С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Бөлшектік сан есім қолданылған сөйлемді көрсетіңіз



бет12/26
Дата21.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#2219
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

4. Бөлшектік сан есім қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Медицина университеті мың тоғыз жүз отызыншы жылы құрылды.

ә) Сәуле мен Әсем екеуі кітапханаға бара жатыр.

б) Жұмыстың үштен бірі аяқталды.

в) Оқу үлгерімі екі-үш есе жоғарылады.

г) Қабылдау бөліміне науқастарды екі-екіден кіргізді.



5. Топтау сан есімі қолданылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) оныншы сынып

ә) бес-бестен кірді

б) он шақты күн

в) жүз елудей адам

г) үшеуі де келді



6. Жинақтық сан есімі қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Би екеу болса, дау төртеу болады (мақал).

ә) Хатты белгісіз біреу әкеп тастапты.

б) Денсаулық саласына биыл қаржы 2, 4 есе көп бөлінді.

в) Әсем бірінші курсты үздік бітірді.

г) Әр қатарда парталар екі-екіден қойылған.



7. Болжалдық сан есім қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Кітапханада үш сағат отырдым.

ә) Бурабай шипажайында жазда он мыңнан аса адам демалады.

б) Оны көрмегеніме екі жыл болды.

в) Сағат тоғызда студенттер бір-бірден кітап өткізе бастады.

г) Сәния мен Қасым екеуі кітапханадан ең соңынан шықты.



8. Сан есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) майлы тағам

ә) дәрумендерге бай

б) екі-үш бөлме

в) нан тағамдары

г) тез бұзылады



9. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Витамины – биологические активные вещества, необходимые для жизнедеятельности организма.

а) Дәрумендер - биологиялық белсенді заттар, ағзаның өмір сүруі үшін қажетті.

ә) Дәрумендер – ағзаның өмір сүруі үшін қажетті биологиялық белсенді заттар.

б) Дәрумендер - өмір сүруі үшін ағзаның қажетті биологиялық белсенді заттар.

в) Дәрумендер – биологиялық белсенді заттар ағзаның өмір сүруі үшін.

г) Дәрумендер – қажетті өмір сүруі үшін ағзаның биологиялық белсенді заттар.

10. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Витаминдер ... құрамында болады.

а) өсімдіктермен

ә) өсімдіктерге

б) жануарларда

в) тағамдардың

г) өсімдіктерін



10. Негізгі әдебиеттер:

1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 74-78 бб.

2. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, Алматы, 2001 ж., 129-130 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.

3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.


7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс, аударма жұмысы.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

20 тақырып: Лексикалық: Ауыз су

Грамматикалық: Есімдіктер.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1.Тақырыбы:

Лексикалық: Ауыз су

Грамматикалық: Есімдіктер.
2.Мақсаты: Студенттерге ауыз су дегеннің не екені туралы мағлұмат беру, мәтінде не айтылатынын ұғындыру, мәтін бойынша жұмыс жасату. Есімдіктер және оның түрлері туралы түсіндіру, есімдіктердің грамматикалық қызметін жан-жақты сипаттау.
3.Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:

Грамматикалық тақырып бойынша:

Есімдіктер, есімдіктің түрлері, жіктеу есімдіктері, сілтеу есімдіктері, сұрау есімдіктері, өздік есімдігінің ерекшелігі, болымсыздық және белгісіздік есімдіктері.



Лексикалық тақырып бойынша:

Көп тараған, ең көп тараған, пайдалануға жарамды, пайдалануға жарамсыз, қазіргі кезде, бұрынғы кезде, құрамында 100-ден астам ел бар, құрамында 100-ге тақау ел бар, арнайы құрылған комиссия, су проблемасымен айналысатын комиссия, ауыз су жетіспеуден, судың әрбір тамшысы, судың сапасы, ақиқатқа айналу.


5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):

Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.

Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.

Өткен сабақты қорыту – 15 мин.

Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.

Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.

Мәтінмен жұмыс – 15 мин

Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.

Бақылау жұмыстары – 15 мин.

Үйге тапсырма беру – 3 мин

Студенттің білімін бағалау – 7 мин.


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
7. Көрнекі құралдар: Ауыз су туралы фотосуреттер, слайдтар, плакаттар.
8. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті есімдіктерді қойыңыздар.

... бүгін факультет деканымен кездесуге барамыз. 2. Жиналыс сағат ... болатынын білесің бе? 3. ... сағат екіде 121-дәрісханаға келіңдер. 4.Сен жатақханада ... бірге тұрасың? 5. ... кімнің дәптері? 6. ... мектепті үздік бітіріп, медицина университетіне оқуға түсті. 7.Науқастың жағдайы .... жүктелген тапсырманы орындап шыға аламын деп ойлаймын.



Көп нүктенің орнына қойылатын есімдіктер: сендер, кіммен, нешеде, мынау, ол, қалай, біз.
2-тапсырма. Мына есімдіктерді септеңіздер: кім? Сол, сіз, осы, әлдекім.
10. Бақылау жұмыстары:

Дағды құзырлылығы бойынша:

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті өздік есімдіктерді қойыңыздар.

1.Әкем ауруханада, шешем мектепте жұмыс істейді, ал ... медицина университетінде оқимын. 2. ... қалаған мамандықты таңдасаң ғана, үлкен нәтижелерге қол жеткізе аласың. 3.Элективтік курстарды студенттер ... таңдайды. 4.Біз ... не қажет екенін жақсы білеміз. 5.Бұл – менің ... жеке көзқарасым. 6.Дәрігердің ... дұрыс ұстауы, сөйлеу мәнері науқасқа қатты әсер етеді. 7. Мен ... жүктелген тапсырманы орындап шыға аламын деп ойлаймын.



Көп нүктенің орнына қойылатын есімдіктер: өзімізге, өзің, өздері, өзімнің, өзіме, өзім, өзін.
4-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Сөйлемдерде қолданылған есімдіктердің түрлерін анықтаңыздар.

1.Кезекші дәрігер әрбір науқасты жеке-жеке қарап шықты. 2.Сәния сабақтан ешқашан кешіккен емес. 3.Қай емханаға барып қаралу керек екенін енді әркім өзі шешеді. 4.Бұл ауру медицинаға әлдеқашан белгілі болса да, әлі күнге дейін оны толық емдеп жазу мүмкін болмай отыр. 5.Одан бері бірталай уақыт өтті. 6.Бұлай істеуге болатыны ешкімнің ойына келмепті. 7.Конференцияға материал дайындау барысында бірнеше медициналық журналды оқып шықтым. 8.Темекінің денсаулыққа зиян екенін әркімге аян. 9.Студенттер өздерінің жатақханаларының төңіреген тазалады. 10.Бірінші курс студенттерінің бәрі жиналып болған соң, декан бүгінгі қаралатын мәселе туралы айтты.


Комуникативтік құзырлылық бойынша:

5-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Табиғатта ең көп тараған зат не?

  2. Қазіргі кезде қандай қауіп бар?

  3. ЮНЕСКО жанынан немен айналысатын комиссия құрылған?

  4. Арнайы комиссия құрамына қанша елдің өкілдері кіреді?

  5. Жер шарының 60 %-ында тұратын халық неден зардап шегеді?

  6. Қай жерде судың әр тамшысы есептеледі?

  7. Академик А.Ферсман тұщы суды не деп атады?


Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:

Жағдаяттық тапсырма:

Облыс орталығынан шалғай шағын елдімекенде ауыз суды бұлақтан тасып ішеді. Ауылдың малдары да бұлақтан су ішетіндіктен, оның маңайын ластайды. Осы лас қалдықтар жаңбыр, қар сулары арқылы бұлаққа құйылады, сондықтан ауылда соңғы жылдары ішек аурулары, сары ауру (гепатит) сияқты аурулар өршіп тұр. Сізді осы аурулардың шығу себебін және оған қандай шара қолдану қажет екенін анықтауға іссапарға жіберді.

Сіз жағдайды тексерген соң, бұл туралы кімдерге мәлімдеме жасайсыз?

Қандай шаралар қолданасыз?


Білім құзырлылығы бойынша:

6-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Вопросы обеспечения казахстанцев качественной питьевой водой — важнейшая задача улучшения здоровья народа, поэтому это будет нашим приоритетом. Так поставил задачу Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев в своем Послании народу «Построим будущее вместе!».

«Поручаю Правительству выработать эффективные стимулы для максимального вовлечения частного капитала в водохозяйственный сектор. Надо широко использовать потенциал подземных вод, применить системный подход при строительстве новых объектов водоснабжения. В 2020 году доступ к центральному водоснабжению в городах должен составить 100 процентов. А в сельской местности — вырасти вдвое, до 80-ти процентов», — указал Н.Назарбаев.

С учетом новых задач, поставленных Главой государства, был проанализирован опыт реализации Отраслевой программы «Питьевая вода» на 2002-2010 годы. Известно, что серьезные нарушения бюджетного, архитектурно-градостроительного, санитарно-эпидемиологического и др. законодательств, допущенные при выполнении Программы «Питьевая вода», стали причиной обсуждения хода ее реализации на уровне Правительства, НДП «Нур Отан», широкого круга общественности. Во время этих обсуждений отмечались недоработки, допущенные при реализации программы.




1. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Қандай сулар ішуге жарамсыз?

а) Ауыз су мәселесі кейбір елдерде өте күрделі.

ә) Су – ең бағалы минерал.

б) Теңіз бен мұхит суы ішуге жарамсыз.

в) Адам сусыз өмір сүре алмайды.

г) Жер бетінде су көп.

2. Дұрыс аударылған сөз тіркестерін көрсетіңіз.

а) Самый распрастраненный – көп таралмаған

ә) Пресная вода - тұщы су

б) Не качественная вода - ащы су

в) Неправильное питание - күнде тамақтанбау

г) Природная среда - табиғат және орта.



3. Жіктеу есімдігі қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Бұл мәселені уақытында шешу керек.

ә) Ауылдар мен аудандардарға су құбырлары тартылуда.

б) Биыл су құбырларын жөндеуге қанша қаражат бөлінді?

в) Біз бұл туралы аудан әкіміне хабарладық.

г) Қай елдерде ауыз су өте тапшы?



4. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Кейбір елдер ауыз суды ... тасып ішеді.

а) атқа

ә) ұшақтың

б) тракторда

в) кемемен

г) тікұшақтан

5. Дұрыс септелген жіктеу есімдігін көрсетіңіз.

а) маған


ә) менге

б) сеннің

в) бізте

г) сенмен



6. Сөйлемді аяқтаңыз.

Балаңыздың жасы …?

а) неше?

ә) қалай?

б) нешінші?

в) нешеде?

г) қайда?

7. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) мен айттың

ә) қашан келдің?

б) дәптері кімнің?

в) сендерде бер

г) біз көрдім



8. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Теңіздердің мен мұхиттарға суы пайдалануға жарамсыз.

ә) Ауыз су тапшылығынан көптеген елдер зардап шегуде.

б) Хорватияда әр тамшысы есептеледі судың.

в) Кейбір елдер суды кеменің, ұшақта тасып ішеді.

г) АҚШ-та су шөлмекке сатылады.



9. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз.

Қазақстанның көптеген аймақтарында ... ... өте тапшы.

а) суы ауыз

ә) ащы судың

б) ауызға су

в) ауыз су

г) су бұлағы

10. «потенциал подземных вод» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

а) жер беті суларының мүмкіндігі

ә) жер асты суларының мүмкіндігі

б) жер астына сулары мүмкіндігі

в) жер асты суларымен мүмкіндігі

г) жер асты сулары мүмкіндігіне




10. Негізгі әдебиеттер:

1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 74-78 бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі (медициналық оқу орындарына арналған), Алматы, 2002 ж., 179-181 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.

3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.





ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

21 тақырып: Лексикалық: Судың гигиеналық маңызы

Грамматикалық: Үстеу.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1.Тақырыбы:

Лексикалық: Судың гигиеналық маңызы

Грамматикалық: Үстеу.
2.Мақсаты: Студенттерге судың гигиеналық маңызы туралы мағлұмат беру, болашақ мамандардың кәсіптеріне қатысты сөздерді игерту. Үстеу және оның түрлері туралы түсіндіру, үстеулердің грамматикалық қызметін жан-жақты сипаттау.
3.Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:

Грамматикалық тақырып бойынша:

Үстеу, үстеудің түрлері, мезгіл үстеу, мекен үстеуі, мөлшер үстеулері, сын-қимыл үстеуінің ерекшелігі, мақсат үстеуі, үстеулердің сөйлемдегі қызметі.


Лексикалық тақырып бойынша:

Патологиялық өзгеріс, сусыз өмір, өмір сүре алмау, гигиеналық маңызы, жеке бастың гигиенасы, тұрғын үй гигиенасы, көше гигиенасы, емдік мақсат үшін, су көліктері, тамақтану орындары, микроорганизмдердің дамуы, жаппай эпидемия, мәліметтер бойынша, жыл сайын, су сапасы, аурулардың алдын алу, суды қайнату, суды тазарту, ауыз су, сусыз өмір, шынықтыру үшін, минералды су, тамақ өнеркәсібі, сүзгіш орнату.


5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):

Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.

Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.

Өткен сабақты қорыту – 15 мин.

Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.

Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.

Мәтінмен жұмыс – 15 мин

Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.

Бақылау жұмыстары – 15 мин.

Үйге тапсырма беру – 3 мин

Студенттің білімін бағалау – 7 мин.


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
7. Көрнекі құралдар: үлестірмелі карточкалар, үстеудің түрлері туралы ілмелер.
8. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Сөйлемдегі үстеулердің түрлерін анықтаңыздар.

1.Жігіттер де бекер отырмай, жұмысқа кірісіп кетті. 2.Ол дәрігерге амалсыздан барды. 3.Қазір бұл аурумен балалар мүлде ауырмайды. 4.Машина үйдің дәл қасына тоқтады. 5.Байкал – дүние жүзіндегі ең терең көл. 5.Туберкулез – аса жұқпалы ауру. 6.Жұмысты олар өте тез бітірді. 7.Сусамыр ауруына дүние жүзіндегі мемлекеттер орасан зор қаржы бөледі. 8.Студент уақытын босқа өткізбеуі керек. 9.Бәріміз жабылып бұл жұмысты лезде бітірдік. 10. Өзінікі дұрыс емес екенін біле тұра, ол қасақана осылай істеді.


2-тапсырма. Көп нүктенің орнына мына үстеулердің қажеттісін қойыңыздар: қазір, тұс-тұстан, былтыр, бірден, бірен-саран, жорта, орасан, әбден, бір-бірлеп.

1.Бұл бөлімде университетті ... бітіріп келген жас маман жұмыс істейді. 2.... ол өз жұмысына үйреніп қалды. 3... келген ауыл тұғындары осы жерде жиналады. 4.... жұмысшы болмаса, көпшілігі жоғары білімді. 5.Жұмысты ... .... игеріп кетті. 6.Асқарды ... көрмегенсіп, сәлем бермеді. 7.Денсаулық сақтау саласы бойынша ... зор жұмыстар атқарылды. 8.Дәрігер науқастарды ... қарай бастады. 9.Аурухананың сырты ... тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді.


9. Бақылау жұмыстары:

Дағды құзырлылығы бойынша:

1-жаттығу. Мәтінде пайдаланып көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыздар.

1. Ағзадағы судың 10 % жоғалса, ... пайда болады. 2. Адам ... өмір сүре алмайды. 3.Судың ... маңызы өте зор. 4. Су жеке бастың ... сақтау үшін керек. 5. Су көгалдарды, ... суландыру үшін қолданылады. 6. Тамақтану ... санитарлық- техникалық ... жақсарту үшін пайдаланылады. 7. Минералды ... емдеу үшін қолданылады. 8. Су ... нашарлығынан жыл сайын 500 млн адамның ауруы тіркеледі. 9. Аурулардың алдын алу үшін, ... қайнатып ішу керек.


Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

3-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Судың гигиеналық маңызы қандай?

  2. Су не үшін қолданылады?

  3. Қандай жағдайларда жұқпалы аурулардың жаппай эпидемиясы пайда болады?

  4. Неліктен жыл сайын 5 млн. адам өлімге ұшырайды.

  5. Аурулардың алдын алу үшін не істеу керек?


Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:

Жағдаяттық тапсырма: Бір мекемеге барып гигиеналық мақсатта суды қалай қолдану керек екендігі туралы баяндама жасауыңыз керек. Не айтатыныңызды қысқаша мазмұндап беріңіз.
Білім құзырлылығы бойынша:

4-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар. Орыс тіліндегі үстеулерді қазақ тіліндегі үстеулермен салыстырыңыздар.

1.Ленивые крупные хлопья снега бесшумно скользили мимо окна (В.Тендряков). 2.До вечера оставалось не более получаса, а заря едва-едва зажигалась (И.Тургенев). 3.Внизу, у подножья хребта растет смешанный лес (В.Арсеньев). 4.Отсюда, сверху, открывался великолепный вид во все стороны (В.Арсеньев). 5.Сегодня русский язык ─ передовой язык мира (Н.Тихонов).



Сөздік

хлопья снега - мамық қар

смешанный лес - аралас орман



у подножья хребта - жотаның етегінде

великолепный вид - керемет көрініс




Жағдаяттық тапсырма: Алдыңызға келге науқастың тістері біркелкі емес, сондықтан оларды тегістеу қажет. Сіз науқасқа оны қалай түсіндіресіз, жұмысты неден бастайсыз.
1. Күшейткіш үстеу қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Тұмау тез таралады.

ә) Тұмау ауа арқылы таралады.

б) Тұмау ауру адамнан сау адамға жұғады.

в) Тұмау – өте жұқпалы ауру.

г) Тұмау соншалық қауіпті емес.



2. Көп нүктенің орнына қойылатын күшейткіш үстеуді көрсетіңіз.

Науқас … жазылғанша ауруханада жатады.

а) ең

ә) лықа


б) әбден

в) өте


г) аса

3. Мақсат үстеулі сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) әдейі айтты

ә) тез оқыды

б) зорға бітірді

в) тіпті ұзақ

г) дереу шақырды



4. Күрделі үстеуді табыңыз.

а) Бұлбұлша сайрады.

ә) Бүгін келдім.

б) Кеше бардым.

в) Әрең үлгердім.

г) Лықа толды.



5. «Тым, ең, кілең» сөздері үстеудің қай түріне жатады.

а) Мекен үстеу

ә) Мезгіл үстеу

б) Мақсат үстеу

в) Күшейткіш үстеу

г) Себеп-салдар үстеу



6. Жатыс септігі арқыл жасалған үстеуді көрсетіңіз

а) бекерге

ә) жоғарыда

б) біртіндеп

в) шалқасынан

г) ретімен



7. Үстеулі сөз тіркесін көрсетіңіз

а) биік тау

ә) жұқпалы ауру

б) ішке кірді

в) ішкі аурулар

г) бөлменің ауасы



8. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз.

Микробтар … бірге сау адамның ағзасына енеді.

а) шаң-тозаңнан

ә) шаңның

б) шаңдатып

в) шаң-тозаңды

г) шаң-тозаңмен

9. Себеп-салдар үстеу қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ол ауруынан тез жазылды.

ә) Бүгін кешегіден сәл тәуір болдым.

б) Науқас амалсыздан келісті.

в) Дәл уақытында ем жасалды.

г) Жылда дәрігерлік тексеруден өтіп тұрамын.



10. «Могут вызывать болезнь» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

а) ауру шақырып жатыр

ә) ауру шақыруы мүмкін

б) ауру туып кетті

в) ауру туғызуы мүмкін

г) аурудан тууы мүмкін


10. Негізгі әдебиеттер:

1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 84-85 бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі (медициналық оқу орындарына арналған), Алматы, 2002 ж., 176-179 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.

3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

22 тақырып: Лексикалық: Бактерия және оның түрлері

Грамматикалық: Сөйлем мүшелері.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1.Тақырыбы:

Лексикалық: Бактерия және оның түрлері

Грамматикалық: Сөйлем мүшелері.
2.Мақсаты: Студенттерге мәтін арқылы бактериялар туралы түсінік беру, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін науқаспен сұхбат құру барысында пайдалана білуге дағдыландыру. Сөйлем мүшелері дегеннің не екенін, оларды не үшін білу керек екенін түсіндіру.
3.Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пыйдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет