С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Коммуникативтік құзырлылық бойынша



бет11/26
Дата21.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#2219
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

4-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

Елбасы Қазақстан халқына жолдауында экологиялық проблемелар туралы не айтты?

Президент не нәрсеге көбірек көңіл бөлу керек дейді?

Сапасыз өнім өндірушелерге қандай шара қолдану керек?


Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:

Жағдаяттық тапсырма: Экологияға зиянын тигізіп жатқан бір мекемені тексеруге барған санитарлық-эпдемиологиялық станция маманысыз. Өзіңіздің іс-әркеттеріңіз сипаттап айтып беріңіз
Білім құзырлылығы бойынша:

5-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріндегі өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбауы кінәлі. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорацияМелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.
6-тапсырма. Мына етістіктерді пайдаланып сөйлем құраңыздар: сақтау, пайдалану, қорғау, игеру, тамақтану.


1. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Сегодня плохая экологическая обстановка является причиной 20% смертей.

а) Ахуал бүгінгі экологияның 20% өнімінің себебі болып отыр.

ә) Бүгінгі экологиялық ахуал өлімнің 20%-на себепші болып отыр.

б) Болып отыр бүгінгі экалогиялық ахуал өнімнің 20% себепші.

в) Өлімнің бүгінгі экологиялық ахуал болып отыр.

г) 20% ахуал бүгінгі экологиясы өлімнің себепші болып отыр.

2. Жақша ішіндегі сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

(Треть наших соотчественников) сапасыз суды пайдалануда.

а) Біздің үшінші отандастарымыз.

ә) Үш біздің отандастарымыз.

б) Үшеуі біздің отандастарымыздың

в) Үш-үштен біздің отандастарымыз.

г) Біздің отандастарымыздың үштен бірі.

3. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз.

Мамандар әр отбасының ... ... қарай тамақтану рационын жоспарлауды үйретуі тиіс.

а) табыс табу

ә) дәрежелі табыс

б) табыс дәрежесіне

в) табыс дәрежесі

г) табыс дәрежесінің

4. Сөйлемді аяқтайтын сөз тіркесін көрсетіңіз.

Тамақтың құрамының дұрыс болуына мұқият ... ... ...

а) көңіл бөлу керек

ә) көңіл бөліп керекті

б) көңіл бөлсе қажетті

в) көңіл бөлудің керегі

г) көңіл бөлсе жатыр

5. Мына сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Низко качественная питьевая вода.

а) Сапасыз ащы су

ә) Сапасы жоғары тұщы су

б) Сапасы төмен ауыз су

в) Сапасыз, ащы теңіз суы



6. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) табиғат орта

ә) табиғи орта

б) табиғаттану орта

в) табиғаттың орта

г) табиғатпен ортасында

7. «производитель» сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

а) өндіріс

ә) өндіргі

б) өндір

в) өндірген

г) өндіруші

8. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Демографиялық жағдайға не әсер етуде?

а) Демографиялық жағдай жақсы емес.

ә) Демографиялық жағдайға әсер етуші факторлар көп.

б) Демографиялық жағдайға мемлекет көңіл бөлуде.

в) Демографиялық жағдайға қолайсыз экология әсер етуде.

г) Демографиялық жағдайға қолайсыз экологияның әсері зерттелуде.

9. Қимыл есімді сөз тіркесін көрсетіңіз

а) ауру тез жазылады

ә) ауру сау тістерге беріледі

б) ауырған кезде байқалады

в) ауырған адамның жүйкесі

г) ауыруды болдырмау керек

10.Сөйлемді аяқтаңыз.

Халықтың тамақтануы мемлекеттің экономикалық деңгейіне ...

а) байланысты

ә) байланысу

б) байланысып

в) байлап-матап

г) байланысты болу


10. Негізгі әдебиеттер:

1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 67-68 бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі (медициналық оқу орындарына арналған), Алматы, 2002 ж.,182-184 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.

3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.





ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

18 тақырып: Лексикалық: Интелектуалды еңбек қызметкерлерінің тамақтану режимі.

Грамматикалық: Сын есім, шырайлары.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1.Тақырыбы:

Лексикалық: Интелектуалды еңбек қызметкерлерінің тамақтану режимі.

Грамматикалық: Сын есім, шырайлары.
2.Мақсаты: «Интелектуалды еңбек қызметкерлерінің тамақтану режимі» мәтіні арқылы студенттерге олардың болашақ мамандықтарына қатысты кәсіби сөздерді игерту. Сын есім, оның шырайлары туралы түсіндіре отырып, оның грамматикалық қызметін ашып көрсету.
3.Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:

Грамматикалық тақырып бойынша:

Сын есім, сын есімнің жасалуы, қатыстық және апалық сын есімдер, сын есімнің шырайлары, жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай, сын есімнің сөйлемдегі қызметі, сын есімнің сөйлемдегі орны.


Лексикалық тақырып бойынша:

Дене еңбегі, ой еңбегі, екі түрге бөлу, қызметкерлердің тамақтануы, тамақтануды ұйымдастыру, денсаулыққа әсер ету, жайсыз факторлар кешені, азық-түлік жиынтығының негізі, ескеру қажет, пайда болу себептері, есте сақтау, нан өнімдері, өсімдік майлары.


5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):

Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.

Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.

Өткен сабақты қорыту – 15 мин.

Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.

Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.

Мәтінмен жұмыс – 15 мин

Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.

Бақылау жұмыстары – 15 мин.

Үйге тапсырма беру – 3 мин

Студенттің білімін бағалау – 7 мин.


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап, аударма жұмысы, жағдаяттық тапсырма.
7. Көрнекі құралдар: үлестірмелі карточкалар, плакаттар.
8. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Төменде берілген Абайдың өлеңдерін оқып шығып, сапалық сын есімдер мен қатыстық сын есімдердің қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың маңы – терең сай.

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.
Көкірегі сезімді,тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.


Қызыл арай, сары алтын шатырына

Күннің кешке кіргенін көрді көзім.


Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.



2-тапсырма. Төмендегі сын есімдерді қолданып сөйлем құраңыздар.

Кең, жылы, таза, жарық, терең, алыс, биік, таулы, орманды, мөлдір сөздерін қолданып, сөйлемдер құраңыздар.


9. Бақылау жұмыстары:

Дағды құзырлылығы бойынша:

3-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Сын есімнің шырайларын, түрлерін (сапалық, қатыстық) анықтаңыздар.

1.Қысқа мерзім ішінде Астанада зәулім үйлер, әдемі ғимараттар бой көтерді. 2.Жақсы кітап – жан азығы. 3.Қазақ жерінде асқар таулар, шалқар көлдермен қатар, сусыз, құмайт жерлер де жеткілікті. 4.Қазақстанның солтүстігінде өсетін қатты бидай әлемдік нарықта өте жоғары бағаланады. 5.Күзгі жауын сіркіреп жауып, Алтай тауларының биік шыңдарын қалың бұлт басып тұр. 6.Медеу шатқалында тастай суық суы бар «Кімасар» өзені сарқырап ағып жатады.



Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

4-тапсырма. Мына сын есімдерді қолданып сөйлем құраңыздар: ыстық, қатты, өте жылдам, тым көп, сұп-суық, өте ауыр.
5-тапсырма. Мына сын есімдер мен сын есімді тіркестерді пайдаланып сөйлем құраңыздар: қатты, жұмсақ, өтірікші, таудай, әуесқой, маскүнем, қазақы, жазғы, зиянкес, таза ауа, лас бөлме, жылы киім, іріңді жара, құрғақ тері, жарық бөлме, күнделікті мәселелер.
6-тапсырма. Мына сын есімдерді жай, күшейтпелі және салыстырмалы шырайда қолданып сөйлем құраңыздар: ақылды, ақымақ, жасыл, көк, жақсы, нашар, қызық, ыстық, суық, арзан, қымбат.
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:

Жағдаяттық тапсырма: Ой еңбегі мен дене еңбегінің айырмашылығы туралы ғылыми еңбектерді оқып шығып, өз ойыңызды айтыңыз.
Білім құзырлылығы бойынша:

7-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

При умственном труде в связи с ненагруженностью мышечной системы (гиподинамией) питание должно быть умеренным. Составляя рацион питания, необходимо строго учитывать потребность организма в энергии во избежание увеличения массы тела и ожирения.

Питание людей умственного труда должно быть полноценным. Это значит, что потребляемые ими пищевые продукты должны содержать все биологически ценные, необходимые для организма вещества в определенном количестве и оптимальном соотношении.

При умственном труде повышается потребность в белках. Поэтому в рационе питания белки должны составлять 13% суточной энергоценности пищи. Особое значение имеют компоненты пищи, обладающие липотропными и противосклеротическими свойствами, в частности аминокислота метионин, содержащая серу. Источниками метионина и других серосодержащих аминокислот являются творог, сыр, куриное мясо, лосось, треска, сельдь.




1. Күшейтпелі шырайлы сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) ыстықтау тағам

ә) жылдам келді

б) тез жазып бітірді

в) өте суық бөлме

г) түскі тамақтан кейін



2. Сөйлемдегі сын есімді көрсетіңіз.

Кейін темекінің зиянды жақтары да анықтала бастады.

а) темекінің

ә) зиянды

б) жақтары

в) анықтала

г) бастады

3. Сапалық сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) таулы жер

ә) сулы жер

б) жұқпалы аурулар

в) шикі тағам

г) сапасыз тағам



4. Күшейткіш буынды сын есімді көрсетіңіз.

а) аса үлкен

ә) ап-ащы

б) тым жалдам

в) өте тез

г) теп-тез



5. Көп нүктенің орнына қойылатын сын есімді көрсетіңіз.

Нұрлан емтиханды .... тапсырды.

а) жақсы

ә) жуан


б) тез

в) жақын


г) соншама

6.Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Ой еңбегімен айналысатынтындар дәмді әрі ... тағам ішуі тиіс.

а) маймен

ә) қуаттылық

б) жемістерге

в) көкөнісі

г) сіңімді

7. Дұрыс аударылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) необходимая энергия - қажетсіз қуат

ә) сложные процессы - жеңіл үрдістер

б) виды энергии - түрлері қуаттың

в) суточный расход - тәуліктік тамақ

г) работоспособность человека - адамның еңбекке қабілеттілігі



8. Салыстырмалы шырайлы сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) өте биік тау

ә) әдемі қала

б) салтанатты сарай

в) жарығырақ бөлме

г) жап-жасыл жайлау



9. Сапалық сын есімдер қатарын көрсетіңіз.

а) жақсы, құмайт, шөлейт

ә) ұзын, қысқа, биік

б) ұшқыр, сезімтал, жіңішке

в) қысқы, жазғы, күзгі

г) әдемі, таулы, әлсіз



10. Сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) тез келеді

ә) оқыған адам

б) жұлған кезде

в) ауыр ота

г) кешеден бері




10. Негізгі әдебиеттер:

1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 71-72 бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі (медициналық оқу орындарына арналған), Алматы, 2002 ж.,205-207 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.

3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.


7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс, сұрақ-жауап, аударма жұмысы.




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

19 тақырып: Лексикалық: Дәрумендер және олардың тамақта сақталуы

Грамматикалық: Сан есім.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1.Тақырыбы:

Лексикалық: Дәрумендер және олардың тамақта сақталуы

Грамматикалық: Сан есім.
2.Мақсаты: «Интелектуалды еңбек қызметкерлерінің тамақтану режимі» мәтіні арқылы студенттерге олардың болашақ мамандықтарына қатысты кәсіби сөздерді игерту. Сан есім, оның түрлері туралы түсіндіру, сан есімнің грамматикалық қызметін жан-жақты сипаттау.
3.Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Дағды құзырлылығы бойынша – мен мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пйдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:

Грамматикалық тақырып бойынша:

Сан есімнің түрлері, қазақ тілінде сан есім мен зат есімнің қиысуының ерекшеліктері, реттік сан есім, топтау сан есімі, болжалдық және бөлшектік сан есімдер.



Лексикалық тақырып бойынша:

ағза тіршілігіне қажетті, тағам құрамы, қалыпты тіршілік үшін, күнделікті тағам, бұзылуына әкеп соғады, өсімдік тектес тағамдар, терісі құрғап қабыршықтанады, адамның денесі ісінеді, тез шаршайды, витамин жетіспесе, суда еритіндер, қоректік заттармен бірге, міндетті түрде.


5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):

Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.

Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.

Өткен сабақты қорыту – 15 мин.

Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.

Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.

Мәтінмен жұмыс – 15 мин

Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.

Бақылау жұмыстары – 15 мин.

Үйге тапсырма беру – 3 мин

Студенттің білімін бағалау – 7 мин.


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс, аударма жұмысы.
7. Көрнекі құралдар: дәрумендер туралы слайдтар, плакаттар, үлестірелі карточкалар.
8. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Сан есімдердің түрлерін анықтап, олардың қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер.

1.Адам қаңқасы екі жүзден аса сүйектен тұрады. 2.Адамның бет бөлігінде он бес сүйек бар. 3.Сүйектің 60 %-ы органикалық, 30 %-ы бейорганикалық, қалған 10%-ы судан тұрады. 4.Жоспарлаған жұмыстан 1∕3 істеледі. 5.Еңбек өнімділігі 2,5-3 есе артты. 6.Науқастар әр палатада бес-бестен жатыр. 7.Бірінші палатада жұқпалы аурулармен ауырған науқастар жатыр. 8.Біздің топтағы 10 студенттің бесеуі емтиханнан жақсы баға алды. 9.Шеруге он мыңдай адам қатысты. 121-топтың студенттері дәрігерлік тексеруден өтті. 10.Біз 5-6 күннен кейін емтихан тапсырамыз.


2-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар. Мәтінде сан есімнің қандай түрлері қолданылғанын анықтаңыздар.

Әдеби кешке екі жүзден аса студент жиналды. Он шақты ақын-жазушы қонаққа келді. Кеш екі сағаттай болды. Ақындардың үшеуі өлеңдерін жатқа айтты, біреуі сол жерде шығарған өлеңін оқыды. Студенттер екі-екіден, үш-үштен барып, ақын-жазушылардан қолтаңба алды. Кешке қатысқан ақындардың өлеңдеріне жазылған әндерді еліміздің танымал әншілері орындады. Кейбір әншілер сахнаға 2-3 рет шықты. Кешті теледидар арқылы кешкі сағат сегізде мыңдаған көрермендер тамашалады.


3-тапсырма. Мына сан есімдерге реттік сан есім жұрнағын жалғап, жазбаша таңбалаңыздар: 2005, 1986, 19, 20, 45, 847, 99, 103.
9. Бақылау жұмыстары:

Дағды құзырлылығы бойынша:

4-тапсырма. Мына сан есімдерді қолданып сөйлем құраңыздар: он бес-он алты, жүз шақты, екі бүтін оннан төрт, екі мың он бірінші, бесеуі, бес-бестен, мыңдаған, екі жүздей
1-жаттығу. Мына цифрларды жазбаша таңбалаңыздар: 1962, 2005, 19, 37, 603, 12597, 1295.
2-жаттығу. Сөйлемдердің мағынасына қарай көп нүктенің орнына болжалдық сан есімнің шылауларын қойыңыздар.

1.Біздің курста екі жүзден ... студент оқиды. 2.Елімізде жүрек-қан тамырлары ауруынан жылына мыңға ... адам қаза табады. 3.Дәрісхана алдында он ... студент тұр. 4.Ол кезде бір дәрігерге күніне жүз ... науқасты қабылдауға тура келетін. 5.Зайсан ойпатында дәрілік шөптердің үш жүзге ... түрі өседі.

Көп нүктенің орнына қажетті шылаулар: жуық, шақты, аса, тарта, шамалы
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

5-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Қалыпты тіршілік үшін ағзаға нелер қажет?

  2. Авитаминоз дегеніміз не?

  3. А витамині қандай тағамдарда болады?

  4. В1, В2 витаминдері жетіспеген адамда қандай белгілер байқалады?

  5. С витамині жетіспесе, адам қандай ауруға шалдығады?

Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:



Жағдаяттық тапсырма: Дәрумендердің ағзаға пайдасы туралы ғылыми еңбектерді оқып, өз ойларыңызды жазып келіңіздер.
Білім компоненті бойынша:

6-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар:

Биологическая полноценность пищи, наряду с достаточным содержанием белков, жиров, углеводов и минеральных солей, определяется также наличием витаминов. Значения витаминов для организма обусловлено их тесной связью с ферментами, гормонами и непосредственно участием в регуляции обмена веществ.

В настоящее время известно более 20 различных витаминов. По способности растворяться в воде или жирах их делят на водо- и жирорастворимые.

При недостатке в организме витаминов возникают специфические и неспецифические изменения. Неспецифическими признаками любого гипо- и авитаминоза являются нарушение роста и развитие детей, снижение сопротивляемости организма к заболеваниям.



Сөздік

белки - ақуыздар

в настоящее время - қазіргі кезде

биологическая полноценность -биологиялық жарамдылығы


растворяться в воде - суда еру

сопротивляемость - қарсы тұрушылық







1. Көп нүктенің орнына қойылатын реттік сан есімді көрсетіңіз.

Ғалымның інісі ... сыныпта оқиды.

а) бесеу

ә) алтыншы

б) он шақты

в) тоғызда

г) оннан бір

2. “Нешінші?” деген сұраққа жауап беретін сан есімді көрсетіңіз.

а) жиырмасыншы

ә) екі жүз алпыс бес

б) жүздей

в) екі бүтін оннан бес

г) елу екі



3. Мына сан есімнің оқылуын көрсетіңіз.

2 2

6

а) екі және алты екі



ә) екі мен алтыдан екі

б) екі бүтін екіден алты

в) екі бүтін алтыдан екі

г) 2 бүтіннің алтыншы бірі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет