71
15 сурет. Сӛре
тіреуіштеріне орналасу
а – қарапайым сӛре ҥшін; б – созылыңқы сӛре ҥшін; в –
жақындатылған сӛре.
«Дайындал!»
командасымен спортшы аяқ
табанымен тіреуішке тірейді, қолдарын сӛре жолағына және бір
тізесін жерге тірейді, яғни, бес негізді тҥрге келеді. Бас пен дене бір
қалыпты, арқа тік немесе сәл бҥгіңкі, қолымызды шынтақпен қоса тік
және иық кӛлемінен сәл кеңірек немесе екі есе кең қоямыз.
Жанарымызды сӛре жолағынан 1 метрге алға тігеміз.
Қолымызды
жерге бас және сҧқ саусағымызбен параллель тірейміз. Аяғымыздың
ҧшы жерге тірелетіндей етіп табанымызды тіреуішке орналастырамыз
(16 сурет. а).
16 сурет. a –
«Дайындал!»,
б –
«
Назар аудар!»
командасы кезінде
жҥгірушінің орналасуы
«Назар аудар!»
командасы бойынша жҥгіруші тізесін алу арқылы
жамбасын кӛтереді. Қалыпты жағдайда жамбастың кӛтерілу биіктігі
иық деңгейінен 7-15 см. биік болады. Иық сӛре сызығынан шамалы
алға шығады. Жҥгіруші қолдарына және тіреуішке тіреледі.
Маңыздысы басталу бҧйрығына дейін спортшы тіреуішке барынша
мықты тірелуін қадағалау қажет.
72
Бҧл жағдайда аяқ тізесінің дҧрыс бҥгілуі
маңызды болып
табылады. Бел мен тіреуіш тізе арасындағы бҧрыш 92-105° болуы
қажет. Дене мен алдыңғы тҧрған аяқ арасындағы бҧрыш 19-23°
қҧрайды. Бҧл бҧрыштардың мағынасын тӛменгі сӛрені меңгерген
кезде, соның ішінде бастапқы қалыпын транспортир арқылы ӛлшеуге
болады (16 сурет. б).
Жҥгірер алдында спортшы сабырлы және жинақы болуы керек.
Яғни, жинаулы серпімді қалыпында болуы керек, аз
уақыт аралы-
ғында жҥгірісті бастауға дайын болуы керек, ӛйіткені
«Назар аудар!»
мен
«Алға!»
командаларының арасындағы уақыт ережеде жоқ, ол
уақыт тікелей тӛрешіге байланысты.
Жалпы жағдайда қолдар еркін қимылдайды, бірақ кейбір
жаттықтырушылар қолдарды сермеуді
бірқалыпты және аяқтың
кӛтерілу деңгейінен биік кӛтергенді қалайды. Бҧл спортшының
жҥгіретін арақашықтықтың басын ҥдемелі тҥрде бастау ҥшін істеледі.
Жоғарғы деңгейдегі спортшылардың тіреуіштен итерілу кезіндегі
жасайтын бҧрыш 42-50° қҧрайды.
Сӛре дыбысын естіген бойда (пистолеттен ату, дауыстай бҧйрық)
спортшы алға қарай қимылын бастайды, ол ҥшін бір уақытта қол және
аяғымен бірдей итеріледі. Аяқпен итерілу ҥшін тіреуіштерді
пайдаланады. Ары қарай қол-аяқтарын
сермеу арқылы қозғалысын
жалғастырады (17 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: