5
Тұтынушылардың электр құрылғыларын техникалық пайдалану
ержелері(ПТЭ) [5].
Сонымен қатар, мердігердің міндетіне
табиғатты қорғау заңдарын
қадағалау және өндіріс орнындағы еңбек қорғауды ұйымдастыру кіреді.
Электр энергетика нысандарын жобалау екі кезеңде өтеді: - нысан
құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі, екіншісі - есептелінген
жұмыстық сызбалар. Жобалау құжаттарының көлемі мен мазмұны қажетті
механикаландырған құралдарды пайдаланып орнату жұмыстарын алғы
индустрияландырылған әдістермен орындауды қамтамасыз етуі қажет.
Жобалауда әдетте өндірістік дайындалған электр
қондырғыларын орнатудың
типтік конструктивті шешімдерін қолданады, ал егер мүмкін болмаса зауытта
берілмеген арнайы бөлшектер мен түйіндерді шеберханалардажинақтау және
жасау қарастырылады.
Құжаттарды қабылдау орнату басқармасындағы өндірістік-техникалық
бөлім орындайды және өндірістің инженерлік дайындық учаскісіне береді.
Барлық құжаттарда тапсырыс берушінің жұмыстарды орындауға рұқсат берген
қолы болуы керек.
Электрлік орнату жұмыстарын қондырғылар кешенімен, құрылымдармен
және материалдармен қамтамасыз етудің міндеттері мен жауапкершіліг
мердігердің міндетінде. Жеткізілетін қондырғылардың сапасын тексеру үшін
мердігер кіріс бақылауын жасайды, қондырғыларды орнатуға қабылдау актісін
рәсімдейді немесе тасымал кезіндегі зақымдалуға,
қондырғының сапасына
қойылатын талап орындалмай бұзушылықтар болса жеткізушіге талап қояды.
Электрлік орнату жұмыстарын орындау кезінде тапсырыс беруші жұмыс
сапасына, жұмыстың жасалу мерзіміне және іске-қосу жұмыстарын зерттеп
жасау кезінде техникалық бақылау жасайды. Тапсырыс беруші техникалық
бақылауды жобалау ұйымдарын (авторлық бақылау) тарту арқылы жасауына
болады.
Тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы келісім шарт бойынша
барлық міндеттер орындалғаннан кейін жасалған
жұмысты қабылдау іске
асады. Ірі нысандар жұмыстық және мемлекеттік қабылдау комиссиясымен,
сәйкес стандартты формаларға қол қоюмен қабылданады. Жұмыс көлемі кіші
болса, бір жұмыстық комиссиямен қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: