық тақырып бойынша:
Етістік; етістіктің шақтары; өткен шақ, осы шақ, келер шақ;
5.Сабақты өткізу жоспары:
Ұйымдастыру кезені - 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин
Өткен сабақты қорыту - 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері - 15 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин
Мәтінмен жұмыс – 25 мин
Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15 мин
Бақылау жұмыстары – 15 мин
Үй тапсырмасын беру – 7 мин
Студенттің білімін бағалау – 8 мин
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма, жаттығу жұмыстарын жасату, тапсырмалар орындату.
7. Көрнекі құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мәтінді пайдаланып көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыздар.
Дер кезінде әзірленген, ... тағам жақсы сіңеді. Тамақты бірнеше күнге арнап ... ... дұрыс емес. Тамақты жақсы ... ... , қарын сөлін бөлетін тағамдарды бірінші ішу керек. Тамақ алдында ... ... тәбетті кемітеді. Балалар мен жасөспірімдер ... ... көмірсулы тағамдар ішкені жөн. Тамақты шамадан тыс көп ішу ... ... әкеп соғады.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына мына шылаулардың қажеттісін қойыңыздар.
мен, және, әрі, сондықтан, бірақ.
Кейбір адамдар тұзды ... ащы тағамдарды жақсы көреді. Балалар ... жасөспірімдер тағамдары әр түрлі дәрумендерге бай болуы тиіс. Түскі ... кешкі ас алдында тәтті жеу тәбетті кемітеді. Тамақты аз ... жиі ішкен пайдалы. Кейбір адамдар ретсіз тамақтанады, ... денелерін май басады.
3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
Важное условие нормального пищеварение – это умеренность в еде. Сигналы насыщение, свидетельствующие о заполнение желудка пищей, поступают в головной мозг с оподзанием примерно на 20 минут. Поэтому люди, которые едят очень быстро, подвергаются опасности переедание. К тому же пищеварительные соки не в состоянии расщепить слишком большое количество пищи. Вот почему есть надо несколько раз в день. Завтрак должен содержать примерно 25% всей дневной нормы, обед – около 50%, ужин – 10%.
9 . Бақылау тапсырмалары:
Білім құзырлылығы бойынша
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар.
Дәмді дұрыс сақтаудың шарттары
Дайындалған тамақты дұрыс сақтаудың адам денсаулығы үшін рөлі зор. Дұрыс сақталған тағам ешқашан сапасын жоғалтпайды. Ол үшін төмендегі шарттарды ұмытпаған дұрыс:
1. Дастарханға қойылатын шикі тамақты (көкөніс, жеміс-жидек) мұқият жуыңыз.
2. Қай тағамның да түгелдей қайнауын қадағалаңыз.
Ет, құс еті, жұмыртқа, сүт тәрізді тағамдарда инфекция қоздырғыштары болуы әбден мүмкін. Олар тек жетпіс градустық ыстыққа қайнатылғанда өледі. Мәселен, құс сорпасынан алған етіңіздің сүйекке тақау бөлігі шикі болса, қайтадан қазанға салып қайнатыңыз. Мұздатқыштан алған ет, балық, не құс етін әбден жібіген соң ғана өңдеуге кірісіңіз.
3. Дайындалған тағамды бірден тауысып қойыңыз.
Дайындалған тағам бөлменің температурасына келіп, суыған бойда-ақ оған түскен микробтар көбейе бастайды. Дастарқанға қойылған тағам ұзақ тұрса, қауіпті.
4. Азық-түлікті сақтағанда абай болыңыз.
Кей жағдайларда тағамды бірнеше күн бұрын дайындап қоюға тура келеді. Қонаққа әзірленген тағам үнемі түгелдей таусылып қалмайтындығы тағы белгілі. Бұндай жағдайда оның он градустан төменгі салқындықта сақтаулы тұрғандығына көз жеткізіңіз.
5. Дайын ас шикі азық-түлікпен жанаспайтын болсын.
Әлдеқалай жанасып кеткеннің өзінде-ақ дайын асқа микробтың әп-сәтте-ақ “секіріп” түсе қалатыны есіңізде болсын.
6. Қолды мұқият жууды ұмытпаңыз.
1. Тағам дайындауға кірісердің алдында қолыңызды сабындап жуыңыз.
Ет, балық, құс еті тәрізді шикі тағамдарды кесіп, турап болған соң қолды тағы сабындап жуыңыз. Келесі дәмді дайындауға содан соң ғана кірісіңіз.
Ит, мысық, құс тәрізді үй жануарларын ұстап сипасаңыз да қолды сабындап жууды ұмытпаңыз. Үй хайуандарында сіздің қолыңыз арқылы тағамға түсетін қауіпті микроб болуы әбден мүмкін.
1. Ас үйдегі үстел әрқашан тап-таза болуы тиісті.
Тек үстел ғана емес, дайындап жатқан тағамыңыздың астына қойған тақтай, жайған дастархан – бәрі де таза болуы керек. Ас қалдығы, нан қиқымы, сорпаның тамшысына дейін микроб туғызатын ошақ болуы мүмкін.
2. Ас үйдегі үстел сүртетін шүберекті жиі-жиі жаңартып тұрыңыз. Жуу жеткіліксіз, міндетті түрде қайнатыңыз. Ас үйдің еденін жуатын шүберек бөлек болсын. Оны ауық-ауық кір сабын не кір жуатын ұнтақпен жуып қойыңыз.
3. Азық-түлікті құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей, кеміргіштерден және өзге де хайуандардан қорғаңыз. Оларда ауру асқындыратын микроорганизм болуы мүмкін. Азық-түлік жабық ыдыста сақталуы тиіс.
4. Таза суды ғана пайдаланыңыз.
Ас дайындайтын суыңыз да ішетін судай таза болуы тиіс. Тағам дайындар алдында оны қайнатып алу керек.
2-тапсырма.
«Дәмді дұрыс сақтаудың шарттары» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.
мұқият-тщательно; аккуратно
қайнау-кипение; кипеть
қоздырғыш-возбудитель
жібіген-размягченный; талый
дайындалған-приготовленный
қауіпті-опасный
салқындық-прохлада; холодок
жанасу-касание; прикоснуться
мұздатқыш-морозильник
кірісу-приступать
турау-резать
сипау-погладить
тақтай-доска
нан қоқымы-крошки
ошақ-очаг
қадағалау-наблюдать
тоңазытқыш-холодильник
суу-остывать; охлаждаться
сақтау-хранить
дайын ас-готовая еда
әп-сәтте-сию минуту
кесу-резать
сүлгі-полотенце
келесі-следующий
хайуан-животное
ас қалдығы-остаток пищи
тамшы-капля
құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей-насекомые
кеміргіштер-грызуны
3-тапсырма. Мәтінді пайдаланып төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Дастарханға қойылатын көкөніс ... жуыңыз. 2. Тағамның қайнауын ... . 3. ... сақтағанда абай болыңыз. 4. Мұздатқыштан алған етті жібіген соң ... . 5. Дастарханға қойылған ас .... ...., қауіпті. 6. Дайын ас шикі азық-түлікпен ... болсын.
4-тапсырма. Оқытушының көмегімен төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Қолды жуу, қолды мұхият жуу, қолды сабындап жуу, тағам дайындау, шикі тағамдарды турау, тамақ дайындауға кірісу, қауіпті микробтар, қауіпті микробтар болуы, таза болу керек, микроб туғызатын ошақ, ас үйдегі шүберек, азық-түлікті сақтау, жабық ыдыста сақтау, таза су, таза суды пайдалану, суды қайнатып пайдалану.
5-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
Температура пищи играет далеко не последнюю роль во вкусовых ощущениях. Наверное, многие замечали, что обжигающий чай или горячий бульон не имеют вкуса. Но слегка остывший тот же самый чай оказывается приятно сладким, а бульон –крепким и достаточно соленым. Наиболее благоприятна для вкусового восприятия пищи температура которой 15-35 С. Под влиянием пищевых раздражений во вкусовых рецепторах возникает возбуждение. Нервные импульсы по волокнам вкусового нерва проводятся во вкусовую зону коры больших полушарий, где происходит окончательное различение вкуса пищи.
Коммуникативтік құзырлылық бойынша
Мәтін бойынша сұрақтар:
Дастарханға қойылатын жеміс-жидекті не істеу керек ?
Ет, жұмыртқа, сүт өнімдерінде не болуы мүмкін ?
Микроб неше градустық ыстыққа өледі ?
Мұздатқыштағы етті қашан өңдеуге болады ?
Дайын ас қандай азық-түлікпен жанаспау керек ?
Тағам дайындар алдында не істеу керек ?
Үй хайуандарында не болуы мүмкін ?
Ас үйдегі сүлгі мен шүберекті не істеу керек ?
Қандай суды пайдалану керек ?
Когнитивті-білім құзырлығы бойынша:
1. Көп нүктенің орнына қойылатын тіркесті көрсетіңіз.
Өте тез бұзылатын тағамдарға ... . жатады.
а) кулинариялық өнімдерге
ә)+ сүт тағамдары
б) нан тағамдарының
в) пісірілген шұжықтарды
г) кондитерлік өнімін
Достарыңызбен бөлісу: |