124. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
а) Қазақ спортының даңқы арта берсін.
ә) Бүгін сағат екіден кейін келемін.
б) Бір айдан кейін келіңіз.
в) Біз бүгін асханадан тамақтандық.
г) Су – табиғатта ең көп тараған зат.
125. Атау септігінің шылауы қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Микробтар ағзаға тамақ арқылы енуі мүмкін.
ә) Түске таман ауа-райы күрт өзгерді.
б) Баспамен ауырған адам сұйық тамақ ішкені жөн.
в) Көктемге қарай адам тез шаршағыш болады.
г) Концертке менімен бірге Мұқтар да барды.
126. Сөйлемді аяқтаңыз.
Денсаулықты нығайтуда ауа мен судың маңызы зор екенін ..... ..... .
а) ежелгі грек дәрігерлері атап өткендер
ә) бұрынғы кездегі дәрігерлер
б) үлкен шаһарлардағы ғұламалар
в) ерте заман адамдары да білген
г) ағзаға таза ауаның әсерін
127. Сөйлемнің баяндауышы қай сөз табынан жасалған?
Спиртті ішімдіктердің ағзаға тигізетін зияны біліне бастады.
а) күрделі зат есімнен
ә) күрделі сын есімнен
б) күрделі етістіктен
в) күрделі үстеуден
г) күрделі сан есімнен
128. Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) зиянды зат
ә) темекіні әкелді
б) дарынды ақын
в) бактерияның түрлері
г) көршілес ел
129. Жуан буынды сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) көз жеткізу
ә) әбден жібіту
б) жүйке жүйесі
в) ежелгі гректер
г) адам ағзасы
130. Жіңішке буынды сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) таза ұстау
ә) іш киім
б) мұздатқышта сақтау
в) мың жыл
г) бас ауруы
131. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Іш киім мен сырт киімді отыру керек ауыстырып.
ә) Орта мектепті жылы өткен бітірдім.
б) Қазір медицина университетінде оқып жүрмін.
в) Университетте ұнайды оқу маған.
г) Мен болашақ дәрігерсің.
132. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
а) Әке-шешем Семей қаласында тұрады.
ә) Асан зауытта жұмыс істейді.
б) Сіздің үйіңіз қай көшеде.
в) Бала ұйықтап жатыр.
г) Сабағым сағат бесте аяқталады.
133. Сұрау есімдігі қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Біздің сабағымыз бүгін ерте басталды.
ә) Науқастарды палаталарға орналастырды.
б) Ертең емханаға барасың ба?
в) Әсет үй тапсырмасын жылдам орындады.
г) Қайда оқып жүрсің?
134. Етістігі нақ осы шақтағы сөйлемді көрсетіңіз.
а) Дәрігер науқасты мұқият қарады.
ә) Бірінші курста оқып жүргенде ғылыми конференцияға қатыстым.
б) Науқастың кешеден бері дене қызуы көтеріліп тұр.
в) Жазда Үсенмен бірге ауылға барамын.
г) Шаң-тозаң еденге, үйдегі заттарға қонады.
135. Табыс септікті сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) науқасты қабылдады
ә) қаладан келді
б) тыныс алғанда
в) шаңсорғышпен тазарту
г) баласына берді
136. Дұрыс аударылған сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) живые клетки –тірілер жасушалар
ә) здравоохранения – денсаулықты құрту
б) окружающая среда - ортадан жоғары
в) уровень дохада – табысы жоғары
г) осуществлять - жүзеге асыру
137. Дұрыс құрылған сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
а) Ауыру белгісі байқалды қашан?
ә) Қызуыңызды өлшедіңіз ба?
б) Қашаннан бері ауырады сен?
в) Жүрегіңіз айнып, көзіңіз қарауыта ма?
г) Дәрілер іштіңіз кімге?
138. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Атап көрсеткен ежелгі грек дәрігерлері.
ә) С.Мұқанов – қазақтан көрінекті жазушысы.
б) Медицина ғылымы қарқындың дамуда.
в) Халық медицинасы – халықтың ғасырлар бойғы жинаған тәжірибесінің жемісі.
г) Тазалық – денсаулыққа кепілі.
139. Сын есімнің күшейтпелі шырайы қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Көкөніс сақталатын қойманың іші құрғақ болуы тиіс.
ә) Тым ыстық тағам да денсаулыққа зиянды.
б) Тоңазытқышта тамақ ұзағырақ сақталады.
в) Қазақстанның шығысы – таулы аймақ.
г) Аралдың құрғауы ол аймаққа зиянын тигізуде.
140. Қимылды білдіретін сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) жұқпалы ауру
ә) айыппұл салды
б) ғылыми орталық
в) білімді дәрігер
г) дәрігердің бөлмесі
141. Шығыс септігі шылауы қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Сабақтан кейін Мұраттың үйіне бардым.
ә) Нұрланмен бірге біз де бардық.
б) Іш аурулары жазда көбейеді.
в) Күнде дене шынықтыру жасаған жөн.
г) Сондай-ақ науқастың қанын тексеру арқылы да диагноз қояды.
142. Өткен шақты білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
а) Біз бардық.
ә) Сендер жазып отырсыңдар.
б) Сен ертең барасың.
в) Сен келмексің.
г) Біз әңгімелесерміз.
143. Дұрыс жіктелген етістікті көрсетіңіз.
а) Мен жаза жатырмын.
ә) Сен айтып жүрсіз.
б) Ол сөйлеп тұр.
в) Сен түсініп тұрсыз.
г) Біз сеніп отыр.
144. Дұрыс құрылған сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
а) Бұрын баспамен ауырып па едіңіз?
ә) Қайсы асханамен тамақтандыңыз?
б) Сенің болды қанша сағатыңыз?
в) Сағатыңыз болды неше?
г) Жұмысқа сағат барасыз нешеде?
145. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
Между организмом и внешней средой постоянно происходит обмен веществ.
а) Ағза мен сыртқы орта арасында үнемі жүріп тұрады зат алмасу.
ә) Ағза мен сыртқы орта арасында жүріп тұрады үнемі зат алмасу.
б) Ағза мен сыртқы орта арасында зат алмасу үнемі жүріп тұрады.
в) Ағза мен үнемі сыртқы орта арасында зат алмасу жүріп тұрады.
г) Ағза мен сыртқы үнемі орта арасында зат алмасу жүріп тұрады
146. Көмектес септік жалғаулы сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) маманның кеңесі
ә) дәрігермен ақылдасу
б) дәріні сақтау
в) сабақтан келу
г) ауруханаға жату
147. Сапалық сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) ащы дәрі
ә) орманды жер
б) қалалық емхана
в) пайдалы қазба
г) қысқы киім
148. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
а) Біздің кітапхананың кітап қоры өте мол.
ә) Мен Алматы қаласында тұрамын.
б) Қарақат тосабы денсаулыққа өте пайдалы.
в) Солтүстік қазақстанның жазы өте қысқа әрі құрғақ болады.
г) Бөлменің ауасын жиі-жиі тазартып тұрыңыз.
149. Есептік сан есімді сөйлемді көрсетіңіз.
а) «Медеу» мұз айдыны теңіз деңгейінен екі жүз метр биіктікте.
ә) Ересек адамда бес литрдей қан болады.
б) Қала адамдар демалыс күндерінде Шыңбұлақ шатқалында демалады.
в) Қалыпты жағдайда адамның жүрегі минутына алпыс-жетпіс рет соғады..
г) Алматы табиғаты өте әсем жерге орналасқан.
150. Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Көліктер мен қоғамдық орындарда тәртіп сақтау керек.
ә) Олар қазақ жерінің азаттығы үшін жандарын қиды.
б) Түсте жаңбыр жауды.
в) Миға қан құйылу күрт басталады және ол өте қауіпті.
г) С.Асфендияров қазақ халқының тарихы туралы еңбек жазған.
- тілдік қатынасты жүзеге асыру, пікір алмасу, сұхбаттасу.
1. Ақыжанова А.Т. «Қазақ тілі мәтіндер мен жаттығулар». Алматы, 2005 ж.
2. Ақыжанова А.Т. Мемлекеттік тілді оқып үйренеміз. Алматы, 2004ж.
3.Аханов.К. Тіл білімінің негіздері. 1993
4. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі, лексика, фонетика, морфология. Алматы, 2006 ж.
5. Бектұров Ш.К. Казахский язык для всех. Алматы, 2004 ж.
6. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.
7. Исаева. Ж.Т.Қазақ тілі. 2011
8. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2001 ж.
9. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі-Алматы: ЖШС «Таугул-Принг», 201146б
10. Суатай. С. Ісқағаздарымен жұмыс.-Алматы,2010.-104б ж.
11. Доскеева Б.Ж. Қазақша сөйлесеміз.Алматы, 2010.-220б.
12. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Алматы, 2002
13. Тұңғышбаева.Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары.-Алматы,2008.-120б.
14. Сулейменова Э.Д. Сұхбат.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-216б.
15. Сулейменова Э.Д. Үнжария.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-240б.
16. Сулейменова Э.Д.Бейнежазба. Астана: «Арман-ПВ», 2007.-264б.
17. Дүйсембекова Л.Қазақ тілі іс қағаздарын жүргізу. Алматы: «Мемлекеттік
18. Қанапиянова Ә.Ж. Кәсіби қазақ тілі. 2008