С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет25/26
Дата21.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#2219
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

2-тапсырма. Төмендегі мәтіннің орысша баламасын жазыңыздар. Өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.

Тұжырымдама ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Осы тұжырымдаманы іске асыру Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құруға және ұлттық денсаулық сақтаудың беделін көтеруге мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған шаралардың басты идеясы денсаулық сақтау қызметтерінің профилактикалық бағытын нақты басымдыққа көшіру болуы тиіс, жүйе пациентке және түпкі нәтижеге бағдарланған қызмет көрсету сапасына қауіпсіздік кепілдігі мен жаңа деңгейі арқылы денсаулық сақтау саласына сенімділікті арттыру, мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру, Өз денсаулығының мәдениетін қалыптастыру, кадрлардың жаңа нысанын және еңбек уәжділігін қалыптастыру.

Пациенттің дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауына жағдай жасау бәселекестіктің дамуына, медициналық қызмет көрсету үдерісінің айқындылығын көтеруге мүмкіндік береді. Денсаулық үшін ортақ жауапкершілікке негізделген жаңа қаржылық модельді енгізу медициналық қызметті ұсынушыларды, медицина қызметкерлерін нақты экономикалық ынталандыруға және осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың азаюына әкеледі. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуді қаржыландыру жүйесінде түпкілікті қайта құру медициналық қызметтің сапасын және оның деңгейін мемлекеттік стандарттарға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан азаматтарының қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек алу құқығын іске асыру мүмкін болады.
Жағдаяттық тапсырма.

Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру туралы тұжырымдамамен танысып, топпен бірге қалайша талқылар едіңіздер.


Тест тапсырмалары:

1. Науқастың халы нашар. Қандай сөздермен баяндайсыз?

а) Түнде терлемейді.

ә) Тәбеті ашылды.

б) Есін жоғалтты.

в) Көңіл-күйі жаман емес.

г) Ас қорытуы жақсарды.



2. Науқастың жағдайының жақсарғанын хабарлаңыз.

а) Науқас аяқ-қолын қозғалта алмайды.

ә) Науқас әлсіз.

б) Науқас ішкен асын құсып тастайды.

в) Науқас есін жиды.

г) Науқастың көңіл-күйі төмен.



3. Қай сөздер бөлек жазылады?

а) Асқармен келеді.

ә) Студенттен сұрадым.

б) Трамваймен жеттім.

в) Әкесімен бірге.

г) Басымда ауырады.



4. Қай сөздер бөлек жазылады?

а) Басыңмен ойласаңшы.

ә) Басымен әуре.

б) Көрермен айтсын.

в)+Армен ұят болсын.

г) Әрмен кетші.



5. да (де) бөлек жазылатын сөйлемді көрсетіңіз.

а) Сізде қатысасыз

ә) Ауылда жүрген.

б) Әлияда білім жоқ.

в) Оқуда баласы бар.

г) Сенде шаруам бар.



6. Дұрыс жазылмаған сөздерді көрсетіңіз.

а) Жүрегіңіз қағама?

ә) Асқазаным қыжылдайды.

б) Ауру жылдам сауықты.

в) Көрдіңіз ғой.

г) Ауылға кетемін.



7. Сұрақтың керекті жауабын көрсетіңіз.

- Биылғы жылдан не күтесіз?

а) - Көпшілік

ә) - Арзан

б) - Сәтті

в) - Артық

г) - Табыс



8. Мағынасы жақын, синоним сөздерді көрсетіңіз.

а) дереу, жылдам

ә) қисық, дөңгелек

б) қыңыр, қоңыр

в) салмақты, жеңіл

г) күңгірт, бұлтсыз



9. Бағытты білдіретін сөздерді көрсетіңіз.

а) жұмсақ

ә) баяу

б) лас


в) алға

г) кең


10. Адамның ниетін білдіретін сөздерді көрсетіңіз.

а) түсті


ә) бармақшы

б) білімпаз

в) кірген

г) жолығады




11. Әдебиеттер:

1. «Егемен Қазақстан» газеті. 2011 жыл. 3 б.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.




ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Дәрігердің міндеттері мен құқықтары

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



1. Сабақтың тақырыбы: Дәрігердің міндеттері мен құқықтары
2. Мақсаты:

- Дәрігердің міндеттері мен құқықтары туралы мағлұмат беру

- Қазақстан Республикасының дәрігер анты туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

-мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағнасын түсіндіру;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

-өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

- өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

-жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту
3. Міндеті:

- болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктігін арттыру;

-студентке оқып, үйренуге өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

-студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;

-практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
4. Негізгі ұғымдар:

- Дәрігердің міндеттері мен құқықтары туралы мағлұмат беру

- Қазақстан Республикасының дәрігер анты туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;
5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (40-45 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (55-60 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (30-35 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-5 минут).
6. Өткізу түрі: Тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма
8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, Қазақстан Республикасының дәрігер анты.
9. Тапсырмалар

1-тапсырма. Болашақ дәрігер ретінде дәрігердің міндеттері мен құқықтары қандай болуы керек деген тақырыпта өз ойларыңызбен беріңіздер.

2-тапсырма. Мәтінді оқу. Түсінгенін айту.

Қазақстан Республикасының дәрігер анты

Медицина қауымдастығына өз еркіммен кіріп, мен (аты-жөні) жазбаша міндеттеме алып, оны адал орындауға салтанатты түрде ант етемін. Болашақта халқымыа қалтқысыз қызмет етіп, медициналық қауымдастықты дәстүрлі мейірбандылықпен дамыта отырып сақтауға және науқастың жазылып, дені сау болуы – қызметімнің басты принципі, менің жоғарғы бағам үшін ант етемін.

Өзіме дәрігерлік өнерді үйреткен кісіні, оған деген ізгі ниетімді, сый-құрметімді мәңгі-бақи сақтайдығым үшін ант етемін.

Кез-келген адамға дәрігерлік көмегім қажет болғанда бастартпай орындаймын; ең алдымен аурудың қамын ойлаймын; дәрігерлік өнерге қызығушылық адамдар немесе әріптестерім менен көмек талап етсе, оларға ақыл-кеңесімді, керек болса, тегін, әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ көмектесемін деп ант етемін.

Жариялауға мүлдем болмайтын дәрігерлік құпияны, сондай-ақ маған сеніп айтқан жеке сырларын ешкімге тіпті, ол қайтыс болып кетсе де жарияламайтындығым үшін ант етемін.

Медицина жетістіктерімен үнемі танысып, дәрігрелік шеберлігімді үздіксіз дамытып, «адамгершілік» атты ардан өзімді жоғары ұстаймын деп ант етемін.

Барлық іс-қимылдарымды Қазақстан Республикасының Дәрігерлік Этика қағидаларына сай жасаймын деп міндеттеме аламын.

Осы антты өз еркіммен, адал жүрегіммен беремін. Дәрігерлік парызымды ар-ожданыма сүйеніп орындаймын.



Аударған: М.Қожанұлы, Ш.М.Үмбетова

10. Бақылау (жағдаяттық тапсырма және т.б.).

Дәрігердің міндеттері мен құқықтары туралы және Қазақстан Республикасының дәрігер анты туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндап, топпен бірге қалайша талқылар едіңіздер.

Тест тапсырмалары:

1. Сөйлемді аяқтаңыз.

Науқастың денсаулығы ... .

а) ұлғайды

ә) көтерілді

б) араласты

в) түзелді

г) терледі

2. Адамның мінезіне байланысты жағымсыз қасиетін көрсетіңіз.

а) іскер


ә) жауапты

б) ақкөңіл

в) ұқыпты

г) арам


3. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

Науқастың кеудесі ... ауырады.

а) бүлкілдеп

ә) шаншып

б) айғайлап

в) сырқырап

г) тұншығып

4. Сөйлемді аяқтаңыз.

Науқастың терісі ... .

а) естиді

ә) түлейді

б) шыңылдайды

в) табылады

г) естіледі

5. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыз.

Ас – адам... арқауы.

а) -ның

ә) -дің


б) -тың

в) -тің


г) -нің

6. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) қабынуы қарсы

ә) әсер етеді

б) мүшелерді арқылы

в) дәріні дайындалады

г) емхана айтты



7. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) біз шаршайды

ә) жүйкесі тозады

б) ашуаншақ байқалады

в) дәріхананың сатылу

г) әкесін қайтты



8.Сөйлемді аяқтаңыз.

Науқас қатты ауырған соң, .... .

а) киімін киді

ә) сабақ оқыды

б) сөйлем аударды

в) еден жуу керек

г) дәрігер шақырды

9. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

а) аласа-төмен

ә) ауыр-жеңіл

б) кең-мол

в) кір-лас

г) денсаулық-байлық



10. Қазақтың ұлттық ойындарын көрсетіңіз.

а) алтыбақан

ә) қымыз

б) төбелес

в) доп ойнау

г) мазмұндама




11. Әдебиеттер:

1. «Егемен Қазақстан» газеті. 2011 жыл. 5 б.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.



ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Дәрігерлік этика.

2012 ж.


Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



1.Сабақтың тақырыбы: Дәрігерлік этика.



2. Мақсаты:

-Дәрігерләк этика туралы мағлұмат беру;

-Дәрігерлік этика туралы мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

-мәтінде кездесетін жаңа сқздердің мағнасын түсіндіру;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

-себеп-салдар күшейткіш үстеулердің қолданылуын практикалық жолмен меңгерту;

-оз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

- өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.-жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту
3. Міндеті:

- болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктігін арттыру;

-студентке оқып, үйренуге өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

-студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;

-практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
4. Негізгі ұғымдар:

а ) лексикалық материал бойынша:

1. Дәрігер үшін өте маңызды нәрсе;

2. Дәрігерлік деонтологияға дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігі;

3. Дәрігердің сырқат адаммен тіл табысып, сөйлесе алуы;

4. Дәрігермен сырқаттың қарым-қатынасы;

5. Дәрігердің парызы мен міндеттері, білімділігі;

ә) грамматикалық тақырып бойынша:

1.Себеп-салдар, күшейткіш үстеулерінің жасалу жолдары;

2. Үстеулердің атқаратын қызметі;

3.Себеп-салдар, күшейткіш үстеулерінің қолданылу ерекшеліктері.
5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45-48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (60-65 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).
6. Өткізу түрі: Тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тесттік бақылау.
8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9. Тапсырмалар

А) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестердің мағынасын түсіндіру немесе синонимдік қатарын көрсету.

Сырқат, этика, дионтология, дәрігерлік құпия, сырқаттың интелекті, еркін ұстау, аурудың психикасы, дәрігердің міндеті, дәрігердің парызы, сырқаттың көңіл-күйі.
Ә) Тапсырмалар:

1-тапсырма. Берілген үстеулерді пайдаланып, сөйлем құраңыз.

Амалсыздан, құр, босқа, әбден, бекерге, тым, аса, өте, өңкей, өңшең, мүлдем, лажсыздан.


2-тапсырма. Күшейткіш үстеулерін қолданып, сөйлем құраңыз.

Кілең, әбден, бекер, тым, аса, өңкей, мүлдем, орасан, нақ, нағыз, ең.


3-тапсырма.Көп нүктенің орнына қажетті себеп-салдар, күшейткіш үстеулерін қойыңыз.

1. Сіз бұл жерге ... келіпсіз. 2. Анар ... көнді. 3. Жол ... ұзақ екен. 4. Ол мен үшін ... қымбат. 5. Басқа дәрігерлерге барғанда ол ... қымбат. (бекер, тым, аса, амалсыздан, өте).


Б) Мәтінді оқу. Түсінгенін айту.

Дәрігерлік этика

Дәрігердің сыркат адаммаен тіл табысып сөйлесе алуы өте маңызды болып саналады. Дәрігер мен сырқаттың қарым-катынасы, дәрігердің парызы мен міндеттері дәрігерлік деонтология деп аталады.

Ауру адампсихикасы өте сезімтал келеді, ол дәрігердің сөзіен не ісінен сезіктену мүмін, Сондықтан науқасастың көзінше түсініксіз терминдер мен сөздерді қолданбауға тырысу керек, Сырқат адамның психологиясын, интелектін, сол кезде көңіл куйін-д ұрыс ескере білу керек.

Дәрігердің сырқатпен арадағы жақсы психлолгиялық қатынасы аурудың тез сауығына әсер етеді. Адамды толық есімімен атаған дұрыс. Сырқкаттың шағымдарын сұрастырғанда телефон қоңырауына, бөтен әңгімелерге көңіл ьермеу керек.

Сонда гана ауру өзін еркін ұстап, дерті туралы сыр ашады. Рецепт берген кезде дәрігерлер дәрігерді қабылдайтын уақыты, қанша емделетінін, қабылдау әдістерін түсіндіріп, ақыл –кеңес айту керек.

Дәрігердің білімдігіне, емнің комектесетіндігіне сену, дертке қарсы жасалған үлкен қадам болыпесептеледі.

Дәрігерлік деонтологияға дәрігірлік құпияны сақтау қажеттігі жатады. Науқас адам және оның дерті туралы мәліметтер ешкімге жарияланбауы тиіс.

Сондай-ақ, дәрігердің сыртқы пішіні, киім киісі, жүріс-тұрысы, сойлеу мәдениеті де талапқа сай болуға тиісті.
В) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Дәрігер үшін өте маңызды нәрсе не?.

2.Дәрігерлік деонтология деген не?

3.Ауру адам қандай болады?

4.Дәрігер нені ескеруі қажет?

5.Дертке қарсы үлкен қадам не?
10. Бақылау.

1. Дәрігермен сырқаттың қарым-қатынасықандай болу керек?

2.Рецепті қалай берген дұрыс?

3.Дәрігерлік деонтологияға не жатады?

4.Дәрігер нені ескеру қажет?

5.Науқас адамның дерті туралы мәліметтерді қалай сақтау керек?
Жағдаяттық тапсырма.

Сіз университетті енді бітірген жас мамансыз, сіздің алдығызда мінезі қиындау науқас отыр, сізге онымен тілдесу қиын. Не істеу керек?
Тест тапсырмалары:

1. Себеп-салдар үстеулерін көрсетіңіз.

а) дереу


ә) бекерге

б) балаша

в) басқа

г) амалсыздан



2. Себеп-салдар үстеулерінің сұрақтарын көрсетіңіз.

а) неге?


ә) қалай?

б) себептен

в) қалайша?

г) қайтып?



3. Күшейткіш үстеулердің сұрақтарын көрсетіңіз.

а) әбден


ә) шапшаң

б) мүлдем

в) нағыз

г) тіпті


4. Күшейткіш үстеулердің сұрақтарын көрсетіңіз.

а) кімше?

ә) қалай?

б) қандай?

в) қалайша?

г) қайтіп?



5. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді көрсетіңіз.

«Адамды ... есімімен атаған дұрыс».

а) қысқа


ә) толық

б) өте


в) ұзақ

г) қымбат



6. «Тіл табысу» деген сөздің аудармасын табыңыз.

а) найти общий язык

ә) найти родного человека

б) найти друга

в) найти хорошого врача

г) найти общий интерес



7. Күшейткіш үстеуді табыңыз.

а) Біз ең биікке ұштық.

ә) Асқарға ол туралы бекер айттың.

б) Мен амалсыздан көндім.

в) Сіз дәріханағ кіммен келдіңіз.

г) Тісіңізді қашан емдеттіңіз.



8. Дионтология грек тілінде не деп аталады.

а) deonos-парыз logos-оқу

ә) deonos-парыз logos-ғалым

б) deonos-сырым logos-білім

в) deonos-құпия logos-парыз

г) deonos-оқу logos-дәрігер



9. «Сезімтал» деген сөздің аудармасын табыңыз.

а) чувствительный

ә) подозрительный

б) стремительный

в) бдительный

г) разговорчевый



10. Дәрігер үшін өте маңызды нәрсе не?

а) сөйлесе алуы

ә) дәрігердің білімсіздігі

б) қолданбауы

в) дәрігерлік құпия

г) сөйлесу алмауы




11. Әдебиеттер:

1. Исаева Ж.Т. Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж., 110-112 бб.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.101 б.




ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі


2012 ж.


Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



1. Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі
2. Мақсаты:

- Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі туралы мағлұмат беру

- Валеология туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

-мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағнасын түсіндіру;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

-өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

- өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

-жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту
3. Міндеті:

- болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктігін арттыру;

-студентке оқып, үйренуге өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

-студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;

-практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
4. Негізгі ұғымдар:

- Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі туралы мағлұмат беру

- Валеология туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;
5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-5 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (35-45 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (50-60 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (35-40 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).
6. Өткізу түрі: Тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма
8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, Салауатты өмір салтына арналған кестелер
9. Тапсырмалар

1-тапсырма. «Салауатты өмір салты туралы» тақырыпта өз ойларыңызбен беріңіздер.

2-тапсырма. Мәтінді оқу. Түсінгенін айту.

Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі

Әрбір адамның өзін-өзі күтіп, денсаулығын сақтай білуі керек. Денсаулық аамның жан-жақты дамып, еңбек етуіне, тұрмыс жағдайын жақсартып, көңіл күйінің көтеріңкі болуына мүмкіндік береді.

Медицина ауырғандарды емдеп сауықтыруға, аурудың асқынбауына, жұқпалы індеттердің таралмауына көмектеседі. Түрлі аурулардың алдын қалай алу керек, қалай тамақтанған жөн, зиянды әдеттерден аулақ болуды т.б. насихаттауда дәрігердің орны ерекше.

Қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі темекі тартады, арақ ішеді, ретсіз тамақтануынан денелерін май басады. Осылардың әсерінен адамның көңіл күйі, мінез-құлқы өзгеріп, сана сезімі төмендейді, зат алмасу процесі, бауыр мен бүйрек қызметі бұзылады. Соңғы жылдары елімізде аурулардың түрлері (гипертония, жүректің ишемиялық аурулары, қант диабеті) көбейіп, халықтың денсаулығы күннен-күнге нашарлап, өмір сүру қзақтығы кеміп барады.

Денсаулықты сақтауда медицинаның бір саласы валеологияның қызметі зор.

Валеология латынның «Valeo» - дені сау болу және гректің «logos» ғылым деген сөздерінен құралған. Сонда валеология дені сау адамдардың денсаулығын сақтау жөніндегі ғылым дегенді білдіреді. Оны ғылымға ХХ ғасырдың 60 жылдарында проф.М.И.Брехман енгізді. Валеология арқылы халық гигиенаны және салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздерін, денсаулықты сақтау мен насихаттаудың тәсілдерін үйренеді.

Денсаулықты сақтаудың бірден бір жолы – дене шынықтырумен айналысып, тамақтану рационын сақтау, зиянды әдеттерден (есірткі, темекі тарту, арақ ішу т.б.) аулақ болу.
10. Бақылау (жағдаяттық тапсырма және т.б.).

Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндап, топпен бірге қалайша талқылар едіңіздер.

11. Әдебиеттер:

1. «Егемен Қазақстан» газеті. 2011 жыл. 3 б.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.


ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН, ІСКЕРЛІГІН ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН

БАҚЫЛАУШЫ-ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР

Қазақ тілі кафедрасы латын тілі курсымен

Қазақ тілі пәні бойынша, коды – KRYa 1104

Мамандығы – 5В110200 Қоғамдық денсаулық сақтау

Құрастырушылар: ф.ғ.к., аға оқытушы Т.Қ.Зайсанбаев, ф.ғ.к., оқытушы Б.Н.Канленова

2012ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

Қоғамдық денсаулық сақтау факультетіне арналған тестілер


1. Мезгіл үстеуі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Жүрек-қан тамыр аурулары бірнеше топқа бөлінеді.

ә) Жүрек-қан тамыр аурулары өте жиі кездеседі.

б) Глюкозидтер әр түрлі шөптерден даярланады.

в) Дәріні дәріханадан сатып алдым.

г) Биыл медицина университетінде конференция болады.



2. Сөйлемді аяқтаңыз.

Таза ауада серуендеу - денсаулықты ..... .

а) тарылтқан

ә) жақсартады

б) жөндеп

в) кеңейтсе

г) нығайтса

3. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Келесі қандай аялдама?

а) Келесі аялдамада түсу керек.

ә) Келесі аялдама Төле би көшесі.

б) Келесі аялдама көшесі Төле би.

в) Келесі аялдаманың Төле би көшесі.

г) Төле би көшесінде.

4. Сөйлемді аяқтайтын сөзді көрсетіңіз.

Көптеген дәрілер химиялық жолмен ... .

а) бөлінемін

ә) алынады

б) дәріханадан

в) емханада

г) жүзу

5. “вредно для организма” сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

а) ағзаға пайдалы

ә) ағзаға қарсы

б) ағзаға зиянды

в) ағза үшін

г) ағзамен зиянды



6. Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) жұқпалы қотыр

ә) дәрілік өсімдік

б) науқасты емдеді

в) дайын ұнтақ

г) құнарлы тағам



7. Сөйлемнен табыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз.

Дәрігер жазып берген дәріні уақытында ішіңіз.

а) берген

ә) дәріні

б) уақытында

в) ішіңіз

г) дәрігер

8. Жіктік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

а) қажетсіз

ә) болғанда

б) оқушысыз

в) қабылдау

г) рұқсатсыз



9. Сұрау есімдігі қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Түсінгім келді.

ә) Қашан келдің.

б) Өткізіп жібер.

в) Ол келсін.

г) Жазып болды ма.



10. Көп нүктенің орнына қажетті септеулік шылауды көрсетіңіз.

Әрбір дәрінің этикеткасында оны қалай пайдалану ... жазылған.

а) дейін

ә) үшін


б) жөнінде

в) қарай


г) бірге

11. Сөйлеміндегі сан есімнің түрін көрсетіңіз.

Қазақстанда өсетін 6 мыңға жуық өсімдік түрінің 500-і дәрілік өсімдіктер.

а) есептік, реттік

ә) жинақтық, топтау

б) болжалды, есептік

в) белгісіз, реттік

г) бөлшектік,топтау

12. Көп нүктенің орнына қажетті қосымшаларды көрсетіңіз.

Қарақат... жидегі тәбет... көтереді.

а) -тің, ті

ә) -тың, ты

б) -тың, ды

в) -тың, ті

г) -ар,ді

13. Сөйлемнің пысықтауышына қойылатын сұрақты көрсетіңіз.

Екеуі жұмысты бүгін бітірді?

а) кім?

ә) қашан?



б) қандай?

в) не үшін?

г) нені?

14. Сөйлемді аяқтаңыз.

Дәрілік шөптерден жасалған қайнатпаларды суық тигенде ... .

а) пайдаланады

ә) ішуді


б) науқастың

в) қолданып

г) ішсе

15. Сөйлемнен сын есімді көрсетіңіз.

Ерте заманның адамдары да емдік өсімдіктерді пайдалана білген.

а) заманның

ә) емдік


б) өсімдіктерді

в) адамдары

г) білген

16. Үстеулі сөз тіркестерін көрсетіңіз.

а) төмен түсті

ә) дұрыс тамақтану

б) жоспарлы тексеру

в) жазып отыр

г) судың сапасы



17. Дұрыс жіктелген етістікті көрсетіңіз.

а) мен келдік

ә) сен алдың

б) ол жұмсаймын

в) сіздер ектіңдер

г) сендер байқаңыздар



18. Барыс септігіндегі жіктеу есімдігін көрсетіңіз.

а) менің


ә) маған

б) сенде


в) сізбен

г) менен


19. Көп нүктенің орнына қойылатын жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

Қымызбен туберкулез .... тыныс жолдары ауруларын емдейді.

а) бірақ

ә) мен


б) туралы

в) және


г) шейін

20. «Ауа» сөзіне анықтауыш бола алатын сөздерді көрсетіңіздер.

а) таза


ә) қатты

б) жұмсақ

в) жедел

г) ешкім


21. Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз.

а) ешнәрсе

ә) біреу

б) мынау


в) сонау

г) қашан


22. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөзге қойылатын сұрақты көрсетіңіз.

Базардағы тазалықты қатаң қадағалау керек.

а) не үшін?

ә) қанша?

б) неліктен?

в) қашан?

г) қалай?

23. Сөйлемдегі толықтауышқа қойылатын сұрақты көрсетіңіз.

Санжар Әсетті зорға таныды.

а) нені?

ә) қалай?

б) кімді?

в) кім?


г) қайтті?

24. Берілген сөйлемнің қандай құрмалас сөйлемге жататынын анықтаңыз.

Әлеуметтік гигиена пәнінен дәріс аяқталған соң, біз төртінші ауруханаға бардық.

а) мақсат бағыныңқылы

ә) сын-қимыл бағыныңқылы

б) шартты бағыныңқылы

в) мезгіл бағыныңқылы

г) себеп бағыныңқылы

25. Салыстырмалы шырайлы сын есімді көрсетіңіз.

а) аса жоғары

ә) үп-үлкен

б) жақсы


в) тәуірлеу

г) өте сыпайы



26. Қарамен жазылған сөздер қандай септікте тұрғанын анықтаңыз.

Д дәрумені балық майында, бауырда болады.

а) ілік

ә) барыс


б) табыс

в) жатыс


г) шығыс

27. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Кешігіп қалсақ та, жиналысқа бардық.

а) қарсылықты бағыныңқылы

ә) сын-қимыл бағыныңқылы

б) шартты бағыныңқылы

в) мезгіл бағыныңқылы

г) себеп бағыныңқылы

28. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Көкпар – қазақтың ұлттық ойыны.

ә) Бүгін стадионға барасың ба.

б) Бір айдан кейін келіңіз.

в) Сіздердің асханаларыңыздың тамақтары дәмді ме.

г) Оқытушылар ескертсін.



29. Қарсылықты жалғаулықты көрсетіңіз.

а) мен


ә) әрі

б) алайда

в) сондықтан

г) біресе



30. Септеулік шылау қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Түске қарай ауа-райы күрт өзгерді.

ә) Сәбіз бен сүтте В1 дәрумені көп.

б) Жасөпірімдер дәрумені мол тамақты көп пайдалануы керек.

в) Самат әлжуаз әрі көп ауырады.

г) Арман тез және сауатты жазады.



31. Сөйлемнің екінші сыңарын көрсетіңіз.

Дәрігер келгенше, ..... ..... .

а) науқасқа сүт ішкізіңіз

ә) науқасты бөлмеге

б) уланған тағамды

в) науқасты шалқасынан жатқызыл

г) ағзаға қоректік заттармен

32. Ыңғайлас жалғаулықты көрсетіңіз.

а) сөйтсе де

ә) да

б) әлде


в) бірақ

г) өйткені



33. Медициналық терминді көрсетіңіз.

а) індет

ә) мұражай

б) бәйшешек

в) өнеркәсіп

г) демалыс



34. Сөйлемнен туынды сын есімнен жасалған анықтауышты көрсетіңіз.

Әсет қаланың шеткі көшесінде тұрады.



а) Әсет

ә) қаланың

б) шеткі

в) көшесінде

г) тұрады

35. Табыс септікті сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) зиянды зат

ә) темекіні әкелді

б) дарынды ақын

в) бактерияларға қарсы

г) сабақтан қайтты



36. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Никотиннің зиянды екенін біле тұра, адамдардың көпшілігі темекі тартады.

а) мақсат бағыныңқылы

ә) сын-қимыл бағыныңқылы

б) шартты бағыныңқылы

в) қарсылықты бағыныңқылы

г) себеп бағыныңқылы

37. Қарамен жазылған сөз қандай сұраққа жауап береді?

Никотин оттегінің алмасуын қиындатады.

а) ненің?

ә) қайтеді?

б) несін?

в) неге?


г) неліктен?

38. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Ты когде к нему поедешь?

а) Қашан сен оған барасың?

ә) Сен оған қашан барасың?

б) Барасың сен оған қашан?

в) Оған қашан барасың сенен?

г) Қашан барасың сен оған?

539. Сүт тағамының атауын көрсетіңіз.

а) қуырдақ

ә) шұбат

б) палау


в) кеспе

г) сорпа


40. Қарамен жазылған сөз қандай сөз табына жатады?

Қонақтар әжемнің шұбатын сүйсіне ішті.

а) сын есім

ә) сан есім

б) зат есім

в) есімдік

г) шылау

41. Себеп-салдар жалғаулығын көрсетіңіз.

а) сондықтан

ә) әрі

б) біресе



в) бірде

г) алайда



42. Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ас адамға қуат береді, бірақ оны тым көп іше беруге де болмайды.

ә) Тұзсыз тамақ ішу мүмкін емес, дегенмен тұзды аз пайдалануға тырысыңыз.

б) Тағам –қуат көзі және ағзаға қажетті дәрумендер де тағамда.

в) Қымызбен көптеген ауруларды емдеуге болады, сондықтан оны ішкен пайдалы

г) Кейбір адамдар спиртті ішімдікті көп ішеді, сол себепті олардың ішкі ағзалары ауруға ұшырайды.



43. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз.

а) -быз, -біз

ә) –лар, -лер

б) –гер, -хана

в) –мын, -мін

г) –ым,-ім



44. Сөйлемнің пысықтауышын көрсетіңіз.

Қырқұлақ ауруына ұшыраған адам тез шаршағыш болады.

а) қырқұлақ

ә) ауруына

б) ұшыраған

в) адам


г) тез

45. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Кейбір адамдар спиртті ішімдікті көп ішетіндіктен, олардың ішкі ағзалары ауруға ұшырайды.

а) мақсат бағыныңқылы

ә) сын-қимыл бағыныңқылы

б) шартты бағыныңқылы

в) мезгіл бағыныңқылы

г) себеп бағыныңқылы

46. Есептік сан есімді көрсетіңіз.

а) он бірінші

ә) елу бес

б) оннан бір

в) тоғыз-тоғыздан

г) қырық шақты



47. Сөйлемнен ілік септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз.

Дұрыс тамақтану ағзаның қызметін жақсартады.

а) дұрыс

ә) тамақтану

б) ағзаның

в) қызметін

г) жақсартады

48. Қарсылықты жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ас адамға қуат береді, бірақ оны тым көп іше беруге де болмайды.

ә) Тұз денсаулыққа зиянды, сондықтан оны аз пайдалануға тырысыңыз.

б) Тағам –қуат көзі және ағзаға қажетті дәрумендер де тағамда.

в) Қымыз - көптеген ауруларды емі, әрі тамаша сусын.

г) Кейбір адамдар спиртті ішімдікті көп ішеді, сондықтан олардың ішкі ағзалары ауруға ұшырайды.



49. Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

а) ініңіз

ә) мамансыз

б) үйім


в) есіктен

г) науқастар



50. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ет тағамдарының қуаты мол бола тұра, оны көп қолданса ағзаға зияны да бар.

ә) Қымыз - көптеген ауруларды емі, әрі тамаша сусын.

б) Бұл мәселе туралы көп айтылып, жазылып жүр.

в) Әсет үйден ерте шыққандықтан, бүгін сабаққа ерте келді.

г) Жеткілікті тамақтанбаса, адам ағзасы әртүрлі ауруларға ұшырауы мүмкін.



51. Көп нүктенің орнына қойылатын қосымшаларды көрсетіңіз.

Ол тек қана бие сүті... аш..ады.

а) ден, ыс

ә) мен, ды

б) нен, ыл

в) ген, іл

г) нің, ын

52. Сөйлемдегі ілік септігіндегі сөзді көрсетіңіз.

Кейін темекінің зиянды жақтары да анықтала бастады.

а) темекінің

ә) зиянды

б) жақтары

в) анықтала

г) бастады

53. Күрделі баяндауышты сөйлемді көрсетіңіз.

а) Түске қарай ауа-райы күрт өзгерді.

ә) Сәбіз бен сүтте В1 дәрумені көп.

б) Назгүл қоғамдық денсаулық сақтау факультетінде оқып жүр.

в) Қадір жақсы оқиды және тәртібі де жақсы.

г) Оқытушы қазақ әдебиетінің тарихы туралы қызықты әңгңме айтты.



54. Сөйлемінен жіктеу есімдігін көрсетіңіз.

Халық дәрілік шөптерді қашан жинауды және оларды қалай пайдалануды білген.

а) дәрілік

ә) шөптерді

б) жинауды

в) білген

г) оларды

555. Үндестік заңына бағынбайтын қосымша жалғанған сөзді көрсетіңіз.

а) ағамдікі

ә) балама

б) үйімнің

в) жоспарлы

г) дүкендер



56 Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Орталық кітапханаға қалай баруға болады?

а) Баруға болады 66-автобуспен.

ә) Бесінші отырыңыз тролейбусқа.

б) Бұл жерден тура баратын жоқ автобус.

в) Мына автобусқа отырып, Абылайхан даңғылынан түсіңіз.

г) Орталық кітапханаға болады баруға қалай білмеймін.

57. Барыс септігіндегі сөздерді көрсетіңіз.

Ұлттық мұражайға қалай бару керектігін білмеймін.

а) Ұлттық

ә) мұражайға

б) қалай

в) бару


г) білмеймін

58. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөз қай сөз табына жатады?

Бүгін сабаққа бәрі кешікпей келді.

а) үстеу

ә) сын есім

б) сан есім

в) есімдік

г) зат есім

59. Өздік есімдік қолданылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) өзім айттым

ә) бәрі біледі

б) әлдене болды

в) біз көрдік

г) неше рет



60. Табыс септігінің сұрақтарын көрсетіңіз.

а) кімнің? ненің?

ә) кімнен? неден?

б) кімге? неге?

в) кімді? нені?

г) кімде? неде?



61. Сөйлемді аяқтайтын сөз тіркестерін көрсетіңіз.

Адам әр түрлі тағам ішу арқылы ... .

а) ағзаның қажеттілігін өтейді

ә) асқазан ауруына шалдығып

б) ұйқысы нашарлағандықтан

в) өзіне қажетті витаминдерді алдым

г) жүрек соғысы жиілеп

62. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Д витамині күн ...... әсерімен түзіледі .

а) көріпті

ә) сәулесінің

б) көрдік

в) нұрымен

г) шапағының

63. Берілген сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Антибиотиктер неден алынады?

а) Микробтардың белгілі бір түрлерін жояды.

ә) Микробтардың өсуін тоқтатады.

б) Саңырауқұлақтар мен бактериялардан алынады.

в) Жануарлар мен өсімдіктер ағзасында.

г) Өсімдіктер гүлдеген кезде алынады.

64. Күшейтпелі шырайлы сын есім қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ащы тағамдар асқазанды ауыртады.

ә) Никотин алдымен жүйке жүйесін уландырады.

б) Аса қатты уланған адамды дереу ауруханаға жеткізу керек.

в) Кейбір дәрілердің дәмі ащылау болады.

г) Бүгін күн кешгіден жылылау.



65. Анатомиялық атауды көрсетіңіз.

а) егін


ә) астық

б) бүйрек

в) дәрумен

г) сусын


66. Етістігі өткен шақта тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Медицина университетіне оқимын.

ә) Медицина университетінде оқып жүр.

б) Медицина университетіне оқуға түспек.

в) Медицина университетіне оқуға түскен.

г) Медицина университетіне оқуға түсермін.



67. Етістігі ауыспалы осы шақтағы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Биыл дәрігерге қаралған жоқпын.

ә) Дәріні үнемі кешке ішемін.

б) Жексенбі күні қаланың сыртына шығып демалуды ұнататынмын.

в) Жұмысқа сағат сегізде бардым.

г) Ф.Ф.Эрисманның ғылыми еңбектері әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ



68. Қарамен жазылған сөз сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?

Декан студенттерді сағат екіге шақырды.

а) бастауыш

ә) толықтауыш

б) баяндауыш

в) анықтауыш

г) пысықтауыш

69. Көп нүктенің орнына қойылатын қосымшаны көрсетіңіз.

Ауру адам... психологиясы өте сезімтал келеді.

а) да

ә) сы


б) ның

в) ға


г) а

70. Септеулік шылау қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Дүкенге қазір барамын.

ә) Әрбір адам өз денсаулығы үшін күресуі керек.

б) Денсаулыққа әрқашан жауапкершілікпен қарау керек.

в) Ауырған адамға дәрігерден басқа ешкім көмектеспейді.

г) Дұрыс тамақтану аурудан тез жазылуға септігін тигізеді.



71. Сөйлемді аяқтаңыз.

Әр адам демалыс уақытын дұрыс ..... .......

а) уақытынан бұрын

ә) пайдалануы керек

б) өткізсе қажет

в) қыдырып, демалып

г) сауық-сайран

72. Сөйлемді аяқтаңыз.

Жоспарлы гигиеналық сараптаудың мақсаты ... .... .... .... .

а) азық-түліктердің сапасына бақылау жүргізу

ә) бұзылған азық-түліктердің сапасы

б) арнаулы мекемелермен барса

в) тағамдардың анықтау жарамдылығын

г) таза су құйылған ыдыстардың

73. Көп нүктенің орнына қойылатын қосымшаларды көрсетіңіз.

Қанның құрамын... оттегі азая.. да, көмір қышқыл газы көбейеді .

а) мен, дың

ә) на, да

б) ды, де

в) нда, ды

г) нен, ты

74. Сөйлемнен сын есімді көрсетіңіз.

Қыл тамырлар ─ зат алмасу үрдісі жүретін, өте ұсақ тамыр.

а) қыл тамырлар

ә) зат алмасу

б) жүретін

в) ұсақ


г) тамыр

75. Өздік есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ол оттегін өкпеден жасушаларға тасиды.

ә) Бір адамның қанын кез келген адамға құя беруге болмайды.

б) Әр адам өзінің қаны қай топқа жататынын білу керек.

в) Оның жағдайы қиындап кеткен соң, жедел жәрдем шақырдық.

г) Осы жерде тосыңыз.



76. Медициналық термин қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Көшелерге ағаш отырғызу керек.

ә) Соңғы кезде ауа-райы өзгеріп барады.

б) Өкпе кеуде қуысында орналасқан.

в) Алматы ─ Алатаудың бөктеріндегі әдемі қала.

г) Мұқан бүгін сабаққа келмеді.



77. Берілген сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

В борьбе с кишечными инфекциями используются антибиотики.

а) Күресте ішек инфекцияларымен антибиотиктер пайдалынылады.

ә) Ішек инфекцияларымен күресте пайдалынылады антибиотиктер.

б) Ішек инфекцияларымен күресте антибиотиктер пайдалынылады.

в) Ішек күресте инфекцияларымен антибиотиктер пайдалынылады.

г) Ішек антибиотиктер инфекцияларымен күресте пайдалынылады.

78. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіңіз.

М.Әуезов театры қаланың ..... орналасқан.

а) орталықтан

ә) ортасында

б) ортасының

в) ортасын

г) ортасымен

79. Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

а) ішектің

ә) кеудеге

б) мекемесі

в) ағзадан

г) мектептер



80. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

С.Ж.Асфендияров медицина институтының ......... көп еңбек сіңірді.

а) ұйымдастыру

ә) құруының

б) ашылуына

в) бөлінуге

г) салынудан

81. Сөйлемде қандай сан есім қолданылған?

Конференцияға жүзден астам студент қатысты.

а) есептік

ә) реттік

б) болжалдық

в) топтау

г) бөлшектік

82. “Перносчики” сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

а) тасығандар

ә) әкелетіндер

б) тасымалдаушылар

в) әперушілер

г) әкелушілер



83. Сөйлемнің толықтауышын көрсетіңіз.

Іш сүзегі өте жұқпалы ауруларға жатады

а) іш сүзегі

ә) жұқпалы

б) жатады

в) өте


г) ауруларға

84. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Соңғы рет орталық кітапханаға қашан бардыңыз?

а) Орталық кітапхана Абай даңғылының бойында.

ә) Орталық кітапхнаға ертең барамыз.

б) Қаңтар айында бардым.

в) Оталық кітапхана өте әдемі.

г) Қашан барғансыңым есімде жоқ.

85. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді көрсетіңіз.

а) балық


ә) нан

б) тағам

в) дәм

г) жеміс


86. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Гигиена ─ наука о сохранении и укреплении здоровья.

а) Гигиена ─ денсаулықты сақтау және нығайту туралы ғылым.

ә) Гигиена ─ денсаулықты сақтаудың және нығайту туралы ғылым

б) Гигиена ─ денсаулықты сақтауға және нығайтға туралы ғылым

в) Гигиена ─ денсаулықты сақтап және нығайтудың туралы ғылым

г) Гигиена ─ денсаулықты сақтауда және нығайтуда туралы ғылым

87. Үндестік заңы сақталмаған сөзді көрсетіңіз.

а) терезелер

ә) дәріхана

б) тазалық

в) еңбекші

г) ішімдік



588. Мезгіл үстеуі қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Мен үйіме хат жаздым.

ә) Спиртті ішімдіктер ойлау үрдісін баяулатады.

б) Ыстығым көтеріліп, амалсыздан аспирин іштім.

в) Дене қызуын басатын дәрі іштім.

г) Мектепті былтыр бітірген болатын.



89. “Переносчики возбудителей” сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

а) тасығыш ұшқыштар

ә) қоздырғыш тасу

б) таситын қоздырғыш

в) қоздырғыш тасымалдаушылар

г) тасымалдаушылар қоздырғыштардың



90. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Су жасушалардағы ...... алмасуына қатысады.

а) ауға

ә) оттегін



б) көміртегіне

в) заттардың

г) қоздырғышпен

91. Есімдік қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Бактерияға қарсы күресте күн сәулесінің пайдасы зор.

ә) Ағуызды тағам баланың өсуіне жақсы әсер етеді.

б) Кейбір адамдар дәрігердің кеңесін сақтамайды.

в) Қазақтардың негізгі тағамдары мал өнімдері.

г) Вегетариандықтар да түр-түрге бөлінеді.



92. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Тұмау қандай ауру?

а) Жүрегім ауырады.

ә) Тыныс жолдары ауруы.

б) Тұмау індеті басталды.

в) Тұмау - ауру өте жұқпалы.

г) Жүрек ауруларында пайдаланады.

93. Сөйлемді аяқтайтын сөзді көрсетіңіз.

Уландым деп қауіптенсең, дереу дәрігерге ... .

а) барыңыз

ә) жөнелді

б) қарал

в) көрінейін

г) болдыңыз

94. Сөйлемнің дұрыс аудармасын аудармасын көрсетіңіз.

В толстом кишечнике много бактерий.

а) Бактериялар көп тоқ ішекте.

ә) Тоқ ішекте бактерияларға көп.

б) Тоқ ішекте бактериялар көп.

в) Бактериялары көп тоқ ішекте.

г) Тоқ ішектен бактериялар көп.

95. Үстеу қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Арақ пен темекі денсаулыққа көп зиян келтіреді.

ә) Таңертең немесе кешке жүгіріңіз.

б) Мөлшерсіз тамақтану семіздікке әкеп соғады.

в) Теңіз суы ішуге жарамсыз.

г) Қымызда адам ағзасына қажетті элементтер көп.



96. Ыңғайлас жалғаулық қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Жаңбыр басылды, бірақ аспан бұлттан арылған жоқ.

ә) Бұл ауру өте қауіпті және тез тарайды.

б) Жазылып қалдыңыз, әйтсе де ауруханадан шығуға әзірше ерте.

в) Тұмау ауа арқылы тарайды, сондықтан ол тез тарайтын ауруларға жатады.

г) Бұрын балалар шешекпен көп ауырған, өйткені оған қарсы вакцина болмаған.



97. Сөйлемді аяқтайтын келер шақ етістікті көрсетіңіз.

Ауылдан ертең ... .

а) шықтым

ә) шығыппын

б) шыққан

в) шығыпты

г) шығармын

98. Баяндауышы сын есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Туберкулезді анықтау мен емдеу жұмыстары жүргізілуде.

ә) Туберкулез ауруын емдеу үшін ұзақ уақыт керек.

б) Туберкулезге қолданатын дәрілер екі топқа бөлінеді.

в) Қазақ емшілері де өсімдіктердің емдік қасиетін білген.

г) Жалбыздың шипалық қасиеті ертеден белгілі.



99. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Дәрігерлер мектеп ........ денсалығын бақылап тұруға тиіс

а) оқушылар

ә) оқушыларының

б) оқушылармен

в) оқушылардың

г) оқушыларға

100. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Никотин вреден не только для курящего.

а) Никотин темекішіге тамаша нәрсе.

ә) Никотиннің зияны темекі тартушыға.

б) Никотин темекі тартушыға ғана зиянды емес.

в) Никотинніңі пайдасы өте көп.

г) Адам никотинсіз өмір сүре алмайды.

101. Сөйлемді аяқтайтын етістікті көрсетіңіз.

Дәрігердің рұқсатынсыз ем қолдануға ... .

а) жақсы

ә) болмайды

б) бастық

в) жылдам

г) он жеті

102. Сөйлемде қандай сан есім қолданылған?

Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің мыңдаған түрі өседі.

а) топтау

ә) жинақтау

б) болжалдық

в) бөлшектік

г) есептік

103. Сөйлемде қандай есімдік қолданылған?

Нағиманың кетіп қалғанын ешкім білмей қалды.

а) өздік

ә) жалпылау

б) болымсыздық

в) белгісіздік

г) сілтеу

104. Сөйлемді аяқтайтын сөзді көрсетіңіз.

Қоршаған ортаны қорғау әр адамның ..... .

а) жақсартып

ә) міндетім

б) көзқарастың

в) борышы

г) тиімді

105. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Қазақ хандығын кімдер құрды?

а) Қасым хан тұсында қазақ хандығы нығайды.

ә) Жәнібек пен Керей қалады қазақ хандығының ірге тасын.

б) Абылай ханның өмірі жорықта өтті.

в) Қазақ хандығын Жәнібек пен Керей құрды.

г) Жәнібек пен Керей елді татулықпен биледі.

106. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Дәрілік шикізат ..... өсімдіктер мен жануарлар ағзалары пайдалынады.

а) көзі

ә) ретінде



б) сияқты

в) тәрізді

г) туралы

107. “Органы дыхания” тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

а) демалыс мүшесі

ә) демалу мүшесі

б) тыныстық мүше

в) тыныс алу мүшелері

г) тыныстың алу мүшелері



108. Сөйлемнен жатыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз.

Дәрігер жазып берген дәріні уақытында ішіңіз.

а) берген

ә) дәріні

б) уақытында

в) ішіңіз

г) дәрігер

109. Туынды сын есімді көрсетіңіз.

а) ақылсыз

ә) келесіз

б) оқушысыз

в) көршісіз

г) барасыз



110. Көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауын көрсетіңіз.

Су жүз градус.. қайнағанда ондағы микробтар өледі.

а) ға

ә) нан


б) та

в) де


г) та

111. Сөйлеміндегі сан есімнің түрін көрсетіңіз.

Бұзылған тағамды жеген адам жиырма төрт сағаттан кейін уланады.

а) реттік

ә) жинақтық

б) есептік

в) белгісіз

г) бөлшектік

112. Көп нүктенің орнына қажетті қосымшаларды көрсетіңіз.

Дайындал... тағамды дұрыс сақтау... маңызы ерекше.

а) нан, дан

ә) қан, ның

б) ып, мен

в) кен, ден

г) ған, дың

113. Сөйлемнің анықтауышына қойылатын сұрақты көрсетіңіз.

Менің үйіме ертең кешке барамыз.

а) кімнің?

ә) қашан?

б) қандай?

в) не үшін?

г) нені?

114. Сөйлемді аяқтаңыз.

Коммуналдық гигиена елді мекендердегі ауыз су, тазалық проблемаларын ...

а) пайдаланып

ә) шешеді

б) тазартуға

в) ластануын

г) реттеймін

115. Сөйлемінен ілік септіктегі сөзді көрсетіңіз.

Дәрінің әсері бір сағаттан кейін білінеді.

а) Дәрінің

ә) әсері


б) бір

в) сағаттан

г) білінеді

116. Сын есімді сөз тіркестерін көрсетіңіз.

а) төмен түсті

ә) тез шықты

б) мұнда отыр

в) қоғамдық орындар

г) ет тағамдары



117. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) ыстыққа тағам

ә) қымызға емдеу

б) ұлттың тағамдар

в) тағам қуаттылығы

г) биеден сүті



118. Көп нүктенің орнына қойылатын қосымшаны көрсетіңіз.

Ә.Айтбақин қымыз... емдеу туралы жазған.

а) дан

ә) бен


б) мен

в) ды


г) дың

119. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөз қандай қызмет атқарып тұр.

Базардағы тазалықты қатаң қадағалау керек.

а) бастауыш

ә) баяндауыш

б) анықтауыш

в) толықтауыш

г) пысықтауыш

120. Сөйлемнен толықтауышты көрсетіңіз.

Алмас ауылдық жердегі ауыз судың сапасын зерттеп жүр.

а) ауылдық

ә) жердегі

б) ауыз

в) судың


г) сапасын

121. Берілген сөйлемнің қандай құрмалас сөйлемге жататынын анықтаңыз.

Жиналыста ауыз су мәселесі айтылып, шешім қабылданды.

а) мақсат бағыныңқылы

ә) сын-қимыл бағыныңқылы

б) шартты бағыныңқылы

в) мезгіл бағыныңқылы

г) себеп бағыныңқылы

122. Қарамен жазылған сөз қай септікте тұр?

Д дәрумені балық майында, бауырда болады.

а) ілік

ә) барыс


б) атау

в) жатыс


г) шығыс

123. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Дәрігерлік мамандықты жақсы меңгерсін деп, баламды атақты дәрігергердің қарауына бердім.

а) мақсат бағыныңқылы

ә) сын-қимыл бағыныңқылы

б) шартты бағыныңқылы

в) мезгіл бағыныңқылы

г) себеп бағыныңқылы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет