С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет10/13
Дата05.11.2016
өлшемі4,8 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

1-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазып, табыс септігіндегі сөздердің астын сызыңыздар.

  1. Шеге тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды. Тұлпар ерін сақтайды, ері елін сақтайды. 2. Жолдасты жол айырады. 3. Алтынды еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер. 4. Таудағы түлкіні табандағы тазы алар. 5. Тігілмеген тігінді мақтама. 6. От үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.


2-жаттығу. Жатыс септігінде тұрған сөздерге сұрақ қойып, сөйлемдер құрыңыздар.

Әріптесте, көршімде, жігіттерде, әке-шешеңізде, отбасында, ағада, менде, Сізде, досымда, төрағада, онда, оқытушыда, қыздарда, ұлымда, түнде, жазда, бастықта, оларда, қарындасынд, баласында, саябақта, әкеңізде, жиырма бесте, Алматы қаласында, сіңілімде, інісінде, көзінде.


3-жаттығу. Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар.

У моего отца, у тебя, у него, у нашей мамы, у них, у девочки, у детей, в книгах, в городах, в селах, в областях, в управлении, на улице, на улице Кунаева, в дечсть часов, в восемь часов, в молоке, в гостях, в машине, на автобусе, у дедушки, в субботу, на остановке, в магазине, ночью, на курсе, в отделении, в роте.
Мәтін алдындағы сұрақтар:

  1. Қандай мәдениет және өнер қайраткерлерін білесіз?

  2. Жыршы мен жырау дегенді қалай түсінесіз?

  3. Сал, серілерден кімдерді білесіз?

  4. Әнші-күйшілерден кімдерді білесіз?

  5. Атақты қазақтың биші қызын атаңыз?

  6. Атақты суретшілерді атаңыз.

  7. Композиторлардан кімдерді білесіз?


Мәтінге байланысты тірек сөздер:

Адамзат тарихы, қыз ұзату, жастар сауық кештері, күй тарту, жоқтау айту, сайқымазақ, өнерпаздар, бейнелеу өнері, сурет өнері, салт-дәстүрлер, хаық аспаптар оркестері, мәнерлеу амалдары, негізін салушы, туындылар.


Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар

Мәдениет және өнер қайраткерлері

Музыка адамзат тарихында қоғамдық, мәдени тәрбиелік және ұйымдастырушылық рөл атқарады. Ол ғасырлар бойы қалыптасты. Әбу Насыр әл-Фараби (10-11 ғғ), «Музыканың ұлы кітабы» деген трактат жазды. Одан бұрынғы «Қорқыт» (8 ғ.) одан кейінгі Қазтуған мен Асан Қайғы (15 ғ.) – қазақтың көне музыка өнерінің өкілдері.

Халық ән-күй арқылы аңыз әңгімелер мен тарихи оқиғалар, даналық ойларды бейнеледі. Ауыл ақсақалы елге әнмен бата берді, ақсақалдар кеңесі ән немесе күймен ашылды. Жақсылық хабарларды терме түрінде жырлау, үйлену тойында, қыз ұзату, жастар сауық кештері, салтанаттарында ән айту және күй тарту дәстүрі бар. Бесік жыры, балалар әндері айтылды. Өлген адамға әнмен жоқтау арналады.

Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Құрманғазы, Абай, Дина сияқты халық композиторлары өздерінің күйлері мен әндерінде халық өмірін суреттеді. Әнші-композитор, күйші-композитор ән мен күй шығарды. Орындаушылар жырау, жыршы, әнші, күйші, сайқымазақ, сал, сері деп аталды.

Қазақ музыка мәдениетінің өсіп дамуына күш жұмсаған академик Ахмет Жұбанов, композиторлар Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Латиф Хамиди, Шәмші Қалдаяқов. Әншілер: Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Роза Жаманова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев т.б.

Қазақ опералары, симфониялары, күйлері мен әндері жылдар өткен сайын дами түсті. Қазақтың опера және балет театры, Қазақ филармониясы, Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі, симфония оркестрі, Қазақтың хор капелласы, Қазақ республикалық ән-би ансамблі, көптеген эстрадалық оркестрлер мен ансамбльдер бар.

Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы т.б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған.

1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды. Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13-інде М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашылды.

Театр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнерпаздар қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды. 1934 жылы қазақ драма театрының ашылуына негіз болды.

Қазақ өнерінің қара шаңырағы – М.Әуезов атындағы драма театры, Абай атындағы опера және балет театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер мен балалар театры, Ж.Жабаев атындағы филармония т.б. өнер ошақтары бүгінгі таңда халыққа қызмет көрсетуде.

Кино өнері – өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін көрсетеді. Кино өнері – өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар дара өнер. Кино өнері негізінен төрт салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі фильм, мультипликациялық кино және ғылыми-көпшілік кинематография. Кино өнерінде өзіндік орны бар – Ш.Айманов. «Қазақфильм» киностудиясы осы кісінің атымен аталады.

Бейнелеу өнері де жақсы дамыған. Сурет өнерінде көптеген атақты суретшілер бар. Әбілхан Қастеев – кескіндемеші-график, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазақстан Республикасының халық суретшісі. Оның «Мектепте», «Автопортрет», «Көгілдір көйлекті қыз» т.б. туындылары бар. Оның мұражайы Қ.Сәтбаев көшесінде орналасқан. Одан кейін бейнелеу өнерінде атағы шыққан суретшілер - Б.Түлкиев, Қ.Айтбаев, Т.Тыныбеков, Е.Тоғысбаев т.б. Қазақ тарихында бірінші рет ең үлкен картина салған – Бексейіт Түлкиев. Оның ең үлкен «Ұлы көш» эпопеясына арналып салынған полотносы Президент Резиденциясында ілулі тұр.


Студенттердің оқытушымен бірлесіп орындайтын жұмыс түрлері:

1-тапсырма. Мәтінге сұрақтар жазыңыздар.



Күләш Байсейітова

Қазақ халқының әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. Ол 1912 жылы Қарағанды облысының Шет ауданында дүниеге келген.

М.Әуезовтің «Еңлік – Кебегіндегі» – Еңліктің, «Айман – Шолпанда» – Айман, «Қыз Жібек» операсындағы Жібектің рөлдерін ойнаған. Күләш Байсейітова концерттік әнші ретінде де дүние жүзіне танылған қайталанбас дарын иесі болды. КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.



Тәжірибелік сабақтарға арналған
Тақырыбы: тұғыры биік – тәуелсіз қазақстан (рәміздері)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу